Файлдарды OneDrive веб-сайтына кері жүктеу ақауларын түзету

Файлдарды OneDrive веб-сайтына кері жүктеу ақауларын түзету

Мұнда OneDrive веб-сайтынан файлдарды кері жүктегіңіз келгенде сізге келуі мүмкін қате туралы хабарлардың кейбірі шешімдерімен көрсетіледі. Синхрондалмайтын файлдар туралы анықтама алу үшін, төмендегі жүйелерде OneDrive синхрондау мәселелерін қалай шешу қажеттігін көріңіз: Windows 8.1 немесе Windows RT 8.1 жүйесін, Windows 7 және Windows Vista, немесе Mac құрылғысы.

OneDrive бұл файлды кері жүктей алмайды

Төмендегі себептердің біреуінде мына хабарды алуыңыз мүмкін:

  • OneDrive жұмысында мәселе туындады. Файлды қайта кері жүктеп көріңіз.

  • Файлды тасымалдау кезінде OneDrive байланысы үзілді немесе сіз OneDrive жүйесіне кірмегенсіз. Microsoft тіркелгіңізбен OneDrive бағдарламасына кіріңіз, содан кейін файлдарды қайта кері жұктеп көріңіз.

  • Файлға кіру рұқсатыңыз жоқ. Егер файлыңыз серверде болса, файлды аша алатыныңызға көз жеткізіңіз, содан кейін оны қайта кері жүктеп көріңіз. Файлды ашу рұқсаты туралы қосымша ақпаратты көру үшін, өзіңіздің желілік әкімшіңізге хабарласыңыз.

  • Сіз таңдаған қалтаға файлды кері жүктеуге рұқсат жоқ. Өңдеу рұқсатыңыз бар қалтаны таңдаңыз, содан кейін файлды қайта кері жүктеп көріңіз.

Бұндай атауы бар файл бұрыннан бар.

Бұрыннан бар фалды ауыстыру үшін, Ауыстыру түймешігін басыңыз немесе кері жүктеп жатқан файлыңыздың атын өзгерту үшін, Екеуін де қалдыру түймешігін басыңыз.

Ескерту :  Егер файлдың кеңейтімі болмаса, оны дәл сондай атауы бар қалтадан тұратын орынға кері жүктеу мүмкін емес.

Кешіріңіз, OneDrive бағдарламасы қалталарды немесе бос файлдарды кері жүктей алмайды

Файлдарды OneDrive бағдарламасындағы жаңа қалтаға кері жүктеу үшін, алдымен қалта жасаңыз, содан кейін оған файлды кері жүктеңіз. OneDrive веб-сайтынан өлшемі 0 байт болатын файлдарды кері жүктеу мүмкін емес.

Кеңес : Егер сіз Windows 8.1 немесе Windows RT 8.1 жүйесін пайдалансаңыз немесе сізде тегін OneDrive жұмыс үстелі бағдарламасы орнатылған болса, бүкіл қалтаны OneDrive веб-сайтына өтпей-ақ кері жүктей аласыз.

Бұл файл өте үлкен

Internet Explorer 10 немесе басқа танымал веб-браузерлердің соңғы нұсқасын пайдаланатын болсаңыз, өлшемі 10 Гб-қа дейінгі файлдарды OneDrive бағдарламасына кері жүктей аласыз. Ескі веб-браузерді пайдалансаңыз, 300 Мб-тан асатын файлдарды кері жүктей алмайсыз.

Кеңес : Егер сіз Windows 8.1 немесе Windows RT 8.1 жүйелерін пайдалансаңыз, өлшемі 10 Гб-қа дейінгі файлдарды кері жүктей аласыз немесе Жұмыс үстеліне арналған OneDrive бағдарламасын тегін орната аласыз.

Сіздегі жад көлемі жеткіліксіз

Сіз файлды кері жүктей алмайсыз, себебі ол сіздің сақтау орныңызға сыймайды. Сізде қалған сақтау орнын көру үшін немесе қосымша сақтау орнын алу үшін, Сақтау бетіне өтіңіз.

OneDrive бағдарламасы бұл файлдарды бұл жерге кері жүктей алмайды

Толық жол (файл атын қосқанда) өте ұзын. Жолдағы таңбалардың саны 442-ден аз болуы керек. OneDrive бағдарламаңыздағы файлдың атын немесе ішкі файлдардың атын қысқартыңыз немесе жоғары деңгейлі қалтаға жақын орналасқан ішкі қалтаны таңдаңыз, содан кейін файлды қайта кері жүктеңіз.

Бұл файлдың таңбалары шектеулі

Файлдың атында рұқсат етілмеген таңбалар бар. Файлдың аты бос орыннан басталмайтындай немесе аяқталмайтындай, арасында нүкте немесе мына таңбалар болмайтындай өзгертіңіз: / \ < >: * "? |

Файлдар немесе қалталардың аттарына мына атаулар жарамайды: AUX, PRN, NUL, CON, COM0, COM1, COM2, COM3, COM4, COM5, COM6, COM7, COM8, COM9, LPT0, LPT1, LPT2, LPT3, LPT4, LPT5, LPT6, LPT7, LPT8, LPT9

OneDrive бұл файлды таба алмайды

Файлды кері жүктемес бұрын, ол жылжытылуы, аты өзгеруі немесе жойылуы мүмкін. Файлды орналастырыңыз, содан кейін оны қайта кері жүктеп көріңіз.

OneDrive бұл файлды аша алмайды

Файл басқа бағдарламада ашық болуы мүмкін. Файлға енгізілген барлық өзгерістерді сақтаңыз, бағдарламаны жабыңыз, содан кейін файлды қайта кері жүктеп көріңіз.

Егер файл CD немесе USB флэш жады сияқты тасымалы медиада болса, файл қолжетімсіз болуы мүмкін. Тасымалы медиа құрылғысы компьютерге дұрыс қосылғанына көз жеткізіңіз, содан кейін файлды қайта кері жүктеп көріңіз.

Қолдау көрсету орталығына хабарласыңыз

Жауап тақтасынан анықтама алыңыз.

«Анықтама» веб-бетіндегі OneDrive түймешігіне өтіңіз

Қосымша анықтама қажет пе?

OneDrive бағдарламасына арналған қосымша қолдау беттерін қараңыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×