Тораптың шарлау жүйесін теңшеу

Торапты шарлау мүмкіндіктеріне «Жедел іске қосу» және сілтемелердің жоғарғы тақтасы жатады. Олар торабыңыздың пайдаланушыларына керекті ақпаратты табуды жеңілдетеді. Ал тораптағы ақпаратты табудың жеңілдігі — бұл тораптың сәттілікке ие болуының негізгі кілті.

Тораптың шарлау жүйесін теңшеудің түрлі жолдары бар. Бұл мақалада «Жедел іске қосу» және сілтемелердің жоғарғы тақтасы элементтер қосу және жою туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, бұл мақалада тораптың мазмұнын және иерархиясын қарау үшін тармақ көрінісін қалай шығару керектігі сипатталған.

Бұл мақалада:

Бастамас бұрын

Торапты теңшеу және рұқсаттар

Ішкі шарлау

«Жедел іске қосу» тақтасын теңшеу

«Жедел іске қосу» тақтасын жасыру немесе көрсету

«Жедел іске қосу» тақтасына тізім немесе кітапхана қосу немесе жою

«Жедел іске қосу» тақырыбын қосу, өңдеу немесе жою

«Жедел іске қосу» сілтемесін қосу

«Жедел іске қосу» сілтемесін өңдеу, жылжыту немесе жою

«Жедел іске қосу» тақтасындағы элементтердің ретін өзгерту

Сілтемелердің жоғарғы тақтасын теңшеу

Тораптағы сілтемелердің жоғары тақтасын теңшеу

Жоғарғы сілтемелер тақтасына сілтеме қосу, өңдеу немесе жою

Жоғарғы сілтемелер тақтасында сілтемелердің ретін дұрыстау

Тармақ көрінісін көрсету немесе жасыру

Бастамас бұрын

Торапты теңшеу және рұқсаттар

Торабыңыздың шарлау жүйесін теңшеуді таңдасаңыз, оны теңшеу мүмкіндігіне тораптың орнатылу кезіндегі теңшелу жолы және ондағы бар рұқсаттардың екеуі де әсер етеді.

Төмендегі шарттардың екеуі де орындалған жағдайда, торабыңыздың шарлау жүйесін теңшеуге қажетті рұқсаттарыңыз бар болғаны:

  • Торап әрекеттері мәзірінде Торап параметрлері параметрі бар Торап әрекеттері мәзірі .

    Торап параметрлері торап мәзірі

  • Сілтемелердің жоғарғы тақтасы, Жедел іске қосу және Ағаш түріндегі көрініс параметрлері торап параметрлері бетіндегі Сыртқы көрініс және функциялар бөлімінде бар параметрлер.
    Сыртқы көрініс және пайдаланушы ыңғайлылығы

Ішкі шарлау

Ішкі шарлауды теңшеу мүмкін емес. Келесі ішкі шарлау мысалы берілген.
Breadcrumb

Беттің жоғарғы жағы

«Жедел іске қосу» тақтасын теңшеу

«Жедел іске қосу» тақтасы көптеген тораптардың шетінде әдепкі бойынша көрсетіледі. Онда тораптың дайын тізімдері мен кітапханаларына сілтемелер бар. Бұған қосымша онда ағымдағы тораптың отау веб-торабына сілтемелер болуы мүмкін.

Жедел іске қосу

Әрбір тізімнің немесе кітапхананың параметрлер беттерін пайдалану арқылы жедел іске қосу тақтасында көрсетілетін тізімдер мен кітапханаларды таңдауға болады. Сонымен қатар, сілтемелердің ретін өзгертуге, тізім немесе кітапханаға бармай сілтемелерді қосуға немесе жоюға, бөлімдерді қосуға немесе жоюға болады және осының бәрін SharePoint технологияларымен сыйысымды шолғыш арқылы орындай аласыз. Тіпті ұйымыңыздың интражелісіндегі тораптарға, беттерге, мазмұнға және интернеттегі мазмұнға сілтемелер қосуға болады.

«Жедел іске қосу» тақтасын жасыру немесе көрсету

«Жедел іске қосу» тақтасы көптеген тораптарды жасау кезінде әдепкі бойынша шығады. Торап қажеттіліктеріне байланысты, «Жедел іске қосу» тақтасын жасыруды немесе көрсетуді таңдауға болады. Мысалы, «Жедел іске қосу» тақтасын ең жоғарғы деңгей торабында көрсетіп, ал отау веб-торапта жасыра аласыз.

  1. Торап әрекеттері мәзіріндегі Торап әрекеттері мәзірі Торап параметрлері пәрменін таңдаңыз.

  2. Сыртқы көрініс және функциялар бағанындағы Ағаш түріндегі көрініс тармағын таңдаңыз.
    Сыртқы көрініс және пайдаланушы ыңғайлылығы

  3. Төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • «Жедел іске қосу» тақтасын жасыру үшін, Тез іске қосу аумағын қосу параметрінен құсбелгіні алып тастаңыз.

    • «Жедел іске қосу» тақтасын көрсету үшін, Тез іске қосу аумағын қосу параметріне құсбелгі қойыңыз.

  4. Жарайды түймешігін нұқыңыз.

«Жедел іске қосу» тақтасына тізім немесе кітапхана қосу немесе жою

Тізім немесе кітапхана жасау кезінде, сілтемесі автоматты түрде тораптың «Жедел іске қосу» тақтасына қосылатын етіп тізімді немесе кітапхананы теңшеуге болады. Бұл параметрді кейінірек тораптың параметрлерін өңдеу арқылы өзгертуге болады.

  1. «Жедел іске қосу» тақтасында Тораптың бүкіл мазмұны түймешігін басыңыз.

  2. Тізім немесе кітапхана атауын нұқыңыз.

  3. Таспада Тізім немесе Кітапхана қойындысын нұқып, Тізім параметрлері немесе Кітапхана параметрлері түймешігін басыңыз.
    Тізім параметрлері

    Ескерту :  Тізімнің немесе кітапхананың түріне байланысты қойындының атауы басқа болуы мүмкін. Мысалы, «Күнтізбе» тізімінің Күнтізбе қойындысы болады.

  4. «Тізім параметрлері» немесе «Кітапхана параметрлері» бетінде Жалпы параметрлер бағанынан Атау, сипаттама және өтулер тармағын таңдаңыз.

  5. «Жалпы параметрлер» бетіндегі Шарлау бөлімінде төмендегі қадамдардың бірін орындаңыз:

    • «Жедел іске қосу» тақтасына элемент қосу үшін Иә түймешігін басыңыз.

    • «Жедел іске қосу» тақтасынан элементті жою үшін Жоқ түймешігін басыңыз.
      Жедел іске қосу қызметінде тізімді көрсету

  6. Сақтау түймешігін нұқыңыз.

«Жедел іске қосу» тақырыбын қосу, өңдеу немесе жою

  1. Торап әрекеттері мәзірінен Торап әрекеттері мәзірі Торап параметрлері пәрменін таңдаңыз.

  2. Сыртқы көрініс және функциялар бағанының Жедел іске қосу тармағын таңдаңыз.

  3. Төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Жаңа тақырып қосу үшін Жаңа тақырып пәрменін таңдап, тақырыптың URL мекенжайын және сипаттамасын теріп, Жарайды түймешігін басыңыз. URL мекенжайы осы тораптың ішіндегі қалта, ұйымыңыздың интражелісіндегі ортақ пайдалану немесе интернеттегі орынға сілтеме сияқты кез келген жарамды жолмен байланыстыра алады.

    • Тақырыпты өңдеу үшін тақырыптың жанындағы Өңдеу түймешігін Өңдеу басыңыз. URL мекенжайына және сипаттамаға керекті өзгертулерді енгізіп, Жарайды түймешігін басыңыз.

    • Тақырыпты жою үшін, тақырыптың жанындағы Өңдеу түймешігін Өңдеу , Жою, одан кейін Жарайды түймешігін басыңыз.

«Жедел іске қосу» сілтемесін қосу

Тораптағы тізімдерге немесе кітапханаларға сілтеме қосумен қатар, «Жедел іске қосу» тақтасына арнайы сілтемелерді қосуға болады. Мысалы, құжат, күнтізбелік оқиға, басқа торап немесе интернеттегі орын сияқты өзіңіз не ұйым мүшелері жиі қолданатын ақпаратқа сілтеме бере аласыз.

  1. Торап әрекеттері мәзірінен Торап әрекеттері мәзірі Торап параметрлері пәрменін таңдаңыз.

  2. Сыртқы көрініс және функциялар бөлімінде Жедел іске қосу тармағын таңдаңыз.

  3. Жаңа шарлау сілтемесі түймешігін басыңыз.

  4. «http://contoso/shared%20documents/vision.docx» сияқты URL мекенжайын және сілтеменің сипаттамасын теріңіз.

  5. Сілтемені қай тақырыптың астында көрсеткіңіз келсе, Тақырып тізімінде осы тақырыпты таңдаңыз.

  6. Жарайды түймешігін нұқыңыз.

«Жедел іске қосу» сілтемесін өңдеу, жылжыту немесе жою

  1. Торап әрекеттері мәзірінен Торап әрекеттері мәзірі Торап параметрлері пәрменін таңдаңыз.

  2. Сыртқы көрініс және функциялар бөлімінде Жедел іске қосу тармағын таңдаңыз.

  3. Өңдеу немесе жою керек сілтеме жанындағы Өңдеу түймешігін Өңдеу басып, келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Сілтемені өңдеу үшін қажетті өзгертулерді жасап, Жарайды түймешігін басыңыз.

    • Сілтемені «Жедел іске қосу» тақтасының басқа жеріне жылжыту үшін Тақырып тізімінде сілтемені көргіңіз келетін жаңа тақырыпты таңдаңыз, содан кейін Жарайды түймешігін басыңыз.

    • Сілтемені жою үшін Жою дегенін нұқып, содан кейін Жарайды түймешігін нұқыңыз.

«Жедел іске қосу» тақтасындағы элементтердің ретін өзгерту

Сіз «Жедел іске қосу» тақтасындағы тақырыптардың немесе сілтемелердің шығатын ретін өзгерте аласыз, алайда Сіз тек белгілі бір тақырып астындағы сілтемелер ретін ғана өзгерте аласыз. Мысалы, Сізде «Тізімдер» деп аталатын тақырып болуы мүмкін және оның ішінде «Күнтізбе» және «Тапсырмалар» деп аталатын сілтемелер бар болуы мүмкін. «Тізімдер» тақырыбын «Жедел іске қосу» тақтасындағы басқа жерге жылжыта аласыз, бірақ «Күнтізбе» және «Тапсырмалар» сілтемелерінің ретін тек қана «Тізімдер» астында өзгерте аласыз. «Күнтізбе» немесе «Тапсырмалар» сілтемесін басқа тақырыпқа жылжыту үшін сілтемені әуелі өңдеп, басқа тақырыпқа тағайындауыңыз қажет.

  1. Торап әрекеттері мәзірінен Торап әрекеттері мәзірі Торап параметрлері пәрменін таңдаңыз.

  2. Сыртқы көрініс және функциялар бағанының Жедел іске қосу тармағын таңдаңыз.

  3. Ретті өзгерту дегенін нұқыңыз.

  4. Тақырыптар мен сілтемелердің көрсетілу ретін өзгерту үшін тізімдегі параметрлерді таңдаңыз.

  5. Жарайды түймешігін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Сілтемелердің жоғарғы тақтасын теңшеу

Сілтемелердің жоғарғы тақтасы торап пайдаланушыларына торап беттерінің жоғарғы жағында қойындылар жолын көрсету арқылы сайттар жиыны басқа тораптарға баруға мүмкіндік береді.

Жоғарғы сілтемелер тақтасы

Торап жасағанда, торапты тектік тораптағы сілтемелердің жоғарғы тақтасына қосуды немесе тектік тораптан сілтемелердің жоғарғы тақтасын қолдануды таңдауға болады. Бұл торабыңызға үш түрлі теңшелім параметрлерін береді:

  • Тектік тораптан алынған және оған қосылған     Торап тектік тораптың жоғарғы сілтемелер тақтасына қойынды ретінде қосылады және тектік тораппен бір жоғарғы сілтемелер тақтасын қолданады. Жоғарғы сілтемелер тақтасы тектік тораппен байланыс бұзылмайынша теңшелінбейді.

  • Тектік тораптан алынған, бірақ оған қосылмаған     Бұл торап тектік тораппен бір жоғарғы сілтемелер тақтасын қолданады, алайда тектік тораптың жоғарғы сілтемелер тақтасына қойынды ретінде қосылмайды. Жоғарғы сілтемелер тақтасы тектік тораппен байланыс бұзылмайынша теңшелінбейді.

  • Бірегей    Торап тектік тораптың жоғарғы сілтемелер тақтасына қойынды ретінде қосылмайды, және тектік тораппен бір жоғарғы сілтемелер тақтасын қолданбайды. Жоғарғы сілтемелер тақтасын бұл деңгейде теңшеледі және тектік тораптан тәуелсіз болады.

Ескерту : Егер тораптың атауы «Жалпы параметрлер» бетінен өзгертілсе, торап атауы жоғарғы сілтемелер тақтасында жаңартылмайды. Жоғарғы сілтемелер тақтасында шығатын атауды өзгерту үшін жоғарғы сілтемелер тақтасын өңдеуіңіз керек.

Тораптағы сілтемелердің жоғары тақтасын теңшеу

Отау веб-торап жасағанда, ол әдепкі бойынша негізгі сайт сілтемелердің жоғарғы тақтасында көрсетіледі және оның бірегей сілтемелердің жоғарғы тақтасы болады. Бұл параметрді кез келген уақытта өзгертуге болады. Отау веб-тораптағы сілтемелердің жоғарғы тақтасын теңшеу үшін келесі қадамдарды орындаңыз:

  1. Отау веб-тораптың Торап әрекеттері мәзірінен Торап әрекеттері мәзірі Торап параметрлері пәрменін таңдаңыз.

  2. Сыртқы көрініс және функциялар бағанындағы Сілтемелердің жоғарғы тақтасы тармағын таңдаңыз.
    Сыртқы көрініс және пайдаланушы ыңғайлылығы

  3. Төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Отау веб-торап үшін өзгертпелі сілтемелер жасау үшін, Сілтемелер алуды тоқтату пәрменін таңдаңыз.

    • Тектік тораппен бірдей сілтемелерді қолдану үшін Тектік тораптағы сілтемелерді қолдану дегенін нұқыңыз.

Жоғарғы сілтемелер тақтасына сілтеме қосу, өңдеу немесе жою

Егер торабыңыздың бірегей сілтемелердің жоғарғы тақтасы бар болса, онда жоғарғы сілтемелер тақтасында көрсетілетін сілтемелерді теңшеуге болады.Тораптар тектік тораптағы сілтемелердің жоғарғы тақтасын мұраға иеленетін болып теңшелсе, тектік торап астында жасалған кез келген тораптарды да сілтемелердің жоғарғы тақтасында көрсетуге болады.

  1. Тораптың Торап әрекеттері мәзірінен Торап әрекеттері мәзірі Торап параметрлері пәрменін таңдаңыз.

  2. Сыртқы көрініс және функциялар бағанындағы Сілтемелердің жоғарғы тақтасы тармағын таңдаңыз.

  3. Төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Жаңа сілтеме қосу үшін, Жаңа шарлау сілтемесі түймешігін басыңыз. Сілтемеге «http://contoso/marketing/ProjectA» сияқты URL мекенжайын және оның сипаттамасын теріңіз.

    • Сілтемені өңдеу үшін сілтеменің жанындағы Өңдеу түймешігін Өңдеу басыңыз. Сипаттамаға керекті өзгерістерді енгізіңіз.

    • Сілтемені жою үшін, сілтеменің жанындағы Өңдеу түймешігін Өңдеу , Жою, одан кейін Жарайды түймешігін басыңыз.

  4. Жарайды түймешігін нұқыңыз.

Жоғарғы сілтемелер тақтасында сілтемелердің ретін дұрыстау

Жоғарғы сілтемелер тақтасында берілген қойындылардың ретін өзгертуге болады. Тектік веб-тораптағы сілтемелердің жоғарғы тақтасындағы элементтер ретінің өзгеруі, осы тектік веб-тораптағы сілтемелердің жоғарғы тақтасын мұраға иеленетін отау веб-тораптарға әсерін тигізеді.

  1. Тораптың Торап әрекеттері мәзірінен Торап әрекеттері мәзірі Торап параметрлері пәрменін таңдаңыз.

  2. Сыртқы көрініс және функциялар бағанындағы Сілтемелердің жоғарғы тақтасы тармағын таңдаңыз.

  3. Ретті өзгерту дегенін нұқыңыз.

  4. Сілтемелер реті бағанында жоғарғы сілтемелер тақтасында шығатын сілтемелердің ретін өзгерту үшін тізімдегі параметрлерін таңдаңыз.

  5. Жарайды түймешігін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Тармақ көрінісін көрсету немесе жасыру

Ағаш түріндегі көрініс — тізімдердің, кітапханалардың және ағымдағы тораптың отау веб-тораптарының иерархиялық көрінісін қамтамасыз ететін шарлау параметрі. Ағаш түріндегі көрініс торап пайдаланушыларына ағымдағы торап кітапханасы мен отау веб-тораптағы тізім сияқты торап иерархиясындағы орындар арасында шарлауды жеңілдетеді. Ағаш түріндегі көрініс қосылған кезде тораптың көптеген беттерінің шетінде көрсетіледі.

Тармақ көрінісі

Ескерту :  Тораптың шарлау жүйесін басқару үшін, кем дегенде әдепкі SharePoint құрастырушылар тобына қосылу арқылы алынған рұқсаттарыңыз болуы керек. Тораптың «Торап параметрлері» бетіне қатынай алсаңыз және Сыртқы көрініс және функциялар тармағының астында Ағаш түріндегі көрініс пәрмені көрінсе, керекті рұқсаттарыңыз бар болғаны.

  1. Тораптың Торап әрекеттері мәзіріндегі Торап әрекеттері мәзірі Торап параметрлері параметрін таңдаңыз.

  2. Сыртқы көрініс және функциялар бағанының Ағаш түріндегі көрініс тармағын таңдаңыз.

  3. Төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Ағаш түріндегі көріністі ашу үшін, Ағаш түріндегі көріністі қосу параметрін таңдап, Жарайды түймешігін басыңыз.

    • Ағаш түріндегі көріністі жасыру үшін, Тармақ көрінісін қосу параметрін таңда, Жарайды түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×