Тізімдегі элементтерді реттеп орналастыру

Тізімде қалай реттеу, топтың талабы мен сіздің өз мәліметіңізді қалай сақтап немесе іздегіңіз келетіндігіне байланысты.

Осы мақалада

Тізімдерді реттеп орналастырудың жолдары

Бағанды тізімге қосу

Көріністі жасау

Басқа көріністі таңдау

Қалтаны тізімге қосу

Тізімдерді реттеп орналастырудың жолдары

Төменде тізімдерді реттеп орналастыру үшін қолдануыңызға болатын кейбір жолдар көрсетілген:

  • Бағандарды қосу     Тобыңызға неғұрлым маңызды элементтерді дәл табуға мүмкіндік беру үшін тізіміңізге бағандарды қосуыңызға болады. Сонымен қатар, тізімнің әрбір элементіне қатысты қосымша мәлімет, атап айтқанда бөлімнің атауы немесе жұмыскердің аты тәрізді қосымша мәліметтер алғыңыз келсе, қосымша бағандарды қосқыңыз келуі мүмкін.

    Егер тізімде бірнеше элементтер бар болса, кейбір бағандар үшін реттеуіштерді қолдану арқылы, бірнеше элементтерді көрген сәттегі жұмысты жеңілдетіп немесе бір көріністен келесісіне өтуді ыңғайлы болдыра аласыз. Бұл мүмкіндік элементтердің орналасу ретін өзгертпейді, бірақ бұл мүмкіндік ұйымдарға тізімдегі аса ауқымды элементтер санын неғұрлым оңай сақтау мүмкіндігімен қамтамасыз етеді. Дегенмен, реттеуішті қолдану, дерек қордан көбірек орынды иеленеді. Қосымша мәліметті өз әкімшіңізден аласыз.

  • Көріністерді жасау    Егер тобыңыздағы адамдар деректерді белгілі бір тәсілге сүйеніп жиі-жиі көргісі келсе, онда көріністерді қолдануыңызға болады. Көріністер сұрыптау, топтау, сүзгі бойынша сараптау және деректерді көрсету үшін бағандарды қолданады. Сонымен қатар, бір мезгілде бір көріністен қанша элемент көрсетілуге тиіс екендігін де алдын ала таңдап қоюыңызға болады. Мысалы, адамдар тізімді 25 немесе 100 тізімдік элементтен тұратын бет бойынша көруіне болады, бұ олардың қалауы мен қосылымдарының жылдамдығына байланысты.

    Көріністер, тізімдегі элементтердің ауқымды санын сақтауға ыңғайлы жағдай туғызды, бірақ тек осы жылы қосылған оқиғалар немесе күнтізбедегі ағымдағы оқиғалардың жиынтығын ғана көре аласыз. Сіз тек өзіңіз ғана көре алатын жеке көріністерді жасауыңызға болады және тізімді өзгерту рұқсатына ие болсаңыз, барлық адамдар көре алатын ортақ көріністерді де жасауыңызға болады.

  • Қалталар жасау    Егер тізім иесі қалталарды жасауға рұқсат берсе, қалталарды тізімдердің көпшілік түріне қосуыңызға болады. Бұл әсіресе, тізіміңіздегі элементтерді белгілі бір түрде, мысалы жобалар бойынша немесе топ бойынша бөлуге болатын жағдайда аса ыңғайлы әрі тиімді. Қалталар тізім элементтерін оңай сканерлеуге немесе оларды басқаруға көмектеседі. Windows SharePoint Services 3.0 адамдарға олар өз тұрғылықты дискілерінде қалталармен қалай жұмыс жасаса дәл солай тораптар мен қалталар бойынша да шарлау жұмыстарын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін бұтақ түріндегі көріністі ұсынады. Мысалы, әрбір бөлім өз жеке қалтасына ие болуына болады.

    Тізімдерді тораптарға сәйкес пайдалану    Егер сіздің тобыңыз тізімдердің бірнеше түрімен жұмыс істейтін болса, сіз контент түрі, торап бағандарының және үлгілерінің көмегімен көптеген тізімдер арасындағы сәйкестікті пайдалана аласыз. Бұл мүмкіндіктер сізге параметрлерді және тізім құрылымын тиімді жолмен пайдалану мүмкіндігін береді. Мысалы, сіз нақты бағандарды (тұтынғыштың істес адамдары сияқты) белгілейтін тұтынушыға қызмет көрсету мәселелері үшін мазмұн түрін және мазмұн түрінің іскерлік үдірістерін құра аласыз. Басқа мысал болып құрамында департаменттердің жайылмалы шаршысы бар департамент атауларының бағанын құру табылады. Сіз атаулардың әр тізімде әрқашан бір жолмен шығарылатындығына көз жеткізу үшін көптеген бағандарды қайта пайдалана аласыз.

    Мазмұн түрлері, торап бағандары және тізім үлгілері туралы көбірек ақпарат алу үшін Қосымша ақпарат бөліміндегі сілтемелерді табыңыз.

Сонымен қатар, тізімнің мүмкіндіктерін де сан түрлі жолмен қолдануыңызға болады, оларды қолдану түрі тізіміңіздің көлемі мен санына және ұйымыңыздың талабына байланысты.

Бір тізімде көптеген элементтерді сақтау

Сіз бір үлкен тізімді көп мақсатта қолданғыңыз келуі мүмкін. Мысалы, сізде ұйымның барлық деңгейлерінде бақылауға алынуға тиіс көптеген техникалық мәселелер бар болуы мүмкін және бұл мәселелер көптеген жобалар мен топтарға қатысты болуы мүмкін.

Келесі жағдайда бір ғана тізімді қолданыңыз:

  • Сіздің тобыңыз тізім элементтеріне қатысты қорытынды мәліметті немесе сол элементтердің жинағын әр түрлі көріністерде көргісі келуі мүмкін. Мысалы, менеджер ұйымға қатысы бар барлық техникалық мәселелердің орындалу прогрессін немесе уақыттың белгілі бір мезетінде жинақталған мәселелердің барлығын да көргісі келуі мүмкін.

  • Адамдар, мәселелерді тораптағы бір жерден ғана іздеп немесе шолғысы келеді.

  • Сіз тізімдегі элементтерге де сол параметрлерді, мысалы нұсқау бақылау немесе бекіту үшін рұқсатты қажет ету тәрізді параметрлерді қолданғыңыз келуі мүмкін.

  • Тізім бойынша жұмыс істеп отырған топтар ұқсас сипаттарды, мысалы рұқсаттардың бірдей деңгейін қолданады. Бірегей рұқсатты элементтердің ерен тізімі үшін қолдануға болады, бірақ рұқсат деңгейлерінің арасындағы айырмашылық аса үлкен болса, онда бірнеше тізімді қолдану есіңізде болсын.

  • Сіз тізім туралы мәліметті сарапқа салып немесе тізімге қатысты жаңартулардың ықшам жиынын алғыңыз келуі мүмкін. Сонымен қатар, тізім элементтері өзгертілген кезде ескерту хабарын ала аласыз немесе болмаса, RSS технологИәсын қолдану арқылы тізімге енгізілген өзгертулерді көре аласыз. RSS веб-торабы сіздің жұмыс тобыңыздың мүшелеріне өзгертілген мәліметтердің ықшамдалған жиынын көруге мүмкіндік береді.

Бірнеше тізімдерді жасау

Басқарғыңыз келген элементтердің немесе болмаса осылармен жұмыс торабын топтардың арасындағы айқын айырмашылықты байқаған жағдайда бірнеше тізімді қолданғыңыз келуі мүмкін.

Бірнеше тізімді келесі жағдайда қолданыңыз:

  • Егер сіз адамдардың элементтер қорытындысын қатар алғысы келеді деп есептемесеңіз.

  • Мәліметті қолданатын адамдар әр түрлі және олар әр түрлі рұқсат деңгейлеріне ие.

  • Сіз әр түрлі параметрлерді, мысалы, элементтердің әр түрлі жиындары үшін нұсқаларды басқару немесе рұқсат тәрізді параметрлерді қолдануыңыз қажет болса.

  • Егер сізге элементтерді қатар сараптау немесе тізім туралы ықшамдалған жаңартулар тізімін алудың қажеттігі болмаса.

Беттің жоғарғы жағы

Бағанды тізімге қосу

Тізімдердегі мәлімет "Атауы", "Тегі" немесе "Компания" тәрізді бағандарда сақталады. Егер тізім элементтеріне қатысты қосымша мәліметті сақтағыңыз келсе, онда сұрыптау, топтау тізімнің бірнеше көрінісін жасауды мүмкін ету үшін қосымша бағандарды қоса аласыз. Мысалы, тізімді күні бойынша немесе элементтерді бөлімнің атауы бойынша топтастыра аласыз.

Сізде құрып отырған бағандарыңызға арналған бірнеше параметр бар, соның ішінде мәтіннің жалғыз жолы, параметрлердің жайылмалы шаршысы, басқа бағандардан есептелінетін сандар немесе торабыңыздағы адамдардың есімдері мен суреттері.

Ескерту : Төменгі процедура бағанды қосқыңыз келген тізімнің, тізімдік бетінен басталады. Егер тізім ашық емес болса, "жылдам бастау" қойындысындағы тізімнің атауын басыңыз. Егер тізіміңіздің атауы пайда болмаса, тораптың барлық мазмұнын көрсету түймешігін басып, содан кейін өз тізіміңіздің атауын басыңыз.

  1. Параметрлер мәзірінде Settings menu Баған жасау түймешігін нұқыңыз

  2. Атауы және түрі бөлімінде қалаған атауыңызды Баған атауы терезесінде теріңіз.

  3. Осы баған ішіндегі ақпарат түрі тармағының астында бағанға шығарғыңыз келетін ақпарат түрін таңдаңыз.

  4. Қосымша баған параметрлері бөлімінде адамдарға баған арнауын және онда қандай деректердің бар екенлдігін түсінуге көмектесу үшін Сипаттамасы терезесінде сипаттамасын жазыңыз. Бұл сипаттама қосымша болып табылады.

  5. Өзіңіз таңдаған баған түріне байланысты Қосымша баған параметрлері бөлімінде көбірек параметрлер пайда болуы мүмкін. Өзіңіз қалаған қосымша параметрлерді таңдаңыз.

  6. Бағанды адамдар тізімді немесе кітапхананы тұңғыш рет ашқанда көретін торабыңыздағы әдепкі көрініске қосу үшін Әдепкі көрініске қосу түймешігін нұқыңыз.

  7. Жарайды түймешігін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Көріністі жасау

Тізімдегі ең маңызды деген элементтерді немесе неғұрлым талабыңызға сай келер элементтерді көру үшін көріністерді қолдануыңызға болады. Мысалы, жақын арада құрылған элементтердің немесе нақты бір бөлімге қатысты элементтердің немесе болмаса бір адамның жасаған элементтеріне арнап көріністерді жасауыңызға болады.

Тапсырмалар тізімінің әр түрлі көріністері

Тізімдердің көпшілігін көрген кезде, бағанның атауын нұсқап көрсетіп, содан кейін баған атауының жанындағы көрсеткіні басу арқылы элементтерді уақытша сұрыптап немесе сүзгі бойынша реттеуіңізге болады. Бұл тізімнің элементтерін белгілі бір тәсілмен бір рет көргіңіз келген кезде қолдануға тиімді, бірақ бұл қадамдарды келесі жолы тізімді көргіңіз келген кезде қайталауыңызға тура келеді.

Тізімдегі немесе кітапханадағы элементтерді сұрыптау

Егер тізімді белгілі бір тәсілге сүйеніп жиі көруіңіз мүмкін болса, көріністі жасағаныңыз жөн. Сіз осы көріністі кез келген уақытта тізіммен жұмыс жасағанда қолдануыңызға болады. Көріністі жасаған кезде, ол тізімнің Көрініс мәзіріне Көрінісі мәзірі қосылады.

Тізімдердің жеке және жалпыға ортақ көріністері болуы мүмкін. Кез келген адам, тізімдерді белгілі бір жолмен көруге арнап жеке көріністі құрып немесе сүзгіні қолданып тізімдегі тек өзі көргісі келген элементтерді сұрыптауына болады. Егер сіз торапты жобалау рұқсатына ие болсаңыз, онда сіз тізімді көргісі келген кез келген адам қолдана алатын жалпыға ортақ көріністі жасауыңызға болады. Сонымен қатар, жалпыға ортақ көріністі әдепкі көрініс ретінде белгілесеңіз, адамдар тізімді автоматты түрде осы көріністе ғана көреді.

Сонымен қатар торап жобасын жасаған кезде, әр түрлі көріністер мен жоба бетін, әр түрлі көріністерді қолданатын Веб-бөлік байланыстыра аласыз. Мысалы, қандай да бір топ тек осы топ мүшелері жасаған құжаттарды ғана көрсететін тізімді көрініске қосқысы келуі мүмкін.

Егер сіздің тобыңыздың мүшелері тізімді қандай да бір жылжымалы құрылғыда көрсе, жылдамдыққа неғұрлым сай келетін және құрылғының мүмкіндігін ескере отырып көрсетілуге тиіс элементтердің санын шектеуді жүзеге асыратын жылжымалы көріністерді жасауыңызға болады. Көріністерді жасауға қатысты қосымша мәліметтерді Қосымша анықтама бөлімінен аласыз.

  1. Тізім ашылмаған болса, Жедел іске қосу ішіндегі атауын нұқыңыз

    Сіздің тізіміңіздің атауы шығарылмаса, Тораптың толық мазмұнын көру түймешігін нұқып, одан кейін тізіміңіздің атауын нұқыңыз.

  2. Параметрлер мәзірінде Settings menu Көріністі жасау түймешігін нұқыңыз.

  3. Көрініс пішімін таңдау қойындысынан жасағыңыз келген көрініс түрін таңдап алыңыз. Көпшілік жағдайларда, сіздің Стандартты көрініс түрін жасағыңыз келуі мүмкін, бірақ кейбір ерекше жағдайларға арнап ерекше көріністерді таңдауыңызға болады, мысалы мұндай ерекше көріністерді күнтізбе немесе Gantt көрінісін жасаған кезде таңдауға болады.

  4. Көрініс атауы терезесінде көрінісіңіздің Тегі бойынша сұрыпталған сияқты атауын таңдаңыз.

  5. Егер сіз бұны әдепкі көрініс еткіңіз келсе, Бұны әдепкі көрініс еткіңіз келсе қанатшаны таңдаңыз.Сіз бұл көріністі әдепкі етіп ол қоғамдық көрініс болғанда және сізде тізім жасауына өзгертулер енгізуге рұқсат болған жағдайда ғана жасай аласыз.

  6. Көрермен бөлімінде Көрерменді көру тармағының астында өзіңіз ғана пайдалана алатын жеке көріністі жаторабындығыңызды немесе басқалары да пайдалана алатын қоғамдық көріністі жаторабындығ,ыңызды таңдаңыз.

  7. Бағандар өлімінде сіз сәйкес қанатшаны қою жолымен бағандарды көрсете аласыз немесе жасыра аласыз. Баған атауының қасында бағандарды көрсету тәртібінің ретін ендіріңіз.

  8. Сұрыптау бөлімінен тізім элементтерін сұрыптағыңыз келсе қалай сұрыптау қажеттігін таңдаңыз. Сұрыптау үшін екі бағанды қолдануыңызға болады, мысалы бірінші тегі бойынша, екінші аты бойынша сұрыптай аласыз.

  9. Сүзгі бөлімінен тізімнің элементтерін сүзгіні қолданып қалай сұрыптағыңыз келетінін таңдаңыз. Сұрыпталған көрініс тізімнің ықшам әрі таңдаулы түрін, мысалы, тек арнайы бөлім жасаған немесе "бекітілген" статусына ие элементтерді көрсетеді.

  10. Топтасым бөлімінде сіз ерекше автор құжаттарының кеңейтілмелі бөлімі сияқты ұқсас мәнді тармақтарды өз бөлімінде топтастыра аласыз..

  11. Барлығыбөлімінде сіз бағандағы тармақтар санын мәселелердің жалпы саны ретінде есептей аласыз. Бұндай жағдайда сіз орташа мән сияқты қосымша мәнді қоса аласыз немесе бөле аласыз.

  12. Мәнер бөлімінде көргіңіз келетін әр жолы көлеңкеленген көлеңкелі тізім сияқты мәнерді таңдаңыз.

  13. Егер тізімнің ішінде қалталар да бар болса, онда қалталарды қосып көрсетпейтін көріністі жасауыңызға болады — бұл кейде "жалпақ" көрініс деп те аталады. Тізімдегі барлық элементтерді бір деңгейден көру үшін Қалталардан басқа элементтердің барлығын көру түймешігін басыңыз.

  14. Сонымен қатар, тізімде көрсетілетін элементтер санын шектеуге немесе бір бетте көрсетілуге тиіс элементтер санына шектеу қоюыңызға болады. Бұл параметрлер, әсіресе жылжымалы құрылғыға арналған көріністі жасаған кезде аса маңызды. Элемент шектеуі бөлімінен қажетті параметрді таңдаңыз.

  15. Егер тізімді жылжымалы құрылғыда көруді жоспарлап отырсаңыз, Жылжымалы бөлімінен қажетті параметрді таңдаңыз.

  16. Жарайды түймешігін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Басқа көріністі таңдау

Кейбір тізімдер бірден де көп көрініспен жабдықталып қатар келеді және сіздің қосымша көріністерді жасауыңызға болады. Егер өзгеше көріністер орнатылған болса, Көрініс мәзірін қолданып, олардың бірінен біріне өтуге болады.

  1. Тізім ашылмаған болса, Жедел іске қосу ішіндегі атауын нұқыңыз

    Сіздің тізіміңіздің атауы шығарылмаса, Тораптың толық мазмұнын көру түймешігін нұқып, одан кейін тізіміңіздің атауын нұқыңыз.

  2. Көру мәзірінде Көрінісі мәзірі қалаған көрініске нұқыңыз.

    Кеңес : Бұрыннан бері бар көрініске өзгерту енгізу үшін Көрініс мәзірін ашып, содан соң Осы көріністі өзгерту қойындысын басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Қалтаны тізімге қосу

Егер сізде тізім элементтерінің бірнеше түрлері бар болса, тізімді реттеуді жеңілдету үшін қалталарды қосуыңызға болады.

  1. Тізім ашылмаған болса, Жедел іске қосу ішіндегі атауын нұқыңыз

    Сіздің тізіміңіздің атауы шығарылмаса, Тораптың толық мазмұнын көру түймешігін нұқып, одан кейін тізіміңіздің атауын нұқыңыз.

  2. Жаңа мәзірін Жаңа мәзірі ашып, Жаңа қалта түймешігін басыңыз.

    Жаңа қалта пәрмені, егер сіздің тізіміңізді жасаған кісі тізімге қалтаны қосуға рұқсат бермеген жағдайда көрсетілмейді.

  3. Қалтаның атауын жазыңыз, содан соң OK түймешігін басыңыз.

Кеңес : Егер сізде қалталар қосылған бірнеше тізімдер бар болса немесе тобыңыздағы адамдар тұрғылықты дискіде қалай шолу жасаса, тізімдерде де солай шолу жасауды ыңғайлы деп санаса, онда топ бұтақ тәрізді көріністі қолдану қолайлы деп санауы мүмкін. Бұтақ тәрізді көрініс арқылы қалталарды шығарып алуға, тасалауға немесе қалталар бойынша шарлауды оңай жүзеге асыруға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×