Телефон қоңырауын шалу

Microsoft Lync 2010 қатынастар бағдарлама жасақтамасын қоңырау шалу және қоңырау қабылдауда қолдану үшін үндеткіштер, микрофон, гарнитура, немесе USB дыбыстық құрылғысының болуы қажет. Компания мүшелеріне не федерциялық контактлілерге (компаниясысіздіңкомпанияңызбен байланысқан компаниядан тыс контактілер) қоңырау шалу үшін контактілер тізімін қолдана аласыз, немесе компаниядан тыс нөмірге қажетті нөмірді іздеу өрісінде теру арқылы қоңырау шала аласыз. Контактілерді іздеу жолдары жөнінде қосымша ақпарат алу үшін Lync 2010 іздеу қызметін қолдану бөлімін қараңыз.

Алыс қашытықтықтағы аумақтарға қоңырау шалу үшін E.164 стандартын қолдану қажет, яғни алдымен, ел кодын (мысалы, АҚШ коды - 1), содан соң, облыс кодын және жазулышы нөмірін теру қажет.

Lync 2010 қызметі дыбыстық құрылғыңызды автоматты түрде анықтайды, алайда баламалы құрылғыларды таңдау үшін, дыбыс деңгейін реттеу үшін не барлығы дұрыс жұмыс істейтіндігіне көз жеткізу үшін Дыбыстық құрылғыпараметрлерін тексеруді қалауыңыз мүмкін. Толық ақпарат алу үшін Дыбыстық құрылғы параметрлері бөлімін қараңыз.

Қандай әрекет орындауды қалайсыз?

Бір басу дыбыстық қоңырауын шалу

Контактінің баламалы нөміріне қоңырау шалу

Бірнеше адамға қоңырау шалу

Қоңырау шалуға арналған жаңа нөмір енгізу

Пернетақтаны қолдану

Контактінің дауыстық поштасына тікелей қоңырау шалу

Жебел хабар алмасу сөйлесуіне дыбыс қосу

Қоңырауды аяқтау

Өкіл ретінде қоңырау шалу

Қоңырау сапасын тексеру

Бір басу дыбыстық қоңырауын шалу

Контактілер тізіміндегі әр контактінің әдепкі нөмірі бар және оған контактінің оң жағындағы Қоңырау шалу түймешігін басу арқылы қоңырау соғуға болады. Әдепкі нөмір екі әдіс арқылы анықталады:

  • Контактіге бұған дейін қоңырау шалған болсаңыз, әдепкі нөмір ретінде соңғы нөмір қолданылады.

  • Контактіге бұған дейін қоңырау шалмаған болсаңыз, әдепкі нөмірді ұйымыңыздың телефон конфигурациясы анықтайды. Әдетте, әдепкі ретінде жұмыс нөмірі не Lync қоңырауы (VoIP тілдесу тәсілі немесе Дауысты Интернет Протокол қоңырауы) тағайындалады.

Бір басу дыбыстық қоңырауын шалу үшін Lync қызметін ашып, контактні табыңыз және контактілер тізімінде не іздеу нәтижелерінде келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

  • Меңзерді контактіге апарып, Қоңырау шалу түймешігін басыңыз. Қоңырау шалмас бүрын нөмірді көру үшін меңзерді Қоңырау шалу түймешігіне апарып, контактінің аты мен телефон нөмірі көрсетілгенге дейін күтіңіз.

  • Меңзерді контактіге апарып, пайда болған контакт картасында Қоңырау шалу түймешігін басыңыз.

Қоңырау шалу үрдісін көрсететін бейнені көру үшін Бейне: Қоңырау шалу бөлімін қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Контактінің баламалы нөміріне қоңырау шалу

Lynс қолданушылары қосымша нөмірлерді жариялап, Жұмыс тобына не Достар мен отбасы тобына бұл нөмірлерді көру үшін құпиялық қарым-қатынас рұқсатын бере алады.

  1. Контактілер тізімінде не іздеу нәтижелерінде меңзерді контакіге бағыттап, Қоңырау шалу мәзірін басыңыз.

  2. Қажетті нөмірді басыңыз, не жаңа нөмір енгізу үшін Жаңа телефон нөмірі түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Бірнеше адамға қоңырау шалу

Lync қызметі топтан бірнеше адамды таңдап, оларға бір мезетте қоңырау шалуға мүмкіндік береді.

  1. Контактілер тізімінде не іздеу нәтижелерінде қоңырау шалғыңыз келетін адам жататын топты табыңыз. Қажет болса, топты кеңейтіңіз.

  2. CTRL пернесін басыңыз және осы пернені ұстап тұрып, қажетті контактінің әрқайсыссын басыңыз.

  3. Таңдалған контактілердің кез келген біреуін оң басып, Қоңырау шалу түймешігін басыңыз.

Ескерту :  Контактілер тізімінде не іздеу нәтижелерінде қоңырау шалғыңыз келетін адам жататын топты табу және Қоңырау шалу түймешігін басу арқылыкез келген адамға қоңырау шала аласыз.

Беттің жоғарғы жағы

Қоңырау шалуға арналған жаңа нөмір енгізу

Қоңырау шалғыңыз келетін нөмірді іздеу өрісіне енгізе аласыз.

  1. Іздеу өрісіне қоңырау шалғыңыз келетін нөмірді енгізіңіз. Әріптерді не сандарды енгізе аласыз.

  2. Iздеу өрісінде нөмірді екі рет басыңыз, немесе оған меңзердңң бағыттап, оң жағындағы Қоңырау шалу түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Пернетақтаны қолдану

Егер Контактілер тізімінде жоқ адамға қоңырау шалғыңыз келсе, пернетақтада арқалы қажетті нөмңрдң тере аласыз.

  1. Lync басты терезесінде Телефон белгішесін басыңыз.

  2. Пернетақтада қоңырау шалу қажет нөмірді теріп, Қоңырау шалу түймешігін басыңыз.

    Ескерту :  Дауыстықпошта жүйелері, конференция қоңыраулары не өзге де көптеген жағдайларда PIN кодын енгізуіңіз не сондарды теру арқылы таңдау жасау сұралуы мүмкін. Бұл сандарды Телефон көрінісіндегі пернетақта,не сөйлесу терезесіндегі перентақта түймешігі арқылы тере аласыз. Егер Lync қызметі үстел телефонын қолданатындай етіп орнатылған болса, осы пернетақтаны да қолдана аласыз.

Беттің жоғарғы жағы

Контактінің дауыстық поштасына тікелей қоңырау шалу

Контактіге қоңырау шалмай-ақ, оның дауыстық поштасына тікелей қоңырау шала аласыз. Сіздің және контактінің де орнатылған Lync қызметінің болуы қажет.

  • Контактілер тізімінде не іздеу нәтижелерінде меңзерді контактіге бағыттап, Қоңырау шалу мәзірін басыңыз да, Дауыстық пошта түмешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жебел хабар алмасу сөйлесуіне дыбыс қосу

Жедел хабар алмасу сөйлесуінде болғанда сөйлесу терезесінде келесі әрекеттердің бірін орындау арқылы контактілерге қоңырау шала аласыз:

  • Дәл қазір сөйлесіп отырған контактіге қоңырау шалу үшін Қоңырау шалутүймешігін басыңыз. Қоңырау контактінің әдепкі нөміріне соғылады.

  • Сол мезетте сөйлесу үстенде емес контактіге қоңырау шалу үшін, немесе сөйлесіп отырған адамның өзге нөміріне қоңырау шалу үшін Қоңырау шалу түймешігін басып, келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Қоңырау шалғыңыз келетін нөмірді басыңыз.

    • Жаңа нөмірге қоңырау шалу үшін Жаңа нөмір түймешігін басыңыз.

Сөйлесу терезесі әлі де ашық тұрады, және дыбыс қосылады. Дыбыс деңгейі және Дыбыс қосу секілді дыбыс бақылаулары көрсетіледі.

Беттің жоғарғы жағы

Қоңырауды аяқтау

Қоңырауды аятап болған соң, дұрыс ажыратылғаныңызға кһз жеткізіңіз.

  • Қоңырауды аяқтау түймешігін басыңыз.

    Ескерту :  Егер жедел хабар алмасу сөйлесуіне дыбыс қосқан болсаңыз, осы жол арқылы қоңырауды аяқтау сөйлесу терезесін жаппайды. Телефон қоңырауы мен жедел хабар алмасу сөйлесуін бір мезетте өшіру үшін сөйлесу терезесіндегі Жабу түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Өкіл ретінде қоңырау шалу

Егер басқарушының не өзге біреудің өкілі болсаңыз, олардың атынан қоңырау шалып, қоңырау қабылдай аласыз.

  1. Контактілер тізімінде не іздеу нәтижелерінде қоңырау шалғыңыз келетін адамға меңзерді бағыттап, Қоңырау шалу мәзірін басыңыз. (Бұл әрекетті контакт картасында да орындай аласыз.)

  2. Пайда болған мәзірдің жоғарғы жағындағы ашылмалы тізімде атынан қоңырау шалынатын адамды таңдаңыз.

  3. Қоңырау шалғыңыз келетін нөмірді басыңыз, немесе жаңа нөмір енгізу үшін Жаңа нөмір түймешігін басыңыз.

Microsoft Outlook 2010 бағдарламасында өкілдердің ашылмалы тізімі контакт картасында көрсетілмейді. Lync қызметі Контактілер тізімінде құрылатын, сізді өкіл ретінде тағайындаған кісілерден тұратын,Мен қоңырауларын басқаратын адамдар деп аталатын топ құрады.

Беттің жоғарғы жағы

Қоңырау сапасын тексеру

Екі басудан тұратын үрдіс арқылы дыбыстық құрылғыңыздың қоңырау сапасын тексере аласыз.

  1. Lync басты терезесінің сол жақ төменгі бұрышында дыбыстық құрылғы мәзірін Дыбыстық құрылғыны таңдау басыңыз.

  2. Қоңырау сапасын тексеру пәрменін басыңыз.

Телефонда, алдымен сізден тексеру хабарламасы ретінде хабарламажазу сұралып, кейіноны қайта тыңдау ұсынылады. Реттеулер енгізу үшін Дыбыстық құрылғы бөліміндегі параметрлерді тексеріп, қайта тағайындаңыз және тексеруді қайта орындаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×