Тапсырманы аяқтау

Тапсырманы орындауды аяқтаған кезде не оны бұдан былай қадағалаудың қажеттілігі жоқ болған жағдайда бұл тапсырманы орындалған деп белгілеуіңізге болады. Тапсырма орындалды деп белгіленгеннен кейін ол Microsoft Outlook жүйесінде бұдан бұлай белсенді күйде тұрған тапсырма ретінде көрсетілмейді.

Не істеуге болады?

Тапсырманы орындалды деп белгілеу

Қайталанатын тапсырманы өткізіп жіберу

Қайталанатын тапсырмалардың аяқталуы

Тапсырманы орындалды деп белгілеу

Төменде көрсетілгендердің біреуін жүзеге асырыңыз:

  • Хабар тізімінен, тапсырмалардан, іс-әрекет жолағынан не күнтізбедегі күнделікті тапсырмалар жолағынан жалауша күйінің бағанын шертіңіз.    

    • Элементтің арт жағындағы жалауша күйі бағанын шертіңіз.

  • Тапсырмалар тізіміндегі, іс-әрекет жолағындағы, не күнтізбедегі күнделікті тапсырмалар тізіміндегі тапсырманы оң жақ батырмамен шертіңіз.    

    1. Тапсырманы оң жақ батырмамен шертіңіз.

    2. Мәтінмәндік мәзірден Орындалғанын белгілеу батырмасын басыңыз.

  • Тапсырмалардағы тапсырамның үстінен екі рет шертіңіз    

    1. Тапсырманы екі рет шертіп ашыңыз.

    2. % Орындалды өрісінде, 100% деп көрсетіңіз .

      Қалып күй және % Орындалды жолақатры өзара байланысқан. Егер бір жолақтың мәнін өзгертсеңіз, онда екінші жолақтағы мән де төмендегі кестеде көрсетілген мәндерге сай өзгеріп отырады.

Қалып күй

% Орындалды

Басталған жоқ

0

Орындалуда

1-99

Орындалды

100

Басқа біреуді күтуде   

0-100

Шегіндірілді

0-100

Ескерту : ЕгерОрындалды өрісі тапсырмалар тізімінен  — жоғарғы жақтарында құсбелгілер орналасқан құсбелгі көздерінен тұратын бағаннан көрсетілсе, — онда сіз орындалған тапсырманы орындалды деп белгілеу үшін құсбелгілерді таңдай аласыз. Егер, Қалп күй жолағы тапсырмалар тізімінен көрсетілсе, онда ашпалы шаршыдан тапсырма үшін Орындалды күйін таңдай аласыз.

  • Тапсырма жалаушасымен белгіленген электрондық пошта хабарын ашу    

    1. Электрондық пошта хабарын ашыңыз.

    2. Хабар қойындысынан Бақылау тобын ашып, Түймешік суреті .

      Пернетақта лақабы  ALT-U перне тіркесімін басыңыз.

    3. Орындалды деп белгілеу батырмасын басыңыз.

      Осы жерден Орындалды деп белгілеу мен Жалаушаны алу екеуінің арасындағы айырмашылықты оқып біле аласыз.

      Орындалды деп белгілеу     Элемент енді бақылау қажеттігін көрсететін жалаушамен қоса көрсетіліп тұр, дегенмен ол үстінен сызылған күйде көрсетіліп тұр. Егер іс-әрекет жолағы және тапсырмалар барлық тапсырмалар мен орындалатын әрекеттерді орындалған орындалмағанына қарамастан көрсететін болып ішқұрылымдалса, онда хабарлар өзіңіз жабар қалталарынан жоймайынша көрсетіле береді.

      Жалаушаны алу     Жалауша электрондық пошта хабарынан алынады, және іс-әрекет жолағы мен тапсырмалардан көрсетіліп жатқан хабарлар ешқай жерде тіркелмейді.

      Егер орындалған тапсырмалардың тізімін бір жерге сақтап қойғыңыз келсе, онда Орындалды жалаушасын қолданыңыз. Дегенмен, электрондық пошта хабарын бірден жойып жібергеннен кейін, элемент тұтастай Outlook бағдарламасының көріністерінен көрсетілуін қояды.

Беттің жоғарғы жағы

Қайталанатын тапсырманы өткізіп жіберу

  1. Өткізіп жібергіңіз келген нақты қайталанып отырған тапсырманы ашыңыз.

  2. Тапсырмалар қойындысынан Параметрлерді ашып, Қайталануды өткізуді басыңыз.

Ескерту : Егер қайталанатын тапсырманы белгіленген мәртеден асқаннан кейін көрсетілуін тоқтатқанын қалап, тиісті параметрді орнатсаңыз, онда қайталанатын тапсырманы әрбір рет өткізген сайын қалған қайталанулар 1 санға кеміп отырады.

Беттің жоғарғы жағы

Қайталанатын тапсырмалардың аяқталуы

  1. Қайталанған тапсырманы ашыңыз.

  2. Тапсырмалар қойындысынан Параметрлерді ашып, Қайталану батырмасын басыңыз.

  3. Қайталануды алып тастау батырмасын басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×