Тізімдегі немесе кітапханадағы бірнеше мазмұн түрлері үшін қолдауды қосу

Бұл мақалада

Тізмге немесе кітапханаға бірнеше мазмұн түрлерін қосу туралы

Бірнеше мазмұн түрлері туралы айтылатын жайттар

Кітапханада бірнеше мазмұн түрлерін қосу

Тізімде бірнеше мазмұн түрлерін қосу

контент түрі бір құжаттың, қалтаның немесе тізім элементінің төлсипаттарын береді. Әрбір мазмұн түрі сипаттар, сипаттарды өңдейтін және бейнелейтін пішіндер, құжатта немесе тізім элементінде қолдануға болатын жұмыс үрдістерін және құжат үлгісін (тек құжат мазмұн түрлері үшін) көрсетуі мүмкін. Сонымен қатар, мазмұн түрлерін өзгертпелі мүмкіндіктермен де кеңейтуге болады. Бір кітапханаға немесе тізімге мазмұн түрін қосқан кезде, сіз кітапхананың немесе тізімнің ішінде сол мазмұн түріндегі нысандар болуы мүмкін екендігін көрсетесіз.

Мазмұн түрлері веб бағдарламаларындағы түрлі тізімдер мен кітапханалардағы мазмұндарды басқаруға және реттеуге және бір тізім немесе кітапхана құрамына түрлі элементтер түрлері мен құжаттарды енгізуге мүмкіндік туғызады. Тізім реттеушілері белгілі бір тізімге немесе кітапханаға түрлі мазмұн түрлерді қоспастан бұрын, осы тізімдегі немесе кітапханадағы бірнеше мазмұн түрлері үшін қолдауды қосуыңыз қажет.

Тізмге немесе кітапханаға бірнеше мазмұн түрлерін қосу туралы

Көптеген кітапханалар мен тізімдер құрамында бірнеше мазмұн түрлері болуы мүмкін. Тізім немесе кітапхана үшін мазмұн түрлерін белгілейтін болсаңыз, әр түрлі құжаттарды бірге тізімдер мен кітапханалар жасау барысын жеңілдетесіз. Мысалы, жинақ құрамында жобамен байланысты болған құжаттар мен сызбалар, яғни екеуі де болуы мүмкін. Жинақта сызба файлдары сызбалар мазмұн түріне тағайындалған ақпараттар бағандарымен тізімделеді, ал құжаттар құжаттар мазмұн түріне тағайындалған бағандармен тізімделеді. Құжаттар кітапханасының Жаңа пәрменін пайдалану арқылы жсақтаушылар кез келген мазмұн түрлерінің жаңа элементтерін жасай алады.

Беттің жоғарғы жағы

Бірнеше мазмұн түрлері туралы айтылатын жайттар

Мазмұн түрлерін тізімге немесе кітапханаға қоспас бұрын, келесі шарттарды түсініп алған жөн:

  • Мазмұн түрлері бағандар ретінде танылған белгілі өрістерді талап етуі мүмкін. Құжаттарды қотарып алу немесе жасау кезінде, мазмұн жасаушысы ақпараттарды талап етілген бағанға енгізуі тиіс.

  • Пішіндерде пайда болатын өрістер тізіммен де емес, кітапханамен де емес, осы пішінмен байланысты мазмұн түрімен орнатылады.

  • Жаңа құжат жасалатын кезде, пайдаланатын құжат үлгісі тізіммен де емес, кітапханамен де емес мазмұн түрімен орнатылады.

  • Жұмыс үрдістері және оқиғаларды мазмұн түрлерімен байланыстыруға болады.

  • Тектік түр жаңартылған кезде орын алатын әрекеттер, жоғары деңгей торабымен тектік/отау қатынастары бар тізім немесе кітапхана үшін орнатылатын мазмұн түрлеріне өз әсерлерін тигізуі мүмкін.

Беттің жоғарғы жағы

Кітапханада бірнеше мазмұн түрлерін қосу

  1. Бірнеше мазмұн түрі қосылатын кітапхананы ашыңыз.

    Ескерту : Wiki кітапханасында бірнеше мазмұн түрлері мүмкіндігін қосуға болмайды.

  2. Параметрлер мәзіріндегі Құжаттар кітапханасы параметрлері, Пішіндер кітапханасы параметрлері немесе Суреттер кітапханасы параметрлері тармағын таңдаңыз.

  3. Жалпы параметрлері астындағы Қосымша параметрлер тармағын таңдаңыз.

  4. Мазмұн түрлері бөлімінде мазмұн түрлеріне рұқсат беру үшін Иә жауабын таңдаңыз.

  5. Кез келген басқа парамтерлерді өзгертіп, OK түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Тізімде бірнеше мазмұн түрлерін қосу

  1. Бірнеше мазмұн түрі қосылатын тізімді немесе талқылау тақтасын ашыңыз.

  2. Параметрлер мәзіріндегі Тізім параметрлері тармағын таңдаңыз.

  3. Жалпы параметрлері астындағы Қосымша параметрлер тармағын таңдаңыз.

  4. Мазмұн түрлері бөлімінде мазмұн түрлеріне рұқсат беру үшін Иә жауабын таңдаңыз.

  5. Кез келген басқа парамтерлерді өзгертіп, OK түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×