Торап жиынтығының тексеру параметрлерін теңшеу

Тексеру әкімшілерге торап жиынтығындағы маңызды мазмұнға не болып жатқаны жайлы сенімді жұрнал жүргізуге мүмкіндік береді. Әкімшілерге белгілі бір пайдаланушы жасаған әрекеттердің толық жұрналын алуға және де белгілі бір күн аралығында жасалған әрекеттердің толық жұрналын алуға болады. Кімнің қандай ақпаратпен не жасағанын білу нормативтік сәйкестік және жазбаларды басқару сияқты көптеген іс жүргізу талаптары үшін маңызды.

Торап әкімшілері құжаттар мен элементтердің торап жиынтығында қалай қолданғанын бақылау үшін тексеруді қолдана алады. Тексеру үшін таңдаған барлық әрекеттеріңіз Excel негізіндегі тексеру есептеріне енгізіледі және Тексеру Есептері бетінде сақталады. Белгілі бір күн аралығында, торап жиынтығының белгілі бір аймағында болған немесе жекелеген пайдаланушыға сүзгіленген оқиғалар санын қамтитын пайдаланушылық есеп жасауыңызға да болады.

Тексеру жұрналы тексеру үшін таңдалған оқиғалардың төмендегідей ақпаратын қамтиды.

  • Элемент атауы мен орналасуы

  • Оқиға бастау алатын торап

  • Элемент түрі (мысалы, тізім немесе құжат)

  • Оқиғамен байланысты Пайдаланушы ID

  • Оқиға күні мен уақыты

  • Элемент бойынша жасалған әрекет

Жазылып алынғаннан соң оқиғаларды өзгертудің басқа жолы болмағанмен, торап әкімшілерінің элементтерді тексеру жұрналы есебінен жоюына болады.

Ескертулер : 

  • Ақпараттық басқару саясаттары оқиға тексеруін де қамти алады.

  • Тексеру элементтің қашан өзгертілгендігі жайында ақпарат ұсынады, бірақ ненің өзгертілгендігіне қатысты мәлімет бермейді. Сондықтан, ол құжат нұсқаларын басқару механизмі немесе қосалқы құрал ретінде қарастырылмауы тиіс.

  1. Торап жиынтығының өзіндік бетіндегі Торап әркеттері мәзірін нұқып, Торап параметрлері пәрменін меңзермен көрсетіңіз да, сосын Барлық торап параметрлерін өзгерту пәрменін нұқыңыз.

  2. Торап параметрлері бетінің торап жиынтығын басқару бөліміндегі Торап жиынтығының тексеру параметрлері пәрменін нұқыңыз.

  3. Тексеру жұрналын жасағыңыз келетін оқиғаларды таңдаңыз, сосын OK түймешігін басыңыз.

    Тексерілуі тиіс оқиғаны таңдаған кезде, ол торап жиынтығының ішіндегі әр элемент үшін оқиға орын алған сайын тексеріледі. Бұл көптеген тексеру оқиғаларын жасай алады, әсіресе Көрініс параметрі қосылған болса.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×