Тапсырмаларды көру

Тапсырмалар Microsoft Office Outlook 2007  үш орынға — Орындау тақтасына, ТапсырмаларКүнтізбедегі Күнделікті тапсырмалар тізіміне шығады. Егер сіз Windows SharePoint Services 3.0 тапсырмалар тізіміне жазылсаңыз, онда осы тізімнен сізге тағайындалған кез келген тапсырма осы орындардың үшеуіне де шығады.

Не істегіңіз келеді?

Тапсырмалардағы тапсырмаларыңызды көру

Орындау тақтасындағы тапсырмаларыңызды көру

Күнтізбедегі Күнделікті тапсырмалар тізіміндегі тапсырмаларыңызды көру

Тапсырмалардағы тапсырмаларыңызды көру

  • Шарлау тақтасы ішіндегі Тапсырмалар параметрін таңдаңыз.

    Кеңес : Шарлау тақтасы ішіндегі Ағымдағы көрініс параметрін өзгерту арқылы тапсырмалар тізімінің берілу әдісін өзгертуіңізге болады.

Беттің жоғарғы жағы

Орындау тақтасындағы тапсырмаларыңызды көру

Орындау тақтасы барлық Outlook көріністеріне әдепкі мәні бойынша шығады. Орындау тақтасын қосуыңызға немесе өшіруіңізге болады. Бұған қосымша, бейнебеттің бос орнын аз пайдаланатын Орындау тақтасының кішірейтілген нұсқасын таңдауыңызға болады.

Іс Тізімі

Орындау тақтасын қосқаныңызда немесе өшіргеніңізде немесе оны белгілі бір көрініспен кішірейтіп көргеніңізде, параметр сол көрініске ғана қолданылады. Мысалы, сіз поштадағы Орындау тақтасын өшірсеңіз, бағдарламаның іске қосылатын келесі уақытын қоса алғанда, сіз поштаға кіргеніңізде ол өшірулі болады. Дегенмен, ол Күнтізбе, Жазбалар және Тапсырмалар сияқты басқа көріністерде қосулы болады.

  • Көрініс параметрін көрсетіңіз, Орындау тақтасы параметрін көрсетіңіз, одан кейін Қалыпты, Кішірейтілген немесе Өшірулі параметрін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Күнтізбедегі Күнделікті тапсырмалар тізіміндегі тапсырмаларыңызды көру

Күнделікті тапсырмалар тізімі Outlook күнтізбесінің Күн және Апта көріністеріне ғана шығады. Күнделікті тапсырмалар тізімін қосу немесе өшіру үшін Күтізбе ішіндегі Көрініс параметрін таңдаңыз, Күнделікті тапсырмалар тізімі параметрін көрсетіңіз, одан кейін Қалыпты немесе Өшірулі параметрін таңдаңыз.

Ағымдағы тапсырмалардың санын ғана көрсету үшін Күнтізбе ішіндегі Көрініс параметрін таңдаңыз, Күнделікті тапсырмалар тізімі параметрін көрсетіңіз, одан кейін Кішірейтілген парметрін таңдаңыз — немесе, баламалы түрде, меңзер Өлшем таңбалауышының белгішесі болғанда, Күнделікті тапсырмалар тізімінің жоғарғы жиегін басыңыз, одан кейін жоғары не төмен апарыңыз.

Күнделікті тапсырмалар тізімі

Кеңес : Күнделікті тапсырмалар тізімінде жаңа тапсырмалар жасау үшін сізге Қалыпты Күнделікті тапсырмалар тізімінің параметрін пайдалану керек.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×