Тізімдер құралындағы өріс мәндерін толтыру үшін, алмастырымдарды пайдалану

Ашылмалы тізім немесе бірнеше элементтерді таңдау тізімі сияқты тізім түріндегі өрістерде өріс мәндерін толтыру үшін, алмастырымдарды пайдалануға болады. Бұл өріс мәндерін толтыру үшін, алмастырымдарды пайдалану сізге және басқа пайдаланушыларға бұл өрістердегі параметрлерді InfoPath Designer құрастырушысын пайдаланбай, жаңартуға мүмкіндік береді.

Мысалы, пайдаланушыларға балмұздақ дәмін таңдауды ұсынатын ашылмалы тізімді қосқыңыз келеді делік. Мұны жасаудың бір жолы InfoPath ішіне белгілі бір параметрлер («Ваниль», «Шоколад» және «Құлпынай» сияқты) мәндері қосылған өріс жасау болып табылады. Дегенмен, бұл әдістің көмегімен кейін жаңа дәмдерді қосқыңыз келсе, InfoPath Designer құрастырушысында өрісті өңдеу керек.

Не болмаса, ашылмалы тізімге мәндері бар деректер элементтерін жасауға пайдалану үшін, мысалы «Дәмдер» атты арнайы пішін жасауға болады. Бұл пішін ішінде әдетте дәмдер атауларын жазуға арналған бір мәтін өрісі болады. Сіз немесе жұмыс кеңістігінің басқа пайдаланушылары кейін әрбір дәм атауы үшін бір элемент болатындай, бұл пішін көмегімен элементтер жасай алады. Бұл элементтер өздерінің көрінісінде, мәселен, тағы да «Дәмдер» атты тізім түрінде беріледі. Кейін ашылмалы тізімде дәмдер көрінісіндегі элементтердің барлығын алмастыратын және ашылмалы тізім параметрлері ретінде олардың мәндерін көрсететін деректер қосылымын пайдалануға болар еді. Бұл әдіспен жаңа дәмдер параметрлерін қосу үшін, Сізге не басқа пайдаланушыларға дәмдер пішін көмегімен жай ғана жаңа элементтерді қосу керек.

Бірдей тізімдер құралында мәндерді басқа көріністен алатын немесе мәндерді бірдей Groove жұмыс кеңістігінде басқа тізімдер құралынан алатын алмастырымдарды жасауға болады. Деректерді басқа Groove жұмыс кеңістігінің құралынан алатын алмастырымды анықтау мүмкін емес.

Ескерту : Алмастырымдарды анықтау үшін, SharePoint Workspace тізімдер құралында іске қосылған және тікелей InfoPath бағдарламасында қосылмаған пішін үлгілерін пайдалану ұсынылады. Тізімдер құралында іске қосылған пішін үлгілерінде алмастырымдарды қосатын бекітілген мүмкіндіктері бар.

Алмастырымды орнату екі негізгі тапсырманы талап етеді. Ол үшін:

Алмастырылатын деректерге кіруді рұқсат ету

Алмастырымды анықтау

Алмастырылатын деректерге кіруді рұқсат ету

Басқа тізімдер құралы мен көрінісінен деректер қол жетімді болатындай, алмастырым анықталған өріске рұқсат беру үшін, басқа тізімдер құралы мен көрініске алмастырым деректерін ортақ пайдалануға мүмкіндік беретін параметрлерге құсбелгісін қою керек.

  1. Алмастырым деректері бар құралға өтіңіз.

  2. Құрастырушыға кіріңіз.

  3. Теңшелімдер мен параметрлер параметрін таңдап, одан кейін Бұл құралға басқа құралдардағы алмастырымдар үшін деректерді қамтамасыз ету мақсатында рұқсат ету параметріне құсбелгісін қойыңыз.

  4. Алмастырым деректерінің элементтері бар көрініс тізімін таңдаңыз.

  5. Сипаттар параметрін таңдап, одан кейін Бұл құралға басқа құралдардағы алмастырымдар үшін деректерді қамтамасыз ету мақсатында рұқсат ету параметріне құсбелгісін қойыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Алмастырымды анықтау

Өріс сипаттарын сыртқы деректерге қосылым жасайтындай орнату арқылы алмастырымды анықтауға болады. Бұл өріс сипаттарын Microsoft InfoPath бағдарламасында орнату керек.

  1. Алмастырымы анықталатын өріс үшін өріс сипаттарын ашыңыз.

  2. Деректер қойындысынан Нұсқаларды сыртқы деректер көзінен алу параметрін таңдаңыз.

  3. Деректер көзі жолағының жанындағы Қосу пәрменін таңдаңыз.

  4. Деректерді қосу шебері тармағынан параметрлерді Жаңа қосылымды келесі үшін жасау...Деректерді алу тармақтарына қосып, одан кейін Келесі түймешігін басыңыз.

  5. SharePoint Workspace кітапханасы немесе тізімі параметрін таңдап, одан кейін Келесі түймешігін басыңыз.

  6. Алмастырым деректері бар тізімдер құралы туралы ақпарат сұралғанда, төмендегілердің барлығын орындаңыз:

    • Алмастырым деректерінің элементтері бар құралды, көріністі және көрініс бағанын таңдаңыз.

    • Қажет болса, мәтін жолағына алмастырым туралы аңғартпа енгізуге болады.

    • Келесі түймешігін басыңыз.

    • Деректер қосылымы үшін атау енгізіп, одан кейін Дайын түймешігін басыңыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×