Тіркелгінің сақтық көшірмесін жасау

Дискі қатесі немесе басқа комьютер ақаулықтарына байланысты тіркелгіні және жұмыс кеңістіктеріне қол жеткізу мүмкіндігін жоғалтудан қорғану мақсатында тіркелгіні кейінірек қалпына келтіру үшін оны сақтауға болады.

Сондай-ақ, тіркелгіні басқа комьютерге қосу үшін сақталған тіркелгі файлын қолдануға болады.

Тіркелгіні сақтаған кезде, теңшелімдер, параметрлер, контактілер мен жұмыс кеңістіктері туралы ақпарат файлға сақталады. Бұл файлды желілік файл сервері сияқты кейін сенімді түрде қайта алуға болатын орынға қоюға болады.

Тіркелгі сақталған кезде, жұмыс кеңістігінің деректері сақталмайды. Жұмыс кеңістіктеріндегі деректерді кейінірек дәл сондай тіркелгісі бар басқа компьютерден немесе жұмыс кеңістіктерінің басқа мүшелерінен қотару керек болады. Жұмыс кеңістігінің жалғыз мүшесі болсаңыз немесе тіркелгіңіз бар басқа комьютерде жұмыс кеңістігі болмаса, жұмыс кеңістігіне арналған оның деректерін қотару мүмкін емес.

Тіркелгінің сақтық көшірмесін сақтау

  1. Файл қойындысынан Ақпарат тармағын таңдап, Тіркелгіні басқару пәрменін, содан кейін Тіркелгі теңшелімдері пәрменін таңдаңыз.

  2. Теңшелімдер тілқатысу терезесінде Тіркелгі қойындысын нұқыңыз.

  3. Сақтау түймешігін басыңыз.

  4. Тіркелгіні басқаша сақтау тілқатысу терезесінде тіркелгі файлы сақталатын орынды таңдаңыз.

  5. Сақтау түймешігін басыңыз.

  6. Нұсқау берілгенде құпия сөзді енгізіп, Жарайды түймешігін басыңыз.

    Егер сақталған тіркелгіні басқа компьютерге қоссаңыз, осы құпия сөзді енгізу талап етіледі. Егер тіркелгіңізді бір жүйеге сақтап, құпия сөзіңізді ұмытып қалсаңыз, электрондық поштаңыздың мекенжайына жіберілген тіркелгіні қалпына келтіру кодын алу үшін Құпия сөзіңізді ұмытып қалдыңыз ба? сілтемесін басуға болады.

    Ескерту : Құпия сөзіңізді ұмытып қалдыңыз ба? сілтемесі Тіркелгіні қалпына келтіруді қосу мүмкіндігі тіркелгі параметрлерінде іске қосылғаннан кейін ғана шығады.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×