Сыртқы деректерге кіріспе

SharePoint сайттарының ішінде көп деректер бар, бірақ көп деректер бұл сайттардан тыс. Сыртқы деректермен олар SharePoint сайттарының, сонымен бірге, Office өнімдерінің ішінде сияқты істеу жақсы болатын емес пе еді? Business Connectivity Services қондырмасын пайдаланып мұны істеуге болады.

Сыртқы деректерге шолу

Қосымша ақпарат алу үшін Сыртқы деректер туралы мазмұнды табу бөлімін қараңыз.

Бұл мақалада

Үлкен суретті түсіну

Сыртқы деректерді неге пайдалану керек?

Үш негізгі сценарий

Мұнда жету — жұмыстың жартысы

Сіздің қызметіңіз қандай?

Негізді қалау

SharePoint ортасымен танысу

Дұрыс бағдарламаны алу

Бағдарламаны дұрыс орнату

Сыртқы деректерді дұрыс таңдау

Өнімділікті ескеру

Алдымен қауіпсіздікті ойлаңыз

Іргетасты қалау: сыртқы мазмұн түрлері

SharePoint өнімдеріндегі беттік сыртқы деректер

Сыртқы тізімдерде деректерді оқу және жазу

Тізімдерге және кітапханаларға сыртқы деректер бағандарын қосу

Бизнес-деректер веб-бөліктері бар шешімдерді жасау

Профиль бетінде, әрекетте немесе іздеуде сыртқы деректерді пайдалану

Жұмыс процестерінде сыртқы деректерді пайдалану

Office өнімдеріндегі беттік сыртқы деректер

Excel бағдарламасында сыртқы деректерді талдау

Word құжаттарына сыртқы деректерді қосу

Outlook бағдарламасында сыртқы деректерді синхрондау

InfoPath пішіндерінің көмегімен сыртқы деректерге қатынасты жақсарту

Visio диаграммаларына сыртқы деректерді қосу

Access бағдарламасында сыртқы деректерді импорттау және жаңарту

Үлкен суретті түсіну

Сыртқы деректерді пайдалануға көп себеп бар. Сыртқы деректерге негізделген іскерлік шешімді жасау үшін бірге жұмыс істегенде шағын топ көп нәрсені істей алады. Мұнда мұның орындалу жиілігі және ол беретін нәтижелер берілген.

Сыртқы деректерді неге пайдалану керек?

SharePoint өнімдерін іскерлік әрекеттерді ұтымды ету үшін пайдаланғанда, дерекқорлар, іскерлік бағдарламалар және веб-қызметтер сияқты сыртқы деректерді енгізу керек болуы мүмкін. Бірақ бұл сыртқы деректер жиі айрықша құқықтары бар адамдермен шектелген оқшауланған аралға ұқсайды немесе жай ғана оларға жету қиын. Таныс интерфейсті қамтамасыз ету және бизнесті одан әрі жақсарту үшін осы сыртқы деректерді SharePoint өнімдеріне, сонымен бірге Office өнімдеріне алудың жолы бар ма?

Business Connectivity Services қондырмасы осыған арналған. Ол көптеген сыртқы деректерге қауіпсіз, тиімді, оқу/жазу қатынасын қамтамасыз етеді. Бұл стандартты пайдаланушылық және бағдарламалау интерфейстерін қамтамасыз ететін жан-жақты арқаулық жүйе арқылы істеледі. Бұған қоса, іскерлік шешімдердің кең ауқымын жасай аласыз, екеуіне де код қажет емес, қарапайымнан орташа әрекеттерге арналған SharePoint құрама шешімдері және кеңейтілген қажеттіліктерге арналған кодқа негізделген шешімдер. Мысалы, мыналарды істей аласыз:

  • Табиғи SharePoint тізіміне ұқсайтын, пайдаланушылар оқи және жаза алатын серверлік дерекқорда сақталатын қызметкерлер деректерінің SharePoint сыртқы тізімін жасау.

  • Ұйымның ERP жүйесіне жаңа тұтынушы деректерін Outlook контактілерінің жиыны ретінде қосу және тіпті дербес күйдегі қатынасты қамтамасыз ету.

  • Басқарылатын іскерлік бағдарламаға байланысатын, бірақ барлығы көру үшін SharePoint күнтізбесін пайдаланатын оқиғаларды жоспарлау шешімін жасау.

  • Вебтегі сыртқы деректермен жұмыс істейтін керемет көрнекі пайдаланушылық интерфейсі бар Microsoft Silverlight бағдарламасын жасау.

Қысқаша айтқанда, Business Connectivity Services қондырмасы сыртқы деректерге қосылуға, олармен өзара әрекеттесуге және мәнінің құрсауын ашуға мүмкіндік береді.

Беттің жоғарғы жағы

Үш негізгі сценарий

Көбірек естігіңіз келе ме? Мұнда Business Connectivity Services қондырмасына негізделген негізгі шешімдердің үш мысалы берілген.

Техникалық қолдау көрсету қызметі    Үлкен кәсіпорында ішкі техникалық қолдауды көрсететін техникалық қолдау көрсету қызметі болады. Қолдау сұраулары және техникалық қолдау қызметінің білім қоры сыртқы дерекқорда сақталады, бірақ сыртқы тізімдерді және іскерлік деректер веб-бөліктерін пайдалана отырып SharePoint сайтымен толығымен біріктіріледі. Сондай-ақ, ақпараттық бөлім қызметкерлері ағымдағы сұрауларын Microsoft Outlook 2013 бағдарламасында желіде көре алады. Техникалық қолдау қызметінің мамандары өздеріне тағайындалған сұрауларды Outlook 2013 бағдарламасында желіде және дербес күйде көре алады. Жұмыс процестері әр кезеңде қолдау мәселелерін автоматты түрде басқарады: «Ашық», «Тағайындалған», «Көтерілген», «Шешілген» және «Жабық». Техникалық қолдау тобындағы тиісті рұқсаты бар менеджерлер әр қолдау маманына тағайындалған қолдау мәселелерінің санын көрсететін техникалық қолдау көрсету қызметі есептерін, ең соңғы немесе өте маңызды мәселелерді және берілген уақыт кезеңінде әр қолдау маманы өңдейтін қолдау жағдайларының санын көрсететін бақылау тақталарын көре алады. Сондай-ақ, менеджерлер шартты пішімдеуді және диаграммаларды пайдаланып одан әрі талдау үшін деректерді Microsoft Excel 2013 бағдарламасы бағдарламасына экспорттай алады.

Артисттерді бақылағыш    Дарындар агенттігі өзінің артисттер дерекқорын ішкі SharePoint топтық сайтына біріктіреді. Бұл сайт артисттердің толық тізімін, олардың байланысу ақпаратын және орындау кестелерін қамтиды. Word құжат үлгілері түріндегі жазу келісім-шарттары жасалады және артист туралы соңғы ақпаратпен автоматты түрде толтырылады. Жұмыс процесі әр келісім-шартты әр түрлі кезеңдерден өткізеді. Агенттер жаңа артисттерді сыртқы тізімге InfoPath пішінін пайдалана отырып қоса алады. Бұл шешімді пайдалана отырып дарындар агенттерінде әрқашан қажет ақпарат қол астында болады және олар таныс Office өнімдерін пайдалана отырып көптеген негізгі тапсырмаларды орындай алады.

«Сату» бақылау тақтасы    Сату бақылау тақтасы бағдарламасы сатушыларға тұтынушылармен қатынастарды басқару (CRM) жүйесінде сақталған ақпаратты сату тапсырыстарын және тұтынушы ақпаратын тез табуға көмектеседі. Рөлдеріне және сәйкес рұқсаттарына байланысты, топ мүшелері сату талдау ақпаратын, жекелеген топ мүшелерінің сату өнімділігі деректерін, ықтимал сатып алуларды және тұтынушының байланысу ақпаратын және тапсырыстарын көре алады. Сату кәсіпқойлары өздерінің күнделікті күнтізбелерін көре алады, менеджерлері оларға тағайындаған тапсырмаларды көре алады, топ мүшелерімен бірлесіп жұмыс істей алады және саладағы жаңалықтарды оқи алады. Сату аумақтарының Visio диаграммасы әр ай бойынша сатуларды салыстырады және оңай жаңартылатын серверлік дерекқордағы нақты уақыттағы деректерді қамтиды. Word құжатын пайдалана отырып менеджерлер сыртқы жүйелердегі деректерді автоматты түрде қамтитын ай сайынғы күй туралы есептерді тез жасай алады.

Беттің жоғарғы жағы

Мұнда жету — жұмыстың жартысы

Business Connectivity Services қондырмасы көп SharePoint және Office мүмкіндіктерін қамтитын үлкен қолшатырға ұқсайды. Бірақ ол «қораптан шығара сала» жұмыс істемейді, өйткені әр сыртқы деректер көзі бір мәнді және әр ұйымда ерекше қажеттіліктер бар. Жергілікті немесе бұлтта, дайындық жұмыстарын жүргізгеннен кейін SharePoint өнімдеріндегі және Office өнімдеріндегі сыртқы деректермен жұмыс істей аласыз. Сыртқы деректермен жұмыс істегенде, әдетте үш түрлі кезеңнен өтесіз:

Дайындық жұмыстары кезеңі    Бұл кезеңде сыртқы деректерге қатынасу жолын жоспарлайсыз, дайындайсыз және орнатасыз. Бұл іс жүзінде не орын алуы керек екенін түсіну үшін әкімшімен және кейде жасақтаушымен тығыз жұмыс істеуді білдіреді. Маңызды мақсаттар — іскерлік және техникалық талаптарды анықтау, сыртқы деректер көзін дайындау, қауіпсіз қойма қызметін пайдалана отырып деректерге қауіпсіз қатынасты қамтамасыз ету және шешімнің жалпы көлемін анықтау. Негізгі мақсат — сыртқы деректерді шығарып алу үшін пайдаланылатын байланыстардың, метадеректердің және басқа ақпараттың егжей-тегжейлі жиынтығы болып табылатын сыртқы мазмұн түрін жасау.

SharePoint кезеңі    Дайындық жұмыстары жасалғаннан кейін енді SharePoint өнімдерінде сыртқы деректермен әр түрлі жолдармен жұмыс істей аласыз, соның ішінде, сыртқы тізімдермен, сыртқы деректер бағандарымен, іскерлік деректер веб-бөліктерімен, жұмыс процестерімен, іздеу нәтижелерімен, профиль беттерімен, әрекеттермен, SharePoint бағдарламаларымен және кодқа негізделген SharePoint компоненттерімен немесе шешімдерімен.

Office кезеңі    SharePoint өнімдерінде сыртқы деректерге қатынасты жасағаннан кейін енді әр түрлі Office өнімдерінде (соның ішінде, Excel, Word, Outlook, Visio, Access және InfoPath бағдарламаларында), Office жиынтығына арналған бағдарламаларда және кодқа негізделген Office компоненттерінде, қондырмаларында немесе шешімдерінде деректермен жұмыс істей аласыз.

Жасақтаудың үш кезеңі

Бұл мүмкіндіктердің әрқайсысы туралы қосымша мәліметтерді осы мақалада кейінірек табасыз.

Беттің жоғарғы жағы

Сіздің қызметіңіз қандай?

Сыртқы деректерге негізделген шешімді жасақтау әдетте топтық күш салумен жасалады және сіздің жұмыс істеу жолыңыз рөліңізге байланысты. Келесі диаграмма жалпы жасақтау мерзіміне қатысты рөлдер мен шешімдердің жоғары деңгейлі көрінісін көрсетеді.

Жасақтау мерзіміндегі рөлдер мен тапсырмалар

Пайдаланушылар    Пайдаланушылар SharePoint өнімдерінің және Office өнімдерінің негізні мүмкіндіктерін пайдалана отырып қарапайым шешімдерді жинайды. Мысалдар мыналарды қамтиды:

  • Сыртқы тізімді жасау, тізімнің әр түрлі көріністері және әр түрлі сүзгілер мен сұрыптауларды қосу.

  • Деректерді одан әрі талдау үшін сыртқы тізімді Excel 2013 бағдарламасына экспорттау.

  • Сыртқы деректермен желіде және дербес күйде жұмыс істеу үшін сыртқы тізімді Outlook 2013 бағдарламасына қосу.

Озық пайдаланушылар    Озық пайдаланушылар қарапайым-орташа, кодсыз іскерлік шешімдерді жасайды және жиі дерекқор жүйелерін және ұйымдағы жалпы іскерлік процестерді түсіну үшін іскери талдаушы дағдыларын қажет етеді. Сондай-ақ, олар талаптарды әкімшілерге және жасақтаушыларға, сонымен бірге, менеджерлерге және мүмкін сайт дизайнерлеріне хабарлайды. Мысалдар мыналарды қамтиды:

  • Microsoft SharePoint Designer 2013 бағдарламасын пайдалана отырып сыртқы мазмұн түрін жасау.

  • Кітапханаларда сыртқы деректер бағандарын жасау және бағандарды келісім-шарт немесе есеп-шот сияқты реттелетін Word үлгісіндегі мазмұнды басқару элементтеріне байланыстыру.

  • Әдепкі SharePoint тізім пішіндерін ауыстыру үшін InfoPath пішіндерін реттеу.

  • Ақпараттың жұмыс кеңістігін жасау үшін іскерлік деректер веб-бөліктерін қолайлы жолмен қосатын веб-бетті құрастыру.

  • Реттелетін пішіндерді, көріністерді, таспа пәрмендерін, әрекеттерді және тапсырмалар аймағын қамтамасыз ететін Outlook негізіндегі шешімді жасау.

  • Сыртқы тізім деректерін пайдаланатын жұмыс процесін жасау.

Әкімшілер    Әкімшілер пайдаланушы рұқсаттары мен қауіпсіздікті бірнеше әр түрлі SharePoint компоненттері, соның ішінде, сыртқы мазмұн түрі және сыртқы дерекқор үшін басқарады. Маңызды әрекетке қауіпсіз қойма қызметі мақсатты бағдарламаларын орнату, тіркелгі деректерін салыстыру және ең жақсы аутентификация әдістерін анықтау кіреді. Басқа әрекеттердің мысалдары мыналарды қамтиды:

  • Сыртқы деректерге қатынасты, рұқсаттарды және сұрауларды басқару және орнату.

  • Business Data Connectivity метадеректер қоймасынан сыртқы мазмұн түрлерін импорттау және экспорттау.

  • Реттелетін профиль беттерін, әрекеттерді және іздеу нәтижелерін орнату.

Жасақтаушылар    Жасақтаушылар мақсатты, қайта пайдаланылатын компонеттерден кеңейтілген код негізіндегі шешімдерге дейінгі ауқымдағы әр түрлі реттелетін шешімдерді жасайды. Мысалдар мыналарды қамтиды:

  • Microsoft Visual Studio бағдарламасында жасақталатын кеңейтілген сыртқы мазмұн түрлері, мысалы, күрделі иерархиялық деректерді пайдаланатын реттелетін өріс түрлері.

  • Жалғыз BDC үлгісі ретінде көрсетілген бірнеше қызметтен алынған біріктірілген деректер.

  • Қайта пайдаланылатын компоненттер, реттелетін веб-бөліктер, реттелетін жұмыс процесі әрекеттері және InfoPath пішіндерінің негізіндегі код.

  • Outlook шешімдері үшін реттелетін сыртқы деректер бөліктері.

  • Microsoft Silverlight бағдарламалары және Office қондырмалары.

  • Оқиғалар арқаулық жүйесін пайдаланатын реттелетін ескертулер.

  • Реттелетін шешімдер немесе басқарылатын кодты пайдаланатын шешімдер.

Беттің жоғарғы жағы

Негізді қалау

Қандай сыртқы деректер шешімін жасауды шешсеңіз де, берік іргетасты жасау керек, бұл мынаны білдіреді: дұрыс бағдарламаны алу және орнату, сыртқы деректер көзін таңдау және дайындау, SharePoint қызметтері мен тіркелгілерін қосу, әрі сыртқы мазмұн түрін жасау.

SharePoint ортасымен танысу

Сыртқы деректер шешімін пайдаланғанда немесе жасағанда, SharePoint ортасына негізделгенде білбу керек мүмкіндіктер мен функциялардағы айырмашылықтар болады:

  • Жергілікті    Пайдаланушылар мен шешім толығымен жергілікті (брандмауэр артында) болатын шешімді жасасаңыз, онда бүкіл Business Connectivity Services мүмкіндіктеріне қолдау көрсетіледі.

  • Бұлт    Office 365 қызметіндегі SharePoint Online (2, E3 және E4 жоспарлары) қызметін пайдаланып жатсаңыз, онда мүмкіндіктердің жиыны қол жетімді. Мысалы, сыртқы тізімдерге, іскерлік деректер веб-бөліктеріне және оқиғалар арқаулық жүйесіне қолдау көрсетіледі, бірақ профиль беттеріне, әрекеттерге және қосқыш арқаулық жүйесіне қолдау көрсетілмейді. Бұған қоса, тек мына деректер көздеріне қосыла аласыз: WCF веб-қызметтері, OData және SQL Server Azure.

  • Гибридтік    Ұйым іскерлік бағдарламалар және ERP жүйелері сияқты жергілікті деректер көздеріне айтарлықтай инвестициялар жасап қойған болуы мүмкін. Бірақ, сонымен бірге, ұйым кейбір қызметкерлер жергілікті және кейбіреулері бұлтта болатын гибридтік SharePoint ортада да болуы мүмкін. Гибридтік ортада, бұлттағы пайдаланушылар жергілікті деректер көзіне қатынаса алуы үшін гибридтік сыртқы деректерді жасауға да болады. Мысалы, пайдаланушы SharePoint Online қызметін пайдалана отырып іс-сапарда болғанда шығындар туралы есепті толтыра алады, сөйтіп жергілікті SAP жүйесінің көмегімен бірден төлеуге болады. Кез келген қолдау көрсетілетін жергілікті деректер көзіне қосылуға болады, бірақ, OData қызметтерін пайдалану керек және кеңейтілген жасақтау және реттеу қажет болуы мүмкін.

Дұрыс бағдарламаны алу

Business Connectivity Services (BCS) мүмкіндіктері әр түрлі SharePoint шығарылымдарында таратылған. Дұрыс таңдау жасау үшін келесі кестені пайдаланыңыз.

Business Connectivity Services мүмкіндігі

SharePoint Foundation 2013

SharePoint Server 2013 (Стандартты)

SharePoint Server 2013 (Кәсіпорын үшін)

SharePoint Online (SPO)
2-жоспар
(E3, E4)

Түсініктемелер

Сыртқы тізім

Сыртқы деректер бағаны

Бизнес-деректерге қосылу мүмкіндігі қызметтері

Тек SPO, WCF және SQL Server Azure қосқыштарын қолдайды

Қауіпсіз қойма қызметі

Тек SPO, топтық тіркелгі деректер қолдайды

Сыртқы деректерді іздеу

Профиль беттері

Әрекеттер

Бизнес-деректер веб-бөліктері

Office өнімін қолдау

Толықтырылған клиент кеңейтімдері *

Бағдарламаларға бағытталған BCS

Қосқыш арқаулық жүйесі

Оқиғалар арқаулық жүйесі

OData қосқышы

BCS OM API

Гибридтік (SPO — жергілікті)

Тек OData қосқышын пайдалану

* Сыртқы деректерді көрсететін пішінді басқару элементтерін және деректерді Outlook тапсырмалар аймағында және пішін аймағында көрсететін орналасуларды қамтиды. Тек Microsoft Office Professional Plus 2013 нұсқасында қол жетімді.

Беттің жоғарғы жағы

Бағдарламаны дұрыс орнату

Дұрыс бағдарламаны орнатқаннан кейін оны дұрыс орнатқаныңызды тексеріңіз. Әсіресе:

Сыртқы деректер көзін дайындау    Деректерге дұрыс адамдарда қатынас болуын және деректердің дұрыс емес қолдарға тиюін болдырмауды қамтамасыз ету үшін әкімші тіркелгі жасауы және деректер көзіне рұқсаттарды қамтамасыз етуі керек болуы мүмкін. Сыртқы дерекқорда, әкімші, сонымен бірге, нәтижелерді қажеттілерімен шектеу және өнімділікті жақсарту үшін ерекше кестелерді, көріністерді, сұрауларды және т.с.с. жасай алады.

SharePoint қызметтерін реттеу    Әкімші іскери деректерге қосылу қызметтерін, қауіпсіз қойма қызметін және Visio қызметтерін белсендіруі керек.

Қауіпсіз қойма қызметін реттеу    Әкімші сыртқы деректер көзіне ең жақсы қатынас режимін анықтауы, мақсатты бағдарламаны жасауы және мақсатты бағдарламаның тіркелгі деректерін орнатуы керек.

Бизнес-деректерге қосылу қызметтерін реттеу    Әкімші сыртқы мазмұн түрін жасайтын пайдаланушыда іскери деректерге қосылу (BDC) метадеректер қоймасына рұқсаттары бар екеніне және тиісті пайдаланушыларда сыртқы тізім негізделген мазмұн түріне қатынасы бар екеніне көз жеткізуі керек.

Office өнімдері пайдалануға дайын екенін тексеру    Сыртқы деректерді Office өнімдерімен синхрондау үшін әр клиенттік компьютерде Windows 7 немесе одан кейінгі нұсқа және келесі бағдарламалық өнімдер болуы керек: SQL Server Compact 4.0, .NET Framework 4 және OData V3 үшін WCF деректер қызметтері 5.0 (қажет болса, сізге бағдарламаны жүктеу автоматты түрде ұсынылады). Сондай-ақ, Іскери деректерге қосылу қызметтері Office жиынтығын орнату параметрі қосылғанын тексеріңіз (бұл — әдепкі параметр). Бұл параметр мыналарды орындайтын іскери деректерге қосылу қызметтері клиентінің орындаушы ортасын орнатады: сыртқы деректерді кэштейді және олармен синхрондайды, іскери деректерді сыртқы мазмұн түрлеріне салыстырады, Office өнімдерінде сыртқы элементті таңдағышта көрсетеді және Office өнімдерінің ішінде реттелетін шешімдерді іске қосады.

Беттің жоғарғы жағы

Сыртқы деректерді дұрыс таңдау

Көптеген түрлі сыртқы деректер көздерімен, соның ішінде, дерекқорлармен, ERP жүйелерімен, OData және кеңейтілген қосқыштармен жұмыс істей аласыз.

Дерекқорлар    Барлық формалардағы және өлшемдердегі компаниялар мен компаниялар өздерінің күнделікті іс-әрекетінде дерекқорларға тәуелді. Дерекқорлар әр түрді деректер түрлерін, соның ішінде, мәтінді, сандарды, суреттерді және құжаттарды қамтиды, әрі, олардың көптеген мақсаттары болады, соның ішінде, қаржылық, өндіру, сақтандыру және деректерге негізделген компания веб-сайттары. Жалпы қолдау көрсетілетін дерекқорлар мыналарды қамтиды: Microsoft SQL Server, Oracle, IBM DB2 және ODBC немесе OLE DB интерфейс стандарттарына сай кез келген дереқкор.

ERP жүйлереі    ERP жүйлереі бүкіл ұймыдағы іскерлік деректерді және процестерді біріктіреді және кез келген бизнес үшін негізгі әрекеттердің көпшілігін орындайды, соның ішінде:

Бизнес-функция

Бизнес-процесс

Қаржы және бухгалтерия

Жалпы бухгалтерлік кітап, төлемдер мен кірістер, қолма қол ақшаны басқару, бекітілген активтер және бюджетті жасау

Адам ресурстары

Төлем тізімдемесі, оқыту, жеңілдіктер, жұмыстан шығу, жұмысқа қабылдау және әр түрлілікті басқару.

Тұтынушылармен қатынасты басқару (CRM)

Сату және маркетинг, комиссиялар, қызмет, тұтынушыларға хабарласу және колл-центр қолдау қызмет.

Өндіру

Инжиниринг, материалдар тізімі, жұмыстардың реті, жоспарлау, жұмыс процесін басқару, сапаны басқару және өнімнің пайдалану мерзімін басқару.

Жабдықтау тізбегі

Қор, тапсырыс берілген зат, сатып алу, жоспарлау, тексеру және талаптарды өңдеу.

Жобаларды басқару

Өзіндік құнды есептеу, шот жібеур, уақыт және шығындар, өнімділік бірліктері және әрекеттерді басқару.

Жалпы қолдау көрсетілетін ERP жүйелері SAP, Duet, Microsoft Dynamics, Siebel және JD Edwards жүйелерін қамтиды

OData    Open Data протоколы (OData) веб-қызметтерге қатынасатын Жасау (Жариялау), Оқу (Алу), Жаңарту (Орналастыру) және Жою (Жою) әрекеттері үшін REST негізіндегі стандартты қамтамасыз етеді. OData протоколын ODBC және OLE DB интерфейстерінің вебтегі баламасы деп қарастыруға болады. Деректер XML немесе JavaScript Object Notation (JSON) пішімінде қайтарылады. Жалпы OData көздері таныс веб-сайттарды (мысалы, Amazon, E-bay, Azure Data Market және Netflix), дерекқорларды және тіпті басқа SharePoint сайттарын қамтиды.

Кеңейтілген қосқыштар    Басқа деректер көздері үшін жасақтаушы мыналар арқылы кеңейтілген деректерге қатынасты қамтамасыз ете алады:

  • ADO.NET провайдері бар кез келген деректер көзіне қатынасуға мүмкіндік беретін ADO.NET компонентін пайдаланып.

  • WCF және веб-қызметтерді пайдаланып, бұл веб-қызметтерге және Windows Communication Foundation (WCF) арқаулық жүйесіне байланысуға мүмкіндік береді.

  • .NET байланыс мүмкіндігі жиындарын пайдаланып, бұл ADO.NET провайдері немесе веб-қызмет қол жетімді емес кезде деректер көзіне қатынасуға мүмкіндік береді.

  • Қолдау көрсетілмейтін жекеменшік деректер түрлерін қолдау көрсетілетін .NET деректер түрлеріне түрлендіру.

  • Деректер байланыстарын, тасымалдау әдістерін және қосқышты орнатуды қажет ететін, деректер құрылымдары жиі өзгеретін масштабы үлкенірек деректер көздері үшін реттелетін шешімдерді жасау.

Беттің жоғарғы жағы

Өнімділікті ескеру

Кез келген іскерлік шешім өнімділікті ескеруі керек, сыртқы деректер де қиыс жағдай емес. Бақытқа орай, Business Connectivity Services қондырмасы көптеген өнімділік қиындықтарды және мәселелерді жеңілдету үшін жасалған. Жалпы, SharePoint өнімдері қажет ететін жадты және өңдеу ресурстарын азайту үшін деректерді шығарып алу, беттеу, сүзу және сұрыптау сыртқы деректерге жүктеледі.

Сондай-ақ, Business Connectivity Services қондырмасында серверлік компьютерде де (Business Connectivity Services кэші), клиенттік компьютерде де (Business Connectivity Services клиентінің атқарушы ортасының кэші) бекітілген кэш бар және бірден сыртқы деректер жүйесіндегі ең соңғы мәндерді көрсетпеуі мүмкін. Бірақ, пайдаланушылардың және жасаған шешімдердің қажеттіліктерінің негізінде жаңарту аралықтарын реттеуге болады. Кейбір пайдаланушылар жаңартылған деректерді бірден көрмейді, бірақ көрсе, олар, мысалы, сыртқы тізімді немесе Outlook контактілер қалтасын жаңарта алады.

Сондай-ақ, дербес күйде клиенттік компьютерде жұмыс істеу мүмкіндігі пайдаланушылар сыртқы деректерге қосылмастан көп жұмыс істейтінін, бірақ, қайтадан желіге шыққанда, деректер жаңартылатынын және дұрыс үйлестірілетінін білетінін білдіреді.

Жалпы, бұл өнімділік мүмкіндіктері SharePoint веб-бетіндегі және Office өніміндегі сыртқы деректердің көрсету, жаңарту және деректер әрекеттерін тездетуге мүмкіндік береді.

Беттің жоғарғы жағы

Алдымен қауіпсіздікті ойлаңыз

Әсіресе сыртқы деректер шешімінің қауіпсіз болғаны өте маңызды, өйткені деректер жиі бизнес үшін маңызды болады және оларды дұрыс емес пайдаланушылар көрмеуі немесе өзгертпеуі керек. Сондай-ақ, деректерді қорғаудың көп жолы бар және шешім қарапайым, әрі қауіпсіз болуы керек. Бақытқа орай, негізінен қауіпсіз қойма қызметін пайдалана отырып күрделілікті барынша азайтудың жолдары бар.

Қысқаша айтқанда, сыртқы деректерді қорғау екі негізгі сұрақты қажет етеді:

Сіз кімсіз?    Бұл аутентификация деп те аталады және бұл — тіркелгі деректеріңізді (пайдаланушы аты мен құпия сөз) алу арқылы сәйкестік куәлігіңізді тексеру процесі.

Сізге не істеуге рұқсат етілген?    Бұл авторизация деп аталады және бұл — сізге берілген рұқсаттар тізімін алу арқылы қай элементтерде қандай тапсырмаларды орындай алатыныңызды анықтау процесі.

Алдымен, әкімші сыртқы деректер көзі үшін ең жақсы қатынас режимін анықтауға көмектеседі. Іскерлік шешімдерде ағымдағы пайдаланушыда басқа тіркелгі бар сыртқы деректер көзіне қатынасты аутентификациялау жиі кездесетініне назар аударыңыз. Бірақ әр түрлі тіркелгі деректерімен кіру күрделі және ыңғайсыз болуы мүмкін. Қауіпсіз қойма қызметі тіркелгі деректерін сақтау мен салыстыруды қамтамасыз ету арқылы құтқарады. Бұл тек бір рет кіру арқылы сыртқы деректер көзін пайдалаунды оңайырақ етеді.

Мысалы, SharePoint сайтына бір тіркелгі деректері жиынымен кірген болсаңыз, бірақ сыртқы тізімге басқа тіркелгі деректері жиынын пайдаланатын Siebel бағдарламасы арқылы қатынасқыңыз келсе, тағы бір рет кіру қажет болмауы үшін әкімші екі тіркелгі деректері жиынын автоматты түрде салыстыратын қауіпсіз қойма қызметін орната алады.

Сондай-ақ, қауіпсіз қойма қызметі жаман атағы бір «қос секіру» мәселесін реттеуге көмектеседі. Бұл мәселеде әр аутентификацияда екі компьютер арасында «секіруді» қажет етеді. Мұны болдырмау қадамдарын орындағанша, бұл қауіпті.

Қос секіру мәселесі қалай шешіледі

Содан кейін, әкімші форт айналасындағы бірнеше қорғаныс желісіне ұқсас, мыналарға тиісті авторизацияны және қатынасты қамтамасыз ету үшін рұқсаттарға негізделген қауіпсіздіктің бірнеше қабатын жасайды:

  • Сыртқы дерекқордағы немесе жүйедегі деректер.

  • Business Data Connectivity метадеректер қоймасындағы сыртқы мазмұн түрі.

  • Сыртқы мазмұн немесе сыртқы деректер бағаны.

Соңында, әкімші шифрлау арқылы қосымша қорғаныс қабатын қооса алады, егер, сонымен бірге, сыртқы деректер шешімі Office бағдарламасын пайдаланса, әкімші Business Connectivity Services клиенттік атқарушы ортасының кэшін Windows шифрлау файлдық жүйесін пайдалана отырып қорғай алады. Сондай-ақ, кейбір сыртқы деректер көздері деректерді шифрлау жолдарын қамтамасыз етеді.

Беттің жоғарғы жағы

Іргетасты қалау: сыртқы мазмұн түрлері

Сыртқы мазмұн түрлері кез келген сыртқы деректер шешімінің орталық бөлігінде орналасады. Олар сіз бен сыртқы деректер көзі арасындағы делдалға ұқсайды. Әдеттегі сыртқы мазмұн түрі — төмендегілерді қамтитын ақпараттың реттелген жиынтығы:

  • Орын, атау және аутентификациялау режимдері сияқты деректер көзіне байланыс туралы ақпарат.

  • Кестенің, өрістердің, негізгі және сыртқы кілттердің, тексерулердің және деректер түрлерінің анықтамасы (сондай-ақ, метадеректер деп аталады).

  • Істеуге болатын әрекеттер, мысалы, Жасау, Оқу, Жаңарту, Жою және Сұрау (сондай-ақ, CRUDQ деп аталады).

  • Басқа ақпарат және мінез-құлықтар, мысалы, салыстырылған Office деректер түрлері немесе дербес күйдегі синхрондауды қосу.

  • Деректерді сұрайтын және нәтижелерді оқшаулауға көмектесетін әр түрлі сүзгілер және өнімділікті жақсартатын шектер.

  • Пайдаланушылық интерфейс арқылы сыртқы деректерді шығарып алу үшін пайдаланылатын сыртқы мазмұнды таңдағыш үшін сәйкестік куәлігі өрісі және көрсету бағандары.

  • «Тапсырыстар» және «Тұтынушылар» сияқты екі байланысқан кесте арасындағы негізгі және сыртқы кілттерге негізделген байланыс.

Бір озық пайдаланушы сыртқы мазмұн түрін анықтайды, сондықтан басқа пайдаланушыларды сыртқы деректермен жұмыс істеудің табиғи күрделілігінен қалқандайды. Бұған қоса, бүкіл ақпарат арнайы (.bdcm) файлында, XML пішімінде сақталады, сөйтіп Business Data Connectivity метадеректер қоймасына сақталады. Бұл әдіс әр түрлі сайттарда сыртқы мазмұн түрлерін сақтау, жаңарту, қорғау және қайта пайдалануды оңай етеді. Мысалы, жасақтау ортасынан өндіріс ортасына орналастыру немесе басқа сайттар жиындарымен ортақ пайдалану үшін файлды оңай экспорттауға және импорттауға болады.

Айтпақшы, озық пайдаланушының XML маманы болуы қажет емес. Сыртқы мазмұн түрін жасау үшін таңдауға болатын екі құрал бар:

  • Microsoft SharePoint Designer 2013    Сыртқы мазмұн түрін сипаттамалық жолмен анықтауға және жаңартуға, содан кейін Business Data Connectivity метадеректер қоймасына жариялауға болады.

  • Microsoft Visual Studio 2012    Егер сыртқы деректер тым күрделі болса немесе оларға SharePoint Designer 2013 қолдау көрсетпесе, Visual Studio жиынтығындағы XML Editor құралын пайдаланып (ол Intellisense технологиясын қамтамасыз етеді) XML үлгісін жасауға болады немесе Visual Studio сыртқы мазмұн түрлерін құрастырғышты пайдаланып .NET Framework арқылы реттелетін сервермен біріктіру логикасын қамтамасыз ететін .NET байланыс мүмкіндігі жиынын жасауға болады.

Беттің жоғарғы жағы

SharePoint өнімдеріндегі беттік сыртқы деректер

Сыртқы деректер үшін берік және қауіпсіз негізді жасағаннан кейін, оның көмегімен SharePoint өнімдерінде мыналарды істей аласыз.

Сыртқы тізімдерде деректерді оқу және жазу

Сыртқы тізім — сыртқы деректерге негізделген SharePoint шешімдері үшін негізгі стандартты блок. Сыртқы деректерді оқуды және жазуды SharePoint тізімін пайдаланып таныс әрекеттестік көмегімен орындай аласыз. Сыртқы тізім негізінен табиғи тізім сияқты көрінеді және әрекет етеді, бірақ мінез-құлықтағы кейбір айырмашылықтар бар. Мысалы, көріністерді жасай және формулалар бар есептелетін мәндерді пайдалана аласыз, бірақ файлдарды тіркей немесе нұсқаларды бақылай алмайсыз.

Сондай-ақ, сыртқы тізімде SharePoint Designer 2013 бағдарламасын пайдалана отырып жасауға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Тізімдерге және кітапханаларға сыртқы деректер бағандарын қосу

Сыртқы деректер бағандарын табиғи тізімдегі немесе кітапханадағы басқа бағандармен біріктіруге болады. Сыртқы деректер бағаны табиғи тізімге немесе кітапханаға қосылатындықтан, бүкіл байланысты тізім немесе кітапхана мүмкіндіктері жұмыс істейді, соның ішінде, нұсқалар, бекітулер, бөліп алу және қайтару, әрі файл тіркемелері.

Компания сататын өнімдердің суреттерді қамтитын суреттер кітапханасын жасадыңыз делік. Сыртқы дерекқордан өнім атауына, өнім кодына және ағымдағы бағаға қатынасатын кітапханаға сыртқы деректер бағанын қосуға болады. Компания ережелері мен процестері өнім туралы ақпаратқа қандай да өзгертулерді тек дерекқор жүйесі арқылы енгізуде талап ететіндіктен, сыртқы мазмұн түрін жасағанда сыртқы деректер тек оқуға арналғанын көрсетесіз. Бірақ енді компаниядағы көбірек адам бүкіл жалпы өнім туралы ақпаратты бір кітапхана көрінісінде көре алады.

Беттің жоғарғы жағы

Бизнес-деректер веб-бөліктері бар шешімдерді жасау

Іскери деректер веб бөліктері сыртқы тізімдегі деректермен жұмыс істеуге арналған және бұл веб-бөліктерді қолайлы жолдармен біріктіріп, сайт жұмыс кеңістігін немесе бақылау тақтасын жасауға болады. Мысалы, тізім және элемен веб-бөліктерін біріктіріп, «Бейсенбі ақылары» сияқты тізім веб-бөлігінде шығындар туралы есеп элементін таңдағанда элемент веб-бөлігінде қонақ үй, саяхат және тамақ ақылары сияқты элемент мәліметтері көрсетілетіндей етуге болады.

Келесі кестеді әр іскерлік деректер веб-бөлігінің қысқаша түйіні берілген.

Веб-бөлік

Сипаттама

Іскерлік деректер тізімі

Сыртқы тізімдегі элементтер тізімін көрсетеді.

Іскерлік деректер элементі

Сыртқы тізімдегі бір немесе одан көп элементті көрсетеді.

Іскерлік деректер әрекеттері

Сыртқы тізімдегі әрекетті көрсетеді.

Іскерлік деректерге қосылу мүмкіндігі сүзгісі

Сыртқы тізімдегі мәндер тізімін пайдалана отырып қосылған іскерлік деректер веб-бөлігінің мазмұнын сүзеді.

Іскерлік деректер элементтерін құрастырғыш

URL сұрау жолындағы параметрлерден іскерлік деректер элементін жасайды және оны басқа іскерлік деректер веб-бөліктеріне қамтамасыз етеді.

Іскерлік деректердің байланысқан тізімі

Сыртқы тізімдегі негізгі элементке байланысқан қосалқы элементтер тізімін көрсетеді.

Беттің жоғарғы жағы

Профиль бетінде, әрекетте немесе іздеуде сыртқы деректерді пайдалану

Профиль беттері, әрекеттер және іздеу — тығыз байланысты мүмкіндіктер.

Профиль беттері

Әдепкі бойынша, Business Connectivity Services қондырмасы сыртқы мазмұн түріне негізделіп профиль бетін автоматты түрде жасайды. Профиль беті — белгілі бір тұтынушы туралы жекелеген өрістер сияқты идентификатор өрістің негізінде сыртқы деректердің жалғыз жолындағы ақпаратты көрсететін веб-бет.

Әдепкі профиль беті іс жүзінде бірге қосылған іскерлік деректер элементтері құрастырғышын және іскерлік деректер элементі веб-бөліктерін қамтитын веб-бет болып табылады. Элементтер құрастырғыш веб-бөлігі профиль бетінің URL сұрау жолы параметрін талдайды, мысалы, http://contoso/Customer.aspx?CustID=345, сөйтіп CustID мәнін деректер элементі веб-бөлігіне береді, содан кейін бұл веб-бөлік бүкіл сәйкес тұтынушы өрістерін көрсетеді.

Реттелетін ақпаратты көрсету үшін жеке профиль бетін жасауға болады немесе әкімші профиль бетін сізге реттеп бере алады.

Әрекеттер

Тіпті пайдалы бірдеңені істеу үшін профиль бетіне негізделген әрекетті орындауға болады. Мысалы, тұтынушының орнын көру немесе бағыттарды алу үшін тұтынушы туралы мекенжай ақпаратын Bing карталарымен біріктіретін әрекетті жасауға болады. Әрекетті профиль бетінің URL сұрау жолы параметрінің негізінде немесе реттелетін код арқылы жасауға болады. Я болмаса, жасақтаушы серверлік дерекқордағы қызметкерлер туралы ақпаратты жаңартуға мүмкіндік беретін реттелетін кодты жаза алады.

Әдепкі бойынша, әрекетті іскерлік деректер әрекеттері немесе іскерлік деректер тізімі веб-бөлігіндегі «Профильді көру» әрекет пәрменін басқанда пайдаланасыз. Сыртқы деректер бағанын пайдаланғанда, сонымен бірге, әрекетті мәзір пәрменінен орындауға болады.

Іздеу

Соңында қажет болса, әкімші сыртқы деректерді іздеуді қоса алады. Сыртқы деректерді тура ішкі SharePoint деректері сияқты тексеріп шығу және индекстеу үшін пайдалануға болады, бірақ профиль бетін пайдалана отырып көрсетілген іздеу нәтижелерін тек тиісті пайдаланушылар баса және көре алуын қамтамасыз ету үшін қауіпсіздік шектеуімен.

SharePoint іздеуін сыртқы деректер жүйелеріне біріктіргенде, пайдаланушы басқа жағдайда таба алмайтын деректерді таба алады. Мысалы, тұтынушы жұмыс істейтін компанияны білсеңіз, бірақ оның атын ұмытып қалсаңыз, тұтынушының профиль бетін табу үшін компания атауы бойынша іздей аласыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жұмыс процестерінде сыртқы деректерді пайдалану

Жұмыс процестері SharePoint тізімінің, кітапханасының немесе сайтының негізінде іскерлік процестердің үлгісін жасау және оларды автоматтандыру үшін қуатты құралды қамтамасыз етеді. Бұл іскерлік процестер бір бекітуші бар құжаттарды бекіту процесі сияқты қарапаймы немесе кез келген құрылымдалған іскерлік процесс сияқты күрделі бола алады. Жұмыс процесін сыртқы тізіммен тікелей байланыстыру мүмкін болмағанымен, мыналарды жасай аласыз:

Табиғи тізім жұмыс процестері    «Тізім элементін жасау», «Тізім элементін жаңарту» және «Тізім элементін жою» әрекеттерін пайдалана отырып сыртқы тізімнен деректерді оқитын немесе жаңартатын табиғи тізіммен байланысты жұмыс процесі. Мысалы, сыртқы тізім элементін жергілікті тізім немесе кітапхана элементі өзгергенде жаңарта аласыз. Сыртқы тізім өрісін өзгерту үшін сыртқы тізімдерде «Жұмыс процесі айнымалысын орнату» сияқты басқа әрекеттерді пайдалануға болады. Сондай-ақ, сыртқы тізім элементін тапсырма процесі үшін мақсатты орын ретінде пайдалануға болады, бірақ тапсырмаға сілтеме сыртқы тізім элементінің тақырыбын көрсетпейді.

Сайт жұмыс процестері    Сайт жұмыс процестері оқиға триггерін қажет етпейді және оларды қолмен іске қосуға болады. Рұқсат етілмеген қатынасты болдырмау үшін сыртқы тізімдерге қатынасатын жұмыс процестері әрқашан қызметтік тіркелгіде іске қосылады, тіпті кейіптеуді пайдаланатын аутентификация режимінде де.

Оқиғалар    Жасақтаушы сыртқы деректер көзінде іске қосылатын оқиғаларды жасай алады және пайдаланушылар осы оқиғаларға жауап беретін ескертулерді жасай алады. Мысалы, сыртқы деректер көзінде тұтынушы тіркелгісі қызметкерге тағайындалған болса, SharePoint жұмыс процесін пайдаланып сол қызметкерге электрондық пошта хабарын жіберуге болады.

Өнімділік себептері бойынша, сыртқы тізімдерде бағандардың шағын санын ғана оқыған я болмаса сыртқы тізімде элементтердің тек шағын санын жасау, жаңарту немесе жойған жөн.

Беттің жоғарғы жағы

Office өнімдеріндегі беттік сыртқы деректер

Енді SharePoint өнімдеріндегі деректерге жеткенде, онымен әр түрлі Office өнімдерінде мыналарды істеуге болады.

Excel бағдарламасында сыртқы деректерді талдау

Сыртқы тізімдегі деректерді Excel 2013 бағдарламасына экспорттауға және деректерді синхрондауға болады. Мысалы, ортақ пайдалану және жаңарту оңай болуы үшін қор тізімін сыртқы тізімде сақтағыңыз, бірақ, сонымен бірге, Excel 2013 бағдарламасында кезеңдік қорды талдауды орындағыңыз келуі мүмкін. Excel 2013 бағдарламасына экспортталған сыртқы деректер ағымдағы сыртқы тізім көрінісімен, сыртқы мазмұн түрінде анықталған сүзгілермен және сыртқы тізіммен, әрі SharePoint сайтының тіл параметрлерімен анықталады.

Сыртқы тізімді экспорттағанда, веб-сұрау файлына негізделген сыртқы тізімге деректер байланысы бар Excel кестесі жасалады. Excel кестесінде SharePoint тізіміне енгізілген қосымша өзгертулерді көру үшін деректерді жаңартуға болады. Сыртқы деректердің көзіне өзгертулер енгізу мүмкін емес екеніне және Excel бағдарламасының жаңарту әрекеті Excel кестесінде енгізген барлық өзгертулерді қайта жазатынына назар аударыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Word құжаттарына сыртқы деректерді қосу

Сондай-ақ, құжаттар кітапханасына сыртқы деректер бағандарын және Word үлгісін қосу арқылы Microsoft Word 2013 құрылымдалған құжатында дәл, жаңа деректерді енгізуді оңай және тиімді ете аласыз.

Сізде тұтынушы келісімдерін қамтитын құжаттар кітапханасы бар делік. Бірақ, бүкіл тұтынушылар туралы ақпарат SAP сияқты іскерлік бағдарламада жүргізіледі. Құжаттар кітапханасында тұтынушы келісімдерін бақылауға болады, бірақ байланысты тұтынушы ақпараты жаңа екеніне және қажеттіліксіз қайталанбауына көз жеткізіңіз. Мұнда мұның жолы берілген:

  • Алдымен тиісті тұтынушы атын, компания атауын және телефон нөмірін келісімдер кітапханасында сақталған әр келісіммен байланыстыру үшін кітапханаға сыртқы деректер бағандарын қосыңыз.

  • Содан кейін, тұтынушы келісімінің үлгі мәтінін және тұтынушы атын, компания атауын және телефон нөмірін енгізу үшін мазмұн басқару элементтерін қамтитын Word үлгісін жасаңыз. Word 2013 бағдарламасы дұрыс тұтынушы ақпаратын автоматты түрде көрсету және шығарып алу арқылы дұрыс ақпаратты енгізуге немесе жаңартуға көмектесу үшін сыртқы элементтерді таңдағышты пайдаланады.

  • Соңында, келісімді жасап, тұтынушы деректер енгізіп және келісімді қайтадан кітапханаға сақтаған сайын, тұтынушы деректерінің мәндері сәйкес сыртқы деректер бағандарына жоғарылатылады.

Беттің жоғарғы жағы

Outlook бағдарламасында сыртқы деректерді синхрондау

Егер сыртқы тізім тұтынушыларды, тапсырмаларды, кездесулерді немесе жазбаларды қамтыса, тізімді Outlook 2013 бағдарламасымен байланыстыруға болады. Қосылғаннан кейін таныс Outlook пайдаланушылық интерфейсін пайдаланып деректерді көре, өңдей және басып шығара аласыз. Егер деректер тұтынушылар сияқты контакт мәліметтері болып табылса, тіпті оларға қоңырау шалу, электрондық пошта хабарларын жіберу және жиналысқа шақырулар жіберу мүмкіндігіңіз болады.

Деректерді синхрондау екі жақты болады. Outlook 2013 бағдарламасында енгізілген өзгертулер сыртқы деректер көзімен автоматты түрде синхрондалады. Сыртқы деректер көзіне енгізілген өзгертулер Outlook 2013 бағдарламасындағы элементтермен синхрондалады, дегенмен жаңарту әрекеті қажет болуы мүмкін.

Әдепкі бойынша, деректер алты сағат сайын автоматты түрде жаңартылады, бірақ бұл мәнді өзгертуге болады. Сыртқы деректер көзінен ағымдағы деректерді көріп тұрғаныңызды тексеру үшін, қалтаны тінтуірдің оң жақ түймешігімен басыңыз да, Дерекқор өзгертулерін синхрондау пәрменін таңдаңыз.

Сыртқы мазмұн түрін жасағанда, келесі әрекеттерді орындайсыз:

  • Дербес күйдегі қатынас керек болса, Дербес күйде синхрондау қолдау параметрін қосыңыз.

  • Office элементінің түрі өрісін мыналардың біреуіне орнатыңыз: «Келісім», «Кездесу», «Тапсырма» немесе «Жазба».

  • Сыртқы мазмұн түріндегі «Тұтынушының аты», «Тұтынушының тегі», «Тұтынушының мекенжайы» және «Тұтынушының телефоны» сияқты жекелеген өрістерді олардың сәйкес «FirstName», «LastName», «BusinessAddress» және «BusinessPhone» сияқты сәйкес Outlook элемент түрі өрістеріне салыстырыңыз.

Бұған қоса, жасақтаушы жазған біраз кодпен мыналарды істейтін Outlook шешімін жасай аласыз:

  • Сыртқы деректерді пайдаланушыларға көрсету үшін реттелетін тапсырма аймақтарында табиғи немесе реттелетін деректер бөліктерін көрсету.

  • Реттелетін әрекеттерді оырндау үшін реттелетін тапсырма пәрмендерін қамту.

  • Сыртқы деректердің белгілі бір бағандарын көрсету үшін реттелетін көрініс анықтамасын жасау.

  • Сыртқы деректерді көрсету үшін реттелетін пішін аймақтарын құрастыру.

Беттің жоғарғы жағы

InfoPath пішіндерінің көмегімен сыртқы деректерге қатынасты жақсарту

Microsoft InfoPath 2013 бағдарламасының сыртқы деректермен бірге пайдаланудың пайдалы болуының көптеген себебі бар:

Күрделі деректер түрлерімен жұмыс істеу    Егер сыртқы деректердің өрісі иерархиялық болса, мысалы, «Көше», «Қала» және «Пошталық индекс» ішкі өрістерін қамтитын мекенжай өрісі болса, онда бұл өріспен сыртқы тізімге арналған SharePoint пішінінде жұмыс істей алмайсыз және іс жүзінде ол тіпті жасалмайды да. Бірақ, SharePoint пішінін InfoPath пішініне түрлендіріп, InfoPath 2013 бағдарламасын пайдалана отырып өрістерді жасауға және жаңартуға болады.

Сыртқы элементтерді таңдағыш басқару элементін ендіру    Сыртқы элементтерді таңдағыш басқару элементін InfoPath пішініне апарып тастауға, оны қосымша деректер көзі ретінде сыртқы тізімге байланыстыруға және пайдалауншы үшін «Тұтынушы аты» немесе «Өнім коды» сияқты бір мәнді өрістің негізінде элементтерді таңдауды оңай етуге болады.

Бұған қоса, тұтынушылар және тапсырыстар сияқты мазмұн түрлері үшін байланысты орнатсаңыз және сыртқы тізімге арналған InfoPath пішіні «Тұтынушы идентификаторы» сияқты сыртқы кілтті қамтыса, сыртқы элементтерді таңдағыш басқару элементі тіпті пішінге автоматты түрде қосылады. Бұл пайдаланушыларға тапсырыстармен жұмыс істегенде қажет тұтынушыны оңай табуға мүмкіндік береді.

Пішіннің бірнеше көрінісін жасау    Кейде, пішіндерде сыртқы деректердің бірнеше көрінісі болуын қалуыңыз мүмкін, әіресе, көп өрістер болса және тізім немесе SharePoint пішіні тиімді болмаса. Сондай-ақ, бірнеше көрініс сыртқы жүйе жасағаннан кейін өрісті жаңартуға мүмкіндік бермейтін бір рет жазу сценарийлерінде пайдалы. Мұндай жағдайларда екі көріністі жасауға болады, біреуі жасау әрекеті үшін және екіншісі жаңарту әрекеті үшін.

Пішіндерге ережелерде немесе кодты қосу    Тексеру және есептеулер сияқты қосымша іскерлік логиканы орындау үшін пішіндерге сипаттағыш ережелерді немесе кодты қосуға болады. Мысалы, ережені пайдалана отырып ел/аймақ кодының жарамды екеніне немесе веб-қызметті пайдалана отырып АҚШ пошталық индексінің жарамды екеніне көз жеткізуге болады.

Беттің жоғарғы жағы

Visio диаграммаларына сыртқы деректерді қосу

Microsoft Microsoft Visio 2013 бағдарламасы бағдарламасын пайдаланып сыртқы тізімдегі деректерді диаграммаға және оның кескіндеріне байланыстыруға болады. Содан кейін диаграмманы SharePoint құжаттар кітапханасына интерактивті веб сызба ретінде жариялауға болады, сонда пайдаланушылар диаграмманы көрсете және байланысты сыртқы деректерді көре алады. Сызбадағы кескіндерге деректер жолдарын байланыстырудың үш жолы бар. Жолдарды бар кескіндерге бір бірден байланыстыруға болады, жолдарды кескіндерге автоматты түрде байланыстыруға болады немесе деректерден кескіндерді жасауға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Access бағдарламасында сыртқы деректерді импорттау және жаңарту

Microsoft Access 2013 — барлық деректер түрлері үшін қону алаңы болып табылады және сыртқы деректер де қиыс жағдай емес. Сыртқы тізімді клиенттік компьютердегі Access дерекқорға импорттап, кезеңді түрде деректерді жаңартуға болады. Деректер тек оқуға арналған.

Орындайтын негізгі қадамдар:

  1. Сыртқы мазмұн түрін SharePoint Designer 2013 бағдарламасынан немесе іскери деректерге қосылу мүмкіндігі метадеректер қоймасынан BDCM файлы ретінде экспорттаңыз.

  2. Access 2013 бағдарламасында BDCM файлын пайдалана отырып веб-қызмет деректер байланысын жасаңыз.

  3. Access 2013 бағдарламасында веб-қызмет деректер байланысына негізделген байланысқан кестені жасаңыз.

Бұл жағдайда, Business Connectivity Services клиенттік атқару ортасының кэшы деректерді жаңартқанда сыртқы тізіммен синхрондау үшін пайдаланылмайтынына назар аударыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×