Тасымалдау туралы ойлау

Windows SharePoint Services 3.0 бағдарламасында тораптарды және тізімдер, тізім элементтері, және қалталар сияқты торап бөліктерін басқа Windows SharePoint Services 3.0 тораптарына тасымалдауға болады. Осы басқа тораптар бастапқы тораппен бірге дәл осы тұтынғыш Веб серверінде жегіліп тұруы мүмкін, бір серверлер тобындағы басқа тұтынғыш Веб серверінде жегіліп тұруы мүмкін немесе Windows SharePoint Services 3.0 бағдарламасын мүлдем басқа мақсатта пайдаланып тұрған тұтынғыш Веб серверінде жегіліп тұруы мүмкін. Тораптарды тасымалдаудың түрлі әдістері үшін түрлі рұқсаттар талап етіледі.

Егер Сіз торап жиынтығының иесі немесе әкімшісі болсаңыз, Сіз кейбір тасымалдау әрекеттерін орындауыңыз мүмкін. Басқа торап иелері мен торап құрастырушылары бұл мақаланы тасымалдау үрдісін түсіну және өз тораптарын тасымалдау туралы кейбір ақпарат беру үшін пайдалануы мүмкін. Сервер әкімшілеріне арналған тасымалдау ақпаратын алу үшін "Орталық әкімшілік" беттеріне немесе Microsoft TechNet Веб торабындағы Windows SharePoint Services үшін арналған беттер мақаласына қараңыз.

Тасымалдау әдістері

Windows SharePoint Services 3.0 бағдарламасы торап жиынтықтарын, тораптарды немесе бір торап ішіндегі нысандардың кез келген тіркесімін Windows SharePoint Services 3.0 бағдарламасымен кеңейтілген басқа SharePoint Веб-бағдарламасына тасымалдау үшін бірнеше әдіс ұсынады. Тасымалдау үрдісі теқ қана Windows SharePoint Services 3.0 бағдарламасынан Windows SharePoint Services 3.0 бағдарламасына нысандарды жылжыту үшін қолданылады. Windows SharePoint Services бағдарламасының бұрынғы нұсқаларынан тораптарды, мазмұнды немесе кез келген басқа нысанды Windows SharePoint Services 3.0 бағдарламасына тасымалдау мүмкін емес. Бағдарламанынң бір нұсқасынан басқа нұсқасына жылжыту туралы ақпарат алу үшін Жаңарту туралы ойлау мақаласына қараңыз.

Төмендегі кесте мазмұн тасымалдаудың түрлі әдістерін сипаттайды.

Ескерту : Төмендегі кестенің "Ең қажетті рұқсаттар" бағаны әрбір тасымалдау әдісі үшін талап етілетін рұқсаттарды көрсетеді. Егер Сізде талап етілген рұқсаттар жоқ болса, тиісті топ мүшесімен хабарласып, талап етілген рұқсаттарды сұрап алыңыз немесе тасымалдау әрекетін орындап беруді сұраңыз.

Әдіс

Түсініктеме

Ең қажетті рұқсаттар

Stsadm.exe деп аталатын пәрмен жолы құралында –o backup және –o restore әрекеттерін істеу.

Бұл торап жиынтығын түгелімен тасымалдаудың ең жақсы жолы болып табылады, себебі ол торап жиынтығының деңгейіндегі жұмыс үрдістерін, ескертулерді және метадеректерді тасымалдайтын жалғыз әдіс.

Жергілікті әкімшілер тобының мүшесі немесе "Орталық әкімшілік" деңгейіндегі ферма әкімшілері тобының мүшелері

"Орталық әкімшілік" бетіндегі Сақтау көшірмесін жасау және Сақтау көшірмесінен қалпына келтіру сілтемелерін пайдалану.

Бұл тораптарды жекелеп тасымалдаудың ең оңай жолы.

"Орталық әкімшілік" деңгейіндегі ферма әкімшілері тобының мүшесі

Windows SharePoint Services нысан үлгісін пайдалану.

Бұл Windows SharePoint Services 3.0 бағдарламасында жаңа және ең икемді әдіс болып табылады. Нысан үлгісіндегі тасымалдау үрдісімен байланысты қолданбалы бағдарламалық тілдесулерін (ҚБТ) тораптарды және торап деңгейінен төменірек болған деңгейдегі нысандардың кез келген тіркесімін тасымалдау үшін пайдалануға болады.

Тасымалданып отырған нысандарды оқұ және тағайындау тораптағы нысандарды өзгерту үшін қажетті рұқсаттары бар болған торап жиынтығының әкімшісі

Microsoft Office SharePoint Designer 2007 сияқты Windows SharePoint Services бағдарламасымен сыйысымды Веб-беттерді өңдейтін бағдарламаларды пайдалану.

Веб-тораптарды тек түгелімен ғана тасымалдауға болады. Назар аударыңыз: нысандардың ғаламдық бірегей идентификатор (GUID) ұқсатқыштары нысандармен бірге тасымалданбайды. Бұл дегені тасымалданған нысандар ғаламдық түрде бірегей болмайды.

Тасымалданып отырған нысандарды оқұ және тағайындау тораптағы нысандарды өзгерту үшін қажетті рұқсаттары бар болған торап жиынтығының әкімшісі

Тасымалдау үрдісі (нысан үлгісі)

Windows SharePoint Services нысан үлгісі нысандарды бір Веб-сервер ішінде, бір сервер фермасындағы Веб-серверлер арасында және сервер фермаларының арасында. Бұл бөлімде жиі кездесетін жағдай сипатталған: нысан үлгісін торапты және басқа нысандарды көмекші серверден өндірістік серверге тасымалдау үшін пайдалану. Нысан үлгісін пайдалану үшін көмекші және өндірістік серверлер үшін сервер әкімшісі болған кісі қажет. Дегенмен, бұл тасымалдау сценарийін жоғары деңгейде түсіну торап иелері үшін тиімді болуы мүмкін: олар тасымалдау әрекетін орындайтын кісімен бірге жұмыс істейтін болады. Бұл жағдайда, төмендегі суретте көрсетілгендей, көмекші сервер ұйымдың SharePoint тораптарына енгізілетін өзгерістерді жасау және оларды тексеру үшін қолданылады. Өзгерістер тексерілген соң өзгерістер өндірістік серверге тасымалданады. Пайдаланушылар торапқа өндірістік сервер арқылы торапқа қатынаса алады.

Ескерту : Нысан үлгісін пайдаланып, тораптарды және басқа нысандарды көмекші серверден өндірістік серверге тасымалдау үшін Сіз көмекші серверде де өндірістік серверде де тиісті рұқсаттарға (жоғарыдағы кестеде тізімделген) ие болуыңыз тиіс. Егер ең қажетті рұқсаттарға ие болмасаңыз, сервер әкімшіңізбен хабарласып, оларды сұрап алыңыз немесе тасымалдау әрекетін орындап беруді сұраңыз.

PRIME жүйесін пайдаланатын тасымалдау үрдісі.

1. Сервер әкімшісі көмекші серверге кіріп, көмекші серверде жегіліп тұрған нысан үлгісіне қатынасатын сценарий жазады және оны орындайды. Көмекші серверде жегіліп тұрған сценарий ортақ қор көзінде .cab файлы ретінде болған тасымалдау бумасын жасайды.

Ескерту : Осы .cab файлын жасаған кісі жазу рұқсаттарына ие болуы тиіс, ал осы .cab файлын импорттайтын кісі осы ортақ қор көзінде оқу рұқсаттарына ие болуы тиіс.

2. Сервер әкімшісі өндірістік серверге кіреді де тасымалдау үрдісімен байланысты қолданбалы бағдарламалық тілдесулерін пайдаланып, тасымалдау бумасын өндірістік серверде орналастырады.

Бума өндірістік серверге тасымалданған соң сервер әкімшісі тораптың дұрыс тасымалданғанын тексереді. Бұның ішінде сілтемелерді тексеру, қауіпсіздік параметрлерін тексеру және Web бөліктерінің функционалдық мүмкіндіктерін тексеру әрекеттері бар.

Нысан үлгісін қалаған (торап және төменірек деңгейдегі) нысандардың кез келген тіркесімін таңдау үшін пайдалануға болатындықтан, оны бастапқы серверде өзгертілген элементтерді ғана тасымалдау үшін пайдалануға болады.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×