Тізімнен немесе кітапханадан деректерді дербес бетте бейнелеу

Веб-бөлік пайдалану арқылы тізімнен немесе кітапханадан деректерді бетте бейнелеу үшін тораптағы өзіндік бетті немесе басқа беттерді баптауыңызға болады. Тізімді немесе кітапхананы жасаған кезде, атаулары бірдей болған веб-бөліктері автоматты түрде жасалады. Мысалы, егер Істес кісілер деп аталатын тізім жасайтын болсаңыз, Істес кісілер деген веб-бөлік те жасалынады. Ол жасалған тізімнен немесе кітапханадан деректерді бейнелейді.

Ескерту : Веб-бөліктің жалпы көрінісін бетте қосу немесе өңдеу үшін сіз тораптың иесі болуыңыз қажет.

Осы мақалада

Тізімдер мен кітапханаларды веб-бөлікте бейнелеу тәсілдері

Веб-бөлікте тізімді немесе кітапхананы бейнелеу

Тізімнің немесе кітапхананың әртүрлі көрінісін веб-бөлікте бейнелеу

Веб-бөлікте тізімнің немесе кітапхананың көрінісін теңшеу

Тізімдер мен кітапханаларды веб-бөлікте бейнелеу тәсілдері

Торап жасағаныңызда, веб-бөлік торабының өзіндік бетіне автоматты түрде қосылады. Мысалы, Хабарландырулар, Күнтізбе және Сілтемелер тізімдері ұжым торабына әдепкі бойынша енгізілген болады. Әр веб-бөлік бірдей атау тізімдердің көрінісін көрсетеді. Тізімдерді немесе кітапханаларды бейнелеу үшін басқа веб-бөліктерді өзіндік бетке қоса аласыз.

Өзгертпелі бетті жасауды қалаған кезде алдымен, Веб-бөлік беті жасайсыз, содан соң басқа тізімдер бейнелейтін бетке веб-бөліктерді қосыңыз.

Төменде веб-бөлікті бейнелеу үшін тізімнен немесе кітапханадан деректерді пайдалану тәсілдердің мысалдары берілген:

  • Сараптауға даяр кітапханадағы құжаттарды немесе ұжымыңыз жиі пайдаланатын құжаттарды ұсыну.

  • Тапсырмалар тізіміндегі, топтағы, сүзгідегі жоба деректерін бақылау немесе баған бойынша құрамында ұжым атауы, адамның аты немесе рөлі бар деректерді сұраптау.

  • Тізімде жұмысшылар туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді іздейтін  — мысалы, жәрдемақы, тұрмыстық жағдайы немесе медициналық сақтандыру қорғауы сияқты ақпараттарды іздейтін  — құралмен қамтамасыз ету.

  • Тізімдегі орындалып жатқан тұтыныушының тапсырмаларын тексеру.

  • Істес кісілер тізімінен істес істес кісілер ақпараттарын бейнелеу арқылы және түрлі тізім Сурет веб-бөлігі арқылы қосылатын әрбір адамдың сүретін бейнелеу арқылы, жоба ұжым мүшелері туралы мәліметтердің көрінісін жаөсартыңыз. Веб-бөліктер қосылуы туралы толығырақ ақпаратты Т.б. қараңыз бөлімінде табыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Веб-бөлікте тізімді немесе кітапхананы бейнелеу

  1. Веб-бөлікке қосуды қалаған бетті ашыңыз.

  2. Торап әрекеттері мәзірінде «Торап әрекеттері» мәзірі Бетті өңдеу түймешігін нұқыңыз.

  3. Веб-бөлікке орналастырылатын аумақта Веб-бөлікті қосу дегенді нұқыңыз.

  4. Бетте бейнелегіңіз келген тізім немесе кітапхана қасында құсбелгіні қойыңыз да, Қосу батырмасын басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Тізімнің немесе кітапхананың әртүрлі көрінісін веб-бөлікте бейнелеу

Әдепкідей веб-бөлік тізім немесе кітапхана көрінісін бейнелейді. Әйткенмен, қалаған көрінісіті орнату үшін веб-бөлікті өзгертуіңізге болады. Егер көріністі өңдейтін болсаңыз, өзгертулер тізім немесе кітапхана және веб-бөлік араларында көшіріледі. Бұл көріністер торапта орнықты екеніне кепіл болады. Тізімдегі немесе кітапханадағы деректер өзгермейді.

Ағымдық көріністен басқа көрініске ауысқанда абай болыңыз. Сіз ағымдық көрініске ендірген өзгерістерді жойып, ағымдық көрініс бағанына тәуелді Веб бөлігінң қосылымдарын өшіруіңіз мүмкін. Көріністерді ауыстырғанда сізден растау сұралады.

  1. Торап әрекеттері мәзірінде «Торап әрекеттері» мәзірі Бетті өңдеу түймешігін нұқыңыз.

  2. Өзгертілетін Веб-бөлік Веб-бөлік мәзірі мәзірін таңдаңыз да, төмендегі әрекеттердің біреуін істеңіз:

    • Егер ортақтасу көрінісінде болсаңыз, Ортақтасқан веб-бөлікті өзгерту парамтерін таңдаңыз.

    • Егер жеке көріністе болсаңыз, Менің веб-бөлігімді өзгерту парамтерін таңдаңыз

      Құралдар бөлігі ашылады. Құралдар бөлігін веб-бөліктің макетін және безендіруін бақылайтын параметрлерді таңдау үшін пайдаланыңыз.

  3. Таңдалған көрініс тізімінде, бейнелеу үшін қалаған көрініс атауын нұқыңыз.

    Кеңес : Ағымдық көріністі Ағымдық көріністі өңдеу дегенін нұқып, көрініс параметрлерді өзгерту арқылы да өңдей аласыз. Осыны жасаған кезде, торапта барлық жерде пайдаланатын көріністі өзгертесіз.

  4. Құралдар бөлігінде ОК батырмасын нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Веб-бөлікте тізімнің немесе кітапхананың көрінісін теңшеу

Сіз тізімдерді көру Веб бөлігін Веб бөлігі бетіне қосқаныңыздан кейін сіз көріністі бетте көрсеткіңіз келетін ақпаратты ғана көрсететіндей етіп теңшей аласыз. Сіз ағымдық көріністі Веб бөлігі бетінен өзгертесіз.

Оған қоса, сіз Веб бөліктің түрлі данасында сондай тізім немесе кітапхана бойынша түрлі ақпарат жинақтарын көрсете алатын тізімнің немесе кітапхананың қолданбалы көрінісін жасай аласыз. Сіз тізімнің немесе кітапхананың қолданбалы көрінісін теңшегіңіз келетін тізімнің немесе кітапхананың Көрініс мәзірін Көрінісі мәзірі пайдалана отырып жасай аласыз. Тізімнің немесе кітапхананың қолданбалы көрінісін жасау туралы көбірек ақпаратты Қосымша ақпарат бөлімінен қараңыз.

  1. Тораптағы әрекеттер мәзірінде «Торап әрекеттері» мәзірі , Бетті өңдеу түймешігін нұқыңыз.

  2. Өзіңіз өзгерткіңіз келетін Веб бөлігінің мәзірінің Веб-бөлік мәзірі түймешігін нұқып, одан кейін Ортақ пайдаланыстағы Веб бөлігін өзгерту түймешігін нұқыңыз.

  3. Құралдар тақтасындағы Ағымдық көріністі өңдеу түймешігін нұқыңыз.

  4. Бағандар бөлімінде сіз сәйкес қанатшаны қою жолымен бағандарды көрсете аласыз немесе жасыра аласыз. Баған атауының қасында бағандарды көрсету тәртібінің ретін ендіріңіз.

  5. Сұрыптау бөлімінде, ақпарттың сұрыпталу қажеттілігі мен әдісін таңдаңыз. Сіз сұрыптау үшін біріншісін авторы бойынша, екіншісін әр автордың файл атауы бойынша екі баған түрін сұрыптай аласыз.

  6. Сүзгі бөлімінде ақпарттың сүзілу қажеттілігі мен әдісін таңдаңыз. Сүзгі арнайы департаментпен құрылған немесе Расталған күйге ие тармақ сияқты ең кіші таңдауыңызды көрсетеді.

  7. Топтасым бөлімінде сіз ерекше автор құжаттарының кеңейтілмелі бөлімі сияқты ұқсас мәнді тармақтарды өз бөлімінде топтастыра аласыз.

  8. Барлығы бөлімінде сіз бағандағы тармақтар санын мәселелердің жалпы саны ретінде есептей аласыз. Бұндай жағдайда сіз орташа мән сияқты қосымша мәнді қоса аласыз немесе бөле аласыз.

  9. Мәнер бөлімінде көргіңіз келетін әр жолы көлеңкеленген көлеңкелі тізім сияқты мәнерді таңдаңыз.

  10. Егер тізіміңіздің немесе кітапханаңыздың қалталары болса, сіз қалталарды қамтымайтын көріністі жасай аласыз. Ол кейде тегіс көрініс деп те аталынады. Тізіміңіздің барлық тармақтарын бір деңгейде көру үшін Барлық тармақтарды қалтасыз көру түймешігін нұқыңыз.

  11. Егер тізіміңіз немесе кітапханаңыз тым үлкен болса, сіз тізіміңіздің немесе кітапханаңыздың қаншама файлы көрсетілетіндігін немесе бір бетте қанша файл көрсетілетіндігін шектей аласыз. Тармақтарды шектеу бөлімінде қалаған параметріңізді таңдаңыз.

  12. Егер сіз тізімді немесе кітапхананы жылжымалы құрылғыда көруді жоспарлап отырсаңыз, қалаған параметріңізді Жылжымалы бөлімінде таңдаңыз.

  13. Жарайды түймешігін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×