Сұрауларға кіріспе

Деректерді сараптау, қосу, өзгерту немесе оларды дерекқорыңыздан жою қажет кезде сұрауды пайдалануды ұйғарыңыз.

Сұрауды қолдана отырып, кесте деректеріне тікелей қарау арқылы жауап беру қиын болатын деректер туралы өте нақты сұрақтарға жауап бере аласыз. Деректеріңізді сүзгілеу, олармен есептеулерді орындау және топтау үшін сұрауларды пайдалана аласыз. Сондай-ақ, көптеген деректерді басқару тапсырмаларын автоматтандыру және деректеріңіздегі өзгертулерді жасамастан бұрын сараптау үшін де сұрауларды пайдалануыңызға болады.

Ескерту : Қосындылау немесе Санау сияқты жиындық сұрау функциялары веб сұрауларында қол жетімсіз.

Сұрауларды пайдалану көптеген дерекқор тапсырмаларын жеңілдетеді

Бұл мақалада:

Жалпы шолу

Кестедегі деректердің ішкі жиынына қарау

Бірнеше кестелерден деректерді бір уақытта сараптау

Сұрау бар параметрлерді пайдалана отырып әртүрлі сұрақтар сұрау

Деректеріңіздің негізінде есептеулерді орындау

Топталған немесе жиынтық деректерге қарау

Басқа кестелердегі деректерді пайдалана отырып жаңа кесте жасау

Басқа кестелердегі деректерді пайдалана отырып кестеге деректер қосу

Автоматты күйде деректерді өзгерту

Автоматты күйде деректерді жою

Жалпы шолу

Сұрау деректер нәтижелері, деректердегі әрекеттер үшін немесе екеуіне де арналған сұраныс болып табылады. Сұрауды қарапайым сұраққа жауа беру, есептеулерді орындау, әртүрлі кестелерден деректерді біріктіру немесе кесте деректерін қосу, өзгерту не жою үшін пайдалануыңызға болады. Кестеден деректерді іздеу және есептеулерді орындау үшін пайдаланылған сұраулар іріктеуді сұраулар деп аталады. Деректерді қосатын, өзгертетін немесе жоятын сұраулар әрекетті сұраулары деп аталады.

Бұл мақалада сұраулар туралы негізгі ақпарат пен әр түрлі сұраулардың мысалдары беріледі. Сұраудың әр түрі бойынша қосымша ақпарат алу үшін «Анықтама» бөлімін іздеңіз немесе осы мақаланың Қосымша қараңыз бөліміндегі сілтемелерді нұқыңыз.

Сонымен қатар сұрауды пішінге немесе есепке деректер беру үшін пайдалануыңызға болады. Жақсы жасақталған дерекқорда пішінді немесе есепті пайдалана отырып көрсеткіңіз келген деректер көбіне әртүрлі кестелерде орналасады. Сұрауды пайдалана отырып, пішінді немесе есепті жасақтамастан бұрын пайдаланғыңыз келген деректерді жинауыңызға болады.

Пішіндерге немесе есептерге деректер беру үшін сұрауды пайдалану туралы қосымша ақпарат алу үшін «Қосымша қараңыз» бөліміндегі сілтемелерді қолданыңыз немесе «Анықтама» бөлімін іздеңіз.

Бұрыннан бар сұрауды ашу

Шарлау аумағымен таныс болмасаңыз, бұрыннан бар сұрауды қалай ашу керектігін білмеуіңіз мүмкін. Шарлау аумағы – Дерекқор терезесін Access 2007 бағдарламасына дейінгі нұсқаларды ауыстыратын мүмкіндік. Шарлау аумағы терезенің сол жағында көрінеді.

Сұрауды қоса алғанда кез келген дерекқор нысанын ашу үшін, шарлау аумағындағы нысанды екі рет басыңыз.

Мысалдарды орындап отыру үшін борей дерекқорын пайдаланыңыз

Ескерту : Бұл бөлімдегі мысалдар Northwind 2010 дерекқор үлгісін пайдалана отырып жасалған дерекқорды пайдаланады.

  1. Файл қойындысын нұқып, Жаңа тармағын таңдаңыз.

  2. Ортаңғы аумақтағы Мүмкін үлгілер астынан Үлгілер параметрін, одан кейін Борей тармағын таңдаңыз.

  3. Оң жақ аумақтағы «Файл аты» жолындағы дерекқор файлы атын сараптап, атқа кез келген өзгертулерді енгізіңіз. Қалта белгішесін басу арқылы да басқа файл орнын шолуға болады.

  4. Жасау пәрменін таңдаңыз.

  5. Дерекқорды ашу үшін, Northwind сатушылары бетіндегі ( Бастау экран нысан қойындысы) нұсқаулығын орындаңыз, одан кейін «Кіру» тілқатысу терезесін жабыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Кестедегі деректердің ішкі жиынына қарау

Кейде кестеден барлық деректерді, ал басқа уақыттарда белгілі өрістерден тек деректі ғана сараптау немесе белгілі өрістер белгілі шартқа сәйкес болғанда ғана деректерді сараптау қажет болуы мүмкін. Шартты пайдалана отырып деректерді сараптау үшін іріктеу сұрауын қолданыңыз.

Өнімдердің тізімін және олардың бағасын сараптағыңыз келді делік. Өнім және баға туралы ақпаратты қайтаратын сұрауды мына іс рәсімін қолданып жасауыңызға болады:

  1. Алдын ала осы қадамдарды пайдалана отырып орнатқан Борей дерекқорын ашыңыз.

  2. Жасау қойындысындағы Макрос және код тобынан Сұрау құрастырушысы белгішесін басыңыз.

  3. Кестені көрсету тілқатысу терезесіндегі Кестелер қойындысында Өнімдер түймешігін екі рет басыңыз.

  4. Кестені көрсету тілқатысу терезесін жабыңыз.

  5. Осы өрістерді «Өнімдер» кестесіндегі Өнім атауы және Құн көрсеткіші бойынша бағасы параметрлерін екі рет басу арқылы құрастыру торы қосуға болады.

  6. Құрастырушы қойындысындағы Нәтижелер тобынан Іске қосу пәрменін таңдаңыз.

    Сұрау іске қосылып, өнімдер тізімі мен бағаларын көрсетеді.

Беттің жоғарғы жағы

Бірнеше кестелерден деректерді бір уақытта сараптау

Жақсы жасақталған дерекқордағы кестелер бір-біріне логикалық қатынасболады. Бұл қатынастар кестелерде жалпылай бар өрістер негізінде болады. Қатысты кестеден деректерді сараптау үшін, іріктеуді сұрауды пайдаланыңыз.

Белгілі бір қалада тұратын тұтынушыларға арналған тапсырыстарды сараптау қажет делік. Тапсырыс және тұтынушылар туралы деректер бірдей дерекқордағы екі кестеде сақталады. Әр кестеде екі кесте арасындағы «берден көпке» қатынасынегізін құратын «Тұтынушы идентификаторы» өрісі болады. Белгілі бір қаладағы, мысалы, Алматыдағы тұтынушыларға тапсырыстарды қайтаратын сұрауды мына әрекеттерді орындау арқылы жасауға болады:

  1. Алдын ала осы қадамдарды пайдалана отырып орнатқан Борей дерекқорын ашыңыз.

  2. Жасау қойындысындағы Макрос және код тобынан Сұрау құрастырушысы белгішесін басыңыз.

  3. Кестені көрсету тілқатысу терезесіндегі Кестелер қойындысында Тұтынушылар және Тапсырыстар түймешіктерін екі рет басыңыз.

  4. Кестені көрсету тілқатысу терезесін жабыңыз.

    Тұтынушылар кестесіндегі код өрісін «Тапсырыстар» кестесіндегі «Тұтынушы идентификаторы» өрісіне қосатын, «Біріктіру» атты сызыққа назар аударыңыз. Бұл жол екі кесте арасындағы қатынасты көрсетеді.

  5. Тұтынушылар кестесіндегі Ұйым және Қала өрістерін сұрау құрастыру торына қосу үшін оларды екі рет нұқыңыз.

  6. Сұрау құрастыру торындағы Қала бағанының Көрсету жолындағы құсбелгіні алыңыз.

  7. Қала бағанының Criteria жолына Қапшағай сөзін теріп жазыңыз.

    Көрсету құсбелгісі алынғанда сұрау нәтижесінде қала көрінбейді және Қапшағай сөзін Criteria жолына теріп жазу «Қала» өрісінің мәні Қапшағай болатын жазбалардың ғана көрінетінін анықтайды. Бұл жағдайда, сұрау тек Қапшағайдағы тұтынушыларды ғана қайтарады.  L компаниясы және AA компаниясы.

    Өрісті шартпен пайдалану үшін оны көрсетпеу керек екендігін ескеріңіз.

  8. Тапсырыстар кестесінде Тапсырыс нөмірі және Тапсырыс күні өрістерін сұрау жасақтама торының екі бағанынан кейін қосу үшін оларды екі рет нұқыңыз.

  9. Құрастырушы қойындысындағы Нәтижелер тобынан Іске қосу пәрменін таңдаңыз.

    Сұрау іске қосылады да, Қапшағайдағы тұтынушылар үшін тапсырыстардың тізімін көрсетеді.

  10. Сұрауды сақтау үшін CTRL+S тіркесімін басыңыз.

    Басқаша сақтау тілқатысу терезесі пайда болады.

  11. Сұрау атауы жолағында Қала бойынша тапсырыстар параметрін таңдап, Жарайды түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Сұрау бар параметрлерді пайдалана отырып әртүрлі сұрақтар сұрау

Кейде бар сұраудан кішкене ғана айырмашылығы бар сұрауды іске қосқыңыз келуі мүмкін. Жаңа шартты пайдалану үшін бастапқы сұрауды өзгертуіңізге болады, бірақ, белгілі сұрау нұсқаларын іске қосуды қаласаңыз, параметрлік сұрауды пайдаланыңыз. Параметрлік сұрауды іске қосқан кезде, сұрау өріс мәндеріне шақырады және одан кейін сұрауға арналған шарт жасау үшін берген мәндеріңізді пайдаланады.

Алдыңғы мысалдаАлматыдағы тұтынушыларға тапсырыстар қайтаратын сұрауды жасадыңыз. Төмендегі іс рәсімін пайдалана отырып, сұрауды іске қосқан сайын қаланы көрсетуге шақыратын етіп өзгертуіңізге болады.

  1. Алдын ала осы қадамдарды пайдалана отырып орнатқан Борей дерекқорын ашыңыз.

  2. Шарлау аумағын көрсету үшін, Ауысу шекарасы түймешігін басыңыз.

    Ескерту : Шаралау аумағы бейнеленсе бұл қадам қажет емес.

  3. Шарлау аумағында Қала бойынша тапсырыстар атты сұрауын (алдыңғы бөлімде жасалған) тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, одан кейін мәтінмәндік мәзірде Құрастырушы көрінісі түймешігін басыңыз.

  4. Сұрау құрастыру торындағы «Қала» бағанының Criteria жолында Қапшағай сөзін жойып, [Қай қала үшін?] деп жазыңыз.

    [Қай қала үшін?] жолы параметр шақыруы болып табылады. Тік жақшалар сұраудың параметрге шақыруын қалайтыныңызды көрсетеді және мәтін (бұл жағдайда Қай қала үшін?) шақыру көрсететін сұрақ болып табылады.

    Ескерту : Нүкте де ( . ), леп белгісі де ( ! ) параметрлік шақыруда мәтін ретінде пайдаланылмайды.

  5. Қала бағанының Көрсету жолына құсбелгісін қойыңыз, сонда сұрау нәтижелері қаланы көрсетеді.

  6. Құрастырушы қойындысындағы Нәтижелер тобынан Іске қосу пәрменін таңдаңыз.

    Сұрау «Қала» бағанына мән енгізуге шақырады.

  7. Алматы сөзін теріп, ENTER пернесін басыңыз.

    Сұрау іске қосылады да, Алматыдағы тұтынушыларға арналған тапсырыстар көрсетіледі.

    Егер қандай мән көрсетуді білмесеңіз ше? Параметріңізді ыңғайлырақ ету үшін, шақырудың бөлігі ретінде қойылмалы таңбаларды пайдалануыңызға болады:

  8. Басты қойындысындағы Көріністер тобында Көрініс параметрін таңдап, одан кейін Құрастырушы көрінісі түймешігін басыңыз.

  9. Сұрау жасақтама торындағы Қала бағанының Шарт жолында [Қай қала үшін?]&"*" сияқты мәнін теріңіз.

    Бұл параметрлік шақыруда тырнақшаға алынған Сияқты кілтсөзі, амперсанд & ) және жұлдызша ( * ) әр түрлі нәтижелерді қайтару үшін тұтынушылардың таңбалар жиынын, қойылмалы таңбаларды қоса енгізулеріне мүмкіндік береді. Мысалы, пайдаланушы * терсе, сұрау барлық қалаларды қайтарады; егер пайдаланушы А әрпін терсе, сұрау А әрпінен басталатын барлық қаланы қайтарады; *л* әрпін терсе сұрау құрамында "л." әрпі бар барлық қалаларды қайтарады.

  10. Жасақтама қойындысындағы Нәтижелер тобынан Іске қосу пәрменін таңдаңыз.

    Сұрау шақыруында Жаңа мәнін теріп, одан кейін ENTER пернесін басыңыз.

  11. Сұрау іске қосылады да, Алматыдағы тұтынушылар үшін тапсырыстарды көрсетеді.

Параметрлік деректер түрлерін анықтау

Сонымен қатар параметрдің қандай деректер түрін қабылдайтынын анықтауыңызға болады. Кез келген параметр үшін деректер түрін орнатуыңызға болады. Бірақ, деректерді сандық, ақша немесе күн/уақыт деректеріне орнату әсіресе маңызды болып табылады. Параметр қабылдайтын деректер түрін анықтаған кезіңізде, пайдаланушылар ақша күтілу кезінде мәтін енгізу сияқты деректің қате түрін енгізсе, қосымша пайдалы қателер хабарын көреді.

Ескерту : Егер параметр мәтіндік деректерді қабылдауға орнатылған болса, кез келген енгізу мәтін ретінде қабылданады және қате туралы ешқандай хабар көрсетілмейді.

Сұраудағы параметрлерге деректер түрін анықтау үшін мына іс рәсімін орындаңыз:

  1. Ашық сұраумен Құрастырушы көрінісінде Жасақтама қойындысындағы Көрсету/Жасыру тобында Параметрлер түймешігін басыңыз.

  2. Сұрау параметрлері тілқатысу терезесіндегі Параметр бағанында деректер түрін анықтағыңыз келген әр параметрге шақыруды теріңіз. Әр параметрдің сұрау жасақтама торының Шарт жолында қолданылатын шақыруға сәйкес келетінін тексеріңіз.

  3. Деректер түрі бағанында әр параметр үшін деректер түрін теріңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Деректеріңіздің негізінде есептеулерді орындау

Көбіне кестелерді бірдей дерекқордағы деректер негізінде есептелген мәндерді сақтауға қолданбайсыз. Мысалы, Northwind 2007 бағдарламасындағы Тапсырыстың толық мәліметтері кестесі өнімнің барлық жиынын сақтамайды . Себебі, әр берілген өнімге арналған аралық жиын Сан, Бірлік бағасы және Тапсырыстың толық мәліметтері кестесіндегі Шегерім өрісін пайдалану арқылы есептеледі.

Кейбір жағдайда, есептелген мәндер ескіреді, себебі, мәндер өзгерту негізінде болады. Мысалы, кестеде біреудің жасын сақтағыңыз келмеуі мүмкін, себебі, мәндерді жылда жаңартуыңыз керек болады; оның орнына адамның туған күнін сақтаңыз, одан кейін сұрауда адамның жасын есептеу үшін өрнекті пайдаланыңыз.

Тапсырыстың толық мәліметтері кестесіндегі деректер негізінде өнімнің аралық жиынын есептейтін сұрауды жасау үшін мына іс рәсімін пайдаланыңыз.

  1. Алдын ала осы қадамдарды пайдалана отырып орнатқан Борей дерекқорын ашыңыз.

  2. Жасау қойындысындағы Кестелер тобынан Кесте белгішесін басыңыз.

  3. Кестені көрсету тілқатысу терезесіндегі Кестелер қойындысында Тапсырыстың толық мәліметтері түймешігін екі рет басыңыз.

  4. Кестені көрсету тілқатысу терезесін жабыңыз.

  5. Тапсырыстың толық мәліметі кестесінде Өнім артикулы өрісін сұрау жасақтама торының бірінші бағанына қосу үшін оны екі рет нұқыңыз.

  6. Тордың екінші бағанында Өріс жолын тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, одан кейін мәтінмәндік мәзірде Ұлғайту пәрменін таңдаңыз.

  7. Ұлғайту жолағында мыналарды теріңіз немесе қойыңыз:

    Аралық жиын: ([Саны]*[Бірлік бағасы])-([Сан]*[Бірлік бағасы]*[Шегерім])

    Жарайды түймешігін басыңыз.

    Бұл есептелген өріс. Есептелген өріс әр өнімнің санын сол өнімнің бірлік бағасына көбейтеді, әр өнімнің санын бірлік бағасы бойынша көбейтіп, сол өнімге шегерім береді. Барлық шегерімді барлық бірлік бағасынан алады.

  8. Жасақтама қойындысындағы Нәтижелер тобынан Іске қосу пәрменін таңдаңыз.

    Сұрау іске қосылады да, әр тапсырысқа өнімдер тізімін және аралық жиынын көрсетеді.

  9. Сұрауды сақтау үшін CTRL+S пернелерін басып, одан кейін сұрауды Өнімнің аралық жиыны деп атаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Топталған немесе жиынтық деректерге қарау

Кестелерді бірізді амалдарды жазуға немесе жиі кездесетін сандық деректерді сақтауға пайдаланған кезде, жиын немесе орташа сияқты жиынтықта деректерді сараптай алу мүмкіндігі тиімді болып табылады.

Access allows you to review simple aggregate data in any деректер кестесі by adding a Total row. A Total row is a row at the bottom of the datasheet that can display a running total or other aggregate value.

Ескерту : You cannot add a Total row to the datasheet of a Web query.

Сіз алдыңғы мысалдажасаған Өнім аралық жиындары сұрауына Жиын жолын төмендегі іс рәсімін пайдалана отырып қосыңыз:

  1. Өнім аралық жиыны сұрауын іске қосыңыз және нәтижелерді деректер кестесінің көрінісіашық қалдырыңыз.

  2. Басты қойындысындағы Жазбалар тобында Жиындар түймешігін басыңыз.

    Жаңа жол деректер кестесінің астындағы бірінші бағанда Жиын сөзімен бірге пайда болады.

  3. Жиын деп аталатын деректер кестесінің соңғы жолындағы ұяшықты нұқыңыз.

    Ұяшықта көрсеткінің пайда болатынын ескеріңіз.

  4. Қатынаулы статистикалық функцияларды көру үшін көрсеткіні нұқыңыз.

    Себебі бағанда мәтін деректері және тек екі таңдау ғана бар: Ешқайсысы және Санау .

  5. Санау түймешігін басыңыз.

    Ұяшықтың мазмұны Жиын мәнінен баған мәнінің санауына өзгереді.

  6. Біріктіру ұяшығын нұқыңыз (екінші баған).

    Ұяшықта көрсеткінің пайда болатынын ескеріңіз.

  7. Көрсеткіні нұқып, Қосынды түймешігін басыңыз.

    Өріс баған мәндерінің қосындысын бейнелейді.

  8. Сұрауды Деректер кестесі көрінісінде ашық қалдырыңыз.

Күрделі жиынтықтар үшін жиындар сұрауын жасаңыз.

Деректер кестесіндегі Жиын жолы тиімді болып табылады, бірақ, күрделі сұрақтар үшін жиындар сұрауын пайдаланасыз. Жиындар сұрауы деректерді топтастыруға және қосуға мүмкіндік беретін іріктеуді сұрау болып табылады. Мысалы, әр өнімнің барлық сатылымын көргіңіз келді делік. Жиындар сұрауы ішінде әрбір өнім үшін барлық сатылымды көру үшін Қосындыны, топтастыру функциясыпайдалануыңызға болады.

Ескерту : You cannot use aggregate functions in a Web query.

Өнімнің аралық жиындары сұрауының өнім бойынша оның аралық жиынын қосатын етіп өзгерту үшін мына іс рәсімдерін пайдаланыңыз.

  1. Басты қойындысындағы Көріністер тобында Көрініс параметрін таңдап, одан кейін Құрастырушы көрінісі түймешігін басыңыз.

    Өнімнің аралық жиыны сұрауы Құрастырушысы көрінісі ішінде ашылады.

  2. Жасақтама қойындысының Көрсету/Жасыру тобында Барлығын түймешігін нұқыңыз.

    Жиындар жолы сұрау жасақтама торында бейнеленеді.

    Ескерту : Олардың атаулары бірдей болғанымен, жасақтама торындағы Жиындар жолы мен деректер кестесіндегі Жиын жолы бірдей емес:

    • Жасақтама торындағы Жиындар жолы арқылы өріс мәндері бойынша топтауыңызға болады.

    • Деректер кестесінің Жиын жолын жиындарды сұраудың нәтижелеріне қосуыңызға болады.

    • Жасақтама торындағы Жиындар жолын пайдаланған кезде сізге әрбір өріске статистикалық функцияны таңдап алу керек. Егер есептеуді өрісте орындағыңыз келмесе, өріс бойынша топтауыңызға болады.

  3. Жасақтама торының екінші бағанындағы Жиын жолында ашылмалы тізімнен Қосынды параметрін таңдаңыз.

  4. Жасақтама қойындысындағы Нәтижелер тобынан Іске қосу пәрменін таңдаңыз.

    Сұрау іске қосылады да, одан кейін өнімдер тізімін аралық жиындарымен көрсетеді.

  5. Сұрауды сақтау үшін CTRL+S пернелерін басыңыз. Сұрауды ашық қалдырыңыз.

Топтаудың басқа деңгейін қосу үшін қарсы сұрауды қолданыңыз.

Өнім аралық жиындарын сараптағыңыз келді делік, бірақ, әр жол өнімнің аралық жиындарын көрсетеді және әр баған өнімнің айлық аралық жиынын көрсетуі үшін ай бойынша біріктіргіңіз келеді. Өнімнің аралық жиынын және айлық аралық жиынын көрсету үшін қарсы сауалпайдаланыңыз.

Ескерту : You cannot create a Web query that is a crosstab query.

Сұрау өнімнің аралық жиынының жолын және айлық аралық жиынының бағанын қайтаратындай етіп Өнімнің аралық жиындар сұрауын қайта өзгертуіңізге болады.

  1. Басты қойындысындағы Көріністер тобынан Көрініс параметрін таңдап, одан кейін Құрастырушы көрінісі түймешігін басыңыз.

  2. Сұрау параметрі тобында Кестені көрсету пәрменін таңдаңыз.

  3. Кестені көрсету тілқатысу терезесінде Тапсырыстар түймешігін екі рет басып, одан кейін Жабу пәрменін таңдаңыз.

  4. Жасақтама қойындысының Сұрау түрі тобында Жан-жақты түймешігін нұқыңыз.

    Жасақтама торында Көрсету жолы жасырылады, ал Қарсы сұрау жолы бейнеленеді.

  5. Жасақтама торының үшінші бағанында Өріс жолын тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, мәтінмәндік мәзірде Ұлғайту пәрменін таңдаңыз. Ұлғайту терезесі ашылады.

  6. Ұлғайту жолағында мыналарды теріңіз немесе қойыңыз:

    Ай: "Ай" & Күн бөлігі("m", [Тапсырыс күні])

  7. Жарайды түймешігін басыңыз.

  8. Қарсы сұрау жолында ашылмалы тізімнен төмендегі мәндерді таңдаңыз: бірінші бағанға Жол тақырыбы , екінші бағанға Мән және үшінші бағанға Баған тақырыбы .

  9. Жасақтама қойындысындағы Нәтижелер тобынан Іске қосу пәрменін таңдаңыз.

    Сұрау іске қосылады да, ай бойынша біріктірілген өнімнің аралық жиындарын көрсетеді.

  10. Сұрауды сақтау үшін CTRL+S пернелерін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Басқа кестелердегі деректерді пайдалана отырып жаңа кесте жасау

Басқа кестелерде сақталған деректерден жаңа кесте жасау үшін кесте жасау сұрауын қолдануыңызға болады.

Ескерту : You cannot create a Web query that is a make-table query.

Мысалы, есеп жасауда Access бағдарламасын қолданатын Астаналық бизнес серіктеске деректерді жібергіңіз келді дерлік. Барлық тапсырыс деректерін жіберудің орнына, Астаналық тапсырыстарға жіберілетін деректерді қысқартқыңыз келуі мүмкін.

Астаналық тапсырыс деректері бар іріктеуді сұрауды құрастыруыңызға болады, одан кейін төмендегі іс рәсімдерін пайдалана отырып, жаңа кесте жасау үшін іріктеуді сұрауды пайдаланыңыз:

  1. Алдын ала осы қадамдарды пайдалана отырып орнатқан Борей дерекқорын ашыңыз.

  2. Кесте жасау сұрауын іске қосу үшін, дерекқорды ашқанда сенімсіз болса, Таспа астында пайда болатын ( 1st_Fluent12 бөлігі) Хабар тақтасын пайдалана отырып, дерекқор мазмұнын қосуыңыз керек.

    Дерекқорды іске қосу жолын көрсету

    • Хабарлар тақтасындағы Мазмұнды қосу түймешігін басыңыз.

    Ескерту : Егер дерекқор сенімсіз жерде болса, Хабар тақтасы пайда болмайды және мазмұнды қосу қажет болмайды.

  3. Кіру тілқатысу пішінін жабу.

  4. Жасау қойындысындағы Кестелер тобынан Кесте белгішесін басыңыз.

  5. Кестені көрсету тілқатысу терезесінде Тапсырыстың толық мәліметтері және Тапсырыстар түймешіктерін екі рет басыңыз.

  6. Кестені көрсету тілқатысу терезесін жабыңыз.

  7. Тапсырыстар кестесінде Тұтынушы идентификаторы және Жіберу қаласы өрістерін жасақтама торына қосу үшін оларды екі рет нұқыңыз.

  8. Тапсырыстың толық мәліметтері кестесіндегі Тапсырыс нөмірі, Өнім артикулы, Саны, Бірлік бағасы және Шегерім өрістерін жасақтама торына қосу үшін оларды екі рет нұқыңыз.

  9. Жасақтама торының Жіберу қаласы бағанында Көрсету жолындағы құсбелгіні алыңыз. Шарт жолында 'Астана' деп теріңіз. (бір тырнақшаға алыңыз)

    Сұрау нәтижелерін кесте жасау үшін пайдалану алдында тексеру.

  10. Жасақтама қойындысындағы Нәтижелер тобынан Іске қосу пәрменін таңдаңыз.

  11. Сұрауды сақтау үшін CTRL+S пернелерін басыңыз.

      Басқаша сақтау тілқатысу терезесі пайда болады.

  12. Сұрау атауы жолағында Астана тапсырыстар сұрауы деп теріп, одан кейін Жарайды түймешігін басыңыз.

  13. Басты қойындысындағы Көріністер тобында Көрініс параметрін таңдап, одан кейін Құрастырушы көрінісі түймешігін басыңыз.

  14. Жасақтама қойындысының Сұрау түрі тобында Кесте жасау түймешігін нұқыңыз.

    Кесте жасау тілқатысу терезесі пайда болады.

  15. Кесте жасау тілқатысу терезесіндегі Кесте атауы жолағында Астана тапсырыстары деп теріп, одан кейін Жарайды түймешігін басыңыз.

  16. Жасақтама қойындысындағы Нәтижелер тобынан Іске қосу пәрменін таңдаңыз.

  17. Құптау тілқатысу терезесінде құптау үшін Ия түймешігін басыңыз.

    Жаңа кесте жасалды да, кесте Шарлау аумағында пайда болады.

    Ескерту : Егер көрсетілген атауы бар кесте болса, сұрау іске қосылу алдында сол кесте жойылады.

  18. Жасақтама қойындысындағы Нәтижелер тобынан Іске қосу пәрменін таңдаңыз.

    Себебі Астана тапсырыстар кестесі бар және ескерту тілқатысу терезесі пайда болады.

  19. Әрекетті болдырмау және тілқатысу терезесін босату үшін Жоқ түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Басқа кестелердегі деректерді пайдалана отырып кестеге деректер қосу

Бірнеше кестелерден деректерді ала отырып немесе басқа кестеге деректер қоса отырып үстеме сұрауын пайдалануыңызға болады.

Ескерту : You cannot create a Web query that is an append query.

Кестені Астана бизнес әріптестерімен ортақ пайдалану үшін жасадыңыз дерлік, бірақ, әріптестерді Шымкенттегі тұтынушылармен бірге жұмыс істейді деп түсінесіз. Кестені әріптестермен ортақ пайдаланбастан бұрын, кестеге Шымкент деректері бар жолдарды қосқыңыз келуі мүмкін.

Мына іс рәсімін пайдалана отырып алдыңғы мысалдажасалған Астана тапсырыс деректеріне Шымкент деректерін қосуыңызға болады.

  1. Құрастырушы көрінісінде «Астана тапсырыс сұрауы» деп аталатын сұрауды ашу.

  2. Қосу Жасақтама қойындысының Сұрау түрі тобында Қосу түймешігін нұқыңыз.

  3. Қосу тілқатысу терезесінде Кесте атауы жолағындағы көрсеткіні нұқып, одан кейін ашылмалы тізімде Астана тапсырыстары параметрін таңдаңыз.

  4. Жарайды түймешігін басыңыз.

    Қосу тілқатысу терезесі жабылады. Жасақтама торында Көрсету жолы жоғалып кетеді де, Қосу жолы пайда болады.

  5. Жасақтама торындағы Жіберу қаласы бағанының Шарт жолында 'Астана' сөзін жойып, одан кейін 'Шымкент' сөзін теріңіз.

  6. Қосу жолында әр бағанға сәйкес өріс таңдаңыз.

    Бұл мысалда, Қосу жолының мәндері Өріс жолы мәндеріне сәйкес келуі керек. Бірақ, бұл үстеме сұрауларының жұмыс істеуіне қажет емес.

  7. Жасақтама қойындысындағы Нәтижелер тобынан Іске қосу пәрменін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Автоматты күйде деректерді өзгерту

Кестеде деректерді өзгерту үшін және қайсы жолдардың жаңартылуы керектігін көрсететін шартты енгізу үшін жаңартуды сұрауын пайдалануыңызға болады. Жаңартуды сұрауы жаңарту жасау алдында жаңартылған деректерді сараптауға мүмкіндік береді.

Маңызды : Әрекетті сұрау жасалмауы мүмкін емес. Жаңартуды сұрауын пайдалана отырып, жаңартылатын кестелердің көшірмесін жасауды ұйғарғаныңыз жөн.

Ескерту : You cannot create a Web query that is an update query.

Алдыңғы мысалдажолдарды Астана тапсырыстар кестесіне қостыңыз. Астана тапсырыстар кестесінде Өнім артикулы өрісі сандық Өнім артикулын көрсетеді. Деректерді есептерге тиімді пайдалану үшін өнім кодтарын өнім атауларымен ауыстырғыңыз келуі мүмкін. Өнім кодтарын ауыстыру үшін Астана тапсырыстары кестесінің Өнім артикулы жолағы деректер түрін, Өнім артикулы өрісі өнім атауларын қабылдайтындай етіп саннан мәтінге өзгертуіңіз керек.

Төмендегі іс рәсімдерін пайдалана отырып, Астана тапсырыстар кестесіндегі мәндерді жаңартуыңызға болады.

  1. Құрастырушы көрінісінде Астана тапсырыстары кестесін ашыңыз.

  2. Өнім артикулы жолында деректер түрін Сан түрінен Мәтін түріне өзгертіңіз.

  3. Астана тапсырыстары кестесін сақтап, жабыңыз.

  4. Жасау қойындысындағы Кестелер тобынан Кесте белгішесін басыңыз.

  5. Кестені көрсету тілқатысу терезесінде Астана тапсырыстары және Өнімдер түймешіктерін екі рет басыңыз.

  6. Кестені көрсету тілқатысу терезесін жабыңыз.

  7. Жасақтама қойындысының Сұрау түрі тобында Жаңарту түймешігін нұқыңыз.

    Жасақтама торында Сұрыптау және Көрсету жолдары жоғалып кетеді де, Жаңарту жолы пайда болады.

  8. Астана тапсырыстары кестесінде Өнім артикулы өрісін жасақтама торына қосу үшін оны екі рет нұқыңыз.

  9. Жасақтама торында Өнім артикулы бағанының Жаңарту жолында мыналарды теріңіз немесе қойыңыз:

    [Өнімдер].[Өнім атауы]

    Кеңес : Бос жол ( "" ) немесе Жаңарту жолында БОС мәнін пайдалану арқылы өріс мәндерін жою үшін жаңартуды сұрауын пайдалануыңызға болады.

  10. Шарт жолында төмендегілерді теріңіз немесе қойыңыз:

    [Өнім артикулы] Сияқты ([Өнімдер].[артикулы])

    Сияқты кілтсөзі қажет болып табылады. Себебі, салыстырылатын өрістер әртүрлі деректер түрін қамтиды. (Өнім артикулы мәтіндік дерек, идентификатор — сандық дерек).

  11. Деректер кестесі көрінісінде сұрауды қарау арқылы, жаңартуды сұрауы арқылы мәндердің өзгертілетінін сараптай аласыз.

    Жасақтама қойындысындағы Нәтижелер тобында Көрініс параметрін таңдап, одан кейін Деректер кестесі көрінісі түймешігін басыңыз.

    Жаңартылатын Өнім кодтары тізімін қайтаратын сұрау.

  12. Жасақтама қойындысындағы Нәтижелер тобынан Іске қосу пәрменін таңдаңыз.

    Астана тапсырыстары кестесін ашқан кезде, Өнім артикулы өрісіндегі сандық мәндердің Өнімдер кестесінен өнім атауы бойынша ауыстырылғанын көресіз.

Беттің жоғарғы жағы

Автоматты күйде деректерді жою

Кестеден деректерді жою үшін және қайсы жолдардың жойылуы керектігін көрсететін шартты енгізу үшін жоюды сұрауын пайдалануыңызға болады. Жою сұрауы жою алдында жойылатын жолдарды сараптауға мүмкіндік береді.

Ескерту : You cannot create a Web query that is a delete query.

Астана тапсырмалары кестесін ( алдыңғы мысалдажаңартылған) Астана бизнес әріптестеріне жіберуге дайындап жатырсыз делік және кейбір жолдарда бірнеше бос өрістер бар екендігін байқадыңыз. Кестені жіберу алдында бос өрістері бар жолдарды жойғыңыз келеді. Кестені ашасыз да, жолдарды қолмен жоя аласыз, бірақ, жойғыңыз келген жолдар көп және қай жолдар жойылуы керектігі жайында түсінікті шарттар болған жағдайда, жоюды сұрауын пайдалануды тиімді деп есептейсіз.

Төмендегі іс рәсімін пайдалана отырып, Тапсырыс нөміріне мәні жоқ Астана тапсырыстар кестесіндегі жолдарды жою үшін жоюды сұрауын пайдалануыңызға болады:

  1. Жасау қойындысындағы Кестелер тобынан Кесте белгішесін басыңыз.

  2. Кестені көрсету тілқатысу терезесінде Астана тапсырыстары түймешігін екі рет басыңыз.

  3. Кестені көрсету тілқатысу терезесін жабыңыз.

  4. Жасақтама қойындысының Сұрау түрі тобында Жою түймешігін нұқыңыз.

    Жасақтама торында Сұрыптау және Көрсету жолдары жоғалып кетеді де, Жою жолы пайда болады.

  5. Астана тапсырыстары кестесінде Өнім артикулы өрісін торға қосу үшін оны екі рет нұқыңыз.

  6. Жасақтама торындағы Өнім артикулы бағанының Шарт жолында Бос мәнін теріңіз.

  7. Жасақтама қойындысындағы Нәтижелер тобынан Іске қосу пәрменін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×