Түс санаттарын жасау және тағайындау

Түс санаттарын жасау және тағайындау

Түс санаттары Microsoft Outlook бағдарламасындағы байланысты элементтерді оңай анықтауға және топтауға мүмкіндік береді. Тез тауып алып, ұйымдастыру үшін бір біріне байланысы бар элементтер — аңғартпалар, істес кісілер, кездесулер және электрондық пошта хабарлары — тобынатүс санаты тағайындаңыз. Элементтерге бірнеше түс санатын тағайындауға да болады.

Әдепкі санаттар жинағынан таңдап, немесе өз санатыңызды жасап, оларды Outlook элементтеріне тағайындаңыз.

Не істегіңіз келеді?

Түс санаттары туралы көбірек білу

Жаңа түс санатын жасау

Түс санатына түс таңдау

Түс санатын қайта атау

Түс санатын Outlook элементіне тағайындау

Тез нұқу санатын тағайындау

Түс санатына пернетақта тіркесімін тағайындау

Түс санаттары туралы көбірек білу

Түс Outlook элементтеріңізге назар тартады. Түс санатына түсті байланыстырып, сол түс санатын басқа, бірақ қатысы бар элементтерге тағайындағаннан кейін элементтерді анықтап ұйымдастыру оңайлау болады. Мысалы, Оразов жобасы деп аталатын санат жасап, оған элементтерді тағайындап қойсаңыз, сол Оразов жобасына қатысты барлық жиналыстарды, істес кісілерді және хабарларды тауып алып анықтауыңызға болады.

Күнтізбедегі түс санаттары

Түс санаттары бір біріне қатысы бар Outlook элементтерін оңай анықтау үшін байланыстырады. Мына жерде, түс санаты ашық элементтің бағанында және Күнтізбеде көрсетілген кезде, элементтердің екеуінің де Оразов жобасына қатысы бар екенін көре аласыз.

Түс санаттары Келетін жәшігіңіз сияқты кесте көріністерінде және ашық элементтерінің өздерінде анық көрсетіледі. Әдепкі алты түс санаты жинағы теңшелетіндей құралған. Санаттарға өзіңіз үшін мәні бар атау беруіңізге немесе санаттарға өзге түстерді таңдауыңызға болады. Қажет болса, осы алтаудан көп түс санатын жасауға және элементтерге бірнеше түс санатын тағайындауға болады. Осы икемділік жеке жұмыс санатыңызға сай келетін түс санаты жүйесін құрастыруға мүмкіндік береді.

Түс санаттарын Келетін жәшігінен көру

Түс санаттары бір біріне қатысы бар элементтерді тез сүзгілеп тауып алуға мүмкіндік береді.

Келетін жәшігінде немесе басқа кесте көрінісінде тек бір рет нұқу арқылы Microsoft Outlook элементіне әдепкі түс санатын тағайындауға мүмкіндік беретін Жылдам басу санаты таңдауға да болады. Төмендегі Тез нұқу санатын тағайындау мақаласынан қосымша мәлімет алыңыз.

Жүйеленген пошта элементтерін тауып алуды жеңілдету үшін Жүйеленген пошта Іздеу қалтасы Шарлау аумағы терезесіндегі Іздеу қалталарына қосылып, барлық жүйеленген пошта элементтерінің көрінісін қамтамасыз етеді. Осы қалтаның ішінде жүйеленген элементтерді сұрыптап, топтастыруға болады. Және де кейбір санаттарға қосымша Санат іздеу қалталарын жасауыңызға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Жаңа түс санатын жасау

Алты әдепкі түс санатын қолдануыңызға және теңшеуіңізге болады, дегенмен элементтерді реттеп орналастыруды жалғастыра отырып, жаңаларын жасау қажет болуы мүмкін. Қандай да болсын санатқа қолданылатын сипаттар түс, атау және пернетақта тіркесімі болады.

  1. Құралдар тақтасында Жүйелеу түймешігін Түймешік кескіні басыңыз.

  2. Барлық санаттар түймешігін басыңыз.

    Түс санаты мәзірі

  3. Жаңа түймешігін басыңыз.

    Жаңа санат қосу тілқатысу терезесі ашылады.

    Жаңа санат қосу тілқатысу терезесі

  4. Атау жолағында жаңа түс санатының атауын теріңіз.

  5. Түс түймешігінің жанындағы көрсеткіні нұқу арқылы қалаған түсті таңдап, Жарайды түймешігін басыңыз.

    Пернетақта тіркесімін таңдау өз қалауыңызда.

    Ескерту : Егер түсі тағайындалмаған түс санатын жасағыңыз келсе, түс бояғыштардан Ешқандай дегенді таңдаңыз. Содан кейін санат элементтерге атау (және, қаласаңыз, пернетақта тіркесімін де) беріп, элементтерді санат бойынша сұрыптауыңызға және топтастыруыңызға болады. Элементтер тиісті Санат іздеу қалтасында да беріледі.

Беттің жоғарғы жағы

Түс санатына түс таңдау

Элементке түс санатын тағайындаған кезде, түс өздіктік түрде сол элементпен байланысады. Әдепкі түс санаты не өзіңіздің жасағаныңыз болсын, сіз кез келген уақытта санаттағы түсті өзгерте аласыз.

Ескертулер : 

  • Элементтерге тағайындалған түс санатын өзгертсеңіз, онда сол санат тағайындалған барлық элементтер жаңа түске жаңартылады.

  • Егер түсі тағайындалмаған түс санатын жасағыңыз келсе, түс бояғыштардан Ешқандай нұсқасын таңдаңыз. Содан кейін санат элементтерге атау (және, қаласаңыз, пернетақта тіркесімін де) беріп, элементтерді санат бойынша сұрыптауыңызға және топтастыруыңызға болады. Элементтер тиісті Санат іздеу қалтасында да беріледі.

Түс бояғыштары бар Түс санаттары тілқатысу терезесі

  1. Құралдар тақтасында Жүйелеу түймешігін Түймешік кескіні басыңыз.

  2. Барлық санаттар түймешігін басыңыз.

  3. Атау тізімінде түсін өзгерткіңіз келетін санатты таңдаңыз.

  4. Түс түймешігінің жанындағы көрсеткіні басып, қалаған түсті таңдаңыз.

    Егер санатқа ешқандай түсті байланыстырғыңыз келмесе, Ешқандай дегенді таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Түс санатын қайта атау

Әдепкі түс санатыдың Қызыл санат және Көк санат сияқты жалпы атаулары болады. Жүйеленген элементтерді оңай анықтау және ұйымдастыру үшін өзіңізге мәнді атаулар қолданып түс санаттарын қайта атауыңызға болады.

Ескерту : Элементтерге тағайындалған түс санатын өзгертсеңіз, сол санат тағайындалған барлық элементтер жаңа атауға жаңартылады.

  1. Құралдар тақтасында Жүйелеу түймешігін Түймешік кескіні басыңыз.

  2. Барлық санаттар түймешігін басыңыз.

    Түс санаты мәзірі

  3. Атау тізімінде түс санатының атауын таңдап, Қайта атау түймешігін басыңыз.

  4. Атау тізімінде түс санатына жаңа атау теріңіз.

    Ескерту : 

    • Негізгі Microsoft Outlook терезесінде таңдалған элементтерге сіз қайта атап жатқан түс санатын өздіктік түрде тағайындау үшін Атау тізімінде орналасқан түс санатының жанындағы құсбелгі көзін таңдап, Жарайды түймешігін басыңыз.

    • Элементке қолданыстағы түс санатын бірінші рет тағайындайтын кезде, сізден сол түс санатын қайта атау сұратылады.

Түс санатын Outlook элементіне тағайындау

Тағайындау алдында түс санаты түс санаты тізімінде болу керек. Егер түс санаты тізімде жоқ болса, бір мезгілде жаңа түс санатын жасауыңызға және элементке тағайындауға болады.

Ескерту : Элементке әдепкі түс санатын бірінші рет тағайындайтын кезде, сізден сол санатты қайта атау сұратылады. Сол кезде, санаттың түсін де өзгертуіңізге, қайта атауыңызға да және пернетақта тіркесімін таңдауыңызға да болады.

Не істегіңіз келеді?

Түс санатын келесіге тағайындау:    

Кесте көрінісіндегі элемент

Ашық элемент

Күнтізбедегі жиналыс немесе кездесу

Іс тізіміндегі элемент

Бірнеше элемент

Түс санатын кесте көрінісіндегі элементке тағайындау

Түс санатын Келетін жәшігіндегі немесе басқа кесте көріністердегі элементтерге тағайындау барлық Outlook элементтер түрлеріне бірдей болады.

Ескерту : Түс санаттарын Істес кісілердегі кәртішке көрінісінде (мысалы, Деректеме кәртішкілері көрінісі) немесе Ескерімдердегі Белгішелер көрінісінде тағайындау түс санаттарын кесте көрінісінде тағайындағанмен бірдей.

  • Түс санатын тағайындау үшін келесінің біреуін орындаңыз:

    • Элементті таңдаңыз. Содан кейін құралдар тақтасындағы Жүйелеу түймешігін Түймешік кескіні басып, түс санатын таңдаңыз.

    • Элементті тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз. Содан кейін мәтінмәндік мәзірден Жүйелеу түймешігін Түймешік кескіні басып, түс санатын таңдаңыз.

      Жүйелеу мәзірінде тек 15 ең соңғы қолданылған түс санаттары шығады. Қосымша санаттарды көру немесе жаңа санат жасау үшін Барлық санаттар дегенді басыңыз. Түс санаттары тілқатысу терезесінен түс санатын тағайындау үшін сол түс санатының жанындағы құсбелгі көзін таңдауыңыз керек.

      Кеңес : Түс санаттары тілқатысу терезесі элементке бірнеше санат тағайындаудың жылдам жолы.

      Ескертулер : 

      • Тапсырмаларда және Журналда ұсынылатындай уақыт шәкілі көріністерінде элементке түс санатын тағайындаудың бірден бір жолы жоғарыда көрсетілген мәтінмәндік мәзірді қолдану болады.

      • Журнал көрінісіне Жүйелеу түймешігі әдепкі күйде құралдар тақтасында көрсетілмейді. Бұл түймешікті қосу үшін Құралдар мәзірінде Жүйелеу түймешігін басыңыз. Пәрмендер қойындысындағы Санаттар тізімінде Әрекеттер түймешігін басыңыз. Пәрмендер тізімінде Жүйелеу түймешігін басып, көрсеткіңіз келетін жердегі құралдар тақтасына сүйреп апарыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Түс санатын ашық элементке тағайындау

Түс санаттарын контакт формасы немесе күнтізбе кездесуі сияқты ашық элементтерге тағайындау әр элемент түрі сайын сәл өзгеріп тұрады (тек Ескерімдерден басқа, өйткені ол негізгі Outlook элемент пішінін қолданбайды). Егер күмәнді болсаңыз, Microsoft Office Fluent пайдаланушының тілдесуі болатын Таспадағы Жүйелеу түймешігін Түймешік кескіні басыңыз. Түс санаттарына қол жеткізу үшін Жүйелеу түймешігін басыңыз.

Жүйелеу мәзірінде тек 15 ең соңғы қолданылған түс санаттары шығады. Қосымша санаттарды көру немесе жаңа санат жасау үшін мәзірдегі Барлық санаттар дегенді басыңыз. Түс санаттары тілқатысу терезесінен түс санатын тағайындау үшін сол түс санатының жанындағы құсбелгі көзін таңдауыңыз керек.

Келесінің біреуін орындаңыз:

  • Түс санатын ашық хабарға тағайындау

    Хабар қойындысындағы Параметрлер тобында Жүйелеу түймешігін Түймешік кескіні басып, түс санатын таңдаңыз.

  • Түс санатын ашық істес кісіге тағайындау

    Істес кісілер қойындысындағы Параметрлер тобында Жүйелеу түймешігін Түймешік кескіні басып, түс санатын таңдаңыз.

  • Түс санатын ашық күнтізбе кездесуіне немесе жиналыс сұранысына тағайындау

    Қайталанатын кездесудің немесе жиналыстың жеке жағдайларына түс санатын тағайындай не өзгерте алмайсыз, тек бүкіл қайталанатын қатарларға жасай аласыз.

    Келесінің біреуін не екеуін де орындаңыз:

    • Ашық кездесуге    Кездесу немесе Қайталанатын кездесу қойындысындағы Параметрлер тобында Жүйелеу түймешігін Түймешік кескіні басып, түс санатын таңдаңыз.

    • Ашық жиналыс сұранысына    Жиналыс немесе Қайталанатын жиналыс қойындысындағы Параметрлер тобында Жүйелеу түймешігін Түймешік кескіні басып, түс санатын таңдаңыз.

  • Түс санатын ашық тапсырмаға тағайындау

    Тапсырма қойындысындағы Параметрлер тобында Жүйелеу түймешігін Түймешік кескіні басып, түс санатын таңдаңыз.

    Ескерту : Егер Тапсырмалардағы Іс тізімінен тапсырмалардан басқа хабар не істес кісі сияқты элемент түрін ашсаңыз, Жүйелеу түймешігі сол элемент түріне арналған Параметрлер тобында орналасады.

  • Түс санатын ашық ескерімге тағайындау

    1. Ескерімдер ішінде Ескерім түймешігін Сурет белгішесі басыңыз.

    2. Жүйелеу тармағына барып, түс санатын басыңыз.

      Ескерту : Егер түс санатын ескерімге тағайындасаңыз, ескерімнің түсі әдепкі түсінен санатқа байланысты түске өгереді.

  • Түс санатын ашық Журнал элементіне тағайындау

    Журнал жазбасы қойындысындағы Параметрлер тобында Жүйелеу түймешігін Түймешік кескіні басып, түс санатын таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Түс санатын Күнтізбедегі жиналысқа немесе кездесуге тағайындау

Түс санаттарын жиналыстар мен кездесулерге тікелей Outlook Күнтізбесінде тағайындауға болады.

Ескерту : Қайталанатын кездесудің немесе жиналыстың жеке жағдайларына түс санатын тағайындай не өзгерте алмайсыз, тек бүкіл қайталанатын қатарларға жасай аласыз.

  • Күнтізбенің ішінде жиналысты немесе кездесуді тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз. Содан кейін мәтінмәндік мәзірден Жүйелеу түймешігін Түймешік кескіні басып, түс санатын таңдаңыз.

    Жүйелеу мәзірінде тек 15 ең соңғы қолданылған түс санаттары шығады. Қосымша санаттарды көру немесе жаңа санат жасау үшін Барлық санаттар дегенді басыңыз. Түс санаттары тілқатысу терезесінен түс санатын тағайындау үшін сол түс санатының жанындағы құсбелгі көзін таңдауыңыз керек.

    Кеңес : Түс санаттары тілқатысу терезесі элементке бірнеше санат тағайындаудың жылдам жолы.

Беттің жоғарғы жағы

Түс санатын Іс тізіміндегі элементке тағайындау

Түс санатын Іс тізіміндегі элементке тағайындау түс санатын кесте көріністерінде тағайындау процедурасымен бірдей.

  • Түс санатын тағайындау үшін келесінің біреуін орындаңыз:

    • Элементті таңдаңыз. Содан кейін құралдар тақтасындағы Жүйелеу түймешігін Түймешік кескіні басып, түс санатын таңдаңыз.

    • Элементті тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз. Содан кейін мәтінмәндік мәзірден Жүйелеу түймешігін Түймешік кескіні басып, түс санатын таңдаңыз.

      Жүйелеу мәзірінде тек 15 ең соңғы қолданылған түс санаттары шығады. Қосымша санаттарды көру немесе жаңа санат жасау үшін Барлық санаттар дегенді басыңыз. Түс санаттары тілқатысу терезесінен түс санатын тағайындау үшін сол түс санатының жанындағы құсбелгі көзін таңдауыңыз керек.

      Кеңес : Түс санаттары тілқатысу терезесі элементке бірнеше санат тағайындаудың жылдам жолы.

Беттің жоғарғы жағы

Түс санатын бірнеше элементке тағайындау

Келетін жәшігіңіз немесе басқа кесте көріністеріндегідей сияқты хабарлар тізімі түс санатын бірнеше элементке бір мезгілде тағайындауға болады.

  1. Кесте көрінісінде түс санатын тағайындағыңыз келетін элементтерді таңдаңыз:

    • Тізімде бір бірінің қасында орналасқан бірнеше элементті таңдау үшін бірінші элементті нұқыңыз. Содан кейін SHIFT пернесін басып тұрып, соңғы элементті нұқыңыз.

    • Бір бірінің қасында тұрған бірнеше элементті таңдау үшін CTRL пернесін басып тұрып әр қажетті элементті нұқыңыз.

  2. Таңдауды тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз. Содан кейін мәтінмәндік мәзірден Жүйелеу түймешігін басып, түс санатын таңдаңыз.

    Қосымша түс санаттары көру үшін немесе жаңа түстік сана жасау үшін Барлық санаттар дегенді дегенді нұқу арқылы Түс санаттары тілқатысу терезесін көрсетіңіз.

    Егер түс санатын Жүйелеу мәзірінің орнына Түс санаттары тілқатысу терезесінен тағайындасаңыз, сол түс санатының жанындағы құсбелгі көзін таңдауыңыз керек.

Беттің жоғарғы жағы

Тез нұқу санатын тағайындау

Тез нұқу санатын орнату Келетін жәшігінде немесе басқа кесте көрінісінде әдепкі түс санатыMicrosoft Outlook элементіне бір рет нұқу арқылы тағайындауға мүмкіндік береді. Кез келген түс санатын өзіңіздің ағымдағы Тез нұқу санатыңыз ретінде таңдап, таңдауыңызды қалаған уақытта өзгертуіңізге болады. Бұл мүмкіндік әдетте бір негізгі жобаға көңіл бөлетін болсаңыз немесе Маңызды не Жедел қарастыру сияқты санаттарды жиі тағайындайтын болсаңыз, пайдалы болады.

Алдымен, сіз бір түс санатын ағымдағы Тез нұқу санаты ретінде қойып, өзінің мақсатын не тапсырмасын білдіретіндей атайсыз. Содан кейін сол түс санатын барлық қатысты хабарларға, істес кісілерге, кездесулерге және басқа элементтерге тез қоюыңызға болады. Және де, ағымдағы Тез нұқу санатын бірнеше элементке бір мезгілде тағайындауға болады. Тағайындалған түс санаты Санаттар бағанда және элементтің өзінде шығады.

Не істегіңіз келеді?

Ағымдағы Тез нұқу санатын қою немесе өзгерту

Тез нұқу санатын элементке тағайындау

Келетін жәшігіндегі Санаттар бағаны

Жиі қолданылатын түс санатын Тез нұқу санатыңыз ретінде қойғаннан кейін Санаттар бағанын нұқып сол санатты элементке тағайындауға болады.

Ағымдағы Тез нұқу санатын қою немесе өзгерту

  1. Құралдар тақтасында Жүйелеу түймешігін Түймешік кескіні басып, Тез нұқуды қою дегенді таңдаңыз.

  2. Тез нұқуды қою тілқатысу терезесіндегі тізімде түс санатын таңдаңыз.

Ескерту : 

  • Өзге Тез нұқу санатына ауысу кез келген элементке тағайындалған түс санатын өзгертпейді. Алайда, егер кез келген түс санатының атауын не түсін өзгертсеңіз, сол түс санаты тағайындалған барлық элементтер сол жаңа атауын не түсін бейнелейтіндей жаңартылады.

  • Және де, ағымдағы Тез нұқу санатыңызды Жүйелеу мәзірінен кез келген элементте қоюыңызға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Тез нұқу санатын элементке тағайындау

Тез нұқу санатын Outlook элементтерінің көбісіне, оларды Келетін жәшігіңіз немесе Іс тізімі сияқты кесте көрінісінде көрген кезде тағайындауға болады.

  • Келетін жәшігінде немесе басқа кесте көрінісінде хабардың жанындағы Санаттар бағанын нұқыңыз. Бұл Тез нұқу санатымен байланысты түсті бағанға қосады. Егер элементті ашсаңыз, түс санатының түсі мен атауы элементтің жоғарғы жағының жанында шығады.

    Ескертулер : 

    • Тез нұқу санатын жай ғана Санаттар бағанын қайта нұқу арқылы жоюыңызға болады.

    • Тез нұқу санатты бірнеше элементке бір мезгілде тағайындауға болады. Жай ғана барлық элементтерді таңдап, элементтердің біреуінің жанындағы Санаттар бағанын нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Түс санатына пернетақта тіркесімін тағайындау

Пернетақта тіркесімін түс санаты байланыстыру арқылы түс санатын электрондық пошта хабары сияқты элементке тез тағайындауға болады - ол үшін элементті Келетін жәшігінде немесе басқа кесте көрінісінде таңдап, пернетақта тіркесімін басуыңыз керек. Және де, пернетақта тіркесімін қолдану арқылы түс санатын бірнеше элементке бір мезгілде тағайындауға болады.

  1. Негізгі Microsoft Office Outlook 2007 терезесінің құралдар тақтасында Жүйелеу түймешігін Түймешік кескіні басыңыз.

  2. Мәзірдің төменгі жағында Барлық санаттар тармағын таңдаңыз.

  3. Атау тізімінде түс санатының құсбелгі көзін таңдаңыз.

  4. Пернелер тіркесімі тізімінде пернетақта тіркесімін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×