Талқылау тақтасын теңшеу

Талқылау тақталары торап пайдаланушыларына бір-бірімен тақырыптарды талқылау үшін форумдарды ұсынады. Торап үлгілерінің көбінде талқылау тақталарын жасау мүмкіншілігі бар, ал көптеген тораптар мен жұмыс кеңістігі тораптарында «Топ талқылауы» деп аталатын бекітілген талқылау тақталары болады. Торап иесі ретінде Сіз талқылау тақталарын теңшей аласыз.

Бұл мақалада

Талқылау тақталарын теңшеу жөнінде

Көріністі жасау

Көріністі өңдеу

Көріністі жою

Әдепкі ортақ көріністі белгілеу

Талқылау тақталарын теңшеу жөнінде

Талқылау тақталарына тән көріністер мен істеу тәртіптерін теңшеу үшін бірнеше балама бар. Талқылау тақтасы үшін жаңа көрініс жасаған кезде Сіз оны бар көрініске негіздеуіңіз керек. Әдепкіде, келесі көріністер беріледі:

  • Тақырып көрінісі    Бұл көрініс тек жоғары деңгей қалталарында ғана болады (талқылау тақтасының жоғарғы деңгейі) және талқылаулардың атаулары мен бір нақты талқылаудағы басқа метадеректерді қарау үшін қолданылады. Тақтада әр талқылаудың атауы «Тақырып» бағанында сілтеме ретінде беріледі, сілтемені басқанда сол талқылау жауаптарын көрсететін төменгі деңгей қалталарына барасыз.

    Ескерту : Жоғарғы деңгей қалталарына жазық немесе ағынды сияқты басқа көрініс қолдануға болғанымен, біз ондайды ұсынбаймыз. Оның орнына тақырып көрінісін немесе тақырып көрінісі негізінде жасалған көріністі қолданыңыз.

  • Жазық көрініс    Әдепкіде, бұл көрініс тек талқылау мазмұн түріндегі қалтадарда ғана болады. Бұл оның жоғарғы деңгей қалтасында жоқ екендігін білдіреді. Бұл көріністе талқылау тақырыбы, талқылаудың барлық жауаптары және басқа да жауаптар бір жаққа реттеледі.

  • Ағынды көрініс    Әдепкіде, бұл көрініс тек талқылау мазмұн түріндегі қалтадарда ғана болады. Бұл оның жоғарғы деңгей қалтасында жоқ екендігін білдіреді. Бұл көріністе талқылау тақырыбы бір жаққа реттеледі, талқылаудың барлық жауаптары жәй жылжытылады, ал бұрынғы жауаптарға берілген жауаптар одан әрі жылжытылады. Бұл көріністе жауаптың тікелей талқылаудың тақырыбына, әлде бұрынғы жауапқа берілгенін оңай көруге болады.

Ескерту : Көрініс жасаған уақытта оны жеке немесе ортақ көрініс ретінде анықтауыңызға болады. Жеке көрініс тек соны анықтаған адамға ғана көрінетінін есте сақтаңыз, ал ортақ көрініс бәріне де көрінеді.

Келесі кестеде талқылау тақтасына көрініс жасау кезінде торап иесі таңдай алатын теңшелім параметрлері берілген. Осы параметрлердің көбін жүйеде бар көріністерді өңдеген кезде де қолдануға болады.

Ескерту : Тізім параметрлерінің көбін теңшеу үшін Сізде тізімді басқару немесе өзгерту рұқсаты болуы тиіс.

Теңшелім параметрлері

Әрекеттер

Атауы

Бұл көрініске бірегей атау беріп, әдепкіде ортақ болуын анықтаңыз.

Ескерту : Әдепкі көрініс ету құсбелгі көзі тек ортақ көріністерге қатысты, ал жеке көріністерге қатысты емес.

Аудитория

Жеке немесе ортақ көрініс екенін анықтаңыз.

Ескерту : Бұл параметр тек көрініс жасау кезінде ғана қатынаулы болады.

Бағандар

Осы көріністе көргіңіз келетін бағандарды және олардың шығу ретін таңдаңыз.

Сұрыптау

Сұрыптағыңыз келетін негізгі және көмекші бағандарды, және оларды не артуы не кемуі бойынша сұрыптау ретін таңдаңыз.

Сүзгі

Бұл көріністе барлық элементтерді көрсету керектігін (талқылаулар және жауаптар) немесе элементтерді сүзгілеу керектігін анықтаңыз. Екіден көп бағандарды сүзгілеу үшін Көп бағандарды көрсету дегенін нұқыңыз.

Ескерту : Егер элементтерді сүзгілеуді таңдасаңыз, онда беттің тез қызмет көрсетуіне байланысты бірінші тарау үшін индекстелген бағанды таңдауды ұсынамыз.

Топтау әдісі

Талқылауларды арнайы бағандарға топтау керектігін анықтаңыз. Мысалы, бір пайдаланушы жасаған немесе арнайы бір күнде жасалған талқылауларды топтауды таңдауыңызға болады.

Талқылаулар топталғаннан кейін олар бас беттегі талқылаулар тақтасында топталған бағанның атауымен аталған ағаш көрінісінде шығады. Сіз мұндай ағаш көрінісінің әдепкіде тасалағанын немесе кеңейтілгенін, және әр бетте көрсетілетін топтардың санын таңдауыңызға болады.

Жиындар

Бұл көріністегі әр баған үшін жинақты анықтаңыз. Арнайы баған үшін Санау параметрін таңдағанда бас беттегі талқылаулар тақтасында бағандағы элементтердің санын шығарады. Кейбір бағандарда Ең үлкен мән және Ең кіші мән параметрлері бар, олар сол бағандағы ең жоғары және ең төменгі мәндерді көрсетеді.

Мәнер

Көрініс үшін алдын ала анықталған бірнеше мәнерлердің біреуін таңдаңыз.

Қалталар

Бұл бөлімдегі параметрлерді қолдана отырып, көрініске өзгерістер енгізетін келесі таңдауларды қолданыңыз:

  • Элементтерді қалта ішінде немесе қалтасыз көрсетуді таңдаңыз.

    Жазық және ағынды көріністер үшін элементтерді қалта ішінде көрсетуді таңдағанда талқылау тақырыптары төменгі деңгей қалталары тізімінің басында көрсетіледі. Элементтер қалтасыз көрсетілгенде дәл сол тізім тақырыпсыз шығады.

    Ескерту : Тақырыпты көрініс үшін элементтерді қалталар ішінде көрсету әдепкі және ұсынылатын параметр болып табылады.

  • Бұл көріністі тек жоғары деңгей немесе таңдалған арнайы мазмұны бар қалталары үшін барлық қалталарда көрсетіңіз.

    Ескерту : Көптеген көріністер жоғары және төмен деңгей қалталарына бірдей қолданыла алмайды. Сондықтан, тек жоғары деңгей қалтасына лайық тақырыпты көрініс негізінде жасалған көріністерді әдетте таңдауыңыз керек, және арнайы мазмұнды қалталарға лайық жазық немесе ағынды көріністер негізінде жасалған көріністерді әдетте таңдауыңыз керек.

Элементтерді шектеу

Көріністе шығатын элементтердің санын анықтаңыз. Сіз оны не абсолютті шек ретінде қоюыңызға, не пайдаланушыларға тізімдегі барлық тарауларды арнайы көлеммен бөліп-бөліп қарауға рұқсат етуіңізге болады.

Беттің жоғарғы жағы

Көріністі жасау

Арнайы талқылау тақтасына жасайтын көріністер сол талқылау тақтасындағы барлық талқылауларға тиесілі.

  1. Тез қосу мәзірінде көрініс ашқыңыз келетін талқылау тақта атын басыңыз.

    Сіздің талқылау тақтаңыздың атауы шығарылмаса, Тораптың толық мазмұнын көру түймешігін нұқып, одан кейін талқылау тақтаңыздың атауын нұқыңыз.

  2. Параметрлер мәзірінде Көрініс жасау дегенін нұқыңыз.

  3. Көрініс жасау бетіндегі Бар көріністен бастау бөлімінде жаңа көріністің негізі болатын бар көріністі басыңыз.

  4. Көрініс жасау бетінде орналасқан Атауы бөлімінде осы көрініске ерекше атау беріп, оны әдепкіде ортақ болуын анықтаңыз.

  5. Аудитория бөлімінде жеке немесе ортақ көрініс екендігін анықтаңыз.

  6. Бағандар бөлімінде осы көріністе көрсетілетін бағандарды және орнын анықтаңыз.

  7. Сұрыптау бөлімінде, көріністе сорттағыңыз келетін бірінші және екінші бағандарды таңдаңыз.

    Ескерту : Егер сұрыптайтын бағандарды таңдағыңыз келмесе, онда Жоқ жолын таңдаңыз.

  8. Сүзгі бөлімінде осы көрініске керек сүзгі параметрлерін таңдаңыз.

  9. Қалталар бөлімінде осы көрініске керек қалта параметрлерін таңдаңыз.

    Ескерту : «Көрініс жасау» бетіндегі параметрлер туралы толық ақпарат алдыңғы кестеде берілген.

  10. Таңдауларды жасап болғаннан кейін OK түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Көріністі өңдеу

  1. «Жедел іске қосу» тақтасында көріністі өңдегіңіз келетін талқылау тақта атауын нұқыңыз.

    Сіздің талқылау тақтаңыздың атауы шығарылмаса, Тораптың толық мазмұнын көру түймешігін нұқып, одан кейін талқылау тақтаңыздың атауын нұқыңыз.

  2. Келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Егер Сіз жоғарғы деңгей қалтасында көрсетілген көріністі өңдегіңіз келсе, Көрініс мәзірінен өңдегіңіз келетін көріністі таңдаңыз.

    • Егер Сіз хабарлардың көрінісін өңдегіңіз келсе, әр талқылау атауын нұқып, содан кейін Көрініс мәзірінен өңдегіңіз келетін көріністі таңдаңыз.

  3. Көрініс мәзірінде Бұл көріністі өзгерту дегенін нұқыңыз.

  4. Көрініс өңдеу бетінде қажетті өзгерістерді енгізіп, OK түймешігін басыңыз.

    Ескерту : Көрініс өңдеу бетіндегі параметрлре туралы толық ақпарат алдыңғы кестеде берілген.

Беттің жоғарғы жағы

Көріністі жою

  1. «Жедел іске қосу» тақтасында жойғыңыз келетін көріністі ұстайтын талқылау тақтасының атауын нұқыңыз.

    Сіздің талқылау тақтаңыздың атауы шығарылмаса, Тораптың толық мазмұнын көру түймешігін нұқып, одан кейін талқылау тақтаңыздың атауын нұқыңыз.

  2. Параметрлер мәзірінде Талқылау тақтасының параметрлері дегенін нұқыңыз.

  3. «Талқылау тақтасының атауын теңшеу» талқылау бетінде орналасқан Көріністер бөлімінде жойғыңыз келетін көріністің атауын таңдаңыз.

  4. Көрініс өңдеу бетінде Жою дегенін нұқып, содан кейін растау үшін OK түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Әдепкі ортақ көріністі белгілеу

Сіз талқылаулар үшін әдепкі көріністі және жауаптарға өзгеше әдепкі көріністі белгілей аласыз.

  1. «Жедел іске қосу» тақтасында әдепкі ортақ көріністі анықтағыңыз келетін талқылау тақта атауын басыңыз.

    Сіздің талқылау тақтаңыздың атауы шығарылмаса, Тораптың толық мазмұнын көру түймешігін нұқып, одан кейін талқылау тақтаңыздың атауын нұқыңыз.

  2. Параметрлер мәзірінде Талқылау тақтасының параметрлері дегенін нұқыңыз.

  3. «Талқылау тақтасының атауын теңшеу» талқылау бетінде орналасқан Көріністер бөлімінде, әдепкі ортақ көрініс етіп белгілегіңіз келетін көріністің атауын басыңыз.

  4. Көрініс өңдеу бетінде орналасқан Атауы бөлімінде Әдепкі көрініс ету параметріне құсбелгі қойыңыз да OK түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×