Сыртқы деректерге қосылу (Импорттау)

Сыртқы деректерге қосылудың басты тиімділігі — орындалуы кезінде уақыт ысырапталатын не қателіктер жіберілуі мүмкін деректі көшіру әрекетін жүзеге асырмай-ақ, Microsoft Office Excel ішінде белгілі бір мерзім сайын осы деректі талдап тұру мүмкіндігі. Сыртқы деректерге қосылған соң, дерекқор жаңа мәліметпен жаңартылған кезде түпнұсқа деректер көзінен Excel жұмыс кітаптарын автоматты түрде жаңғыртуға (немесе жаңартуға) болады.

Маңызды : Сыртқы деректерге қосылым компьютерде ажыратылған болуы мүмкін. Жұмыс кітабын ашқанда деректерге қосылу үшін, деректерге қосылымды қауіпсіздікті басқару орталығының тақтасы арқылы немесе жұмыс кітабын қауіпсіз орынға орналастыру арқылы қосу қажет. Қосымша ақпарат алу үшін, Файлдардың қауіпсіз орналасу орындарын жасау, өшіру немесе өзгерту, Қауіпсіз жариялаушыны қосу, жою немесе қарап шығу және Қауіпсіздікті басқару орталығындағы қауіпсіздік параметрлерімді қарап шығу бөлімдерін қараңыз.

  1. Деректер қойындысындағы Сыртқы деректерді алу тобынан Бар қосылымдар түймешігін басыңыз.

    Excel таспасының суреті

  2. Бар қосылымдар тілқатысу терезесіндегі Көрсету ашылмалы тізімінде келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    • Барлық қосылымдарды көрсету үшін Барлық қосылымдар түймешігін басыңыз. Бұл әдепкі ретінде таңдалады.

    • Тек соңғы пайдаланылған қосылымдарды бейнелеу үшін, Осы жұмыс кітабындағы қосылымдар түймешігін басыңыз.

      Бұл тізім әлдеқашан анықталған немесе Деректер қосылымы шебері арқылы Деректер көзін таңдау тілқатысу терезесін қолдану арқылы жасалған болмаса тілқатысу терезесінен қосылым ретінде алдында таңдаған қосылымдардан жасалады.

    • Компьютерде қатынаулы қосылымдарды ғана бейнелеу үшін, Осы компьютердегі қосылым файлдары түймешігін басыңыз.

      Бұл тізім әдетте Менің құжаттарым қалтасында сақталатын Менің деректер көзім қалтасында жасалады.

    • Желіден қатынаулы қосылым файлдарында бар қосылымдарды ғана бейнелеу үшін Желідегі қосылым файлдары түймешігін басыңыз.

      Бұл тізім ExcelДеректер қосылымы кітапханасы (DCL) ішінен Microsoft Office SharePoint Server 2007 қызметі торабында жасалады. DCL кіткаханасы дегеніміз Microsoft Office SharePoint 2007 қызметтері торабында Office деректерді қосу (ODC) файлдар (.odc) жиынтығын қамтитын құжаттар кітапханасы болып табылады. Әдетте DCL кітапханасы Сыртқы қосылымдар тілқатысу терезесіндегі осы DCL кітапханасынан ODC файлдарын бейнелеу үшін, SharePoint веб-торабын теңшей алатын торап әкімшісі арқылы орнатылады. Қосымша ақпарат алу үшін, Office SharePoint Server 2007 жүйесінің «Орталық әкімшілік анықтама» бөлімін қараңыз.

  3. Кеңес : Егер қажетті қосылым көрінбей тұрса, қосылым жасауыңызға болады. Қосылғыңыз келетін деректер көзін таңдау мақсатында деректер қосылымы шеберін іске қосу үшін Қосымша шолу түймешігін басып, Деректер көзін таңдау тілқатысу терезесіндегі Жаңа қайнар көз түймешігін басыңыз.

  4. Ескерту : Егер Желідегі қосылым файлдары немесе Осы компьютердегі қосылым файлдары санаттарының қосылымдары таңдалса, қосылым файлы жұмыс кітабына жаңа жұмыс кітабы қосылымы ретінде жұмыс кітабына көшіріледі, одан соң жаңа қосылым ақпараты ретінде қолданылады.

  5. Қажетті қосылымды таңдап, кейін Ашу пәрменін таңдаңыз.

  6. Деректерді импорттау тілқатысу терезесіндегі Кітапта деректерді ұсыну әдісін таңдаңыз параметрі астынан келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

    Маңызды : Кітапта деректерді ұсыну әдісін таңдаңыз бөлімі мен оның параметрлері төмендегі тізімде көрсетілгендей мәтін, веб-сұрау және XML деректер қосылымдары үшін қатынаулы емес. Егер сіз осы сияқты деректерге қосылуда болсаңыз, 5-қадамға дейін жалғастырыңыз.

    • Қарапайым сұрыптау және сүзуге арнайы кесте жасау үшін, Кесте түймешігін басыңыз.

    • Деректер жиынтықтығы мен аралық жиынын жасау арқылы үлкен көлемді деректерді қорытындылауға арналған жиынтық кесте есебін жасау үшін, Жиынтық кесте есебі параметрін таңдаңыз.

    • Деректерді қорытындылауға жиынтық кесте мен жиынтық диаграмма есебін жасау үшін, Жиынтық диаграмма және жиынтық кесте есебі түймешігін басыңыз.

    • Кейінірек қолдануға жұмыс кітабындағы таңдалған қосылымды сақтау үшін, Тек қосылымды жасау жанына құсбелгі қойыңыз.

      Таңдалған қосылымды кейінірек пайдалану мақсатында оны жұмыс кітабында сақтау үшін Тек қосылым жасау параметрін пайдаланыңыз. Мысалы, OLAP (желідегі талдау үрдісі) текше деректер көзіне қосылатын болса және жиынтық кесте ұяшықтары Өрнектерге түрлендіру пәрмені арқылы жұмыс парағы өрнектеріне түрлендірілетін болса (Параметрлер қойындысындағы Құралдар тобынан OLAP құралдары түймешігін басыңыз), жиынтық кесте есебін сақтауды қажет етпейтіндіктен, осы параметр қолданылуы мүмкін.

  7. Деректерді қайда орналастару керек? тізімінде келесі әрекеттердің бірен орындаңыз:

    • Жиынтық кестені немесе жиынтық диаграмманы бар жұмыс парағына орналастыру үшін, Бар жұмыс парағы параметрін таңдап, жиынтық кесте есебін орналастыру қажет ұяшықтар ауқымының бірінші ұяшығын теріңіз.

      Баламалы түрде тілқатысу терезесін уақытша жасыру үшін, Тілқатысу терезесін тасалау Түймешік кескіні түймешігін басып, жұмыс парағындағы бастаушы ұяшықты таңдаңыз да, Тілқатысу терезесін жаю Түймешік кескіні түймешігін басыңыз.

  8. Жиынтық кесте есебін A1 ұяшығынан басталатын жаңа жұмыс парағына орналастыру үшін, Жаңа жұмыс парағы параметрін таңдаңыз.

  9. Таңдау бойынша, Сипаттар түймешігін басу арқылы, Қосылым сипаттары, Сыртқы деректер ауқымы немесеXML құрылым сипаттары тілқатысу терезесіне өзгерістер енгізіп, ОК түймешігін басу арқылы қосылым сипаттарын өзгерте аласыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×