Сыйысымдылық тексергішінің қателері

Сыйысымдылық тексергіші Word 97-2003 пішімінде жоқ немесе басқаша болатын құжат элементтерінің тізімін көрсетеді. Құжатты кейінірек Office Word 2007 пішіміне түрлендірсеңіз де, кейбір мүмкіндіктер түбегейлі өзгереді және Microsoft Office Word 2007 элементтеріне түрлендірілмейді.

Сыйысымдылық тексергішінде Word бағдарламасының бұрынғы нұсқаларында басқаша болатын элементтер жиынтығын сараптауға болады, одан кейін құжатты Word 97-2003 пішімінде сақтау үшін Жалғастыру пәрменін немесе Болдырмау пәрменін нұқыңыз.

Стандартты блоктар

Стандартты блоктар мен Автомәтін енгізбелері кейбір мәліметтерді жоғалтуы мүмкін.

Үлгілер Word 2007 бағдарламасындағы стандартты блоктар жиынтықтарында көрінетін мазмұнды қамтамасыз етеді. Үлгі Word 97-2003 пішімінде сақталғанда, стандартты блоктар жиынтықтарынан алынған мазмұн түбегейлі тұрақты Автомәтін енгізбелеріне түрлендіріледі. Кейінірек құжатты Office Word 2007 пішіміне түрлендірсеңіз де, автомәтінді стандартты блоктарға қайта түрлендіре алмайсыз.

Келесі стандартты блоктар жиынтықтарының мазмұны автомәтінге түрлендіріледі:

  • Кестелер

  • Үстіңгі деректемелер

  • Астыңғы деректемелер

  • Бет нөмірлері

  • Мәтін ұялары

  • Өрнектер

  • Мазмұны

  • Әдебиеттер тізімі

  • Су таңбалар

  • Өзгертпелі жиынтықтар

Сілтемелер мен әдебиеттер тізімі

Сілтемелер мен әдебиеттер тізімі тұрақты мәтінге түрлендіріледі және бұдан кейін автоматты түрде жаңартылмайды.

Office Word 2007 бағдарламасында, сілтемелер мен әдебиеттер тізімі олардың көздері өзгергенде немесе жаңа құжат мәнері қолданылғанда автоматты түрде жаңарады. Office Word 2007 құжатын Word 97-2003 пішімінде сақтасаңыз, сілтемелер мен әдебиеттер тізімі автоматты түрде жаңартылмайтын тұрақты мәтінге түрлендіріледі және олардың көздері қол жеткізгісіз болады.

Кейінірек құжатты Office Word 2007 пішіміне түрлендірсеңіз, сілтемелер мен әдебиеттер тізімі автоматты түрде жаңартылмайды. Оларды автоматты түрде жаңарту үшін құжаттағы қайнар көздерді қалпына келтіру немесе оларды Көздерді реттеуші тілқатысу терезесіндегі Ағымдық тізім дегенге көшіріп, одан кейін тұрақты сілтемелер мен әдебиеттер тізімін жаңаларымен ауыстыру керек.

Мазмұнды басқару элементтері

Мазмұнды басқару элементтері тұрақты мазмұнға түрлендіріледі.

Егер құжатты Word 97–2003 пішімінде сақтасаңыз, кейінірек құжатты Office Word 2007 файл пішіміне түрлендірсеңіз де, мазмұнды басқару элементтерінің барлығы кәдімгі мәтінге түрлендіріледі және байланысқан сипаттары түбегейлі жоғалады.

Мысалы, Word 97–2003 бағдарламасында, пайдаланушылар ашылмалы тізімдегі элементтерді бұдан кейін көре алмайды. Сондай-ақ, қорғаныс сипаттары (яғни, өңделмейтін немесе жойылмайтын аумақтар) бұдан кейін орындалмайды және пайдаланушылар басқару элементтерінің мазмұнын жоя және өзгерте алатын болады.

Ендірілген нысандар

Бұл құжаттағы ендірілген нысан Microsoft Office Excel 2007 бағдарламасында жасалған. Нысанды Word бағдарламасының бұрынғы нұсқаларында өңдей алмайсыз.

Ендірілген нысандарды Word бағдарламасының бұрынғы нұсқаларын пайдаланатын адамдар өңдей алатындай етіп түрлендіруге болады.

Ендірілген Office Excel 2007 нысандарын түрлендіру

  1. Ендірілген нысанды тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз.

  2. Жұмыс парағының нысаны параметрін көрсетіп, Түрлендіру пәрменін таңдаңыз.

  3. Түрлендіру тілқатысу терезесінде Түрлендіру түрі пәрменін таңдаңыз.

  4. Нысан түрі тізімінен Microsoft Office Excel жұмыс парағы параметрін таңдаңыз.

Бұл құжаттағы ендірілген нысан Microsoft Office PowerPoint 2007 бағдарламасында жасалған. Нысанды Word бағдарламасының бұрынғы нұсқаларында өңдей алмайсыз.

Ендірілген нысандарды Microsoft Office бағдарламасының бұрынғы нұсқаларын пайдаланатын адамдар өңдей алатындай етіп түрлендіруге болады. PowerPoint нысандарын түрлендіру үшін, Office Word 2007 бағдарламасында, төмендегілердің бірін орындаңыз.

Ендірілген Office PowerPoint 2007 слайд нысандарын түрлендіру

  1. Ендірілген нысанды тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз.

  2. Слайд нысаны параметрін көрсетіп, Түрлендіру пәрменін таңдаңыз.

  3. Түрлендіру тілқатысу терезесінде Түрлендіру түрі пәрменін таңдаңыз.

  4. Нысан түрі тізімінен Microsoft Office PowerPoint слайды параметрін таңдаңыз.

Ендірілген Office PowerPoint 2007 көрме нысандарын түрлендіру

  1. Ендірілген нысанды тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз.

  2. Көрме нысаны параметрін көрсетіп, Түрлендіру пәрменін таңдаңыз.

  3. Түрлендіру тілқатысу терезесінде Түрлендіру түрі пәрменін таңдаңыз.

  4. Нысан түрі тізімінен Microsoft Office PowerPoint көрмесі параметрін таңдаңыз:

Бұл құжаттағы ендірілген нысан Microsoft Office Word 2007 бағдарламасында жасалған. Нысанды Microsoft Office бағдарламасының бұрынғы нұсқаларында өңдей алмайсыз.

Ендірілген Office Word 2007 нысандарын түрлендіру

Ендірілген нысандарды Word бағдарламасының бұрынғы нұсқаларын пайдаланатын адамдар өңдей алатындай етіп түрлендіруге болады.

  1. Ендірілген нысанды тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз.

  2. Құжат нысаны параметрін көрсетіп, Түрлендіру пәрменін таңдаңыз.

  3. Түрлендіру тілқатысу терезесінде Түрлендіру түрі пәрменін таңдаңыз..

  4. Нысан түрі тізімінен Microsoft Office Word 97-2003 құжатын таңдаңыз.

Өрнектер

Өрнектер суреттерге түрлендіріледі. Құжатты жаңа файл пішіміне түрлендіргенше өрнектерді өңдей алмайсыз.

Егер құжат Word 97-2003 пішімінде сақталса, өрнектер өңделмейтін суреттерге түрлендіріледі. Бірақ, кейінірек құжатты Office Word 2007 файл пішіміне түрлендірсеңіз, өрнектер мәтінге айналады және оларды өңдеуге болады.

SmartArt сызбалары

SmartArt сызбалары Word бағдарламасының бұрынғы нұсқаларында өңделмейтін бір нысанға түрлендіріледі.

SmartArt сызбалары бар құжат Word 97-2003 пішімінде сақталса, олар тұрақты суреттерге түрлендіріледі. Сызба ішіндегі мәтінді өңдей алмайсыз, оның орналасуын немесе жалпы көрінісін өзгерте алмайсыз.

Кейінірек құжатты Office Word 2007 пішіміне түрлендірсеңіз, сызба SmartArt нысанына қайта өзгереді.

Табуляция таңбалары

Туралау табуляция таңбалары дәстүрлі табуляция таңбаларына түрлендіріледі.

Office Word 2007 бағдарламасында, туралау табуляция таңбалары мәтінді құжаттың жақтау араларына қатысты орналастыру үшін немесе құжат ішіндегі аумақ үшін және жақтау аралары өзгергенде олардың орнын реттеу үшін пайдаланылады.

Құжат Word 97-2003 пішімінде сақталса, туралау табуляция таңбалары түбегейлі дәстүрлі табуляция таңбаларымен ауыстырылады және жақтау аралары өзгергенде, олардың орны бұдан кейін автоматты түрде реттелмейтін болады. Егер күрделі орналасуды жасау үшін туралау табуляция таңбаларын пайдаланған болсаңыз, табуляция таңбалары орынды жылжытып, құжаттың көрінісін өзгертуі мүмкін.

Мәтін ұялары

Кейбір мәтін ұяларының орналасуы өзгереді.

Кейінірек құжатты Office Word 2007 пішіміне түрлендірсеңіз де, мәтін ұяларында тігінен ортасы бойынша немесе төменгі жағы бойынша тураланған мәтін түбегейлі жоғарғы жағы бойынша тураланады.

Бақылаудағы жылжытулар

Бақыланатын жылжытулар жоюлар мен кірістірулерге түрлендіріледі.

Егер құжатты Word 97-2003 пішімінде сақтасаңыз, бақыланатын жылжытулар бақыланатын жоюлар мен кірістірулерге айналады. Егер кейінірек құжатты Office Word 2007 пішіміне түрлендірсеңіз, бақыланатын кірістірулер мен жоюлар бақыланатын жылжытуларға қайта түрлендірілмейді.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×