Толық сенілгін пішін үлгіні жариялау

Бұл мақала орнату буманы жарату үшін және пайдаланушының компьютерінде сценарийлерді тіркейтін Microsoft Office InfoPath жариялау шеберін пайдаланып пішін үлгіні толық сеніммен қалай жариялау керектігін түсінтірп береді.

Бұл мақала келесі тақырыптарды қамтиды

Жалпы шолу

Бастамас бұрын

Сандық қолтаңбасы бар пішін үлгіні ортақ желі орналасуына жариялау

Жариялау шеберін және Visual Studio бағадарламасын пайдаланып орнату файлын жарату

Жариялау шеберін пайдаланып сценарий тіркеуін жарату

Жалпы шолу

Толық сенілген пішін үлгіге негізделген үлгілер пайдаланушының компьютеріндегі жүйе қор көздеріне қол жеткізе алады. Мысалы үшін, Сіз пішін үлгісі жасақтау мақсаттарымен пайдаланушының компьютерінде тұрақты дискінің өлшемін анықтай алатын пішін үлгі жаратып жатырсыз делік. Осы үлгі операциялық жүйеден ақпарат алу құқына ие болу үшін толық сенілген пішін үлгіні жаратуыңыз қажет.

Үлгі пайдаланушының компьютерінде жүйе қор көздеріне қол жеткізу үшін пішін үлгінің сенілген куәліктендіру орталығыдан алынған сертификатталған сандық қолтаңбамен қолтаңбаланып содан соң ол ортақ желі орналасуына жариялану қажет. Одан кейін Сіз пішін үлгіні электрондық пошта арқылы жіберуіңізге болады немесе пайдаланушыларға осы үлгіге негізделген үлгіні ортақ желі орналасудан ашуға мүмкіндік жаратуыңызға болады.

Қауіпсіздік ескертуі : Пайдаланушыларыңызға тек қана сенілген қайнар көздерінен келетін электрондық пошта тіркемелерін ашу керектігі туралы ескертіңіз.

Пайдаланушылар электрондық поштаны Microsoft Office Outlook 2007 бағдарламасы арқылы ашқанда, олар пішін үлгіні тура электрондық пошта терезесінде толтыруға болады. Outlook бағдарламасының алдынғы нұсқаларын немесе басқа электрондық пошта бағдарламаларын пайдаланатын пайдаланушылар тіркеме ретінде келетін үлгі мен пішін үлгі бар электрондық хат алады. Бұндай пайдаланушылар компьютерлерінде пішін үлгіні орнату үшін бірінші пішін үлгінің тіркемесін ашу керек. Содан соң пайдаланушылар үлгінің тіркемесін InfoPath бағдарламасында ашып оны толтыра алады.

Компанияңызда сертификаттарды басқару және жарату инфрақұрылымы болмаса, орнатылып болғандан кейін әрбір пайдаланушының компьютерінде тіркелетін пішін үлгіні жариялауыңызға болады. Содан соң пайдаланушының компьютерінде әкімші немесе қажетті рұқсаттары бар пайдаланушы пішін үлгіні орнатып тіркей алады.

Егер компьютеріңізде Microsoft Visual Studio .NET 2003 немесе Microsoft Visual Studio 2005 бағдарламалары орнатылған болса, пайдаланушыңыздың компьютерінде бағдарламаны орнатып оны тіркей алатын орнату файлын жарату үшін Жариялау шеберін пайдалануыңызға болады. Егер компьютеріңізде Visual Studio бағдарламасы орнатылмаған болса, ортақ желі қалтасына пішін үлгінің көшермесін сақтау үшін және пайдаланушыңыздың компьютерінде пішін үлгіні тіркейтін сценарийлер файлын жарату үшін Жариялау шеберін пайдалануыңызға болады. Бұндай кезде пішін үлгі де, сценарий файлы да пайдаланушының компьютеріне көшірілуі тиіс. Осы екі файлды көшіріп болған соң, әкімші немесе басқа әкімші құқықтарына ие пайдаланушы пішін үлгіні тіркеу үшін сценарийлер файлын қосу мүмкін.

Пішін үлгісін жаприялау пішін үлгісін сақтаумен бірдей емес. Пішін үлгісін жариялағаныңызда, Жариялау шебері жариялау орны мен үдеріс нұсқауларын пішін үлгілеріне қосады, сонда пайдаланушылар осы пішін үлгісіне негізделген пішіндерді аша алады. Пішін үлгісін сақтағаныңызда, файлды компьютеріңізге сақтаған кездегі сияқты сіз пішін үлгісінің көшірмесін сақтайсыз. Пішін үлгіңізді толтыратын пайдаланушыларыңызға қол жеткізетін еткеніңізде, сізге әрдайым Жариялау шеберін пайдалану керек.

Беттің жоғарғы жағы

Бастамас бұрын

Пішін үлгіні жариялаудан алдын келесі шарртарды орындауыңыз қажет:

  • Егер орнату файлын жаратып жатқан болсаңыз, компьютеріңізде Visual Studio .NET 2003 немесе Visual Studio 2005 бағдарламасы орнатылған болу керек.

  • Егер саңдық қолтаңбасы бар пішін үлгіні электрондық пошта арқылы таратпақшы болсаңыз, компьютеріңізде Office Outlook 2007 бағдарламасы орнатылған болу керек.

  • Егер сценарийлер файлын жаратып жатқан болсаңыз, пайдаланушыларыңыз пішін үлгі мен сценарийлер файлы жарияланатын ортақ желі қалтасына қатынастары бар екеніне көз жеткізіңіз.

  • Егер орнату файлын немесе сценарийлер файлын жаратып жатқан болсаңыз, осы файлдарды пайдаланатын пайдаланушылар компьютерлерінде әкімші құқықтарға ие екеніне көз жеткізіңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Сандық қолтаңбасы бар пішін үлгіні ортақ желі орналасуына жариялау

Ескерту : Бұл процедураны орындау үшін, Сізде сенілген куәліктендіру орталығынан алынған сертификатталған сандық қолтаңбамен қолтаңбаланған пішін үлгі болуы қажет. Үлгі бөлегін жарату туралы қосымша ақпараттарға сілтемелерді Т.б. қараңыз бөліміден табуыңызға болады.

  1. Файл мәзірінде Жариялау түймешігін нұқыңыз.

  2. Жариялау шеберінде Жаңа желі орналасуына дегенді нұқыңыз, содан соң Келесі батырмасын басыңыз.

  3. Шебердің келесі бетінде Шолу батырмасын басыңыз.

  4. Шолу тілқатысу жолағында пішін үлгі жарияланатын ортақ желі қалтасына өтіңіз, содан соң OK батырмасын таңдаңыз.

  5. Пішін үлгінің атауы жолағында пішін үлгінің атын енгізіп Келесі батырмасын басыңыз.

  6. Веб-торапқа сілтеме сияқты пайдаланушылар осы файлды қотарып алу мүмкіндігіне ие болатын тағы басқа мекен-жайлары болса, оны шебердің келесі бетіндегі жолаққа енгізіп Келесі батырмасын басыңыз.

  7. Шебердің келесі бетінде көрсетіліп тұрған ақпарат дұрыс екеніне көз жеткізіп Жариялау батырмасын басыңыз.

  8. Пішіні және пішін үлгісі бар электронды пошта хабарын пайдаланушыларыңызға жіберу үшін Пішінді электрондық пошта қабылдаушыларына жіберу қанатшасын таңдаңыз, содан кейін Жабу түймешігін нұқыңыз.

    Хабардың негізгі мазмұнындағы пішіні бар электрондық пошта сіз үшін толтыруға және пайдаланушыларға жіберуге ашылады. Егер пайдаланушыларыңызда Microsoft Office Outlook 2007 болса, олар электрондық пошта хабарын ашқанда, олар пішінді толтыра алады. Outlook немесе басқа электрондық пошта қосымшаларының ескілеу нұсқалары бар пайдаланушылар қосымша ретінде берілген пішіні мен пішін үлгісі бар электрондық пошта хабарын алады. Пайдаланушылар пішін үлгісін компьютерлеріне орнату үшін пішін үлгісінің тіркемесін аша алады. Содан кейін пайдаланушылар пішін тіркемесін аша және InfoPath бағдарламасында пішінді толтыра алады..

    Кеңес : Электрондық пошта хабарындағы Кіріспе жолағы тек тіркемелерді сенімді жіберушіден электрондық пошта хабарларында ашу туралы пайдаланушыларыңыздың есіне салады.

Беттің жоғарғы жағы

Жариялау шеберін және Visual Studio бағадарламасын пайдаланып орнату файлын жарату

  1. Файл мәзірінде Жариялау түймешігін нұқыңыз.

  2. Жариялау шеберінде Орнату пішін үлгі ретінде (.js немесе .msi файл) таңдаңыз, содан соң Келесі батырмасын басыңыз.

  3. Шебердің келесі бетінде, Орнату файлын қайсы түрін жаратпақшысыз? параметрінің астында Microsoft Installer (.msi) файлы параметрін таңдаңыз.

  4. Компанияның атауы жолағында компанияңыздың атын енгізіңіз, Тіл: тізімінде Орнату шебері пайдаланатын тілді таңдап Келесі батырмасын таңдаңыз.

  5. Өзгертпелі басқару элементін қосу шеберінің келесі бетінде Шолу батырмасын басыңыз.

  6. Шолу тілқатысу жолағында орнату файлы жарияланатын ортақ желі қалтасына өтіңіз, содан соң OK батырмасын таңдаңыз.

  7. Келесі батырмасын басыңыз.

  8. Шебердің келесі бетінде Жариялау батырмасын шертіңіз.

Пішін үлгіні жариялап болған соң әкімші немесе басқа әкімші құқықтарына ие пайдаланушы компьютерінден сценарийлер файлын қосу арқылы пішін үлгіні орнатып тіркеу мүмкін.

Беттің жоғарғы жағы

Жариялау шеберін пайдаланып сценарий тіркеуін жарату

  1. Файл мәзірінде Жариялау түймешігін нұқыңыз.

  2. Жариялау шеберінде Орнату пішін үлгі ретінде (.js немесе .msi файл) таңдаңыз, содан соң Келесі батырмасын басыңыз.

  3. Шебердің келесі бетінде, Орнату файлын қайсы түрін жаратпақшысыз? параметрінің астында JScript (.js) файл параметрін таңдап Келесі батырмасын басыңыз.

  4. Өзгертпелі басқару элементін қосу шеберінің келесі бетінде Шолу батырмасын басыңыз.

  5. Шолу тілқатысу жолағында пішін үлгі және сценарийлер файлы жариялатын ортақ желі қалтасына өтіңіз, содан соң OK батырмасын таңдаңыз.

  6. Шебердің келесі бетінде, Орнату файлы үшін орналасу мен файл атауын енгізу жолағында мекен-жай мен сценарийлер файлының атын белгілеп Келесі батырмасын басыңыз.

  7. Шебердің келесі бетінде көрсетіліп тұрған ақпарат дұрыс екеніне көз жеткізіп Жариялау батырмасын басыңыз.

Пішін үлгіні жариялап болған соң әкімші немесе басқа әкімші құқықтарына ие пайдаланушының компьютеріндегі бір қалтаға сценарийлер файлы мен пішін үлгіні көшіру мүмкін. Файлдарды көшіріп болған соң әкімші Windows Explorer бағдарламасында сценарийлер файлын қос нұқым арқылы оны орындау мүмкін.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×