Тізімдер құралында қайшылықтар мен қателерді шешу

Тізімдер құралының элементтері қайшылық пен қате күйін енгізу нәтижесінде көптеген жағдайлар шығады. Қайшылығы мен қатесі бар элементтер белгішемен белгіленген.

Белгіше

Мағынасы

Өңдеу қайшылығы бар тізім элементі

Элементте өңдеу қайшылығы бар

Қате кездескен жағдайлардағы құралдар тізімнің элементі

Қате кездескен жағдайдағы элемент

Бұл мақала келесі тақырыптарды қамтиды

Өңдеу қайшылықтары туралы

Қателер туралы

Қайшылықтар мен қателерді шешу үшін Шешу қойындысын пайдалану

Өңдеу қайшылықтары туралы

Тізімдер құралындағы элемент екі орында бір уақытта өңделсе, нәтижесінде өңдеу қайшылығы туындайды.

SharePoint жұмыс кеңістігіндегі жағдайлар өңдеу қайшылығының өзгеруіне себеп болуы мүмкін:

  • SharePoint торабындағы өңделген, бірақ жұмыс кеңістігіне әлі де үндестірілмеген тізім элементін өңдейсіз. Үндестіру әрекеті пайда болған кезде, SharePoint Workspace бағдарламасы бірдей элементтің екі нұсқасын табады және қайшылықты көрсетеді.

  • Дербес немесе Интернетке қосылмай жұмыс істеу барысында, SharePoint торабында өңделген тізім элементін өңдеуге болады. Тізім желіге қосылған кезде үндестірілсе, SharePoint Workspace бағдарламасы екі бірдей элементтің нұсқасын табады және қайшылықты көрсетеді.

Groove жұмыс кеңістігіндегі Тізімдер құралында бір элементті екі немесе одан да көп мүшелер өңдеген кезде өңдеу қайшылығы пайда болады. Мүшелер желіге қосылып тұрған кезде, SharePoint Workspace бағдарламасы мүшелердің элементтерді өңдеуге ашқанын анықтайды және қайшылық болмауы үшін басқа мүшелерге сол элементтің өңдеуіне тиым салады. Дегенмен, мүшелер дербес жұмыс істесе немесе Интернетке қосылмаған кезде де қайшылықтар сонда да болады.

Өңдеу қайшылығын шешу үшін, төменде сипатталғандай, Шешу қойындысындағы параметрлерді пайдаланыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Қателер туралы

Элемент қателері тек SharePoint серверімен үндестірілетін Тізімдер құралымен жеткіліксіз сервер рұқсаттарының нәтижесінде пайда болады. Мысалы, SharePoint жұмыс кеңістігіндегі элементтерді қоссаңыз, өңдесеңіз немесе жойсаңыз, келесі үндестіру барысында осы өзгертулерді кері қотару үшін тиісті SharePoint сервер рұқсаттарыңыз болу тиіс. Қажетті рұқсаттарыңыз болмаса, онда элемент қате күйінде қалады.

Элемент қателері басқа жағдайларда да шығуы мүмкін, мысалы:

  • Элементтегі тіркелген файл SharePoint серверіне үндестірілуі үшін тым үлкен болып келеді.

  • Элементтегі тіркелген файлдың құрамында байт жоқ. SharePoint серверімен үндестірілуі үшін тіркелген файлда ең аз бір деректер байты болуы тиіс.

  • Тіркелген файлдың өрісіне қосылған файл құрсауланған файл түрі болып келеді және SharePoint серверіне үндестірілмейді.

  • Өріске бірегей мәндерді қажет ететін мән қостыңыз, бірақ басқа элементтегі осы өрісте бірдей мән бұрыннан бар. Тізім SharePoint серверімен үндестірілген кезде қате пайда болады.

Қатені шешу үшін, төменде сипатталған Шешу қойындысындағы параметрлерді пайдаланыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Қайшылықтар мен қателерді шешу үшін Шешу қойындысын пайдалану

Кез келген тізім элементі қайшылық немесе қате күйінде болғанда да, Шешу (Қатемен жұмыс істеу) қойындысы таспада шығады.

Қайшылықтарды шешу қойындысы

Қайшылықтар мен қателерді шешу үшін, қайшылық немесе қате күйін көрсеткен элементтерді таңдап, Қайшылық пен қатені шешу пәрменін таңдаңыз. Қайшылықтың немесе қатенің қандай күйде болғанына байланысты Тізімдер құралы төменде сипатталған түрлі параметрлерді қамтиды.

Беттің жоғарғы жағы

Элемент қайшылықтарын шешу

Элемент қайшылық күйінде болса, Қайшылықты шешу тілқатысу терезесі ашылып, элементтің барлық нұсқаларын өңдегішпен және соңғы өзгертілген уақытымен тізімдейді.

  1. Сақталатын элемент нұсқаларын тексеріңіз.

    Әдетте, элементтің барлық нұсқалары басынан бастап тексеріледі. Сондықтан, сақталмайтын элемент нұсқалары бар болса, олардан құсбелгіні алып тастаңыз. Бұл элементтер Жарайды түймешігін басқан кезде жойылады.

    Элементтің барлық нұсқаларын сақтауды таңдаған жағдайда, элементтің қайшылық тудыратын көшірмелері жасалады және деректер көрінісінде шығады. Жұмыс кеңістігіне алғашқы сақталған элементтің нұсқасы бастапқы көшірмеде шығады.

  2. Элемент нұсқаларының қайсысын сақтау керектігін шешу мақсатында тексеру үшін, Толығырақ параметрін таңдаңыз.

    Таңдалған элементтің мазмұнын көрсету үшін тілқатысу терезесі шығарып алынады. Тілқатысу терезесіндегі әрбір элементтің мазмұнын көрсету үшін, оны таңдаңыз.

  3. Жарайды түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Элемент қателерін шешу

Элемент қате күйінде болса, Қатені шешу тілқатысу терезесі қате жағдайына сай параметрлермен бірге ашылады.

Қате жаңа элементті қосып көру нәтижесінде пайда болса, онда Қатені шешу тілқатысу терезесі төмендегі параметрлерді қамтиды:

  • Қатені түзету.

  • Элементті жою.

Кейбір қателер өрісте жарамсыз деректерді енгізу барысында пайда болуы мүмкін. Бұл жағдайда, қатенің пайда болу себебін сипаттайды және шешім ұсынады. Мысалы, файлда немесе қалта атауында қолдау көрсетілмейтін таңбалар пайдаланылған болса, қате туралы хабар басқа атау пайдалануды ұсынады. Бұл жағдайда, Қатені шешу тілқатысу терезесін жабу үшін, Қатені түзету пәрменін таңдап, қатені түзетіп көріңіз.

Қатені түзете алмаған жағдайда, элементті жою әрекетін таңдаңыз.

Қате жаңа элементті жойып көру нәтижесінде пайда болса, Қатені шешу тілқатысу терезесі төмендегі параметрлерді қамтиды:

  • Қате белгішесін қабылдамау.

  • Қайтадан жойып көру.

Көбінесе, элементті жою мүмкін емес, себебі сервер рұқсаттарыңыз жеткіліксіз. Сервер рұқсаттарыңыз элементтерді жоюға мүмкіндік берсе, Қайтадан жойып көру параметрін таңдауға болады.

Қате мазмұнды өңдеп көру нәтижесінде пайда болса, Қатені шешу тілқатысу терезесі төмендегі параметрлерді қамтиды:

  • Жергілікті көшірмені түзету (және келесі үндестіруді күту)

  • Сервердегі көшірмені сақтау, жергілікті көшірмені жою.

  • Сервердегі және жергілікті көшірменің екеуін де сақтау.

Кейбір қателер өрісте жарамсыз деректерді енгізу барысында пайда болуы мүмкін. Бұл жағдайда, қатенің пайда болу себебін сипаттайды және шешім ұсынады. Мысалы, файлда немесе қалта атауында қолдау көрсетілмейтін таңбалар пайдаланылған болса, қате туралы хабар басқа атау пайдалануды ұсынады. Бұл жағдайда, Қатені шешу тілқатысу терезесін жабу үшін, Жергілікті көшірмені түзету пәрменін таңдап, қатені түзетіңіз.

Қате түзетілмесе, жергілікті көшірмені жою немесе сервердегі және жергілікті көшірменің екеуін де сақтау параметрін таңдауға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×