Телефон арқылы жиналысқа немесе конференцияға қосылу

Қоңырау шалу арқылы Microsoft Lync 2010 конференциясына немесе желідегі жиналыстың дыбыс каналына қосыла аласыз. Сіз қатысушы ретінде немесе конференция басшысы ретінде телефон соға аласыз. Басшылар мен қатысушылар да конференциядан тәжірибе алу үшін қос-тоналдық көпжиілілікті (DTMF) пайдалана алады.

Ескерту :  Lync 2010 жүйесіндегі және Microsoft Lync 2010 жүйесіне арналған желідегі жиналыс қондырмасындағы конференция басшылары ұсынушылар деп аталады. Жиналыс ұйымдастырушысы автоматты түрде басшы болады.

Егер конференция басшысы бола тұра, компьютерге рұқсатыңыз болмай қоңырау шалсаңыз, онда қоңырау шалмастан бұрын телефондық конференциялық байланысының PIN кодын орнатуыңыз қажет.

Не істегіңіз келеді?

Телефондық конференциялық байланысының PIN кодын орнату

Қатысушы ретінде қосылу

Конференцияға қатысушы ретінде қосылу

Өз байланысыңызды дыбыссыздандыру немесе қатысушылар тізімін есту

Конференция басшысы ретінде қосылу

Конференция басшысы ретінде қосылу

DTMF (қос-тоналдық көпжиілілік) пәрмендері арқылы жиналысты басқару

Телефондық конференциялық байланысының PIN кодын орнату

Конференция басшысы ретінде қосылуды жоспарласаңыз, телефондық конференциялық байланысының PIN кодын пайдалануыңыз қажет. Конференция қатысушысы ретінде жиналыстарды қауіпсіздендіру үшін телефондық байланысының қабылданған PIN кодымен қатар жұмыс нөмірін пайдалансаңыз болады–яғни белгілі қатысушылардың шектеулі саны–күту залында күтпей-ақ жиналысқа қатыса алады. Телефондық байланысының PIN кодын орнату немесе өзгерту үшін төмендегі әрекеттерді жасаңыз:

  1. Lync басты терезесіндегі Мәзірді көрсету көрсеткісін Параметрлер белгішесі басыңыз, Құралдар пәрменіне нұсқап, содан кейін Телефондық конференция байланысының параметрлері пәрменін басыңыз.

  2. Телефондық конференция байланысының параметрлері және PIN кодын басқару бетіндегі Жеке идентификациялау нөмірі (PIN) астынан Кіру пәрменін басыңыз.

  3. Қажетті тілді таңдаған соң, желілік тіркелгі деректерін енгізіңіз де, Кіру пәрменін басыңыз.

  4. Жеке идентификациялау нөмірі (PIN) астынан PIN кодын қайта орнату пәрменін басыңыз.

  5. PIN коды талаптарын қарап шығып, жаңа PIN кодты енгізіп растаңыз да, қауіпсіз жерде сол туралы жазба қалдырыңыз.

  6. OK пәрменін басыңыз.

Қатысушы ретінде қосылу

Көптеген Lync конференцияларына қатысу–нөмірді теру немесе атыңды жазу сияқты жеңіл болып келеді. Конференцияға қосылған сәтте өз байланысыңызды дыбыссыздандырып, DTMF (қос-тоналдық көпжиілілік) пәрмендерін пайдалану арқылы телефон байланысындағы адамдар дауыстарын ести аласыз. DTMF (қос-тоналдық көпжиілілік) пәрмендері–телефон пернетақтасына енгізілген түймелі кодтар болып табылады.

Конференцияға қатысушы ретінде қосылу

  1. Жиналыс сұранысын ашып Телефон арқылы қосылу параметрінің астынан, телефон нөмірлері мен конференция кодын жазып алыңыз. Егер саяхаттап жүрген болсаңыз, онда орналасқан жеріңізге қарай қол жетімді нөмірлерді көру үшін шақырудағы Жергілікті нөмір байланысын табу пәрменін де баса аласыз.

  2. Тізімдегі нөмірлердің бірін теріп, конференция кодын енгізу ұсынылған кезде (#) тор белгішесімен бірге жазыңыз.

  3. “Егер сіз басшы болсаңыз..” деген ескертуді естіген соң бірнеше секунд күте тұрыңыз.

  4. (Қосымша) Егер жиналыс қауіпсіз болса—яғни белгілі қатысушылар саны шектеулі болса—келесі әрекеттердің бірін жасаңыз:

    • Ұсыныс жасалған кезде, жұмыс нөмірін немесе ішкі байланыс нөмірін теріп телефондық байланыс PIN кодын енгізіңіз.

    • Басшы жиналысқа шақырғанша байланыстан ажырамай күте тұрыңыз.

  5. Қажет кезде атыңызды жазыңыз да, (#) тор белгішесін басыңыз.

Келесі жағдайларда конференцияға қосылмастан бұрын байланыстан ажырамай күте тұруыңыз қажет:

  • Басшы конференцияға қосылған жоқ

  • Бұл қауіпсіз қоңырау және сіз жоғарыдағы 4 қадамда ішкі байланыс нөмірі мен PIN кодын енгізуден гөрі залда күте тұруды таңдадыңыз.

Өз байланысыңызды дыбыссыздандыру немесе қатысушылар тізімін есту

Төмендегі кестеде DTMF (қос-тоналдық көпжиілілік) пәрмендері немесе конференция барысында қатысушыларға қол жетімді телефон пернетақтасына енгізілген түймелі кодтар берілген.

Басу

Орындалатын әрекет

*1

Қол жетімді DTMF (қос-тоналдық көпжиілілік) пәрмендерінің сипаттамасын ресми емес түрде ойнату

*3

Конференциядағы әрбір қатысушының атын ресми емес түрде ойнату

*6

Микрофонды дыбыссыздандыру немесе дыбыстандыру

Беттің жоғарғы жағы

Конференция басшысы ретінде қосылу

Телефондық байланыс нөмірі мен конференция кодына қосымша, конференцияға басшы ретінде қосылу үшін телефондық байланыс PIN кодын орнатып жазба қалдыруыңыз қажет. Қоңырауға қосылған сәтте, DTMF (қос-тоналдық көпжиілілік) пәрмендерін пайдалану арқылы жиналыстың дыбысталу және басқа да параметрлерін басқара аласыз.

Конференция басшысы ретінде қосылу

  1. Жиналыс сұранысын ашып Телефон арқылы қосылу параметрінің астынан, телефон нөмірлері мен конференция кодын жазып алыңыз. Егер саяхаттап жүрген болсаңыз, онда орналасқан жеріңізге қарай қол жетімді нөмірлерді көру үшін шақырудағы Жергілікті нөмір байланысын табу пәрменін де баса аласыз.

  2. Тізімдегі нөмірлердің бірін теріп, конференция кодын енгізу ұсынылған кезде (#) тор белгішесімен бірге жазыңыз.

  3. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Егер жиналысты жоспарлап қойған болсаңыз, жұлдызша (*) пернесін қажетті кезде басып, содан кейін PIN кодын енгізіңіз.

    • Егер сіз жиналыс ұйымдастырушысы болмасаңыз, онда келесі ұсынысты естігенше күте тұрыңыз “Егер жиналыс басшысы ретінде тағайындалсаңыз, жұлдызшаны қайта басыңыз”. Содан кейін жұлдызша (*) пернесін басып телефон нөміріңізді және PIN кодын қажетті кезде енгізіңіз.

Сіз келесі “Сіз жиналыс басшысы ретінде қосылып тұрсыз” деген сөйлемді естисіз және қоңырауға қосыласыз.

Ескерту :  Егер байланыстан ажыратылмай күтуіңіз қажет болса немесе атыңызды жазу сұралса, онда конференция басшысы ретінде тағайындалғаныңыз расталмаған. Телефон тұтқасын қойып конференцияға қосылуға қайта талпынып көріңіз.

DTMF (қос-тоналдық көпжиілілік) пәрмендері арқылы жиналысты басқару

Төмендегі кестеде берілген DTMF (қос-тоналдық көпжиілілік) пәрмендерін пайдалану арқылы жиналыс барысында қатысушыларды, дыбысты және залды басқарыңыз.

Басу

Орындалатын әрекет

Қол жетімділік

*1

Қол жетімді DTMF (қос-тоналдық көпжиілілік) пәрмендерінің сипаттамасын ресми емес түрде ойнату

Бәрі

*3

Конференциядағы әрбір қатысушының атын ресми емес түрде ойнату

Бәрі

*4

Аудиторияны дыбыссыздандыру немесе қатысушыларға дыбыссыз басқаруды қайтару

Маңызды :  Аудиторияны дыбыссыздандыру жеке қатысушыларды дыбыссыз күйде қалдырмайды. Сіз аудиторияны дыбыссыз күйде қалдырсаңыз, қатысушылар өздерін қалай дыбыссыздандыру керектігі жайлы хабарлама алады.

Тек басшыға арналған

*6

Микрофонды дыбыссыздандыру немесе дыбыстандыру

Бәрі

*7

Конференцияны құлыптау немесе құлпын ашу

Тек басшыға арналған

*8

Қазір залда күтіп тұрған барлық қатысушыларды қабылдап алыңыз. Сіз осылай бұйырған кезде барлық қатысушылар залдан шығып кетеді.

Тек басшыға арналған

*9

Конференцияға кіріп немесе шығып жатқан қатысушыларға арналған хабарламаларды қосыңыз немесе өшіріңіз. Хабарламалар жиналыстағы барлық қатысушыларға естіледі

Тек басшыға арналған

Ескерту :  Бұл пәрмендер желі жұмысының конфигурациясына немесе орналасуына қарай өзгеру мүмкін. Егер сіз бейтаныс жерден телефон шалсаңыз, онда жиналыс шақыруынан Жергілікті нөмір байланысы пәрменін басу арқылы қол жетімді арнайы пәрмендерді тексеріңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×