Сызбалық нысандағы ақаулықтарды жою

Түр

Суретімдегі сызықтар жалбыраған.

  • Қисық сызықтар және абсолютті тік немесе көлденең емес түзу сызықтар бейнебетте шамалы жалбырап көрінеді. Басып шығарғанда қисықтар тегіс болып шығады.

  • Сурет салу құралдар тақтасындағы екі құрал (Автокескіндер мәзірі, Сызықтар ішкі мәзірі): Қисық Button image және Иілгіш нысан құралдары Button image Сызылған қисық құралына Buttom image қарағанда суретіңізге тегіс көрініс береді.

  • Ұлғайтып көріңіз (Көрініс мәзіріндегі Ұлғайту пәрмені). Детальдарды 200 пайызда салу жеңілірек болады.

  • Тінтуіріңізді Windows басқару тақтасында қатынаулы ең төмен бақылау жылдамдығына қойыңыз. Баяу жылдамдықпен сурет салсаңыз, басқару мүмкіндігіңіз көбірек болады.

  • иілгіш нысан кескіні тегіс көрінуі үшін, оны лайықтай аласыз. вертекстер пайда болуы үшін, Сурет салу мәзіріндегі Нүктелерді өңдеу пәрменін таңдап (Сурет салу құралдар тақтасында), кескінді нұқыңыз, одан кейін кез келген төбені сүйреңіз. Ұлғайту 200 пайызға жеткендігін тексеріңіз (Көрініс мәзіріндегі Ұлғайту пәрмені).

  • Жеке төбелерді жою арқылы иілгіш нысанды тегістей аласыз. Төбелер пайда болуы үшін, Сурет салу мәзіріндегі Нүктелерді өңдеу пәрменін таңдап, кескінді нұқыңыз. Жойғыңыз келетін төбені көрсетіп, одан кейін төбені нұқыған кезде CTRL пернесін басып тұрыңыз.

Нысандардың түстері тегіс емес.

  • Ұлғайтудың 100 пайызға жеткендігін тексеріңіз (Көрініс мәзіріндегі Ұлғайту пәрмені). Көлеңке әшекейлері кішірейтілген және ұлғайтылған көріністерде бұрмаланған күйде пайда болуы мүмкін.

  • Егер мониторыңыз тек 16 түсті көрсете алса, онда көлеңкелеу тегіс көрінбейді. Көлеңкелеу 256 немесе оданда жоғары түсті бейнелейтін мониторда өте жақсы көрінеді.

Мен салған иілгіш насандар тегіс тураланбайды.

Сурет салу мәзіріндегі Туралау/үлестіру пәрменін (Сурет салу құралдар тақтасында) қолданудың орнына нысандарды жылжыту арқылы туралап көріңіз.

  • Нысанды 1 нүкте аралығында жылжыту үшін, Сурет салу мәзіріндегі Ығыстыру құралын қолданыңыз.

  • Егер Торға бекіту пәремені (Сурет салу мәзіріндегі Байластыру ішкі мәзірі) таңдалған болса, оны иілгіш нысанды апарғанда ALT пернесін басу арқылы уақытша өшіре тұрыңыз.

Сызбалық нысандағы мәтін бұрылмайды немесе аударылмайды.

Microsoft Graph құралында Автокескіндер тіркелген мәтін кескінмен бірге жылжиды, бірақ оны бұрмайды немесе бейнелемейді, мысалы, кескінді бұрғанда немесе бейнелегенде мәтін оның бұрышында немесе төңкерілген күйде пайда болады. Кескіндегі мәтін орнын өзгерту үшін, кескіннің жиегін нұқыңыз, Пішім мәзіріндегі Автокескін пәрменін таңдап, одан кейін Туралау және Жақтаулар арасы қойындыларындағы қажет параметрлерді таңдаңыз.

Сурет салу

Қолмен салынатын суретті басқару қиын.

  • Ұлғайтып көріңіз (Көрініс мәзіріндегі Ұлғайту пәрмені). Детальдарды 200 пайызда салу жеңілірек болады.

  • Сурет салу құралдар тақтасындағы Сызылған қисық құралы Buttom image орнына (Автокескіндер мәзірі, Сызықтар ішкі мәзірі) Иілгіш нысан құралын Button image қолданыңыз.

  • Тінтуіріңізді Windows басқару тақтасында қатынаулы ең төмен бақылау жылдамдығына қойыңыз. Баяу жылдамдықпен сурет салсаңыз, басқару мүмкіндігіңіз көбірек болады.

Жылжыту және таңдау

Сызбалық нысандардың тобын тараттым және оны қайта топтастыра алмай отырмын.

Егер сызбалық нысандардың бірнеше тобымен жұмыс істеп отырсаңыз, қайта топтастырғыңыз келетін топтағы сызбалық нысанды таңдағаныңызды тексеріңіз. Егер Microsoft Graph құралын жапқан болсаңыз, сонымен қатар, нысандарды кейінірек қайта топтастырғыңыз келсе, әр нысанды нұқыған кезде SHIFT пернесін басып тұру арқылы нысандарды бөлектеңіз, одан кейін Сурет салу мәзіріндегі Топтау пәрменін (Сурет салу құралдар тақтасында) таңдаңыз.

Сызбалық нысанды жылжытқанда оның өлшемі өзгереді немесе керісінше.

  • Мәтін тіркелмеген Автокескіндер жылжыту үшін, кескіннің негізгі мәтінін немесе жиегін сүйреңіз, бірақ өлшемдердің өзгеру таңбалауышы немесе реттеу таңбалауышы емес. Егер автокескінге мәтін тіркелген болса немесе автокескін боялмаған болса (мысалы, тек кескін құрылымы көрінеді), оның жиегін сүйреңіз. Мәтін тіркелген кескіннің негізгі мәтінін нұқу арқылы мәтінді бөлектейсіз.

  • Таңдалған автокескін өлшемін өзгерту үшін, өлшем өзгертуші таңбалауыштың немесе түзету таңбалауышының бірін сүйреңіз. Егер кескінді ортасынан немесе жиегінен сүйресеңіз, онда не кескіндегі мәтінді бөлектейсіз, не кескін өлшемін өзгертудің орнына оны жылжытасыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×