Торапты шарлау үшін жедел іске қосу қызметін теңшеу

Жедел іске қосу қызметінде ағымдағы тораптың тізімдерін және кітапханаларын таңдауға болатын сілтемелер бар және бұған қоса ағымдағы тораптың қосымша сайт мен беттерінің сілтемелері болуы мүмкін. Жедел іске қосу қызметін тізім мен кітапхана немесе тектік веб-торап пен отау веб-тораптың арасы сияқты торабыңыздың түрлі аймақтарына өту үшін пайдалануға болады.

Бұл мақалада:

Бастамас бұрын

Жедел іске қосу қызметі туралы қосымша ақпарат алу

Шарлауды теңшеу үшін қажетті рұқсаттарыңыз бар ма?

Торабыңызда жариялау мүмкіндігі қосылған ба?

Жедел іске қосу қызметі үшін иеленуді теңшеу

Жариялау торабындағы жедел іске қосу қызметі үшін иеленуді теңшеу

Жедел іске қосу қызметін көрсету немесе жасыру

Жедел іске қосу тақырыбын қосу, өңдеу немесе жою

Жариялауға болмайтын торапта жедел іске қосу тақырыбын қосу, өңдеу немесе жою

Жариялау торабында жедел іске қосу тақырыбын қосу, өңдеу немесе жою

Жедел іске қосу қызметіне тізім немесе кітапхана қосу немесе жою

Тізім немесе кітапхана параметрлерін пайдаланып жедел іске қосу қызметіне тізім не кітапхана қосу немесе жою

Торап параметрлерін пайдаланып жариялауға болмайтын тораптарда жедел іске қосу қызметінен тізім не кітапхананы жою

Торап параметрлерін пайдаланып жариялау тораптарында жедел іске қосу қызметінен тізім не кітапхананы жою

Жедел іске қосу сілтемесін қосу

Жариялауға болмайтын торапта жедел іске қосу сілтемесін қосу

Жариялау торабына жедел іске қосу сілтемесін қосу

Жедел іске қосу сілтемесін өңдеу, жылжыту немесе жою

Жариялауға болмайтын торапта жедел іске қосу сілтемесін өңдеу, жылжыту немесе жою

Жариялау торабында жедел іске қосу сілтемесін өңдеу, жылжыту немесе жою

Жедел іске қосу қызметіндегі элементтердің ретін өзгерту

Жариялауға болмайтын торапта жедел іске қосу қызметі элементтерінің ретін өзгерту

Жариялау торабында жедел іске қосу қызметі элементтерінің ретін өзгерту

Жариялау торабында жеке отау веб-тораптарды не беттерді көрсету немесе жасыру

Жедел іске қосу қызметіндегі элементтерді автоматты түрде сұрыптау

Бастамас бұрын

Жедел іске қосу қызметі туралы қосымша ақпарат алу

Жедел іске қосу қызметін сілтемелерді қосу, жою немесе олардың ретін өзгерту арқылы өңдеуге болады. Жедел іске қосу қызметінде отау веб-тораптар мен беттерге сілтемелерді көрсетуге не жасыруға, беттерге сілтемелерді тораптан тыс қосуға, тіпті жедел іске қосу қызметін жасыруға болады. Жедел іске қосу қызметі тораптың көптеген беттерінің шетінде көрсетіледі.

Жедел іске қосу ағымдық шарлау деп те аталады, себебі ол негізінен ағымдық тораптың мүмкіндіктері арасында шарлау үшін пайдаланылады. Жедел іске қызметін теңшеу үшін қол жетімді параметрлер сайттар жиыны үшін жариялау мүмкіндіктерінің қосулы екеніне байланысты болады.

Ескерту :  Тораптар жинағындағы тораптарда жариялау мүмкіндіктерінің қосулы немесе қосулы емес екенін анықтау туралы ақпарат алу үшін, осы мақаланың Торабыңызда жариялау мүмкіндігі қосылған ба бөлімін қараңыз.

Төменде жедел іске қосу қызметінің мысалы берілген.

Жедел іске қосу

Шарлауды теңшеу үшін қажетті рұқсаттарыңыз бар ма?

Тораптың шарлау жүйесін басқару үшін, кем дегенде әдепкі SharePoint құрастырушылар тобына қосылу арқылы алынған рұқсаттарыңыз болуы керек. Торап әрекеттері мәзірінде Торап параметрлері параметрі бар болса Торап әрекеттері мәзірі және «Торап параметрлері» бетінде Сыртқы көрініс және пайдаланушы ыңғайлылығы тармағының астынан Шарлау (жариялау мүмкіндігі қосылмаған тораптарда Сыртқы көрініс және пайдаланушы ыңғайлылығы тармағының астында Шарлау пәрменінің орнына Жедел іске қосу және Сілтемелердің жоғарғы тақтасы пәрмендері болады) пәрменін көресіз.
Торап параметрлері торап мәзірі

Торабыңызда жариялау мүмкіндігі қосылған ба?

Тораптың шарлау жүйесін теңшеуді бастамас бұрын, тораптар жинағындағы тораптар үшін жариялау мүмкіндігінің қосулы немесе қосулы емес екенін анықтап алу керек. Шарлауды теңшеу параметрлері жариялау тораптарында жариялау мүмкіндігі қосылмаған тораптағыларға қарағанда ауқымдырақ болғандықтан, торабыңыздың жариялау мүмкіндігін анықтап алу маңызды болып табылады.

Тораптың түріне байланысты «Торап параметрлері» бетінде түрлі шарлау параметрлерін көресіз. Төменде жұмыс істеп жатқан тораптың түрін анықтаудың оңай жолы көрсетілген:

  1. Торап әрекеттері мәзіріндегі Торап әрекеттері мәзірі Торап параметрлері параметрін таңдаңыз.

  2. Торап параметрлері бетінде Сыртқы көрініс және пайдаланушы ыңғайлылығы тармағының астынан сілтемелер тізіміне қараңыз.

    • Шарлау деп аталатын сілтеме көрсеңіз, бұл жариялау торабы болғаны және торапты «Шарлау параметрлері» бетін пайдаланып теңшеуге болады.
      Шарлау

    • Егер Сілтемелердің жоғарғы тақтасы және Жедел іске қосу деп аталатын сілтемелер көрсетілсе, бұл жариялау мүмкіндігі қосылмаған торап және онда қол жетімді шарлауды теңшеу параметрлерінің жинағы шектеулі болады.
      Сыртқы көрініс және пайдаланушы ыңғайлылығы

Беттің жоғарғы жағы

Жедел іске қосу қызметі үшін иеленуді теңшеу

Жедел іске қосу қызметін жарияланатын қосымша сайт үшін дәл сол жедел іске қосу қызметін негізгі сайт ретінде пайдалану мақсатында қосуға болады. Отау веб-торап жедел іске қосу қызметін тектік веб-тораптан иеленеді. Немесе жедел іске қосу қызметін жарияланатын отау веб-торапқа сол торап үшін бірегей болатындай етіп теңшеуге болады.

Жариялауға болмайтын отау веб-торапты тектік веб-тораптың жедел іске қосу қызметін иеленуге теңшеу мүмкін емес. Жариялауға болмайтын отау веб-тораптың бірігей жедел іске қосу қызметі болады. Тораптар жинағындағы тораптарда жариялау мүмкіндіктерінің қосулы немесе қосулы емес екенін анықтау туралы ақпарат алу үшін, осы мақаланың Торабыңызда жариялау мүмкіндігі қосылған ба бөлімін қараңыз.

Жариялау торабындағы жедел іске қосу қызметі үшін иеленуді теңшеу

Жариялау мүмкіндігі қосылған отау веб-торап жасағанда, отау веб-торапты тектік веб-тораптың жедел іске қосу қызметін иеленуге теңшеу мүмкін болмайды. Дегенмен, отау веб-торапты жасап болған соң, жедел іске қосу қызметінің иелену параметрлерін «Шарлау параметрлері» бетінде теңшеуге болады.

  1. Торап әрекеттері мәзіріндегі Торап әрекеттері мәзірі Торап параметрлері параметрін таңдаңыз.

  2. Торап параметрлері бетінде Сыртқы көрініс және пайдаланушы ыңғайлылығы астында Шарлау пәрменін таңдаңыз.

    Ескерту : Сыртқы көрініс және пайдаланушы ыңғайлылығы тармағының астынан Шарлау пәрмені тек торап үшін жариялау мүмкіндіктері қосылған және әдепкі SharePoint торабының құрастырушылар тобына қосылу арқылы алынған рұқсаттарыңыз бар болған жағдайда көрсетіледі.

  3. Ағымдық өтулер құрылымы бөлімінде келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Торапқа кірушілерге торап жинағындағы басқа тораптарға өтудің оңай жолын ұсынғыңыз келсе және осы тораптың тораптар жинағындағы басқа тораптармен бірдей сыртқы көрінісі мен пайдаланушы ыңғайлылықтары болғанын қаласаңыз Тектік веб-тораптағындай шарлау элементтерін көрсету параметрін таңдаңыз.

    • Торапқа кірушілерге жедел іске қосу қызметін ағымдағы тораптың астындағы элементтерге және тораптар жинағындағы туыстық отау веб-тораптарға өтуге мүмкіндік беру үшін пайдалану мақсатында Ағымдағы торапты, ағымдағы тораптың астындағы шарлау элементтерін және ағымдағы тораптың туыстарын көрсету параметрін таңдаңыз.

    • Жедел іске қосу қызметінің тек ағымдағы тораптың астындағы элементтерді көрсеткенін қаласаңыз, Тек ағымдағы тораптың астындағы шарлау элементтерін көрсету параметрін таңдаңыз.

      Ағымдық өтулер құрылымы

  4. Ағымдық өтулер құрылымы бөлімінде келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Ағымдағы тораптың отау веб-тораптарын жедел іске қосу қызметінде көрсету үшін Отау веб-тораптарды көрсету параметрін таңдаңыз.

    • Ағымдағы тораптың беттерін жедел іске қосу қызметінде көрсету үшін Беттерді көрсету параметрін таңдаңыз.

    • Жедел іске қосу қызметінде көрсетілетін тораптар мен беттердің сілтемелер санын шектеу үшін, Осы шарлау деңгейінде көрсетілетін динамикалық элементтердің ең көп саны қасындағы өріске санды теріңіз.

  5. Жарайды түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жедел іске қосу қызметін көрсету немесе жасыру

Көптеген тораптарды жасағанда, жедел іске қосу қызметі әдепкі бойынша көрсетілетін етіп теңшеледі. Торап қажеттіліктеріне сәйкес, жедел іске қосу қызметін көрсету немесе жасыруды таңдауға болады. Мысалы, жедел іске қосу қызметін ең жоғарғы деңгей торабында көрсетіп, ал отау веб-торапта жасыра аласыз. Бұл параметрді кез келген уақытта өзгертуге болады. Осы параметрді өзгерту іс рәсімі жариялауға болмайтын және болатын тораптар үшін бірдей.

  1. Торап әрекеттері мәзіріндегі Торап әрекеттері мәзірі Торап параметрлері параметрін таңдаңыз.

  2. Торап параметрлері бетінде Сыртқы көрініс және пайдаланушы ыңғайлылығы астында Ағаш түріндегі көрініс пәрменін таңдаңыз.

    Ескерту : Ағаш түріндегі көрініс пәрмені Сыртқы көрініс және пайдаланушы ыңғайлылығы әдепкі SharePoint торабының құрастырушылар тобына қосылу арқылы алынған рұқсаттарыңыз бар болған жағдайда көрсетіледі.

  3. Төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Жедел іске қосу тақтасын көрсету үшін, Тез іске қосу аумағын қосу параметріне құсбелгі қойыңыз.

    • Жедел іске қосу тақтасын жасыру үшін, Тез іске қосу аумағын қосу параметрінен құсбелгіні алып тастаңыз.

      Жедел іске қосу қызметін көрсету немесе жасыру

  4. Жарайды түймешігін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жедел іске қосу тақырыбын қосу, өңдеу немесе жою

Тақырыптар әдепкі Тізімдер және Кітапханалар тақырыптары сияқты торабыңыздың сілтемелерін жедел іске қосу қызметінде топтастыру жолын береді. Бұл топтар торап пайдаланушыларына ізделіп жатқан ақпаратты табуды жеңілдетеді.

Жедел іске қосу қызметін теңшеу параметрлері жарияланатын және жариялауға болмайтын тораптарда өзгеше болады. сайттар жиыны тораптарда жариялау мүмкіндіктерінің қосулы немесе қосулы емес екенін анықтау туралы ақпарат алу үшін, осы мақаланың Торабыңызда жариялау мүмкіндігі қосылған ба бөлімін қараңыз.

Жариялауға болмайтын торапта жедел іске қосу тақырыбын қосу, өңдеу немесе жою

  1. Торап әрекеттері мәзірінен Торап әрекеттері мәзірі Торап параметрлері пәрменін таңдаңыз.

  2. Сыртқы көрініс және пайдаланушы ыңғайлылығы бөлімінде Жедел іске қосу тармағын таңдаңыз.

Ескерту : Сыртқы көрініс және пайдаланушы ыңғайлылығы тармағының астынан Жедел іске қосу пәрмені тек торап үшін жариялау мүмкіндіктері қосылған және әдепкі SharePoint торабының құрастырушылар тобына қосылу арқылы алынған рұқсаттарыңыз бар болған жағдайда көрсетіледі.

  1. Төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Жаңа тақырып қосу үшін Жаңа тақырып пәрменін таңдап, тақырыптың URL мекенжайын және сипаттамасын теріп, Жарайды түймешігін басыңыз. URL мекенжайы осы тораптың ішіндегі қалта, ұйымыңыздың интражелісіндегі ортақ пайдалану немесе интернеттегі орынға сілтеме сияқты кез келген жарамды жолмен байланыстыра алады. URL тақырып үшін қосымша болып табылады.

    • Тақырыпты өңдеу үшін тақырыптың жанындағы Өңдеу түймешігін Өңдеу басыңыз. URL мекенжайына және сипаттамаға керекті өзгертулерді енгізіп, Жарайды түймешігін басыңыз.

    • Тақырыпты жою үшін, тақырыптың жанындағы Өңдеу түймешігін Өңдеу , Жою, одан кейін Жарайды түймешігін басыңыз.

      Маңызды :  Жариялау мүмкіндіктері қосылмаған тораптың жедел іске қосу тақтасында тақырыпты жойғанда, тақырыптың астындағы барлық сілтемелер де жойылады.

Жариялау торабында жедел іске қосу тақырыбын қосу, өңдеу немесе жою

  1. Торап әрекеттері мәзірінен Торап әрекеттері мәзірі Торап параметрлері пәрменін таңдаңыз.

  2. Сыртқы көрініс және пайдаланушы ыңғайлылығы бөліміндегі Шарлау пәрменін таңдаңыз.

    Ескерту : Сыртқы көрініс және пайдаланушы ыңғайлылығы тармағының астынан Шарлау пәрмені тек торап үшін жариялау мүмкіндіктері қосылған және әдепкі SharePoint торабының құрастырушылар тобына қосылу арқылы алынған рұқсаттарыңыз бар болған жағдайда көрсетіледі.

  3. Өтулер құрылымын өзгерту және сұрыптау бөлімінде Ағымдық өтулер құрылымы астынан керекті тақырыпты нұқып, келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Тақырып қосу керек болса, Тақырыпты қосу түймешігін басыңыз.

    • Тақырыпты жою керек болса, тақырыпты таңдап, Өңдеу түймешігін басыңыз.

    • Егер тақырыпты жою керек болса, Жою түймешігін басыңыз.

      Ағымдық өтулер құрылымы

      Ескерту : Жарияланатын тораптың жедел іске қосу тақтасынан тақырыпты жойғанда, тақырыптың астындағы сілтемелер жойылмайды және әдепкі тақырыбы жойылғаннан кейін олар тақырыптар ретінде көрсетіледі.

  4. Элементті қосқанда немесе өңдегенде көрсетілетін «Веб» тілқатысу терезесінде келесілерді теңшеңіз:

    • Тақырып. Шарлау элементі үшін қалаған тақырып енгізіңіз. Тақырыпты міндетті түрде көрсету керек.

    • URL. Тақырып немесе сілтеме үшін URL мекенжайын енгізіңіз. URL тақырып үшін қосымша болып табылады.

      Егер URL мекенжайының торап үшін пайдаланатын терезеден басқа веб-шолғыш терезесінде ашылғанын қаласыңыз, Жаңа терезеде сілтемені ашу параметрін таңдаңыз.

    • Сипаттама. Тақырып үшін оның сипаттамасын енгізіңіз. Сипаттама міндетті емес.

    • Аудитория. Егер тақырыптың көрсетілуін шектегіңіз келсе, ол үшін аудиторияны енгізіңіз немесе шолыңыз. Сілтеме тақырыбын және тақырыптың астындағы барлық элементтерді тек сіз енгізген аудитория көре алады. Егер аудиторияны енгізбесеңіз, сілтемені барлығы көре алатын болады. Аудиторияны көрсету қосымша болып табылады.

      Өтулер құрылымының тақырыбы тілқатысу терезесі

  5. Жарайды түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жедел іске қосу қызметіне тізім немесе кітапхана қосу немесе жою

Тізім немесе кітапхана жасау кезінде, сілтемесі автоматты түрде жедел іске қосу тақтасына қосылатын етіп тізімді немесе кітапхананы теңшеуге болады. Бұл параметрді кейінірек тізім не кітапхананың немесе тораптың параметрлерін өңдеу арқылы өзгертуге болады.

Жедел іске қосу қызметін теңшеу параметрлері жарияланатын және жариялауға болмайтын тораптарда өзгеше болады. сайттар жиыны тораптарда жариялау мүмкіндіктерінің қосулы немесе қосулы емес екенін анықтау туралы ақпарат алу үшін, осы мақаланың Торабыңызда жариялау мүмкіндігі қосылған ба бөлімін қараңыз.

Тізім немесе кітапхана параметрлерін пайдаланып жедел іске қосу қызметіне тізім не кітапхана қосу немесе жою

Ескерту :  Келесі іс рәсімі жарияланатын және жариялауға болмайтын тораптарға қолданылады.

  1. Жедел іске қосу тақтасында Тораптың бүкіл мазмұны түймешігін басыңыз.

  2. Тізім немесе кітапхана атауын нұқыңыз.

  3. Таспада Тізім немесе Кітапхана қойындысын нұқып, Тізім параметрлері немесе Кітапхана параметрлері түймешігін басыңыз.
    Тізім параметрлері

    Ескерту :  Тізімнің немесе кітапхананың түріне байланысты қойындының атауы басқа болуы мүмкін. Мысалы, «Күнтізбе» тізімінің Күнтізбе қойындысы болады.

  4. «Тізім параметрлері» немесе «Кітапхана параметрлері» бетінің Жалпы параметрлер бөлімінде Атау, сипаттама және өтулер тармағын таңдаңыз.

  5. «Жалпы параметрлер» бетіндегі Шарлау бөлімінде төмендегі қадамдардың бірін орындаңыз:

    • Жедел іске қосу тақтасына элемент қосу үшін Иә түймешігін басыңыз.

    • Жедел іске қосу тақтасындағы элементін жою үшін Жоқ түймешігін басыңыз.

  6. Жедел іске қосу қызметінде тізімді көрсету

  7. Сақтау түймешігін нұқыңыз.

Торап параметрлерін пайдаланып жариялауға болмайтын тораптарда жедел іске қосу қызметінен тізім не кітапхананы жою

  1. Торап әрекеттері мәзірінен Торап әрекеттері мәзірі Торап параметрлері пәрменін таңдаңыз.

  2. Сыртқы көрініс және пайдаланушы ыңғайлылығы бөлімінде Жедел іске қосу тармағын таңдаңыз.

  3. Сілтеменің жанындағы Өңдеу түймешігін Өңдеу , Жою, одан кейін Жарайды түймешігін басыңыз.

    Ескерту : Жедел іске қосу қызметінен тақырып сілтемені жойған кезде, сол сілтеме астында берілген барлық сілтемелер де жойылады.

Торап параметрлерін пайдаланып жариялау тораптарында жедел іске қосу қызметінен тізім не кітапхананы жою

Егер тораптың жариялау мүмкіндіктері қосылған болса, жедел іске қосу қызметінен тізімді немесе кітапхананы жылдам жою үшін «Шарлау параметрлері» бетін пайдалануға болады.

  1. Торап әрекеттері мәзірінен Торап әрекеттері мәзірі Торап параметрлері пәрменін таңдаңыз.

  2. Сыртқы көрініс және пайдаланушы ыңғайлылығы бөліміндегі Шарлау пәрменін таңдаңыз.

    Ескерту : Сыртқы көрініс және пайдаланушы ыңғайлылығы тармағының астынан Шарлау пәрмені тек торап үшін жариялау мүмкіндіктері қосылған және әдепкі SharePoint торабының құрастырушылар тобына қосылу арқылы алынған рұқсаттарыңыз бар болған жағдайда көрсетіледі.

  3. Өтулер құрылымын өзгерту және сұрыптау бөлімінде Ағымдық өтулер құрылымы астынан жою керек элементті таңдап, Жою түймешігін басыңыз.

    Ағымдық өтулер құрылымы

    Ескерту : Өтулер құрылымын өзгерту және сұрыптау бөлімінде шарлаудың жаһандық құрылымы мен ағымдық құрылымы тізімдерінің екеуі де берілсе, жедел іске қосу тақтасынан жою үшін ағымдық өтулер астындағы элементтерді таңдау керек.

  4. Жарайды түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жедел іске қосу сілтемесін қосу

Тораптағы тізімдерге және кітапханаларға сілтеме қосумен қатар, жедел іске қосу қызметіне арнайы сілтемелерді қосуға болады. Мысалы, құжат, күнтізбелік оқиға, басқа торап немесе интернеттегі орын сияқты өзіңіз не ұйым мүшелері жиі қолданатын ақпаратқа сілтеме бере аласыз.

Жедел іске қосу қызметін теңшеу параметрлері жарияланатын және жариялауға болмайтын тораптарда өзгеше болады. сайттар жиыны тораптарда жариялау мүмкіндіктерінің қосулы немесе қосулы емес екенін анықтау туралы ақпарат алу үшін, осы мақаланың Торабыңызда жариялау мүмкіндігі қосылған ба бөлімін қараңыз.

Жариялауға болмайтын торапта жедел іске қосу сілтемесін қосу

  1. Торап әрекеттері мәзірінен Торап әрекеттері мәзірі Торап параметрлері пәрменін таңдаңыз.

  2. Сыртқы көрініс және пайдаланушы ыңғайлылығы бөлімінде Жедел іске қосу тармағын таңдаңыз.

    Ескерту : Сыртқы көрініс және пайдаланушы ыңғайлылығы тармағының астынан Жедел іске қосу пәрмені тек торап үшін жариялау мүмкіндіктері қосылған және әдепкі SharePoint торабының құрастырушылар тобына қосылу арқылы алынған рұқсаттарыңыз бар болған жағдайда көрсетіледі.

  3. Жаңа шарлау сілтемесі түймешігін басыңыз.

  4. Сілтемеге «http://contoso/reports» сияқты URL мекенжайын және оның сипаттамасын теріңіз.

  5. Тақырып бөлімінде астынан сілтеме көрсетілуі керек тақырыпты таңдаңыз.

    Жаңа шарлау сілтемесі

  6. Жарайды түймешігін басыңыз.

Жариялау торабына жедел іске қосу сілтемесін қосу

  1. Торап әрекеттері мәзірінен Торап әрекеттері мәзірі Торап параметрлері пәрменін таңдаңыз.

  2. Сыртқы көрініс және пайдаланушы ыңғайлылығы бөліміндегі Шарлау пәрменін таңдаңыз.

    Ескерту : Сыртқы көрініс және пайдаланушы ыңғайлылығы тармағының астынан Шарлау пәрмені тек торап үшін жариялау мүмкіндіктері қосылған және әдепкі SharePoint торабының құрастырушылар тобына қосылу арқылы алынған рұқсаттарыңыз бар болған жағдайда көрсетіледі.

  3. Өтулер құрылымын өзгерту және сұрыптау бөлімінде жедел іске қосу қызметін теңшеу үшін Ағымдық өтулер құрылымы тармағын таңдаңыз.

    Ағымдық өтулер құрылымы

  4. Сілтемені қосу пәрменін таңдаңыз.

    Ескерту : Егер тақырыпты таңдасаңыз, сілтеме тақырыптың астына қосылады. Егер элементті бөлектесеңіз, сілтеме бөлектелген элементтің деңгейінде қосылады.

  5. Шарлау сілтемесі тілқатысу терезесінде:

    • Тақырып Сілтеменің тақырыбын қажет болғандай теріңіз. Тақырыпты міндетті түрде көрсету керек.

    • URL Сілтеменің URL мекенжайын теріңіз. URL мекенжайы керек.

      Егер URL мекенжайының торап үшін пайдаланатын терезеден басқа веб-шолғыш терезесінде ашылғанын қаласыңыз Жаңа терезеде сілтемені ашу параметрін таңдаңыз.

    • Сипаттама. Сілтеме үшін оның сипаттамасын енгізіңіз. Сипаттама міндетті емес.

    • Аудитория. Егер сілтеменің көрсетілуін шектегіңіз келсе, ол үшін аудиторияны енгізіңіз немесе шолыңыз. Сілтемені тек сіз енгізген аудитория көре алады. Егер аудиторияны енгізбесеңіз, сілтемені барлығы көре алатын болады. Аудиторияны көрсету қосымша болып табылады.

      Шарлау сілтемесі тілқатысу терезесі

  6. Жарайды түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жедел іске қосу сілтемесін өңдеу, жылжыту немесе жою

Жедел іске қосу қызметін теңшеу параметрлері жарияланатын және жариялауға болмайтын тораптарда өзгеше болады. сайттар жиыны тораптарда жариялау мүмкіндіктерінің қосулы немесе қосулы емес екенін анықтау туралы ақпарат алу үшін, осы мақаланың Торабыңызда жариялау мүмкіндігі қосылған ба бөлімін қараңыз

Жариялауға болмайтын торапта жедел іске қосу сілтемесін өңдеу, жылжыту немесе жою

  1. Торап әрекеттері мәзірінен Торап әрекеттері мәзірі Торап параметрлері пәрменін таңдаңыз.

  2. Сыртқы көрініс және пайдаланушы ыңғайлылығы бөлімінде Жедел іске қосу тармағын таңдаңыз.

    Ескерту : Сыртқы көрініс және пайдаланушы ыңғайлылығы тармағының астынан Жедел іске қосу пәрмені тек торап үшін жариялау мүмкіндіктері қосылған және әдепкі SharePoint торабының құрастырушылар тобына қосылу арқылы алынған рұқсаттарыңыз бар болған жағдайда көрсетіледі.

  3. Өңдегіңіз немесе жойғыңыз келетін сілтемеге арналған Өңдеу түймешігін Өңдеу басыңыз, содан кейін келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Сілтемені өңдеу үшін қажетті өзгертулерді жасап, Жарайды түймешігін басыңыз.

    • Сілтемені жедел іске қосу тақтасының басқа жеріне жылжыту үшін Тақырып тізімінде сілтемені көргіңіз келетін жаңа тақырыпты таңдаңыз, содан кейін Жарайды түймешігін басыңыз.

    • Сілтемені жою үшін Жою, содан кейін Жарайды түймешігін басыңыз.

Жариялау торабында жедел іске қосу сілтемесін өңдеу, жылжыту немесе жою

  1. Торап әрекеттері мәзірінен Торап әрекеттері мәзірі Торап параметрлері пәрменін таңдаңыз.

  2. Сыртқы көрініс және пайдаланушы ыңғайлылығы астында Шарлау тармағын таңдаңыз.

    Ескерту : Сыртқы көрініс және пайдаланушы ыңғайлылығы тармағының астынан Шарлау пәрмені тек торап үшін жариялау мүмкіндіктері қосылған және әдепкі SharePoint торабының құрастырушылар тобына қосылу арқылы алынған рұқсаттарыңыз бар болған жағдайда көрсетіледі.

  3. Өтулер құрылымын өзгерту және сұрыптау бөлімінде Ағымдық өтулер құрылымы астынан өзгерту керек сілтемені таңдап, келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Сілтемені өңдеу үшін Өңдеу түймешігін басып, қажетті өзгертулерді жасап, Жарайды түймешігін басыңыз.

    • Сілтемені жедел іске қосу тақтасында басқа орынға жылжыту үшін Жоғары жылжыту немесе Төмен жылжыту түймешіктерінің бірін басыңыз.

    • Сілтемені жою үшін Жою түймешігін басыңыз.

      Ағымдық өтулер құрылымы

  4. Жарайды түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жедел іске қосу қызметіндегі элементтердің ретін өзгерту

Тақырыптар мен сілтемелердің жедел іске қосу тақтасында көрсетілу ретін өзгертуге болады. Осыны жасау үшін орындалатын қадамдар торап үшін жариялау мүмкіндіктерінің қосылғанына байланысты болады. сайттар жиыны тораптарда жариялау мүмкіндіктерінің қосулы немесе қосулы емес екенін анықтау туралы ақпарат алу үшін, осы мақаланың Торабыңызда жариялау мүмкіндігі қосылған ба бөлімін қараңыз.

Жариялауға болмайтын торапта жедел іске қосу қызметі элементтерінің ретін өзгерту

Жариялауға болмайтын торапта сілтемелердің ретін тек берілген тақырыптың астында өзгертуге болады. Мысалы, Сізде «Тізімдер» деп аталатын тақырып болуы мүмкін және оның ішінде «Күнтізбе» және «Тапсырмалар» деп аталатын сілтемелер бар болуы мүмкін. «Тізімдер» тақырыбын жедел іске қосу тақтасындағы басқа жерге жылжыта аласыз, бірақ «Күнтізбе» және «Тапсырмалар» сілтемелерінің ретін тек қана «Тізімдер» астында өзгертуге болады. «Күнтізбе» немесе «Тапсырмалар» сілтемесін басқа тақырыпқа жылжыту үшін сілтемені әуелі өңдеп, басқа тақырыпқа тағайындауыңыз қажет.

  1. Торап әрекеттері мәзіріндегі Торап әрекеттері мәзірі Торап параметрлері параметрін таңдаңыз.

  2. Торап параметрлері бетінде Сыртқы көрініс және пайдаланушы ыңғайлылығы астында Жедел іске қосу пәрменін таңдаңыз.

    Ескерту : Сыртқы көрініс және пайдаланушы ыңғайлылығы тармағының астынан Жедел іске қосу пәрмені тек әдепкі SharePoint торабының құрастырушылар тобына қосылу арқылы алынған рұқсаттарыңыз бар болған жағдайда көрсетіледі.

  3. Ретті өзгерту дегенін нұқыңыз.

  4. Тақырыптар мен сілтемелердің көрсетілу ретін өзгерту үшін параметрлерді таңдаңыз.

    Ретті өзгерту

  5. Жарайды түймешігін нұқыңыз.

Жариялау торабында жедел іске қосу қызметі элементтерінің ретін өзгерту

  1. Торап әрекеттері мәзірінен Торап әрекеттері мәзірі Торап параметрлері пәрменін таңдаңыз.

  2. Сыртқы көрініс және пайдаланушы ыңғайлылығы бөліміндегі Шарлау пәрменін таңдаңыз.

    Ескерту : Сыртқы көрініс және пайдаланушы ыңғайлылығы тармағының астынан Шарлау пәрмені тек торап үшін жариялау мүмкіндіктері қосылған және әдепкі SharePoint торабының құрастырушылар тобына қосылу арқылы алынған рұқсаттарыңыз бар болған жағдайда көрсетіледі.

  3. Өтулер құрылымын өзгерту және сұрыптау бөлімінде жылжыту керек элементті таңдап, Жоғары жылжыту немесе Төмен жылжыту түймешіктерін элементті керекті жерге орналастырғанға дейін баса беріңіз.

    Ағымдық өтулер құрылымы

    Ескерту : Өтулер құрылымын өзгерту және сұрыптау бөлімінде шарлаудың жаһандық құрылымы мен ағымдық құрылымы тізімдерінің екеуі де берілсе, жедел іске қосу тақтасында ретін өзгерту үшін ағымдық өтулер астындағы элементтерді таңдау керек.

  4. Жарайды түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жариялау торабында жеке отау веб-тораптарды не беттерді көрсету немесе жасыру

Жариялау торабында жұмыс істеп жатсаңыз, жедел іске қосу тақтасында көрсетілмеуі үшін отау веб-тораптар мен беттерді жасыруға болады. Элементтерді шарлаудан жасыру артықшылықтарының бірі, торапты басқару үшін «Шарлау параметрлері» бетінде пайдаланылатын өтулер иерархиясында көрсетілуін жалғастыра отырып, оларды пайдаланушыларға көрсетпеуге болады. Элементті қайтадан көрсеткіңіз келсе, оны таңдап, тораптың шарлауында қалпына келтіру үшін Көрсету пәрменін таңдауға болады. Торап үшін жариялау мүмкіндіктерінің қосулы немесе қосулы емес екенін анықтау туралы ақпарат алу үшін, осы мақаланың Торабыңызда жариялау мүмкіндігі қосылған ба бөлімін қараңыз.

  1. Торап әрекеттері мәзірінен Торап әрекеттері мәзірі Торап параметрлері пәрменін таңдаңыз.

  2. Сыртқы көрініс және пайдаланушы ыңғайлылығы астында Шарлау тармағын таңдаңыз.

    Ескерту : Сыртқы көрініс және пайдаланушы ыңғайлылығы тармағының астынан Шарлау пәрмені тек торап үшін жариялау мүмкіндіктері қосылған және әдепкі SharePoint торабының құрастырушылар тобына қосылу арқылы алынған рұқсаттарыңыз бар болған жағдайда көрсетіледі.

  3. Өтулер құрылымын өзгерту және сұрыптау бөлімінде Ағымдық өтулер құрылымы астынан жасыру немесе көрсету керек отау веб-торапты не бетті таңдаңыз.

  4. Төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Элементті жасыру үшін Жасыру пәрменін таңдаңыз.

    • Бұрын жасырулы болған элементті көрсету үшін Көрсету пәрменін таңдаңыз.

      Жасыру

      Ескертулер : 

      • Жасыру және Көрсету пәрмендері шарлау элементтері отау веб-тораптары немесе беттер болса ғана қол жетімді болады. Тізімдерді, кітапханаларды немесе сілтемелерді жасыру мүмкін емес.

      • Қазір жедел іске қосу тақтасында көрінетін элементті таңдағанда, тек Жасыру параметрі қол жетімді болады. Қазір жедел іске қосу тақтасында жасырын элементті таңдағанда, тек Көрсету параметрі көрсетіледі.

  5. Жарайды түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жедел іске қосу қызметіндегі элементтерді автоматты түрде сұрыптау

Жариялау мүмкіндіктері қосылған торапта жұмыс істеп жатсаңыз, шарлау элементтерін автоматты түрде, мысалы тақырыбы бойынша сұрыпталуға теңшеуге болады. Торап үшін жариялау мүмкіндіктерінің қосулы немесе қосулы емес екенін анықтау туралы ақпарат алу үшін, осы мақаланың Торабыңызда жариялау мүмкіндігі қосылған ба бөлімін қараңыз.

Маңызды : Сұрыптау параметрлері жедел іске қосу тақтасы мен жоғарғы сілтемелер тақтасының екеуіне де қолданылады. Енгізілген кез келген өзгертулер осы шарлау элементтерінің екеуіне де қолданылады.

  1. Торап әрекеттері мәзірінен Торап әрекеттері мәзірі Торап параметрлері пәрменін таңдаңыз.

  2. Сыртқы көрініс және пайдаланушы ыңғайлылығы астында Шарлау тармағын таңдаңыз.

    Ескерту : Сыртқы көрініс және пайдаланушы ыңғайлылығы тармағының астынан Шарлау пәрмені тек торап үшін жариялау мүмкіндіктері қосылған және әдепкі SharePoint торабының құрастырушылар тобына қосылу арқылы алынған рұқсаттарыңыз бар болған жағдайда көрсетіледі.

  3. Элементтердің тақырыптарына, жасалған күндеріне немесе соңғы өзгертілген күніне негізделе отырып, отау веб-тораптарды, шарлау сілтемелерін, тізімдерді, кітапханаларды және беттерді автоматты түрде алфавиттік немесе нөмірлік ретімен артуы немесе кемуі бойынша сұрыптау үшін Сұрыптау бөлімінде Автоматты түрде сұрыптау пәрменін таңдаңыз.

    Ескерту : Егер беттерді қоспағанда, барлық шарлау элементтерін қолмен сұрыптағыңыз келсе, Қолмен сұрыптау параметрін таңдаңыз, ал одан кейін Беттерді автоматты түрде сұрыптау параметріне құсбелгі қойыңыз. Беттер Автоматты сұрыптау бөлімінде теңшелген параметрлер бойынша сұрыпталады.

    Сұрыптау

    1. Автоматты сұрыптау бөліміндегі Сұрыптау тізімінен қандай белгісі бойынша сұрыпталатын элементті (тақырып, жасалған күні немесе соңғы өзгертілген күні) таңдаңыз.

    2. Бұдан кейін артуы бойынша (А, Ә, Б немесе 1, 2, 3) немесе кемуі бойынша (Б, Ә, А немесе 3, 2, 1) тармағын таңдаңыз.

    3. Жарайды түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×