Тораптар мен торап жиынтықтарын басқару

Өте көп адам торапқа әр түрлі нәрселер үшін кірген кезде тораптарды бақылау қиындайды, уақыт талабына сай болмайды және пайдасы азаяды. Мысалы, егер тұтынушыларды бақылау, мекеме саясаттарын сақтау және жасалып жатқан өнімдерге қатысты құжаттарды ортақтасу үшін бір-ақ торап қолданса, онда торапты реттеу қиынға соғады және жылдам күрделенуі мүмкін. Екінші жағынан, егер өте көп тораптарыңыз болса, қажетті ақпаратты табу қиынға соғуы мүмкін.

Осы мақалада

Тораптар мен торап жиынтықтарының санын анықтау

Торап жиынтықтарын немесе ішкі тораптарды қолдануға қатысты шешім қабылдау

Торап сатысын жасақтау

Тораптың қолданылуын бақылау

Қолданылмайтын веб-тораптарды басқару

Тораптар мен торап жиынтықтарының санын анықтау

Қанша тораптар мен торап жиынтықтарының қажеттігі туралы шешіміңізге төмендегі бірнеше факторлар үлес қосады:

  • Тораптарды қанша адам қолдануда.

  • Бір-бірімен байланысты немесе бір-бірімен байланысатын тораптарды адамдар қалай қолдануда.

  • Торапты адамдар қалай қолданады.

  • Тораптарда қандай мазмұн түрінің сақталуын күтесіз.

  • Реттеуге тырысып жатқан ақпарат қаншалықты күрделі.

Торап мақсаттары мен пайдаланушыларының тізімін және қанша жекелеген тораптарды қажет екендігін анықтау қажет.

Беттің жоғарғы жағы

Торап жиынтықтарын немесе ішкі тораптарды қолдануға қатысты шешім қабылдау

Бөлек торап жиынтықтарында тораптарды жоғары деңгейлі веб-тораптар ретінде жасауды немесе сол торап жиынтығы шеңберіндегі ішкі тораптар ретінде жасауды таңдау қажет. Бұл шешім тораптардың бір-бірімен қаншалықты ортақ екендігіне, оларды жеке басқару мүмкіндігін алуға және шарлау немесе іздеу сияқты элементтерді ортақтасуын қалайтыныңызға негізделеді.

Торап жиынтығы шеңберінде барлық тораптар келесі бірдей элементтерді қолдана алады:

  • Шарлау жолақтары (жоғарғы сілтеме жолағы және қиқым жолағы)

  • Мазмұн түрлері

  • Жұмыс үрдістері

  • Қауіпсіздік топтары

  • Тізімдер арасындағы іздеу өрістері

  • Іздеу аймағы

  • Мүмкіндік жиынтығы

Төмендегіні орындағыңыз келгенде бөлек торап жиынтықтарындағы жоғары деңгейлі веб-тораптарды таңдаңыз:

  • Әр түрлі тораптар үшін бөлек қауіпсіздік.

    Ескерту : Ішкі торап үшін ерекше рұқсаттарды алу мүмкін болғанмен, кей кездерде екі тораптың ортақ пайдаланушылар мен рұқсаттары болуын қаламауыңыз мүмкін. Бұл жағдайда, бөлек торап жиынтықтарын қолдану қажет.

  • Торап жиынтығын болашақтағы басқа дерекқорға жылжыту.

  • Осы тораптың сақтық көшірмесін жасау немесе қалпына келтіру.

  • Құжат айналымын сол торапқа ғана созыңыз.

  • Әр тораптың алатын кеңістік көлемін бөлек басқару үшін квоталарды қолданыңыз.

  • Әкімшілікті орталықтан алыстатыңыз және торап жиынтығы әкімшілерінің қатынас сұрауларын бекіту немесе тораптың қолданыста екендігін растау сияқты тапсырмаларды орындауын талап етіңіз.

Төмендегіні орындағыңыз келгенде сол торап жиынтығындағы ішкі тораптарды таңдаңыз:

  • Тораптар арасында шарлауды ортақтастырыңыз.

  • Рұқсаттарын тектік тораптардан иемденген ішкі тораптарыңыз болсын.

  • Тораптар арасында тізімдерді ортақтастырыңыз.

  • Тораптар арасында жасақтау элементтерін (тақырыптар немесе мәнерлер сияқты) ортақтастырыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Торап сатысын жасақтау

Веб-тораптар көбінесе саты түрінде кездеседі. Сатының жоғарысында жоғары деңгейлі веб-торап болады. Осы жоғары деңгейлі торап астында, бірнеше ішкі тораптардың болуы (Құжат жұмыс кеңістігі тораптары мен Кездесу жұмыс кеңістігі тораптарын қосқанда) және әр ішкі тораптың басқа ішкі тораптарды қамтуы мүмкін. Жоғары деңгейлі веб-торап және оның барлық ішкі тораптарының құрылымы торап жиынтығы деп аталады.

Қотаруға болатын Microsoft Office Visio сурет салу және диаграмма құру бағдарлама үлгісі сияқты Windows SharePoint Services қызметтерімен сыйысымды торапты жоспарлау құралын немесе барлық торап жиынтықтары, жоғары деңгейлі веб-тораптар және қажетті ішкі тораптарды қоса отырып, торап сатысының диаграммасын жасау үшін басқа әдісті қолдануыңызға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Тораптың қолданылуын бақылау

Егер веб-тораптың қандай әсері болатынын білгіңіз келсе, торапқа қанша пайдаланушының кіретінін, торабыңыз қабылдайтын сұраулар түрі мен санын және басқа да торапты қолдануға қатысты ақпаратты бақылауыңыз қажет. Қорытынды және егжей-тегжейлі қолдану есептері төмендегі ақпаратты ұсынады:

  • Әр беттегі сұраулар саны

  • Ерекше пайдаланушылар саны

  • Шолуы және амалдық жүйе ақпараты

  • Домендер және URL сілтемесі

Қолданылған ақпаратты бақылау тораптағы қай мазмұнның жиі қолданылып жүргенін (сондықтан, бақылануы тиіс) және қай мазмұнның жиі қолданылмай жүргенін (мұрағатқа сақтаудың себебі болуы мүмкін) анықтау үшін пайдасын тигізуі мүмкін. Тораптың қолданылу статистикасына қосымша ретінде, тораптағы сақтау орнының қаншасы жұмсалып жүргенін және тораптың жасайтын әрекетінің деңгейін бақылауыңызға болады. Windows SharePoint Services 3.0 осы ақпаратты тораптардың квоталық бақылауының бөлігі ретінде жинайды.

Торап иесі ретінде, сервер қор көздеріне бақылау орнатуыңызға және тораптар үшін орнатылған квота тексеру арқылы сақтау кеңістігі сияқты аймақтарды мұқият тексеруіңізге болады.

Торап және сервер қор көздерін басқаруға көмектесу үшін, жергілікті сервер компьютердің әкімшісі тораптағы сақтауға болатын ақпарат көлемін шектеу үшін қолданылатын квоталарды және торап жиынтығына қосылған пайдаланушылар санын көрсете алады. Бұл квоталар бір тораптың басқа тораптардың жұмыс істемеуіне әкелмеу үшін қор көздерін көптеп қолданбауын қамтамасыз етуге көмектеседі.

Сервер әкімшісі тораптардың сақтау квотасы шектеулерінен асуын болдырмау және, қажет болған жағдайда, барлық пайдаланушылардың торапқа қатынау мүмкіндіктерін құрсаулау үшін құлыптарды қолдана алады.

Торап ең үлкен сақтау квотасынан асқан кезде, торап өздігінен құлыптануы мүмкін. Егер, мысалы, торапты қолдану саясаттарын бұзса, сервер әкімшісі торапты қолдан құлыптай алады. Құлыптың түріне байланысты құлыптанған тораптың нәтижесі басқаша болып келеді:

  • Торап квота шектеуінен асуына байланысты құлыптанған кезде, жаңа мазмұнды кері қотарғысы келген пайдаланушылардың диск толық қатесін алуы мүмкін.

  • Торап қолмен құлыптанған кезде, торапты қарауға тырысатын пайдаланушылар қатынас берілмеді хабарын көреді.

Егер тораптар квота шектеулерінен асуына байланысты құлыптанған болса, торап әкімшілері тораптарды өздері аша алмайды. Қолмен жасалған құлыпты сервер әкімшісі ғана алып тастай алады. Торапқа арналған ағымдағы квота мәндері және деректерін табу үшін сервер әкімшісіне хабарласыңыз.

Тораптың квоталық деректерін қарау

Торап әрекеттері мәзірінде «Торап әрекеттері» мәзірі Торап параметрлері түймешігін нұқыңыз.

Ескерту : Өзіндегі Торап әрекеттері мәзірі өзгертілген торапта Торап параметрлері түймешігін нұқып, одан кейін көргіңіз келетін параметрлерді нұқыңыз.

  1. Торап параметрлері бетінің Торап жиынтығының әкімшілігі бөліміндегі Қолданыс қорытындысы пәрменін нұқыңыз.

  2. Қолданылып жатқан сақтаудың мәліметтерін қарау үшін Сақтау бөліміндегі Бөлінген сақтау орны пәрменін нұқыңыз.

  3. Бөлінге сақтау орны бетінің Көріністі таңдау бөлімінде келесілердің біреуін орындаңыз:

    • Құжат жинақтарына бөлінген сақтау орнын қарау үшін Құжат жинақтары пәрменін нұқыңыз.

    • Құжаттарға бөлінген сақтау орнын қарау үшін Құжаттар пәрменін нұқыңыз.

    • Тізімдерге бөлінген сақтау орнын қарау үшін Тізімдер пәрменін нұқыңыз.

    • Себеттегі элементтерге бөлінген сақтау орнын қарау үшін Себет пәрменін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Қолданылмайтын веб-тораптарды басқару

Серверіңіздегі қолданылмайтын веб-тораптардың санын бақылау үшін, торап жиынтығы иелеріне торап жиынтықтарының қолданыста екендігін растауды талап ететін ескертулерді жіберуге болады. Расталмаған торап жиынтықтарын автоматты түрде жоюға да болады. Бұл мүмкіндікті Орталық әкімшілік ішінде қосуға және теңшеуге болады.

Растауды қолдану хабарламаларды қолданумен бірдей. Торап жиынтығын жасаған кезде, торап дерекқорға қосылады және белсенді торап ретінде тіркеледі. Белгілі бір уақыт өткеннен соң, торап жиынтығының иесінен қолданылмаған торап жиынтығын қайта растауды немесе жоюды сұрайтын электрондық пошта хабарлама жіберіледі. Электрондық пошта хабарламасы торап жиынтығының белсенді екенін растауға немесе торап жиынтығын жоюға арналған сілтемелерді қамтиды. Электрондық пошта хабарламасы торап жиынтығы иесіне жіберілгеннен соң, үш мүмкін нәтиже болады:

  • Егер торап қолданыста болса, торап жиынтығының иесі торап жиынтығының белсенді екенін растайды және торап жиынтығы сақталады. Иесі растау сілтемесін нұқыған кезде, тораптың сертификаттау күні жаңарады.

  • Егер торап жиынтығы қолданыста болмаса, иесі торап жиынтығын электрондық пошта хабарламасындағы келесі нұсқаулар көмегімен жоя алады немесе ештеңе жасамауына да болады. Иесі торап жиынтығының қолданыста екендігін растағанға немесе торап жиынтығын жойғанға дейін аралық электрондық пошта хабарламаларын сервер әкімшісі көрсеткен аралыққа сәйкес ала береді.

  • Егер торап жиынтығы қолданыста болмаса және сервер әкімшісі өзіндік жою мүмкіндігін қосып қойған болса, электрондық пошта хабарламалары торап жиынтығының иесіне бірнеше рет жіберіледі. Егер торап жиынтығының иесі торап жиынтығының қолданылуын растамаса, онда торап жиынтығы өзіндік түрде жойылады.

Тораптың өзіндік жойылуынан сақтану үшін төмендегі ең жақсы тәжірибелерді қолдануға кеңес беріледі:

  • Пайдаланушылар торап жиынтықтарын жасаған кезде қосымша байланыс ақпаратын талап етіңіз.

    Әдепкіде, торап жиынтығын жасаушы торап жиынтығының иесі ретінде тіркеледі. Теңшелім түріне байланысты, пайдаланушы торап жиынтығы үшін қосымша байланыс ақпаратын да көрсету керек. Егер де бар болса, растау хабарламалары торап жиынтығының иесіне және қосымша байланыс ақпараты автоматты түрде жіберіледі.

  • Мекемеңізді демалыстар жайында хабардар ету.

    Мысалы, егер торап жиынтығының иесі төрт апта бойы жоқ болса және сервер әкімшісі торап жиынтықтарын төрт апта бойы растаулар жасалмаған кезде жоюды орнатқан болса, иесіне қолданысты растауға мүмкіндік берместен торап жойылуы мүмкін.

  • Егер торап жиынтығы абайсызда жойылған кезде соңғы бір көшірмесін қалпына келтіре алу үшін торап жиынтықтарының сақтық көшірмесін жүйелі түрде сақтау кестесінің барына көз жеткізіңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×