Торап мазмұнының түрін өзгерту

Не істегіңіз келеді?

Құжат үлгісін торап мазмұн түрімен байланыстыру

Торап мазмұнының түріне жұмыс үрдісін қосу

Торап мазмұны түрінің баған ретін өзгерту

Құжаттың ақпараттық үстелі параметрлерін өзгерту

Ақпаратты басқару саясатын қосу

Құжатты түрлендірулерді басқару

Торап мазмұны түрі құжат, қалта немесе тізім элементінің төлсипаттарын анықтайды. Әр торап мазмұны түрі төмендегілерді білдіруі мүмкін:

  • Сипаттар жиынтығы.

  • Сипаттарды өңдейтін және оларды бейнелейтін пішіндер.

  • Құжат немесе тізім элементінде болуы тиіс жұмыс үрдістері.

  • Қолданылатын құжат үлгісі.

Торап атауы иелері SharePoint тобының мүшелері тораптың мазмұн түрлерін өзгерте алады. Әдепкіде, өзгерткен мазмұн түрінен туындайтын кез келген мазмұн түрі де өзгертулермен жаңартылады.

Құжат үлгісін торап мазмұн түрімен байланыстыру

Ескерту : Құжат үлгілерін қалталар, тізімдер немесе талқылау тақталарымен емес, құжат мазмұны түрлерімен ғана байланыстыруға болады.

  1. Өзгерткіңіз келетін торап мазмұны түрі анықталған торапқа өтіңіз.

  2. Торап әрекеттері мәзірін нұқып, Торап параметрлері пәрменін меңзермен көрсетіңіз, сосын Барлық торап параметрлерін өзгерту пәрменін таңдаңыз.

  3. Галереялар бөліміндегі Торап мазмұны түрлері пәрменін нұқыңыз.

  4. Торап мазмұны түрі балереясы бетінде теңшегіңіз келетін торап мазмұны түріне арналған сілтемені нұқыңыз.

  5. Параметрлер бөліміндегі Қосымша параметрлер пәрменін нұқыңыз.

  6. Құжат үлгісі бөлімінде қолда бар құжат үлгісінің URL теріңіз немесе жаңа құжат үлгісін кері қотарыңыз. Төмендегі тізімде қолдануыңызға болатын URL түрлері берілген. Мысалдар http://contoso/_cts/ болып табылатын торап мазмұны түрінің ресурс қалтасына (яғни, торап мазмұны түрлерінің файлдарын қамтитын қалта) негізделген МазмұнТүріАтауы/ және docname.doc болып табылатын құжат үлгісі.

    Ескерту :  _cts/ пішіндегі қор көзі қалтасыМазмұнТүріАтауы (МазмұнТүріАтауы торап мазмұны түрінің атауы болып табылады) әр тораптың түбірлік деңгейінде бар.

URL атауы

Мысал

Сервермен байланысты

/_cts/МазмұнТүріАтауы/docname.doc

Абсолютті

http://contoso/_cts/МазмұнТүріАтауы/docname.doc

Қор көзі қалтасымен байланысты

docname.doc

Тораппен байланысты

~/site/ЖиынтықАтауы/docname.doc

  1. Тек оқу үшін бөлімінде осы мазмұн түрін өзгертуге болатын немесе тек оқылатын етуді таңдаңыз.

  2. Тораптар мен тізімдерді жаңарту бөлімінде осы мазмұн түрінен туындайтын мазмұн түрлерінің өзгертулеріңізбен жаңартылатынын көрсетіңіз.

    Егер Иә жауабын таңдасаңыз, осы мазмұн түрінен (отау мазмұн түрлері деп аталатын) туындайтын басқа мазмұн түрлері жасаған өзгерістеріңізге ие болады.

Беттің жоғарғы жағы

Торап мазмұнының түріне жұмыс үрдісін қосу

Торап мазмұнының түріне жұмыс үрдісін қосу пайдаланушыларға жұмыс үрдісін тізім немесе кітапханадағы барлық мазмұн түрлерінне іске қосуға мүмкіндік береді. Жұмыс үрдістері жасырын және пайдаланушылық мазмұн түрлерін қоса барлық мазмұн түрлеріне қосыла алады. Мазмұн түрі тізім немесе кітапханаға қосылған кезде, оның жұмыс үрдісі байланыстарының барлығы да сол тізімге көшіріледі және сол мазмұн түріндегі элементтермен байланыстырылады.

Office SharePoint Server 2007 іскерлік үдерістерді қарастыратын жұмыс үрдістерінің бірқатарын қамтиды. Құжат мазмұны түрімен үш жұмыс үрдісі өздігінен байланысады: Мақұлдау, Пікірлер жинау және Жиынтық қолдары. Жүйе әкімшілері де пайдаланушылық жұмыс үрдістерін жасай алады.

Ескерту : Жұмыс үрдісін торап мазмұны түріне қосардан бұрын ол торап жиынтығында орналасуы керек. Егер қосқыңыз келген жұмыс үрдісі жоқ болса, сервер әкімшісіне хабарласыңыз.

  1. Өзгерткіңіз келетін торап мазмұны түрі анықталған торапқа өтіңіз.

  2. Торап әрекеттері пәрменін нұқып, Торап параметрлері пәрменін меңзермен көрсетіңіз, сосын Барлық торап параметрлерін өзгерту пәрменін нұқыңыз.

  3. Галереялар бөліміндегі Торап мазмұнының түрлері пәрменін нұқыңыз, сосын жұмыс үрдісін қосқыңыз келетін мазмұн түрін таңдаңыз.

  4. Торап мазмұнының түрі бетінің параметрлер бөліміндегі Жұмыс үрдісі параметрлері пәрменін нұқыңыз.

  5. Жұмыс үрдісі параметрлерін өзгерту бетіндегі Жұмыс үрдісін қосу пәрменін нұқыңыз.

  6. Жұмыс үрдісін қосу бетінде қолданылатын жұмыс үрдісі үлгісін таңдаңыз, сосын мазмұн түрінің жұмыс үрдісін ерекшелендіретін бір атауды теріңіз.

    Жұмыс үрдісін бастаған және жұмыс үрдісінің күйін қараған кезде атау пайдаланушыларға көрсетіледі, сондықтан іскерлік үрдісті сипаттайтын қысқа атау жасауға кеңес беріледі.

  7. Жұмыс үрдісі параметрлерін теңшеу үшін Торап мазмұны түрінің жұмыс үрдісі параметрлерін өзгерту тақырыбындағы нұсқауларды орындаңыз.

  8. Егер қосып жатқан жұмыс үрдісінің жұмыс үрдісін теңшеу беті болса, жұмыс үрдісін теңшеу бетіне өту үшін Келесі түймешігін нұқыңыз, керекті параметрлерді таңдап, сосын OK түймешігін нұқыңыз.

    Егер қосып жатқан жұмыс үрдісінде жұмыс үрдісін теңшеу беті болмаса, OK түймешігін нұқыңыз.

Мазмұн түрінің жұмыс үрдісін жою

Мазмұн түріндегі жұмыс үрдісін жою орындалып жатқан қандай да бір жұмыс үрдісі көшірмелерін тоқтатады және олардың жұрналы мен тапсырмаларын өшіреді. Сондай-ақ, орындалып жатқан жұмыс үрдісі көшірмелерін аяқтауға рұқсат беріп, бірақ жаңа көшірмелердің басталуын болдырмауды таңдауыңызға болады.

Басқа (отау) мазмұн түрлерінің параметрлері туындайтын мазмұн түріндегі жұмыс үрдісі байланысын жойған кезде, сол отау мазмұн түрлерінен жұмыс үрдісі ғана емес, бірақ сол байланыстан орындалып жатқан қандай да бір жұмыс үрдісі көшірмелері лезде тыйылады және олардың жұрналы мен тапсырмалары да өшіріледі.

  1. Жұмыс үрдісі параметрлерін өзгерту бетін ашу үшін жоғарыдағы 1-4 қадамдарды орындаңыз.

  2. Жұмыс үрдісі параметрлерін өзгерту бетіндегі Жұмыс үрдісін жою пәрменін нұқыңыз.

  3. Жұмыс үрдісін жою бетінде жойғыңыз келетін жұмыс үрдісін табыңыз, сосын келесілердің біреуін орындаңыз:

    • Жұмыс үрдісін жою және қандай да бір орындалып жатқан жұмыс үрдісі көшірмелерін тыю үшін жұмыс үрдісі жанындағы Жою түймешігін нұқыңыз.

    • Жаңа көшірмелерінің емес, орындалып жатқан жұмыс үрдісі көшірмелерінің аяқталуына мүмкіндік беру үшін жұмыс үрдісі жанындағы Жаңа көшірмелер емес параметрін нұқыңыз.

  4. OK түймешігін нұқыңыз.

    Осы мазмұн түрінен туындайтын барлық мазмұн түрлеріне өзгертулерді қолдану ескертуі шыққан кезде, келесілердің біреуін орындаңыз:

    • Осы мазмұн түрінен (отау мазмұн түрлері) туындайтын мазмұн түрлеріндегі емес, осы мазмұн түрінің өзіндегі жұмыс үрдістерін жою үшін Болдырмау түймешігін нұқыңыз. Жұмыс үрдісі отау мазмұн түрлерінде әлі де бар болады.

    • Осы жұмыс үрдісі байланысын барлық отау мазмұн түрлерінен жою және осы жұмыс үрдісі байланысына негізделген қандай да бір іске қосылған жұмыс үрдістерін өшіру үшін OK түймешігін нұқыңыз. Бұл амал торап жиынтығының өлшеміне және іске қосылған жұмыс үрдістерінің санына байланысты біршама уақытқа созылуы мүмкін.

Беттің жоғарғы жағы

Қолда бар бағанды торап мазмұны түріне қосу

Торабыңызда немесе оның тектік торабында әлдеқашан анықталған бағанды торап мазмұны түріне қосу үшін осы іс ретін орындаңыз.

  1. Өзгерткіңіз келетін торап мазмұны түрі анықталған торапқа өтіңіз.

  2. Торап әрекеттері мәзірін нұқып, Торап параметрлері пәрменін меңзермен көрсетіңіз, сосын Барлық торап параметрлерін өзгерту пәрменін таңдаңыз.

  3. Галереялар бөліміндегі Торап мазмұны түрлері пәрменін нұқыңыз.

  4. Торап мазмұны түрі балереясы бетінде теңшегіңіз келетін торап мазмұны түріне арналған сілтемені нұқыңыз.

  5. Торап мазмұнының түрі бетінің Бағандар бөліміндегі Қолда бар торап бағандарынан қосу пәрменін нұқыңыз.

    Бағандарды торап мазмұны түріне қосу беті пайда болады.

  6. Бағандарды таңдау бөліміндегі Бағандарды басқа орыннан таңдау тізімінен сүзгіңіз келетін топты таңдаңыз.

    Төмендегі кесте әдепкі түрде бар болып табылатын топтарды және олар қамтитын бағандарын түрлерін сипаттайды.

Мынаны таңдаңыз

Осыны бейнелеу үшін

Барлық топтар

Кез келген топқа ашық барлық бағандар.

Негіз бағандары

Тізімдер немесе жиынтықтардың көртеген түрлерінде пайдаланылатын бағандар.

Басты істес кісі және күнтізбе бағандары

Істес кісі және күнтізбе тізімдерінде пайдаланылатын бағандар. Бұл бағандар әдетте клиенттің істес кісі және Microsoft Office Outlook 2007 сияқты күнтізбе бағдарламаларындағы метадеректерді үндестіру үшін қолданылады.

Басты құжат бағандары

Dublin басты метадеректер жиынтығының стандартты құжат бағандары. Бұл бағандардың көпшілігі Microsoft Office басты сипат жиынтығының бөлігі болып табылады.

Басты тапсырма және мәселе бағандары

Тапсырма және мәселелер тізімдерінде пайдаланылатын бағандар. Бұл бағандар әдетте Microsoft Office Outlook 2007 сияқты клиенттің Тапсырма және Мәселе бағдарламаларындағы метадеректерді үндестіру үшін қолданылады .

Кеңейтілген бағандар

Арнайы мақсатқа арналған бағандар жиынтығы.

  1. Қолда бар бағандар тізімінен қосқыңыз келетін бағанды таңдаңыз, сосын Қосу түймешігін нұқыңыз.

    Кеңес : Бірнеше баған түрлерін жылдам қосу үшін қосқыңыз келетін әр бағанды басқан кезде CTRL пернесін басып тұрыңыз.

  2. Тізімдер мен үлгілерді жаңарту бөлімінде осы мазмұн түрінен туындайтын отау торап мазмұны түрлерінің өзгертулеріңізбен жаңартылатынын көрсетіңіз.

  3. Қалаған бағандарды қосуды аяқтағаннан соң, OK түймешігін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жаңа бағанды торап мазмұны түріне қосу

Жаңа бағанды анықтау және оны торап мазмұн түріне қосу үшін мына іс ретін орындаңыз. Жасаған жаңа бағанның жасалған торапта және оның туынды тораптарында бар болатынын ескеріңіз. Жаңа бағанды жасағаннан соң, оны басқа мазмұн түрлеріне және тізімдер мен жиынтықтарға қосуыңызға да болады. Егер жаңа бағаныңызды басқалардың қолданбасын десеңіз, оны "_Жасырын" атты жаңа топқа қосу арқылы жасыруыңызға болады.

  1. Өзгерткіңіз келетін торап мазмұны түрі анықталған торапқа өтіңіз.

  2. Торап әрекеттері мәзірін нұқып, Торап параметрлері пәрменін меңзермен көрсетіңіз, сосын Барлық торап параметрлерін өзгерту пәрменін таңдаңыз.

  3. Галереялар бөліміндегі Торап мазмұны түрлері пәрменін нұқыңыз.

  4. Торап мазмұнының түрі галереясы бетінде теңшегіңіз келетін торап мазмұнының түрі нұқыңыз.

    Таңдаған торап мазмұнының түріне арналған теңшеу беті пайда болады.

  5. Бағандар бөліміндегі Жаңа торап бағанынан қосу пәрменін нұқыңыз.

  6. Жаңа торап бағаны бетінің Атау және түрі бөлімінде жаңа баған түрінің атауын теріңіз, сосын осы бағанда сақтауға болатын ақпарат түрін таңдаңыз.

    Кеңес : Баған атаулары әріптің үлкен-кішілігін ескермейді. Мысалы, егер Сипаттама атты баған торап жиынтығыңызда әлдеқашан анықталған болса, сипаттама атты жаңа бағанды жасауыңызға болмайды.

  7. Топ бөлімінде осы жаңа бағанды сақтайтын қолда бар топты таңдаңыз немесе жаңа топ атауын теріңіз.

  8. Қосымша баған параметрлері бөлімінде қандай да бір керекті қосымша баған параметрлерін көрсетіңіз. Мысалы, бағаныңыз үшін сипаттаманы теруіңізге, осы баған үшін ақпараттың керектігін, осы бағанда сақтауға болатын таңбалардың ең көп санын және бағанның әдепкі мәнін көрсетуіңізге болады.

  9. Тізімдер мен үлгілерді жаңарту бөлімінде осы мазмұн түрінен туындайтын отау торап мазмұны түрлерінің өзгертулеріңізбен жаңартылатынын көрсетіңіз.

  10. Қалаған бағандарды қосуды аяқтағаннан соң, OK түймешігін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Торап мазмұны түрінің баған ретін өзгерту

  1. Өзгерткіңіз келетін торап мазмұны түрі анықталған торапқа өтіңіз.

  2. Торап әрекеттері мәзірін нұқып, Торап параметрлері пәрменін меңзермен көрсетіңіз, сосын Барлық торап параметрлерін өзгерту пәрменін таңдаңыз.

  3. Галереялар бөліміндегі Торап мазмұны түрлері пәрменін нұқыңыз.

  4. Торап мазмұнының түрі галереясы бетінде теңшегіңіз келетін торап мазмұны түрінің сілтемесін нұқыңыз.

    Торап мазмұны түрі үшін таңдаған теңшеу беті пайда болады.

  5. Бағандар бөліміндегі Баған реті пәрменін нұқыңыз.

  6. Бағандарды қалауыңыз бойынша қайта реттеу үшін Жоғарыдан бастап орналастыру бағанындағы ашылмалы тізімдерді қолданыңыз.

  7. Тізімдер мен үлгілерді жаңарту бөлімінде осы мазмұн түрінен туындайтын отау торап мазмұны түрлерінің өзгертулеріңізбен жаңартылатынын көрсетіңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Құжаттың ақпараттық үстелі параметрлерін өзгерту

Құжаттың ақпараттық үстелі пайдаланушыларға мазмұн түрі сипаттарын тікелей 2007 Office құжатында қарауға және өзгертуге мүмкіндік береді. Мысалы, егер торап жиынтығыңыздың құжат мазмұн түрінде Күй бағаны болса, пайдаланушылар Күй сипатын құжаттың ақпараттық үстелінде көре және күйді Жоба күйінен Түпкілікті етіп өзгерте алады. Құжат қайтадан серверге сақталған кезде, өзгеріс Күй бағанында жаңартылады.

Құжаттың ақпараттық үстелі автоматты түрде 2007 Office құжатында жасалатын және серверде құжаттың өңдеуге болатын сипаттарын бейнелейтін Microsoft Office InfoPath пішіні болып табылады. Мазмұн түрін баптаған кезде, мазмұн түрінің сипаттарына негізделген InfoPath пішінін жасауыңызға болады. Содан кейін пішінді кез келген InfoPath пішіні сияқты теңшеуіңізге және таратуыңызға болады. Бапталған пішінге, сосын құжат сілтеме жасайтын болады. Пайдаланушылар Office құжатының жоғарысында бейнеленетін құжаттың ақпараттық үстелін қолдану арқылы құжат сипаттарын оңай қарай және өңдей алады.

  1. Торап жиынтығының өзіндік бетіндегі Торап әрекеттері мәзірін нұқып, Торап параметрлері пәрменін меңзермен көрсетіңіз, сосын Барлық торап параметрлерін өзгерту пәрменін нұқыңыз.

  2. Торап параметрлері бетінің галереялар бөліміндегі Торап мазмұнының түрлері пәрменін нұқыңыз.

  3. Құжаттың ақпараттық үстелі байланысқан мазмұн түрін таңдаңыз, сосын торап мазмұнының түрі бетіндегі Құжаттың ақпараттық үстелі параметрлері пәрменін нұқыңыз.

  4. Құжаттың ақпараттық үстелі параметрлері бетінде құжаттың ақпараттық үстелі үшін қай үлгіні қолданғыңыз келетінін көрсетіңіз.

    • Егер біреуі бұрыннан болмаса, Жаңа пайдаланушылық үлгі жасау пәрменін нұқу арқылы InfoPath пайдаланушылық үлгісін жасауыңызға болады.

    • Ағымдағы уақыттағы пайдаланушылық үлгіні қолдану үшін оны Шолу түймешігін нұқу арқылы кері қотаруыңызға болады немесе оған UNC жолы сияқты ортақ жерден сілтеме жасауыңызға болады. Жол құжатта орнатылады және нәтижесінде құжат ашылған кезде құжаттың ақпараттық үстелін бейнелеу үшін сілтеме жасалатын болады.

    • Автоматты түрде жасалған әдепкі үлгіні қолдануды жалғастыру немесе оған қайтадан оралу үшін Microsoft Office бағдарламасы үшін әдепкі үлгіні қолдану параметрін таңдаңыз.

      Microsoft Office бағдарламасының әдепкі үлгісі мазмұн түрі үшін анықталған бағандар тізімін береді.

  5. Әрдайым көрсету бөлімінде мазмұн түрімен жасалған әр құжат үшін құжаттың ақпараттық үстелін бейнелеу үшін құсбелгісін басыңыз.

    Бұл параметр осы мазмұн түріндегі қолда бар құжаттың ашылған және алғаш рет сақталған кезінде құжаттың ақпараттық үстелінің бейнеленуін қамтамасыз етеді. Әдепкіде, құжаттың ақпараттық үстелі торап жиынтығы шеңберінде жаңа құжаттың жасалған немесе құжатты қайта атау және сол орынға сақтау кезінде әрдайым бейнелетін болады.

  6. Құжаттың ақпараттық үстелі өзгертулерінің орын алуы үшін OK түймешігін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Ақпаратты басқару саясатын қосу

Ақпаратты басқару саясатын мазмұн түріне қосу саясат мүмкіндіктерін бірнеше тізімдер немесе жиынтықтармен байланыстыруды оңай қылады. Қолда бар ақпаратты басқару саясатын мазмұн түріне қосуды немесе жекелеген мазмұн түріне қатысты ерекше саясат жасауды таңдауыңызға болады.

Ескерту : Ақпаратты басқару саясатын тізімдерге ғана қатысты мазмұн түріне қосуыңызға да болады. Бұл саясатты мазмұн түрін қолданып жатқан сол тізімдегі элементтерге қолдану әсерін береді.

  1. Торап жиынтығының өзіндік бетіндегі Торап әрекеттері мәзірін нұқып, Торап параметрлері пәрменін меңзермен көрсетіңіз, сосын Барлық торап параметрлерін өзгерту пәрменін нұқыңыз.

  2. Торап параметрлері бетінің галереялар бөліміндегі Торап мазмұнының түрлері пәрменін нұқыңыз.

  3. Торап мазмұнының түрі галереясы бетінде саясатты қосқыңыз келетін мазмұн түрін таңдаңыз.

  4. Торап мазмұнының түрі бетінің параметрлер бөліміндегі Ақпаратты басқару саясатының параметрлері пәрменін нұқыңыз.

  5. Ақпаратты басқару саясатының параметрлері бетінде қай саясатты қолданғыңыз келетінін көрсетіңіз

    • Мазмұн түріне қолда бар саясатты қолдану үшін Торап жиынтығы саясатын қолдану параметрін таңдап, саясат атауын тізімнен таңдаңыз да, сосын OK түймешігін нұқыңыз.

    • Мазмұн түрінің бірегей саясатын жасау үшін мына қадамдарды орындаңыз:

      1. Саясатты анықтау таңдаңыз, сосын OK түймешігін нұқыңыз.

      2. Саясатты өңдеу бетінде саясаттың атауын және сипаттамасын теріңіз, сосын пайдаланушыларға саясаттың неге арналғанын түсіндіретін қысқа саясат түсініктемесін жазыңыз. Саясат түсініктемесінің ұзындығы 512 таңбаға дейін бола алады.

      3. Саясатпен байланыстырғыңыз келетін мүмкіндіктерді орнату үшін Ақпаратты басқару саясатының мүмкіндіктерін теңшеу тақырыбындағы ақпаратты қолданыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Құжатты түрлендірулерді басқару

Пайдаланушылардың бір файл түріндегі құжаттарды басқа пішімге түрлендіре алуы үшін торап әкімшілері құжатты түрлендіруді қоса алады. Торап мазмұны түрлерінің құжат түрлендіруі торап әкімшілеріне қай түрлендіргіштердің бар екендігін және сол түрлендіргіштердің сол мазмұн түріндегі құжаттарда қалай жасайтынын анықтайтын параметрлерді сақтауға болатын мазмұн түрлерін теңшеуге мүмкіндік береді. Құжат түрлендіргіштерінің біршамасы Office SharePoint Server 2007 бағдарламасымен бірге ұсынылады және мекемеңізде қосымша, пайдаланушылық түрлендіргіштердің болуы да мүмкін. Орталық әкімшілікте құжатты түрлендіру қосылғаннан соң, түрлендіргіштер әдепкідей құжат жиынтықтарында қолдануға болатын барлық торап мазмұны түрлерінде бар болады. Бұл төмендегі мазмұн түрлерін қамтиды:

  • Негізгі Бет, Құжат, Пішін немесе Сурет сияқты құжат мазмұнының түрлері

  • Мақала беті, Қайта бағыттау беті және Сәлемдеме беті сияқты бет бағдарының мазмұн түрлері

Қосылған түрлендіргіштер пайдаланушылардың белгілі бір мазмұн түрін таңдаған кезінде бар болады, сосын мәтінмәндік мәзірдегі Құжатты түрлендіру пәрменін нұқыңыз. Құжаттың файл түріне (мысалы, .docx) қатысты түрлендіргіш немесе түрлендіргіштер ғана тізіледі.

XML сияқты файл түрінің бірнеше түрлендіргіштері болған кезде, пайдаланушылардың осы мазмұн түрінің құжаттарына қатысты түрлендіргіштерді көруін қамтамасыз ету үшін түрлендіргіштер тізімін өңдеуді қалауыңыз мүмкін. Сондай-ақ, түрлендіргіштің баптау параметрлерін өзгерткіңіз келуі мүмкін. Осы жағдайлардың қайсысы болса да, құжат түрлендіргіштеріне өзгертулер жасау үшін төмендегі қадамдарды қолдануыңызға болады.

  1. Торап жиынтығының өзіндік бетінің Торап әрекеттері мәзіріндегі Торап параметрлері меңзеңіз, сосын Барлық торап параметрлерін өзгерту нұқыңыз.

  2. Торап параметрлері бетінің галереялар бөліміндегі Торап мазмұнының түрлері пәрменін нұқыңыз.

  3. Құжатты түрлендіруді басқарғыңыз келетін құжат мазмұнының түрін таңдаңыз, сосын торап мазмұнының түрі бетіндегі Құжатты түрлендіруді осы мазмұн түрі үшін басқару пәрменін нұқыңыз.

    Ескерту : Құжат түрлендіргіштері құжаттың мазмұн түрлері үшін ғана бар болады.

  4. Пайдаланушыларға көрсеткіңіз келмейтін қандай да бір түрлендіргіш құсбелгісін алып тастаңыз. Қолданғыңыз келетін барлық түрлендіргіштердің таңдалғанына көз жеткізіңіз, сосын Қолдану түймешігін нұқыңыз.

  5. Егер қолданғыңыз келетін түрлендіргіштің жанында Теңшеу параметрі болса, жаңа түрлендіру параметрлерін анықтау үшін оны нұқуыңызға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×