Тораптарға, жұмыс кеңістіктеріне және беттерге кіріспе

Ең жоғарғы деңгейдегі Веб-тораптарды және бағыныңқы тораптарды пайдаланып, торап мазмұнын ерекше және бөлек басқарылатын тораптарға бөлуге болады.

Бұл мақала келесі тақырыптарды қамтиды :

Торап не?

Жұмыс кеңістігі не?

Бет не?

Торап не?

Веб-торап Вебтегі немесе интражелідегі HTTP сервер тарапынан орналастырылған Веб-беттердің байланысты тобы болып табылады. Көптеген Веб-тораптарда басталу орны ретінде өзіндік беттер пайдаланылады. Өзіндік бет пен басқа беттер бір-бірімен сілтемелер арқылы байланыстырылған. жоғары деңгейдегі сайт мен қосымша сайт арқылы торап мазмұнын ерекше, бөлек басқарылатын тораптарға бөлуге болады. Ең жоғарғы деңгейдегі Веб-тораптар ішінде бірнеше бағыныңқы торап бар болуы мүмкін, ал бағыныңқы тораптар ішінде де бірнеше бағыныңқы тораптар бар болуы мүмкін. Жоғарғы деңгейдегі Веб-тораптың және оның барлық бағыныңқы тораптардың құрылымы түгелімен Веб-сайттар жиыны деп аталады.

Бұл иерархия пайдаланушыларға бүкіл топ үшін арналған басты торап пен жеке жұмыс тораптарына немесе жанама жобаларға арңалған ортақ тораптарға ие болу мүмкіндігін береді. Ең жоғарғы деңгейдегі тораптар мен бағыныңқы тораптар торап мүмкіндіктері және параметрлері үстінен түрлі деңгейдегі бақылауды рұқсат етеді. Веб-тораптың әкімшісі Веб-торап мазмұнын жасау, оған қатынасу және оған мазмұн қосу мүмкіндіктерін бақылайды.

Беттің жоғарғы жағы

Жұмыс кеңістігі не?

Жұмыс кеңістігі торап мүшелерін құжаттар немесе жиналыстармен байланысты қор көздері үстінен бірлесіп жұмыс істеу үшін бірге жұмыс істеу құралдарын және қызметтерін қамтамасыз ететін бірегей Веб-торап болып табылады. Жұмыс кеңістігі ішінде байланысты құжаттар, топ мүшелері және сілтемелер сияқты ақпарат тізімдері бар болуы мүмкін. Жұмыс кеңістігі торабын жасау үшін осы SharePoint торабы үшін арналған "Бағыныңқы тораптарды жасау" деп аталатын рұқсат деңгейіне ие болу керек. Windows SharePoint Services бағдарламасы жұмыс кеңістіктерінің келесі түрлерін жасауға мүмкіндік береді:

Жұмыс кеңістігінің түрі

Сипаттамасы

Құжаттарға арналған жұмыс кеңістігі

Бұл үлгі топ мүшелеріне құжаттар үстінен бірлесіп жұмыс істеу үшін пайдаланылатын торапты жасайды. Ол басты және көмекші файлдарды, орындалынатын тапсырмаларды тағайындау үшін пайдаланылатын тапсырмалар тізімін және құжатпен байланысты болған қор көздеріне жетелейтін сілтемелер тізімін сақтайтын құжат кітапханасын қамтамасыз етеді.

Негізгі жиналыс жұмыс кеңістігі

Бұл үлгі жиналысыңызды жоспарлау, ұйымдастыру және қадағалау үшін барлық негіздерді қамтамасыз ететін торапты жасайды. Оның ішінде келесі тізімдер бар: "Нысандар", "Қатысушылар", "Күн тәртібі" және "Құжат кітапханасы".

Бос жиналыс жұмыс кеңістігі

Бұл үлгі бос жиналыс жұмыс кеңістігін жасайды. Бұл торапты өз қажеттеріңізге қарай теңшеуіңіз мүмкін.

Шешімдерге арналған жиналыс жұмыс кеңістігі

Бұл үлгі топ мүшелері тиісті құжаттарды қарап шығу және шешімдерді жазып алу үшін пайдалана алатын жұмыс кеңістігін қамтамасыз етеді. Оның ішінде келесі тізімдер бар: "Нысандар", "Қатысушылар", "Күн тәртібі", "Құжат кітапханасы" және "Шешімдер".

Қатынас үшін арналған жиналыс жұмыс кеңістігі

Бұл үлгі түрлі мерекелерді жоспарлау құралын қамтамасыз ететін торапты жасайды. Оның мүмкіндіктерінің ішінде талқылау тақтасы және мереке барысында алынған суреттерді орналастыру үшін пайдаланылатын сурет кітапханасы бар. Оның ішінде келесі тізімдер және Веб-бөліктер бар: "Қатысушылар", "Мекенжайы", "Сурет/Мекеме ені", "Әкелінетін нәрселер", "Пікірталастар", және "Сурет кітапханасы".

Бірнеше беттен құралған жиналыс жұмыс кеңістігі

Бұл үлгі торап мүшелері жиналыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және қадағалау үшін пайдалана алатын барлық негіздерді қамтамасыз ететін және бірнеше беттен құралған торапты жасайды. Қажеттерге қарай теңшеліп алынатын екі бос беттерге қоса, оның ішінде келесі тізімдер бар: "Мақсаттар", "Қатысушылар", "Күн тәртібі" және "Құжат кітапханасы".

Басқа торап үлгілері

Windows SharePoint Services бағдарламасы жаңа торап жасау барысында пайдалануға болатын келесі бірлесіп жұмыс істеу үлгілерін ұсынады:

Торап үлгісі

Сипаттамасы

Топ торабы

Бұл үлгі топтар ақпаратты жасау, ұйымдастыру және ортақтастыру үшін пайдалана алатын торапты жасайды. Оның ішінде құжат кітапханасы мен "Құлақтандырулар", "Күнтізбе", "Істес кісілер" және "Жылдам сілтемелер" сияқты негізгі тізімдер бар.

Бос торап

Бұл үлгі өзіндік беті бос болған Веб-бетті жасайды. Осы өзіндік бетке шолғыш немесе Windows SharePoint Services бағдарламасымен сыйысымды Веб-беттерді құрастыратын бағдарлама арқылы көзбе-көз белсенді тізімдерді және басқа мүмкіндіктерді қосып, оны теңшеуге болады.

Уики торабы

Бұл үлгі ішінде тез және оп-оңай Веб-беттерді қосуға, өңдеуге және байланыстыруға болатын торапты жасайды.

Блог

Бұл торап ішінде ақпарат орналастыруға және басқалардың осы ақпарат туралы түсініктеме жазуына рұқсат беруге болатын торапты жасайды.

Беттің жоғарғы жағы

Бет не?

Тораптағы Веб-бет aқпарат тізімдерін көрсете алады және осы арқылы топ мүшелеріне ақпаратты қалаған ретпен ұйымдастыруға (мәселен, тақырыбы, аяқталу мерзімі немесе авторы бойынша) мүмкіндік береді. Мәселен, келесі әрекеттерді істеуіңіз мүмкін:

  • Тек Сізге қатысты болған ақпаратты көру мақсатында мазмұнды сүзгілеу

  • Сізді қызықтырмайтын ақпаратты жасыру

  • Ақпаратты тізімдеу ретін өзгерту

  • Топ мүшелеріне бар ықыласын қатысты ақпаратқа тез аударуға жәрдем беру мақсатында өзгертпелі көріністерді жасау

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×