Торап жасау

Торап жасаудан бұрын, не қолда бар торап құрылымының ішіндегі бағыныңықы торап, не жаңа бір жоғары деңгейлі торап керектігін анықтап алуыңыз қажет. Бұл мақалада сізге шешім қабылдауға көмектесетін негізгі ақпарат берілген. Егер қосымша нұсқаулар қажет болса немесе бірнеше бағыныңқы тораптар немесе жоғары деңгейлі тораптар жасау қажет болса, әкімшіңізбен ақылдасыңыз.

Осы мақалада

Шолу

Бағыныңқы торап жасау керектігін немесе жоғары деңгейлі торап жасау керектігін шешу

Бар торап ішінде бағыныңқы торап жасау

Өз-өзіне қызмет көрсету торабын жасау арқылы жоғары деңгейлі торап жасау

Торап жасаудың өзге жолдары

Торап - бұл бір-бірімен байланысты веб-тораптар тобы, яғни ол жерде командаңыз жобалармен істей алады, кездесулер өткізе алады және ақпаратпен бөлісе алады. Торап мазмұнын жеке басқаруға болатын тораптарға бөлу үшін ұйымыңыз қосымша сайт пен жоғары деңгейдегі сайт пайдалана алады. Мысалы, ұйымыңыз әрбір өнім үшін немесе аймақ үшін жеке-жеке торап жасағысы келуі мүмкін.

Жоғары деңгейлі веб-тораптар құрамында бірнеше бағыныңқы тораптар болуы мүмкін, өз кезегінде бағыныңқы тораптар да бірнеше тораптарға бөлінуі мүмкін. Бүкіл жоғары деңгейлі веб-тораптар құрылымы мен олардың барлық бағыныңқы тораптар сайттар жиыны деп аталады.

Тораптарды және бағыныңқы тораптар жасауға болатындығы немесе болмайтындығы ұйымыңыз тораптарды және олардың рұқсаттарын қалай орнатқанымен байланысты. Кейбір ұйымдар тораптарды кім жасайтынын қатаң түрде тексеруді талап етеді немесе тораптар қашан, яғни қай жерде жасалғанын білгісі келеді. Басқа ұйымдар болса керісінше пайдаланушыларға толық еркіндік береді.

Бағыныңқы торап

Егер сізде жасақтау рұқсат деңгейі болса, бар торап құрылымында жаңа бағыныңқы торап жасауыңызға болады. Әдепкіде, жаңа бағыныңқы торап тектік URL өз URL-нің бірінші бөлімінде пайдаланады. Бағыныңқы торап бар тораптың рұқсаттары мен шарлау мүмкіндіктерін көрсетуі мүмкін. Мысалы, жаңа бағыныңқы торап бар жоғарғы сілтеме жолағын пайдаланады және үй бетін әдепкі бойынша пайдаланады, бірақ басқа жоғары сілтеме жолағын орнатуыңызға болады.

Жоғарғы сілтеме жолағы

Жоғары сілтеме жолағы барлық беттердің жоғары жағында бір немесе бірнеше сілтеме жасалған жолақтар көрінісінде пайда болады. Мысалы, егер торабыңыз Конвенция жоспарлау деп аталатын болса, тектік тораптарды көріп жатқан пайдаланушылар Конвенция жоспарлау торабыңызды оңай таба алатын болу үшін оның сілтемелері Конвенция жоспарлау тектік торабының жоғары сілтемелер жолағында пайда болуы мүмкін.

Жаңа бағыныңқы торап жасағаныңызда, оны шарлау элементтеріне қосып қойсаңыз, пайдаланушылар торабыңызды оңай таба алады. Мысалы, сол бағыныңқы торапты тектік торабының жоғары сілтеме жолағына және жылдам іске қосу тақтасын қосып қоюыңызға болады. Жылдам іске қосу тақтасы көптеген тораптардың бір жағында, яғни Торап мазмұнын көру сілтемесінің астында пайда болады.

Жедел іске қосу

Жоғары деңгейлі тораптар

Әдепкіде, жоғары деңгейлі тораптарды (және жоғары деңгейлі тораптарға негізделген тораптар жиынтықтарын) жасау үшін әкімші болуыңыз қажет, бірақ әкімшіңіз басқа пайдаланушылар жоғары деңгейлі тораптарды құрастыруға мүмкіндік беру үшін өз-өзіне қызмет көрсететін торап құрастыру мүмкіндігін қосып қоюы мүмкін. Егер өз-өзіне торап құрастыру мүмкіндігі қосылған болса, Толық бақылау, Құрастыру, Көмектесу және Оқу рұқсат деңгейлері бар пайдаланушылар торап жасай алады. Жоғары деңгейлі торап шарлау мүмкіндіктерін және рұқсаттарды басқа тораптардан мұралап ала алмайды. Ол өзінің шарлау элементтерімен қамтамасыз етеді, бірақ рұқсаттарды өзгертуіңізге болады. Жаңа жоғары деңгейлі торап жасағаныңызда, оған болған сілтемелер басқа торапқа автоматты түрде қосылмайды. Басқа тораптардың шарлау элементтері торабыңызды көрсетіп тұратын ету үшін оларды кейнірек өңдеуіңізге болады.

Note: Әдепкіде, жаңа жоғары деңгейлі тораптар жиынтығы, сервер жолына негізделген тораптар қалтасында жасалуы тиіс. Мысалы, "A торабы" деп аталатын тораптың URL келесідей болады: http://server_name/sites/Site_A/default.aspx. Әдепкіде, жол атауы торапта орнатылған тіл түрлі болуына қарамастан "/sites" деп аталады. Әкімшіңіз басқарылатын жолдарды орнату арқылы осы жолдың атауын немесе орналасуын өзгерте алады. Алайда, торапты өз-өзіне қызмет көрсету торап жасау мүмкіндігі арқылы жасап жатқаныңызда, тораптың жолын өзгерте алмайсыз.

Беттің жоғарғы жағы

Бағыныңқы торап жасау керектігін немесе жоғары деңгейлі торап жасау керектігін шешу

Бағыныңқы торапты бір торап жиынтығында немесе жоғары деңгейлі веб-тораптардың жеке тораптар жиынтығында жасайтыныңызды шешуіңіз керек. Бұл шешім тораптар бір-біріне қаншалық ұқсайтынына байланысты, әрбір торапты жеке-жеке басқаратындығыңызға және шарлау немесе іздеу мүмкіндіктері бірдей болғанын немесе түрлі болғанын қалағаныңызға байланысты.

Торап жиынтығының ішінде барлық тораптарда пайдалану ресурстары бірдей болуы мүмкін:

  • Шарлау

  • Мазмұн түрлері

  • Жұмыс үрдістері

  • Қауіпсіздік топтары

  • Тізімдер бойынша іздеу өрістері

  • Іздеу ауқымы

  • Мүмкіндіктер жиыны

Келесі әрекеттерді орындағаныңызда, бір торап жиынтығында бағыныңқы тораптарды таңдаңыз:

  • Тораптар арасында шарлау мүмкіндіктерін ортақтастыру керек.

  • Бағыныңқы тораптар тектік тораптардағы рұқсаттарды мұралап алуы керек.

  • Тораптар арасында тізімдерді ортақтастыру керек.

  • Жасақтама элементтерін (тақырыптар немесе мәнерлер сияқты) тораптардың арасында ортақтастыру керек.

Келесі әрекеттерді орындағаныңызда, бөоек торап жиындарындағы жоғары деңгейлі веб-тораптарды таңдаңыз:

  • Әр түрлі тораптар үшін жеке қауіпсіздік қажет.

    Note: Бағыныңқы торап үшін бірегей рұқсаттарыңыз болғанымен, кейде екі торап арасында ортақ пайдаланушылар мен рұқсаттар жоқ екеніне көз жеткізгіңіз келуі мүмкін. Осындай жағдайларда жеке торап жиынтықтарын пайдалануыңыз керек.

  • Болашақта торап жиынтығын басқа дерекқорға көшіру қажет болуы мүмкін.

  • Тек сол тораптың сақтық көшірмесін жасау немесе қалпына келтіру керек.

  • Жұмыс үрдісінің ауқымын тек сол тораппен шектеу керек.

  • Тек сол торап үшін бөлек іздеу ауқымы керек.

Беттің жоғарғы жағы

Бар торап ішінде бағыныңқы торап жасау

Торап жасаудан бұрын, жаңа бағыныңқы торап жасалатын орында екеніңізге көз жеткізіңіз.

Тораптың толық мазмұнын көру түймешігін нұқып, одан кейін жалпы торап мазмұны бетіндегі Жасау түймешігін нұқыңыз.

Tip: Көп жағдайда, сіз бұл адымды аяқтау үшін орнына Торап әрекеттері мәзірін «Торап әрекеттері» мәзірі пайдалана аласыз.

  1. Веб-тораптар астынан Тораптар мен жұмыс кеңістігі параметрін таңдаңыз.

  2. Тақырып және сипаттама бөлімінде торап үшін атау енгізіңіз. Атау міндетті болып табылады.

    Тақырып веб-торабының төбе жағында пайда болады және шарлау элементтерінде пайда болады, яғни пайдаланушыларға торапты тауып алуға және ашуға мүмкіндік береді.

  3. Сипаттама ұясында торап мақсатының сипаттамасын жазыңыз. Сипаттама беру шарт емес.

    Сипаттама веб-торабының жоғары жағында пайда болады және пайдаланушыларға тораптың мақсатын түсіндіреді.

  4. Веб-торап мекенжайы бөлімінде торабыңыз үшін URL теріңіз. Бірінші бөлім сізге арналған.

    Торапты жаңарту және өзгерту кезіндегі әлеуетті ақауларды болдырмау үшін, келесі арнайы таңбаларды веб-торабының мекенжай жолағында пайдаланбаңыз.

    Пайдалануға болмайтын арнайы таңбалар

    Пайдалануға болмайтын арнайы таңбалар

    /

    \\

    :

    *

    ?

    "

    <

    >

    |

    #

    \t

    {

    }

    %

  5. Үлгі таңдау бөлімінде қалаған қойындыны таңдаңыз да, қалаған торап үлгісін таңдаңыз.

    Жалпы әдепкі торап үлгісінің мысалдары

  6. Рұқсаттар бөлімінде тектік торапқа қатынасы бар пайдаланушыларға бір топ пайдаланушыларға немесе жеке бір пайдаланушыларға қатынас берілетін-берілмейтінін таңдаңыз.

    Егер Бірегей рұқсаттарды пайдалану параметрін таңдайтын болсаңыз, ағымдағы бетке ақпаратты енгізіп болған соң, рұқсаттарды орнатуыңызға болады.

  7. Шарлау бөлімінде жаңа бағыныңқы торап тектік торабының шарлау элементтерінде пайда болатындығын немесе болмайтындығын таңдаңыз.

    Әдепкіде, жылдам іске қосу көптеген пайдаланушы пайдаланатын беттердің бір жағында, яғни Тораптың барлық мазмұнын көру сілтемесінің астында бейнеленеді. Жоғары сілтеме жолағы бір немесе бірнеше сілтемелері бар қойындылары көрінісінде барлық жоғары бөлімдерінде пайда болады.

  8. Шарлау мүмкіндіктерін мұралау бөлімінде торап жоғары сілтеме жолағын мұралау керектігін немесе керек еместігін немесе өзінің жеке сілтемелер жиынтығы болатынын орнатыңыз.

    Бұл параметрлер жаңа торап тектік торабының ішкі шарлау мүмкіндіктерінің бір бөлігі ретінде пайда болуына немесе болмауына да әсер етеді. Ішкі шарлау мүмкіндіктері еренсілтемелер жиынтығымен қамтамасыз етеді, яғни ол торап жиынтығының ішіндегі Конвенция жоспарлау сияқты тораптар иерархиясында жеңілдікпен шарлауға мүмкіндік береді. Тораптар жиынтығын көріп жатқаныңызда, Сіз ашқан бетте ішкі шарлау мүмкіндігі пайда болады. Егер Жоқ параметрін таңдаған болсаңыз, Сіздің бағыныңқы торабыңыздің құрамында тектік торабының ішкі шарлау мүмкіндігі болмайды.

  9. Жасау түймешігін нұқыңыз.

    Егер бағыныңқы торабыңыздың рұқсаттары тектік торабымен бірдей қылып орнатқан болсаңыз, жаңа торап Жасау параметрін басқаныңыздан кейін басталады. Егер бірегей рұқсаттар орнатқан болсаңыз, осы Торап беттерінің орнату топтары бағыныңқы тораптар үшін орнатқан жерде пайда болады.

  10. Егер осы торап беті үшін орнату топтары пайда болатын болса, жаңа топ жасайтыныңызды немесе пайдаланушылар, мүшелер және осы тораптың меншік иелері үшін жасалған бар топтарды пайдаланатыныңызды анықтауыңыз қажет. Әрбір бөлімінде келесі әрекеттердің біреуін орындаңыз:

    • Егер Жаңа топ жасау параметрін таңдайтын болсаңыз, жаңа SharePoint тобы үшін автоматты түрде жасалған атауды таңдаңыз немесе жаңа атау енгізіңіз де, қалаған адамдарды қосыңыз. Енгізген атауды тексеру үшін қанатшаны нұқыңыз немесе қосымша атауларды пайдалану мақсатымен каталогты көру үшін Мекенжайлық кітапша белгісін нұқыңыз.

      Тораптың пайдаланушылары бөлімінде Пайдаланушылар тобына барлық түпнұсқалығы анықталған пайдаланушыларды қосуыңызға болады, яғни ол топ мүшелеріне тораптағы мазмұнды оқуға әдепкі бойынша рұқсат береді.

    • Егер Бар топты пайдалану параметрін таңдайтын болсаңыз, тізімнен қалаған SharePoint тобын таңдаңыз.

      Егер Сізде бірнеше SharePoint топтары болса, тізімге қысқарту беруге болады. Тізімді толығымен көріп шығу үшін Көбірек түймесін басыңыз немесе тізімге қысқартылған атау орнату үшін Азырақ түймешігін басыңыз.

  11. Жарайды түймешігін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Өз-өзіне қызмет көрсету торабын жасау арқылы жоғары деңгейлі торап жасау

Өз-өзіне қызмет көрсететін торап жасау мүмкіндігі арқылы торап жасау үшін алдымен әкімші SharePoint орталық әкімшілігіндегі өз-өзіне қызмет көрсететін торап жасау мүмкіндігін қосуы қажет.

Егер өз-өзіне қызмет көрсететін торап жасау мүмкіндігі қосылған болса, тораптағы Хабарламалар тізімінде торап жасау сілтемесі бар хабарлама пайда болады. Егер хабарлама көрінбесе, әкімшіңіз жариялайтын өз-өзіне қызмет көрсететін торап жасау мүмкіндігі туралы ақпаратты көріңіз.

  1. Торап жиынтығындағы жоғары деңгейлі торапқа өтіңіз.

    Егер жоғары деңгейлі тораптарды көріп жатқан болсаңыз, жоғары сілтеме жолағында немесе ішкі шарлау иерархиясының бірінші торабында үй бетін нұқыңыз. Мысалы, егер ішкі командаңыз Site>Marketing>Projects болса, маркетинг бетінің жобалар бетінде болғандықтан, Команда торабы параметрін таңдаңыз.

  2. Жоғары деңгейлі торабының үй бетіндегі Хабарламалар тізімін қараңыз.

    Егер өз-өзіне қызмет көрсететін торап жасау мүмкіндігі үшін хабарлама жоқ болса, Хабарламалар параметрін таңдау арқылы толық тізімді ашыңыз. Егер Хабарламалар тізімі көрінбей тұрған болса, Тораптың барлық мазмұнын көру параметрін таңдаңыз да, Тізімдер астынан Хабарламалар параметрін көріңіз.

    Tip: Егер өз-өзіне қызмет көрсететін торап жасау мүмкіндігі үшін URL енгізіліп қойған болса, торап жасау хабарламасын орналастырмастан-ақ, URL теруіңізге немесе шолғыштың мекенжай жолағына тікелей қоюыңызға болады.

  3. Өз-өзіне қызмет көрсететін торап жасау деп аталған хабарламада жаңа веб-торап жасауға арналған URL нұқыңыз. Егер URL көрмей тұрсаңыз, хабарламаны толығымен ашу үшін оны нұқыңыз.

    Әдепкіде, хабарлама Өз-өзіне қызмет көрсететін торап жасау деп аталады, бірақ әкімшңіз оны теңшеген болуы мүмкін.

  4. Жаңа SharePoint торап бетінің Тақырып және сипаттама бөлімінде торабыңыз үшін тақырып енгізіңіз. Атау міндетті болып табылады.

    Тақырып веб-торабының төбе жағында пайда болады және шарлау элементтерінде пайда болады, яғни пайдаланушыларға торапты тауып алуға және ашуға мүмкіндік береді.

  5. Тақырып және сипаттама бөлімінің Сипаттама жақтауына торап мақсатының сипаттамасын теріңіз. Бұл сипаттама міндетті емес.

    Сипаттама веб-торабының жоғары жағында пайда болады және пайдаланушыларға тораптың мақсатын түсіндіреді.

  6. Веб-торап мекенжайы бөлімінде торабыңыз үшін URL теріңіз. Бірінші бөлім сізге арналған.

    Торапты жаңарту және өзгерту кезіндегі әлеуетті ақауларды болдырмау үшін, келесі арнайы таңбаларды веб-торабының мекенжай жолағында пайдаланбаңыз.

    Пайдалануға болмайтын арнайы таңбалар

    Пайдалануға болмайтын арнайы таңбалар

    /

    \\

    :

    *

    ?

    "

    <

    <

    |

    #

    \t

    {

    }

    %

  7. Үлгі таңдау бөлімінде қалаған қойындыны таңдаңыз да, қалаған торап үлгісін таңдаңыз.

    Жалпы әдепкі торап үлгісінің мысалдары

    • Команда торабы     Осы торап үлгісін ақпаратты жинақтау, ұйымдамтыру және ортақ пайдалану үшін қолдана алатын торапты жасау үшін таңдаңыз. Үлгіде Хабарландырулар, Күнтізбе, Істес кісілер және Сілтемелер сияқты құжат кітапханалары мен негізгі тізімдер бар.

    • Бос торап     Осы торап үлгісін теңшегіңіз келетін таза өзіндік бетті торап жасау үшін таңдаңыз. Сіз көзбе-көз белсенді тізімдер мен басқадай мүмкіндіктерді қосу үшін Microsoft Office SharePoint Designer 2007 Windows SharePoint қызметтерімен сыйысымды Веб құрастыру бағдарламаларын пайдалана аласыз.

    • Құжаттың жұмыс кеңістігі торабы     Осы торап үлгісін командаңыздың мүшелеріне құжаттармен біріге отырып жұмыс істеуге көмектесетін торап жасағыңыз келсе таңдаңыз. Бұл үлгіде бастапқы құжаттарды сақтау және файлдарды қолдау кітапханасы, орындаған тапсырмаларды белгілейтін Тапсырмалар тізімі және құжатпен байланысты қайнар көздердің Сілтемелер тізімі бар.

    • Вики торабы     Осы торап үлгісін пайдаланушылар веб беттерін жылдам және оңай қосып, өңдей алатын және сілтеме бере алатын торап құрғыңыз келсе таңдаңыз.

    • Блог торабы     Осы торап үлгісін пайдаланушылар ақпарат орналастырып, басқаларға аңғартпа қалдыру мүмкіндігін беретін торап құрғыңыз келсе таңдаңыз.

    • Жиналыстардың негізгі жұмыс кеңістігі торабы     Осы торап үлгісін өзіңізге командаңызбен кездесулерді жоспарлауға, ұйымдастыруға және өткізуге көмектесетін торап құрғыңыз келсе таңдаңыз. Үлгіде келесідей тізімдер бар: Мақсаттар, Қатысушылар, Күн тәртібі және Құжаттар тізімі.

    • Жиналыстардың бос жұмыс кеңістігі торабы     Осы торап үлгісін өз талаптарыңызға сәйкес теңшегіңіз келетін Жиналыстардың бос жұмыс кеңістігі торабын құрғыңыз келсе таңдаңыз.

    • Шешім қабылдау жиналыстарының жұмыс кеңістігі торабы     Осы торап үлгісін жиналыс барысындағы құжаттар мен қабылданған шешімдерді жазбаларына шолу жасау үшін ең жақсы болып табылатын торап құрғыңыз келсе таңдаңыз. Үлгіде келесідей тізімдер бар: Мақсаттар, Қатысушылар, Күн тәртібі, Құжаттар кітапханасы, Тапсырмалар және Шешімдер торабын құрғыңыз келсе таңдаңыз.

    • Әлеуметтік жиналыстарының жұмыс кеңістігі     Осы торап үлгісін әлеуметтік жағдайды жоспарлап, реттеп отыруға көмектесетін торап құрғыңыз келсе таңдаңыз. Үлгіде келесідей тізімдер бар: Қатысушылар, Бағдарлар, Орындау қажет, Талқылаулар және Бейнелер кітапханасы.

    • Жиналыстардың көп бетті жұмыс кеңістігі торабы     Осы торап үлгісін торабын жиналысыңызды жоспарлаудың, ұйымдастырудың және өткізудің барлық негіздерін қамтамасыз ететін көп бетті торапты құрғыңыз келсе таңдаңыз. Үлгіде өз талаптарыңызға сәйкес теңшелеуге болатын екі бос бетке қоса келесідей тізімдер бар: Мақсаттар, Қатысушылар және Күн тәртібі.

  8. Жасау түймешігін нұқыңыз.

    Торап үшін топтар жасауға мүмкіндік беретін осы тораптың орнату топтары пайда болады.

  9. Осы Торап бетінің орнату топтарының әрбір бөлімінде жаңа SharePoint тобы үшін автоматты түрде жасалған атауды таңдаңыз немесе жаңа атау енгізіңіз де, қалаған адамдарды немесе топтарды қосыңыз. Енгізген атауды тексеру үшін қанатшаны нұқыңыз немесе қосымша атауларды пайдалану мақсатымен каталогты көру үшін Мекенжайлық кітапша белгісін нұқыңыз.

  10. Жарайды түймешігін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Торап жасаудың өзге жолдары

Тораптар жасаудың басқа жолдары да бар, мысалы егер әкімші немесе жасақтаушы рөлінде жасау немесе сізде Windows SharePoint Services бағдарламасымен сыйысымды келетін веб-тораптарды жасақтау бағдарламасы арқылы жасау.

  • SharePoint орталық әкімшілігінде тораптар жасау    Егер сервер әкімшісі болсаңыз, SharePoint орталық әкімшілігінің көмегімен торап жиынтығын жасауыңызға болады. Қосымша ақпаратты орталық әкімшілік анықтамасынан және Windows SharePoint Services жоспарлау анықтамасынан қараңыз.

  • Пәрмен жолағын пайдаланып тораптар жасау    Егер әкімші болсаңыз, торап жасау әмірлері мен параметрлерін пайдаланып торап жасауыңызға болады. Қосымша ақпаратты орталық әкімшілік анықтамасынан және Windows SharePoint Services жоспарлау анықтамасынан қараңыз.

  • Бағдарламалық жолды пайдаланып тораптар жасау    Егер сіз жасақтаушы болсаңыз, тораптарды бағдарлама жолын пайдаланып жасауыңызға немесе теңшеуіңізге болады. Қосымша ақпаратты Microsoft Windows SharePoint Services жасақтау орталығынан қараңыз.

  • Сыйысымды торап жасақтау бағдарламасымен тораптар жасау    Егер Windows SharePoint Services бағдарламасымен сыйысымды тораптар жасақтау бағдарламаңыз болса, оны пайдаланып тораптар жасауыңызға және теңшеуіңізге болады. Қосымша ақпарат алу үшін бағдарламадағы анықтамаларды қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×