Суретті кірістіріп орналастыру

Microsoft Office InfoPath 2007 пішін үлгісін құрастыру кезінде логотип немесе тақырыптық дерек сияқты суретті немесе клип кірістіру мүмкін.Және суретті немесе кліпті пішін үлгісінде өң ретінде баптау мүмкін.

Кеңес : Егер сурет басқару элементін пішін үлгісіне үстесеңіз, пайдаланушылар пішінді толтыру кезінде сол басқару элементіне суреттерді немесе суретке сілтемлерді кірістіре алатын болады.

Не істеуды қалайсыз?

Өң суретін үстеу

Суретті кірістіру

Кліпті кірістіру

Суретті мәтінге қатысты орналыстыру

Сурет өлшемін өзгерту

Өң суретін үстеу

Пішін үлгісін құрастыру кезінде пішін үлгісінің өңіне түстерді немесе суреттерді қосу мүмкін.

  1. Көрініс мәзірінде Сипаттарды көру түймешігін нұқыңыз.

  2. Негізгі қойындысын нұқыңыз.

  3. Фон суретін пайдалану қанатшасын таңдаңыз.

  4. Фон суретін қосу тілқатысу терезесінде қалаған суретіңізді таңдаңыз, содан кейін Жарайды түймешігін нұқыңыз.

  5. Егер сіз суреттің су таңбасы ретінде шығуын қаласаңыз, Сипаттарды көру тілқатысу терезесіндегі Көлденеңінен қатарластыру немесе Тігінен қатарластыру қанатшасын таңдаңыз.

    Кеңес : Пішін үлгісіне су таңбасы әсерін жасау үшін төмен қанықтықты пайдаланатын фон суретін қосыңыз.

  6. Қалаған қандай да бір қосымша параметрлеріңізді таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Суретті кірістіру

  1. Пішін үлгісінде суретті кірістіретін орынға нұқыңыз.

  2. Кірістіру мәзірінде Суретті көрсетіп Файлдан пәрменін таңдаңыз.

  3. Кірістіретін суретті таңдаңыз.

  4. Кірістіру түймешігінің қасындағы көрсеткіні нұқып Кірістіру немесе Файлмен байланыстыру пәрменін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Кліпті кірістіру

  1. Пішін үлгісінде кліпті кірістіретін орынды таңдаңыз.

  2. Кірістіру мәзірінде Суретті көрсетіп Кліп пәрменін таңдаңыз.

  3. Іздеу жолағында Клип тапсырмалар аймағында керекті кліпті сипаттайтын сөзді немесе сөйлемді теріп немесе клиптің толық немесе жарым-жарты файл атын теріп Өту пәрменін таңдаңыз.

  4. Іздеу нәтижелерінен керекті клипті таңдаңыз.

Кеңес : Іздеу шартын анықтау үшін төмендегілердің кез келгенін орындаңыз:

  • Іздеу нәтижелерін арнайы клиптер жиынына шейін шектеу үшін, Іздеу жолағында іздейтін жиындарды таңдаңыз.

  • Іздеу нәтижелерін арнайы мультимедиа файлын түріне шейін шектеу үшін Нәтижелер осындай болу керек жолағында керекті кліптер түрінің қасына құсбелгіні қойыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Суретті мәтінге қатысты орналыстыру

  1. Суретке тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып мәтінмәндік мәзірде Суретті пішімдеу пәрменін таңдаңыз.

  2. Мәтін тасымалдау қойындысына нұқыңыз.

  3. Керекті тасымалдау мәнерін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Сурет өлшемін өзгерту

Тінтуір немесе арнайы өлшемдерді қолданып суреттердің өлшемін өзгерту мүмкін.

Сурет өлшемін тінтуір арқылы өзгерту

  1. Өлшемін өзгертетін суретті таңдаңыз.

  2. Көрсеткішті өлшемдердің өзгеру таңбалауышы бірінің үстіне орналастырыңыз.

  3. Нысан керекті кескін мен өлшемде болғаныша тұтқаны апарыңыз.

Сурет өлшемін арнайы өлшемдер арқылы өзгерту

  1. Өлшемін өзгертетін суретке тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып мәтінмәндік мәзірде Суретті пішімдеу пәрменін таңдаңыз.

  2. Өлшем қойындысын нұқыңыз.

  3. Егер суреттің ағымдық пропорцияларын өзгермеуін қамтамасыз еткіңіз келсе Пропорцияларды сақтау пәрменіне құсбелгіні қойыңыз.

  4. Керекті өлшемдерді Биіктікгі мен Ені жолақтарында теріңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×