Сценарийлердің көмегімен әр түрлі мәндер жиындарының арасында ауысу

Сценарий дегеніміз — Microsoft Office Excel бағдарламасы сақтайтын және жұмыс парағында автоматты түрде алмастыра алатын мәндер жиыны. Әр түрлі мән топтарын сценарий ретінде жұмыс парағында жасап, сақтауыңызға және әр түрлі нәтижелерді көру үшін осы сценарийлердің арасында ауысуыңызға болады.

Егер сценарийде пайдаланылатын белгілі бір ақпарат бірнеше адамда болса, ақпаратты бөлек жұмыс кітаптарына жинап алып, содан кейін әр түрлі жұмыс кітаптарындағы сценарийлерді біреуіне біріктіруіңізге болады.

Барлық қажетті сценарийлер жиналғаннан кейін, барлық сценарийлерден алынған ақпаратты қамтитын сценарий бойынша есепті жасауыңызға болады.

Бұл мақалада

Жалпы шолу

Сценарий жасау

Сценарийді бейнелеу

Сценарийлерді біріктіру

Сценарий бойынша есеп жасау

Жалпы шолу

Сценарийлер болжамдық талдаумен жұмыс істеуге арналған құралдар деп аталатын пәрмендер дестесінің бір бөлігі болып табылады. Сценарийлерді пайдаланғанда болжамдық талдауды орындайсыз.

Болжамдық талдау дегеніміз ұяшықтардағы мәндерге енгізілген өзгерістер жұмыс парағындағы өрнектердің нәтижелеріне қалай әсер ететінін көру үшін сол өзгерістерді енгізу үрдісі болып табылады. Сценарийлерді әр түрлі мәндер жиындарын жасап, сақтау және олардың арасында ауысу үшін пайдалануыңызға болады. Сондай-ақ, бір жұмыс парағындағы барлық сценарийлерді қамтитын сценарий бойынша есепті жасауыңызға болады. Мысалы, әр түрлі болуы мүмкін табыс деңгейлері мен шығындарды салыстыратын түрлі бюджет сценарийлерін жасап, содан кейін сценарийлерді қатар салыстыруға мүмкіндік беретін есеп жасауыңызға болады.

Болжамдық талдау түрлері    Excel бағдарламасында болжамдық талдаудың үш түрі бар: сценарийлер, деректер кестелері және параметрді іріктеу. Сценарийлер мен деректер кестелері енгізілетін мәндердің және жобалардың жиындарын алдыға алып, болуы мүмкін нәтижелерді анықтайды. Параметрді іріктеудің сценарийлер мен деректер кестелерінен айырмашылығы — ол нәтиже мен жобаларды кері қайтарып, сол нәтижені шығаруы мүмкін енгізілетін мәндерді анықтайды.

Деректер кестелері сияқты, сценарийлер болуы мүмкін нәтижелер жиынын зерттеуге көмектеседі. Деректер кестелерінен айырмашылығы — бірнеше жұмыс парағынан немесе жұмыс кітабынан алынған сценарийлерді біріктіруге болады. Сценарийлер алуан түрлі көздерден алынуы мүмкін нәтижелер туралы деректерді жинауды, одан кейін деректерді біріктіруді оңайлатады.

Әр сценарийге 32 айнымалы мәндерге дейін сыюы мүмкін. Егер 32-ден артық мәнді талдағыңыз келіп, ал мәндер тек бір немесе екі айнымалыны көрсетсе, деректер кестелерін пайдалануыңызға болады. Ол тек бір немесе екі айнымалымен (біреуі — жол енгізу ұяшығы үшін және екіншісі — баған енгізу ұяшығы үшін) шектелгенімен, деректер кестесінің ішіне көптеген әр түрлі айнымалы мәндер керегінше кіруі мүмкін. Сценарийде ең көбі 32 түрлі мән болуы мүмкін, бірақ сценарийлерді керегінше көп етіп жасауыңызға болады.

Басқа да болжамдық талдаумен жұмыс істеуге арналған құралдар туралы ақпарат алу үшін Келесіні де көріңіз бөлімін қараңыз.

Сценарий негіздері

Сценарийлерді жасау     Бір бюджет жасағыңыз келеді, бірақ табысыңызға сенімсіз болдыңыз делік. Сценарийлердің көмегімен табыстардың әр түрлі болуы мүмкін мәндерін анықтап, одан кейін болжамдық талдауды жасау үшін сценарийлердің арасында ауысуыңызға болады.

Ескерту : Бұл бөлімде сценарийлерді пайдалану жолдары түсіндіріліп, үлгі деректері мен сол деректерді пайдаланатын сценарийлерді қолданудың нәтижелері көрсетіледі. Мұнда қадамдық нұсқаулар берілмейді. Қадамдық нұсқаулар алу үшін осы мақала соңындағы Сценарий жасау бөлімін қараңыз.

Мысалы, нашар жағдайдағы бюджет сценарийі 50 000 теңге жалпы табысты және 13 200 теңге сатылған тауар құнын құрап, 36 800 теңге таза пайда қалды делік. Бұл мәндер жиынын сценарий ретінде анықтау үшін алдымен мәндерді келесі суретте көрсетілгендей етіп жұмыс парағына енгізесіз:

Сәтсіз жағдай сценарийі

1. Ішіне мәндер терілген ұяшықтарды өзгерту.

2. Нәтиже ұяшығында өзгеретін ұяшықтарға негізделген өрнек (бұл суретте =B1-B2) бар.

Одан кейін Сценарийді реттеуші тілқатысу терезесінің көмегімен бұл мәндерді сценарий ретінде сақтап, сценарийді «Нашар жағдай» деп атайсыз да, B1 және B2 ұяшықтары сценарийлердің арасында өзгеретін мәндер екенін көрсетесіз.

Ескерту : Бұл мысалда тек екі өзгертілетін ұяшық (B1 және B2) болғанымен, сценарийде 32 ұяшыққа дейін болуы мүмкін.

Енді сәтті жағдайдағы бюджет сценарийі 150 000 теңге жалпы табысты және 26 000 теңге сатылған тауар құнын құрап, 124 000 теңге таза пайда қалды делік. Бұл мәндер жиынын сценарий ретінде анықтау үшін басқа бір сценарий жасап, оны «Сәтті жағдай» деп атайсыз да, B1 (150 000) ұяшығы мен B2 (26 000) ұяшығы үшін әр түрлі мәндер бересіз. Жалпы табыс (B3 ұяшығы) өрнек, яғни, Табыс (B1) пен Шығын (B2) арасындағы айырмашылық болғандықтан,  «Сәтті жағдай» сценарийі үшін B3 ұяшығын өзгертпейсіз.

Сценарий сақталғаннан кейін, ол болжамдық талдауларда пайдалануға болатын сценарийлер тізімінде қатынаулы болады. Алдыңғы суретте берілген мәндер болған жағдайда «Сәтті жағдай» сценарийін бейнелеуді таңдасаңыз, жұмыс парағындағы мәндер келесі суреттегідей болып өзгереді:

Ең жақсы жағдай сценарийі

1. Өзгертілетін ұяшықтар

2. Нәтиже ұяшығы

Сценарийлерді біріктіру    Кейде барлық ақпарат қаралатын барлық сценарийді жасауға қажетті бір жұмыс парағында немесе жұмыс кітабында болуы мүмкін. Дегенмен, сценарий туралы ақпаратты басқа көздерден жинау керек болуы мүмкін. Мысалы, үлкенірек бір компанияның бюджетін жасағалы жатырсыз делік. Сценарийлерді еңбекақы тізімі, өндіріс, маркетинг және заң сияқты әр түрлі бөлімдерден жинауыңыз мүмкін, себебі бұл көздердің әрқайсысында сценарийлер жасауда пайдаланылатын әр түрлі ақпарат болады.

Бұл сценарийлерді Біріктіру пәрменінің көмегімен бір жұмыс парағына жинауыңызға болады. Әрбір көз өзгертілетін ұяшық мәндерін керегінше көп немесе аз етіп береді. Мысалы, шығындар жобасын барлық бөлімдер, ал табыс жобаларын тек бірнешеуі бергені керек болуы мүмкін.

Әр түрлі көздерден әр түрлі сценарийлерді жинаған кезде, жұмыс кітаптарының әрқайсысында бірдей ұяшық құрылымын пайдаланғаныңыз жөн. Мысалы, «Табыс» әрқашан B2 ұяшығына, ал «Шығын»әрқашан B3 ұяшығында болуы мүмкін. Егер әр түрлі көздерден алынған сценарийлер үшін әр түрлі құрылымдарды пайдалансаңыз, нәтижелерді біріктіру қиын болуы мүмкін.

Кеңес : Алдымен сценарийді өзіңіз жасап, содан кейін ішінде сол сценарий бар жұмыс кітабының көшірмесін әріптестеріңізге жіберіп көріңіз. Бұл сценарийлердің барлығының бірдей құрылымданғанын тексеруді оңайлатады.

Сценарий бойынша жиынтық есеп     Бірнеше сценарийді салыстыру үшін оларды бір параққа жинақтайтын есеп жасауға болады. Есеп сценарийлерді қатар тізімдеуі немесе оларды жиынтық кесте есебі беруі мүмкін. Алдыңғы екі сценарий мысалына негізделген сценарий бойынша есептің көрінісі төмендегідей болады:

Excel бағдарламасындағы сценарий бойынша есеп

Ескерту : Әдепкіде, жиынтық есепте өзгертілетін ұяшықтар мен нәтиже ұяшықтарын ажырату үшін ұяшық сілтемелері пайдаланылады. Бұл мысал үшін жиынтық есепті оқу оңай болу үшін ол ұяшықтар үшін атаулар жасалды. Егер ұяшықтардың атауларын жиынтық есепті қоспастан бұрын жасасаңыз, есепте ұяшық сілтемелерінің орнына атаулар болады.

Жиынтық есептің соңында «Ағымдық мәндер» бағаны сценарий бойынша есеп жасалған кездегі өзгертілетін ұяшықтардың мәндерін көрсететіндігін түсіндіретін жазба пайда болады және әр сценарийде өзгертілген ұяшықтар сұр түспен бөлектеледі.

Сценарий бойынша есеп жасау туралы қосымша ақпарат алу үшін Сценарий бойынша есепті жасау бөлімін қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Сценарий жасау

Сценарий жасамастан бұрын, жұмыс парағында мәндердің бастапқы жиыны бұрыннан болғаны жөн. Сценарий бойынша есептерді оқу оңай болу үшін сценарийде пайдаланылуы жоспарланған ұяшықтарға атау берілуі де ескерілгені жөн. Ұяшықтарды атау бойынша анықтама алу үшін Өрнектерді анықтау үшін атауларды пайдалану тақырыбын қараңыз.

  1. Дерек қойындысының Дерек Құралдары тобында Болжамдық талдау түймешігін нұқып, одан кейін Сценарий реттеушісі түймешігін нұқыңыз.

  2. Қосу түймешігін басыңыз.

  3. Сценарий аты жолағына сценарий атын теріңіз.

  4. Өзгертілетін ұяшықтар жолағына сценарийде көрсетілетін ұяшықтарға сілтемелерді енгізіңіз. Мысалы, B1 және B2 ұяшықтарының мәндерінің өзгеруі сол ұяшықтарға негізделген өрнекке қарай әсер ететінін көру үшін B1,B2 сілтемесін енгізіңіз.

    Ескерту : Өзгертілетін ұяшықтардың бастапқы мәндерін сақтап қалу үшін, мәндерді өзгертетін сценарийлер жасамастан бұрын өзгертілетін ұяшықтардың бастапқы мәндерін пайдаланатын сценарий жасап алыңыз.

  5. Қорғаныс астынан қажетті параметрлерді таңдаңыз.

    Ескерту : Бұл параметрлер тек қорғалған жұмыс парақтарына қолданылады. Қорғалған жұмыс парақтары туралы қосымша ақпарат алу үшін Келесіні де көріңіз бөлімін қараңыз.

    • Жұмыс парағы қорғалған кезде сценарийді өңдеуге тиым салу үшін Өзгертуге тиым салу параметрін таңдаңыз.

    • Жұмыс парағы қорғалған кезде сценарийді бейнелеуге тиым салу үшін Жасырын параметрін таңдаңыз.

  6. ОК түймешігін басыңыз.

  7. Сценарий ұяшығының мәні тілқатысу терезесінде өзгертілетін ұяшықтарда пайдаланылу керек мәндерді теріңіз.

  8. Сценарий жасау үшін, ОК түймешігін басыңыз.

  9. Егер қосымша сценарийлер жасау керек болса, 2-ден 8-ге дейінгі қадамдарды қайталаңыз. Сценарий жасауды аяқтағаннан кейін, ОК түймешігін басып, Сценарийді реттеуші тілқатысу терезесіндегі Жабу пәрменін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Сценарийді бейнелеу

Сценарийді бейнебетке шығарған кезде, сол сценарийдің бөлігі ретінде сақталған мәндер жиынына ауысасыз. Сценарий мәндері нәтиже ұяшықтарына қосымша сценарийден сценарийге қарай өзгеріп отыратын ұяшықтарда бейнеленеді. Мысалы, алдыңғы сценарийлердің көмегімен «Сәтті жағдай» сценарийін бейнебетке шығарсаңыз, B1 ұяшығы 150000, B2 ұяшығы 26000, ал B3 ұяшығы 124000 санын бейнелейді.

  1. Дерек қойындысының Дерек Құралдары тобында Болжамдық талдау түймешігін нұқып, одан кейін Сценарий реттеушісі түймешігін нұқыңыз.

  2. Бейнеленетін сценарий атын таңдаңыз.

  3. Көрсету түймешігін басыңыз.

    Ескерту : Сценарийді реттеуші тілқатысу терезесі жабылғаннан кейін, бейнебетке шығарылған соңғы сценарийдің мәндері жұмыс парағында қалады. Егер бастапқы мәндер сценарий ретінде сақталған болса, ол мәндерді Сценарийді реттеуші тілқатысу терезесін жабудан бұрын бейнебетке шығаруға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Сценарийлерді біріктіру

  1. Біріктірілген сценарий нәтижелері сақталатын жұмыс парағын таңдаңыз.

  2. Дерек қойындысының Дерек Құралдары тобында Болжамдық талдау түймешігін нұқып, одан кейін Сценарий реттеушісі түймешігін нұқыңыз.

  3. Біріктіру түймешігін басыңыз.

  4. Сценарийлерді біріктіру тілқатысу терезесінде Кітап түймешігі жанындағы көрсеткіні нұқыңыз да, ішінде нәтижелерде біріктірілетін сценарийлер бар жұмыс кітабын таңдаңыз.

  5. Өзгертілетін ұяшықтар жолағында өзгертілетін ұяшықтарға сілтемелер енгізіңіз.

  6. Таңдалған жұмыс парағындағы сценарийлерді ағымдық жұмыс парағына біріктіру үшін OK түймешігін басыңыз.

    Сценарийлерді біріктіру тілқатысу терезесі жабылып, біріктірілген сценарийлер енді Сценарийді реттеуші тілқатысу терезесінде пайда болады.

  7. Керекті сценарийлердің барлығы біріктірілгенше алдыңғы төрт қадамды қажетінше қайталай беріңіз.

    Аяқтағаннан кейін біріктірілген сценарийлердің барлығы ағымдық жұмыс парағының бөлігі болады. Сценарийді реттеуші тілқатысу терезесін жабуыңызға немесе талдауды жалғастыру үшін ашық қалдыруыңызға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Сценарий бойынша есеп жасау

  1. Дерек қойындысының Дерек Құралдары тобында Болжамдық талдау түймешігін нұқып, одан кейін Сценарий реттеушісі түймешігін нұқыңыз.

  2. Жиынтық түймешігін басыңыз.

  3. Жиынтық немесе Жиынтық кесте есебі параметрін таңдаңыз.

  4. Нәтиже ұяшықтары жолағында мәндері сценарийлер бойынша өзгертілетін ұяшықтарға сілтемелерді енгізіңіз. Әр сілтемені үтірмен бөліңіз.

    Ескертулер : 

    • Сценарий есептері автоматты түрде қайта есептемейді. Егер сценарийдің мәндері өзгерсе, ол өзгерістер бар жиынтық есепте көрінбейді, бірақ жаңа жиынтық есеп жасалған жағдайда көрінеді.

    • Сценарий бойынша жиынтық есеп жасау үшін нәтиже ұяшықтары қажет емес, бірақ олар сценарийлер жиынтық кесте есебін жасау үшін қажет.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×