Тізімдердегі не кітапханалардағы деректерді есептеу

Сіз тізімнің немесе кітапхананың өрнектері мен жетелерін деректерді түрлі жолдармен есептеу үшін пайдалана аласыз. Есептеліп отырған бағанды тізімге немесе кітапханаға қосу жолымен сіз деректерді басқа бағандардан қосып алып, ай-күндер мен уақытты есептеу жетесін, математикалық теңдеулерді есептеуді немесе мәтіндермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын өрнекті жасай аласыз. Мысалы, тапсырмалар тізімінде сіз бағанды Бастау күні және Аяқтау күні негізінде әр тапсырманы орындау үшін жұмсалатын күн санын есептей аласыз. Тізімдер және кітапханалар туралы толық ақпаратқа сілтемелерді т.б. қараңыз бөлімінен табыңыз.

Не істегіңіз келеді?

Есептелетін бағанды тізім не кітапханаға қосу

Есептелетін бағанды басқа тізім не кітапханалар үшін қатынаулы ету

Есептелетін торап бағанын тізім не кітапханаға қосу

Есептелетін бағанды тізім не кітапханаға қосу

Өрнекті тізім не кітапханада пайдалау үшін, тізім не кітапханаға есептелетін бағанды қосуыңыз керек.

  1. Тізім немесе кітапханаашылмаған болса, Жедел іске қосу ішіндегі атауын нұқыңыз.

    Сіздің тізіміңіздің немесе кітапханаңыздың атауы шығарылмаса, Тораптың толық мазмұнын көру түймешігін нұқып, одан кейін одан кейін тізіміңіздің немесе кітапханаңыздың атауын нұқыңыз.

  2. Параметрлер мәзірінде Settings menu Баған жасау түймешігін нұқыңыз

  3. Атауы және түрі бөлімінде Баған атауы бөліміне қойғыңыз келетін атауды теріңіз.

  4. Осы бағандағы ақпарат түру тармағының астында Есептелген (басқа беғендар негізінде есептелген) түймешігін нұқыңыз.

  5. Қосымша баған параметрлері бөлімінде Өрнек терезесінде пайдаланғыңыз келетін өрнекті ендіріңіз. Элементтерді Бағанды кірістіру жолағынан таңдап, сонан соң функцияларды, тұрақты мәндерді және амалдағыштарды қоса аласыз.

  6. Өрнек көмегімен қайтарып алғыңыз келетін деректер түрін таңдап, одан кейін Жарайды түймешігін нұқыңыз.

Ескерту : Тораптың есептелетін бағанындағы өрнек басқа тораптың ұқсас тізіміндегі немесе кітапханасындағы бағандарға ғана сілтеме жасай алады. Сондықтан да, сіз тораптың есептелетін бағанын тізімге немесе кітапханаға қосқанда қосымша түрде сілтеме жасалған торап бағанын өрнекке қосуіңіз тиіс. Қосымша ақпаратты осы мақаланың Есептелетін бағанды басқа тізім не кітапханалар үшін қатынаулы ету бөлімінен оқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Есептелетін бағанды басқа тізім не кітапханалар үшін қатынаулы ету

Егер сізде бірнеше тізімде не кітапханада жиі пайдалану керек болған өрнек болса, сіз есептелетін бағанды тізім не торап бағандарына қоса аласыз. Бұл тораптағы не кіші тораптағы қандай болса да, тізім не кітапханалар үшін баған мен оның өрнегін қатынаулы етеді. Мысалы, сіз Бастау күні бағанының мәнінен 30 күнге қайтаратын өрнекті пайдаланып (=[Бастау күні]+30), Мерзімі өту күні деп аталған есептелетін бағанды жасай аласыз. Сонан соң, өрнекті әр тізімде не кітапханада қайта жасамай оны тағы пайдалануыңыз мүмкін.

Ескертулер : 

  • Тораптың есептелетін бағанындағы өрнек басқа тораптың ұқсас тізіміндегі немесе кітапханасындағы бағандарға ғана сілтеме жасай алады. Сондықтан да, сіз тораптың есептелетін бағанын тізімге немесе кітапханаға қосқанда қосымша түрде сілтеме жасалған торап бағанын өрнекке қосуіңіз тиіс. Бұрынғы мысалда, сізге Мерзімі біту күнін да, Бастау күні бағанын да тізіміңізге қосу керек болар еді.

  • Егер сіздің жаңа есептелетін торап бағаныңызда тізімдегі басқа бағандарға сілтеме болуы керек болса, сізге сол бағандарды өрнекте қолданатын ету үшін оларды торап бағандарына өзгертуге тиістісіз.

Торап әрекеттері мәзірінде «Торап әрекеттері» мәзірі Торап параметрлері түймешігін нұқыңыз.

Ескерту : Өзіндегі Торап әрекеттері мәзірі өзгертілген торапта Торап параметрлері түймешігін нұқып, одан кейін көргіңіз келетін параметрлерді нұқыңыз.

  1. Жиынтық бағанында Торап бағандары параметріне нұқыңыз.

  2. Тізім құралдар тақтасында Жасау пәрменіне нұқыңыз.

  3. Атауы және түрі бөлімінде Баған атауы бөліміне қойғыңыз келетін атауды теріңіз.

  4. Осы бағандағы ақпарат түру тармағының астында Есептелген (басқа беғендар негізінде есептелген) түймешігін нұқыңыз.

  5. Қосымша баған параметрлері бөлімінде Өрнек терезесінде пайдаланғыңыз келетін өрнекті ендіріңіз. Сіз басқа торап бағандарын Бағанды кірістіру жолағынан таңдап, сонан соң функцияларды, тұрақты мәндерді және амалдағыштарды қоса аласыз.

  6. Өрнек көмегімен қайтарып алғыңыз келетін деректер түрін таңдап, одан кейін Жарайды түймешігін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Есептелетін торап бағанын тізім не кітапханаға қосу

Есептелетін торап бағаны жасалғаннан соң, оны торап не отау веб-тораптағы кез келген тізім не кітапханаға қоса аласыз.

Ескерту : Белгілі тізім не кітапханадағы баған өрнегін өзгертсеңіз, өрнекке енгізілген өзгертулер тек қана сол тізім не кітапханаға қолданылады.

  1. Тізім немесе кітапханаашылмаған болса, Жедел іске қосу ішіндегі атауын нұқыңыз.

    Сіздің тізіміңіздің немесе кітапханаңыздың атауы шығарылмаса, Тораптың толық мазмұнын көру түймешігін нұқып, одан кейін одан кейін тізіміңіздің немесе кітапханаңыздың атауын нұқыңыз.

    Параметрлер мәзірінде Settings menu Тізім параметрлері түймешігін немесе ашып отырған кітапхананың параметрлерін нұқыңыз.

    Мысалы, құжаттар кітапханасында Құжаттар кітапханасының параметрлері түймешігін нұқыңыз.

  2. Бағандар параметрі астында, Бар торап бағандарынан қосу дегенді нұқыңыз.

  3. Бағандарды таңдау бөлімінде, Торап бағандарын таңдау тізімінен торап бағанын қамтитын топты таңдаңыз.

  4. Қатынаулы торап бағандары терезесінен, тізімге қосылатын бағандарды таңдап, сонан соң Қосу түймешігін нұқыңыз.

    Ескерту : Сіз қосып тұрған есептелетін торап бағаны басқа торап бағандарын қамтыса, оларды тізімге қосуға тиістісіз. Басқа бағандардың тізімде не кітапханада бейнеленуін қаламасаңыз, оларды кейінірек жасыруыңыз мүмкін.

  5. Егер сіз бағанның тізімнің әдепкі көрінісіне қосылуын қаламасаңыз, Әдепкі көріністі қосу құсбелгісін алып тастаңыз.

  6. Жарайды түймешігін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×