Тізімді, ашылмалы тізім немесе тізімді өрісті толтыру үшін SQL Server дерекқорындағы мәндерді пайдалану

Тізімді, ашылмалы тізімді немесе тізімді өрісті Microsoft SQL Server дерекқорына деректерді қосу сұрауы арқылы толтырыуңузға болады.

Бұл мақала келесі тақырыптарды қамтиды

Жалпы шолу

Бастамас бұрын

1-қадам: Деректерді қосу сұрауын енгізу

2-қадам: Басқару элементті ішқұрылымдау

Жалпы шолу

Тізім, ашылмалы тізім немесе тізімді өріс пайдаланушы Сіздің пішін үлгіңізге негізделген үлгіні толтырып жатқанда таңдай алатын параметрлерін көрсетеді. Басқару элементтерді Microsoft SQL Server дерекқорына қосымша деректерді қосуыдан алып көрсететін етіп ішқұрылымдауыңызға болады. Екінші деректерді қосу дегеніміз - бұл пайдаланушылар осы пішін үлгіге негізделген пішін үлгіні толтырып жатқанда, веб қызметі сияқты сыртқы деректер көзінен деректерді қотарып алу немесе жіберу мүмкіндіктеріне ие болу мақсатымен Сіз пішін үлгіге қоспақшы болған кез келген сыртқы деректер көзіне деректер қосуы.

Пішін үлгіңізге сұрақ қойып тұрған қосымша деректер қосуын қосқаныңызда, Microsoft Office InfoPath бағдарламасы дерекқорында сақтау жолы бірдей болған деректер өрісі және топ бар қосымша деректер көзі жаратады. Сұрау деректер қосуы веб қызметтен деректерді қотарып алып оны үлгінің қосымша деректер көзінде сақтайды. Әдепкі бойынша қосымша деректер көзіндегі ақпараттар тек желіге қосылу тұрғанда ғана қатынаулы. Қосымша деректер қосуы сұрау нәтижелерін, пішін үлгі желіден ажыралып тұрғанда да пайдаланушылар оларға қол жеткізу мүмкіндіктеріне ие болу үшін, сіздің пайдаланушыларыңыздың компьютерлерінде сақталатын етіп ішқұрылымдауыңызға болады.

Қауіпсіздік ескертуі : Егер сіз мәнді деректерді сыртқы деректер көзінен бөліп алуға қосымша деректік қосылымды пайдалансаңыз, сіздің компьютер жоғалған немесе ұрланған жағдайда деректерді рұқсатсыз пайдалануынан қорғау үшін осы мүмкіндікті доғарғыңыз келуі мүмкін. Егер сіз осы мүмкіндікті доғарсаңыз, деректер компьютер желіге қосылған кезде ғана қолданылады.

Екінші деректер көзіндегі бар өрістер мен топтарды өзгерте алмайсыз себебі қосымша деректер көзіндегі деректер құрылымы дерекқорында деректердің сақталатын жолымен сай келу керек. Деректерді қосу және деректер көздері туралы қосымша ақпараттарға сілтемелерді Т.б. қараңыз бөлімінен таба аласыз.

Беттің жоғарғы жағы

Бастамас бұрын

SQL Server дерекқорынан мәндерді пайдалану үшін дерекқоры әкімшесінен келесі ақпараттарды алуыңыз керек:

  • Пішін үлгімен пайдаланатын сервердің атауы, дерекқорымен бірге.

  • Пішін үлгімен пайдаланатын дерекқорының атауы.

  • Дерекқоры талап ететін түпнұсқалық растауы. Пайдаланушылар дерекқорыға қалай қол жеткізетінін анықтау үшін я дерекқоры Microsoft Windows түпнұсқалық растауын, я SQL Server түпнұсқалық растауын пайдаланады.

  • Үлгіге жіберілетін деректері бар кестенің атауы. Бұл негізгі кесте. Егер дерекққорында бірден көп кестелерді пайдалануды жоспарлаған болсаңыз басқа кестелердің, яғни байланыстырылған кестелердің, аттары да керек. Байланысты кестедегі негізгі кестемен қатынастары бар өрістердің аттары да керек болады.

  • Сұрау нәтіжелерін пайдаланушының компьютерінде дербес жұмыс істеу үшін сақтау қауіпсіз ма?

Беттің жоғарғы жағы

1-қадам: Деректерді қосу сұрауын енгізу

Егер Сізде пішін үлігіңізде пайдалану үшін деректерді қосу сұрауы болмаса, яғни пішін үлгіңізге деректерді сұрайтын қосымша деректерді қосуын қоспақшы болсаңыз келесі қадамдарды орныдаңыз: Егер пішін үлгіңізде пайдалануға мүмкін болған қосымша деректерді қосуы бар болса, осы бөлімді өткізіп жіберіп 2-қадам: Басқару элементті ішқұрылымдау бөліміне өтіп кетуіңізге болады.

  1. Құралдар мәзірінде Деректік қосылымдар түймешігін нұқыңыз.

  2. Деректік қосылымдар тілқатысу терезесінде Қосу түймешігін нұқыңыз.

  3. Деректік қосылым шеберінде Жаңа қосылым жасау түймешігін нұқыңыз, Деректерді алу түймешігін нұқыңыз, содан кейін Келесі түймешігін нұқыңыз.

  4. Шебердің келесі бетінде Дерекқоры (тек қана Microsoft SQL Server немесе Microsoft Office Access) параметрін таңдап Келесі батырмасын басыңыз.

  5. Шебердің келесі бетінде Дерекқорыны таңдау батырмасын басыңыз.

  6. Деректер көзін таңдау тілқатысу жолағында Жаңа қайнар көзі параметрін таңдаңыз.

  7. Шебердің келесі бетінде Қосылатын деректер көзін таңдау тізімінде Microsoft SQL Server параметрін таңдаңыз, содан соң Келесі батырмасын басыңыз.

  8. Сервер атауы жолағында, SQL Server дерекқорысы бар сервердің атын енгізіңіз.

  9. Жүйеге кіру ақпараты параметрінің астында, келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Егер дерекқоры Microsoft Windows желіде енгізілген ақпараттарға қарап рұқсат беретін болса Windows түпнұсқалығын растауды пайдаланыңыз.

    • Егер дерекқоры дерекқоры әкімшеден алынатын пайдаланушының аты мен құпия сөзге қарап рұқсат беретін болса Келесі пайдаланушы аты мен құпия сөзін пайдаланупараметрін таңдаңыз, содан соң Пайдаланушының аты мен Құпия сөз жолақтарына өзіңіздің пайдаланушы атыңыз бен құпия сөзін енгізіңіз.

  10. Келесі батырмасын басыңыз.

  11. Сізге керекті деректері бар дерекқорын таңдау тізімінде, пайдаланатын дерекқорының атын нұқыңыз, Белгілі кестеге қосылу параметрін таңдаңыз, негізгі кестенің атын нұқып Келесі батырмасын басыңыз.

  12. Шебердің келесі бетінде, Файл атауы жолағында деректерді қосу туралы ақпараты бар файл атауын енгізіңіз, содан соң осы параметрлерді сақтау үшін Дайын деген батырманы басыңыз.

    Егер деректерді қосу сұрауында басқа кестелерді пайдалануды жоспарлаған болсаңыз, шебердің осы бетінде оларды қоса аласыз.

    Басқа кестелерді қосыңыз

    1. Кесте қосу түймешігін нұқыңыз.

    2. Кесте немесе сұрау қосу тілқатысу терезесінде еншілес кестенің атауын нұқыңыз, содан кейін Келесі түймешігін нұқыңыз. InfoPath бағдарламасы екі кестедегі жолақ атауларын сәйкестендіру арқылы байланыс орнатуға талпынады. Егер сіз ұсынылған байланысты пайдаланғыңыз келмесе, байланысты таңдаңыз, содан кейін Байланыс жою түймешігін нұқыңыз. Байланыс қосу үшін Байланыс қосу түймешігін нұқыңыз. Байланыс қосу тілқатысу терезесінде қатысты бағандағы әрбір қатысты жолақтың атауын нұқыңыз, содан кейін Жарайды түймешігін нұқыңыз.

    3. Дайын түймешігін нұқыңыз.

    4. Қосымша еншілес кестелерін қосу үшін осы қадамдарды қайталаңыз.

  13. Келесі батырмасын басыңыз.

  14. Сұрау нәтижелерін пішін үлгімен бірге сақтау үшін Деректердің көшірмесін пішін үлгіде сақтау құсбелгі көзін белгілеңіз. Осы құсбелгі көзін белгілесеңіз сұрау нәтижелер пішін үлгіде сақталады. Деректер пішін үлгіде сақталатындықтан компьютер желіден ажыратылған болса да пайдаланушы үлгіні толтырғанда деректер қатынаулы болып тұра береді.

    Қауіпсіздік ескертуі : Бұл қанатшаны таңдағаннан сұрау нәтижелерін пішін үлгісіне сақтайды. Себебі деректер пішін үлгісіне сақталады, олар компьютерлері желіге қосылмағанның өзінде пайдаланушылар толтыратын пішіндерде қолданылады. Егер сіз осы деректік қосылымнан мәнді деректерді алсаңыз, сіздің компьютер жоғалған немесе ұрланған жағдайда деректерді қорғауға осы мүмкіндікті доғарғыңыз келуі мүмкін.

  15. Келесі батырмасын басыңыз.

  16. Шебердің келесі бетінде осы қосымша деректер қосуын тұжырымдайтын атты енгізіңіз. Егер үлгі ашылғанда автоматты түрде деректерді қабылдауын қаласаңыз Үлгі ашылғанда деректерді автоматты түрде қотарып алу құсбелгіні қойыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

2-қадам: Басқару элементті ішқұрылымдау

  1. Егер пішін үлгісінің бірнеше көрінісі болса, қосымша деректер көзінен деректерді бейнелегіңіз келетін жерде басқару элементі бар көрініске өту үшін Көрініс мәзіріндегі Көрініс атауы түймешігін нұқыңыз.

  2. Толтырмақшы болған тізімді, ашылмалы тізім немесе тізімді өрісті екі рет нұқыңыз.

  3. Деректер қойындысын таңдаңыз.

  4. Тізім енулері астында Мәндерді сыртқы деректер көзінден іздеу параметрін таңдаңыз.

  5. Деректер көзі тізімінде, пайдаланбақшы болған деректер көзін нұқыңыз.

  6. Енулер жолағыдан кейін орналасқан XPathды таңдау параметрін нұқыңыз Батырма суреті .

  7. Өріс немесе топты таңдау тілқатысу жолағында, келесі әрекеттердің біреуін пайдаланып пайдаланушыға қандай деректер көрсетілетінін және сыртқы деректер көзіне қандай деректер жіберілетінін анықтаңыз.

    Пайдаланушы көретін деректер мен пайдаланушы жіберетін деректер бірдей екенін белгілеңіз.

    • Өрісті таңдаңыз, содан соң OK батырмасын басыңыз.

    Пайдаланушы көретін деректер мен пайдаланушы жіберетін деректер бірдей емес екенін белгілеңіз.

    Ескерту : Бұл сценарийде, пайдаланушы көретін топтағы өрістердің біреуінден алынған және пайдаланушы жіберетін деректер сол топтағы басқа өрістен алынады.

    1. Топты таңдаңыз, содан соң OK батырмасын басыңыз.

    2. Басқару элементі Сипаттарытілқатысу жолағында Мән жолағыдан кейін орналасқан XPathды таңдау параметрін таңдаңыз Батырма суреті .

    3. Өріс немесе топты таңдау тілқатысу жолағында пайдаланушы сыртқы деректер көзіне жіберетін деректері бар өрісті таңдаңыз, содан соң OK батырмасын басыңыз.

    4. Басқару элементі Сипаттарытілқатысу жолағында Атауын көрсету жолағындан кейін орналасқан XPathды таңдау параметрін таңдаңыз Батырма суреті .

    5. Өріс немесе топты таңдау тілқатысу жолағында басқару элементте пайда болатын деректері бар өрісті таңдаңыз, содан соң OK батырмасын басыңыз.

  8. Егер Атауын көрсету жолағындағы өрістің мәні "Атауын көрсету" жолағымен бірдей болып қалса және Сіз ерекше ат қоямын десеңіз Ерекше көрсету аттары бар енулерді ғана көрсету құсбелгіні қойыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×