Суреттер құралы

JPEG (.jpg) немесе нүктелік кескін (.bmp) пішімінде сурет файлдарын көрсету және ортақ пайдалану үшін жұмыс кеңістігіне суреттер құралын қосу.

Не істеу керек?

Суреттерді қосу немесе қарау

Суреттерді өңдеу

Суреттерге сілтеме жасау

Суреттерді сақтау

Суреттерді көшіру

Суреттерді қиып алу немесе жою

Суреттерді қайта атау

Суреттер құралының рұқсаттарын өзгерту

Суреттерді қосу немесе қарау

Суреттер құралына сіз немесе жұмыс кеңістігінің басқа мүшелері қосқан сурет файлдарының тізімін көру үшін Жазба беттері тізімін көрсету немесе жасыру белгішесін басыңыз. Тізімде сурет файлдарының өлшемі, түрі, өзгертілген күні және соңғы өңдеушісі сияқты күйі туралы ақпарат беріледі.

Суреттерді қосу

Суреттерді қосу үшін төмендегі әрекеттердің бірін орындаңыз:

  • Басты қойындысында Сурет файлын ашу тілқатысу терезесін ашу үшін, Суретті кірістіру пәрменін таңдап, қажетті файлды таңдаңыз да, Ашу түймешігін басыңыз.

  • Сурет файлдарын суретті қарау аумағына немесе тізімге апарып тастаңыз.

  • Суреттерді тізімге көшіріп қою

Сурет файлын ашу тілқатысу терезесінің көмегімен жаңа сурет қосқан кезде, ол автоматты түрде суретті қарау аумағында көрсетіледі. Осылайша, сурет файлы тізімге көшіріліп қойылса, жаңа сурет автоматты түрде көрсетіледі және файл тізімнің соңына қосылады.

Ескерту : Суреттерді қарау терезесінің ағымдағы өлшеміне сыйдыру үшін суреттер құралы қосылатын барлық суреттерді автоматты түрде масштабтайды.

Суреттерді қарау

Суреттерді қарау үшін Алдыңғы немесе Келесі түймешіктерін басып, суреттер арасында біртіндеп жылжыңыз немесе суретті тізімнен таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Суреттерді өңдеу

Компьютерде таңдалған файл түріне қолдау көрсететін суреттерді өңдеу бағдарламасы орнатылған болса, суреттер құралындағы суреттерді өңдеуге болады. Мысалы, JPEG (.jpg) файлын ашсаңыз және сізде файлдың бұл түрін өңдеуге қолдау көрсететін бағдарлама болмаса, ол веб-шолғышта немесе суреттерді қарау құралында ашылады. Компьютерлердің көбінде нүктелік кескін (.bmp) файлдары Microsoft Paint бағдарламасында ашылады.

Бір немесе бірнеше файлды сызбаны өңдеу бағдарламасында ашу үшін оларды тізімде тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Ашу пәрменін таңдаңыз. Сызбалық бағдарламаға және амалдық жүйеге байланысты, әр файл үшін жаңа бір терезе ашылуы мүмкін.

Суретті өңдеп сақтағаннан кейін SharePoint Workspace бағдарламасына оралған кезде, жұмыс кеңістігіне өзгертулерді сақтау туралы нұсқау беріледі.

Өзгертулерді жұмыс кеңістігіне сақтап, оларды кеңістіктің басқа мүшелеріне жіберу үшін Иә түймешігін басыңыз. Өзгертулерді әлі сақтау керек болмаса және суреттерді өңдеуді жалғастыру керек болса, Жоқ түймешігін басыңыз. Бірақ, суретті өңдегіште жапқаннан кейін Жоқ түймешігі басылса, өзгертулер жоғалатынын ескеріңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Суреттерге сілтеме жасау

Жұмыс кеңістігінің басқа құралдардағындай, құралды таңдайтын сілтеме жасауға болады. Оған қоса, белгілі бір суреттерге өтетін сілтемелер жасауға болады.

  1. Басты қойындысында сілтеменің мақсаты болатын сурет файлын таңдап, Сілтеме ретінде көшіру пәрменін таңдаңыз.

  2. Сілтеме қойылатын құралды таңдаңыз.

  3. Сілтеме қойылатын пішімделген мәтін орнына тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, одан кейін Қою пәрменін таңдаңыз.

    Сілтеме таңдалған сурет файлының атымен көрсетіледі.

Беттің жоғарғы жағы

Суреттерді сақтау

Суреттер құралындағы кез келген суретті дискіге сақтауға болады.

  1. Тізімнен сурет файлын таңдаңыз.

  2. Басты қойындысында Басқаша сақтау пәрменін таңдаңыз.

  3. Суетті басқаша сақтау... тілқатысу терезесінде сурет сақталатын орынды таңдап, Сақтау түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Суреттерді көшіру

Суреттер құралындағы суреттерді басқа суреттер құралына немесе суретті өңдеу бағдарламасына көшіруге болады.

  1. Суреттер тізімінде көшірілетін суретті тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Көшіру пәрменін таңдаңыз.

  2. Сурет қойылатын бағдарламаны ашып, оның «Қою» пәрменін пайдаланыңыз.

Сурет дәл сол суреттер құралына қойылса (мысалы, CTRL-C және CTRL-V пернелер тіркесімдерінің көмегімен), сурет тізімде «сурет атауы көшірмесі» атымен көрсетіледі. Бірақ, суретті басқа суреттер құралына қоюға болады және ол өзінің бастапқы атымен көрсетіледі.

Беттің жоғарғы жағы

Суреттерді қиып алу немесе жою

Бір немесе бірнеше суретті жою үшін, тізімнен суреттерді таңдап, DELETE пернесін басыңыз.

Суретті қиып алып, оның көшірмесін аралық сақтағышқа қою үшін, оны тінтуірдің оң жақ түймешігімен басып, Қиып алу белгішесін нұқыңыз. Содан кейін, суретті нүктелік кескін ретінде басқа бағдарламаға немесе басқа суреттер құралына қоюға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Суреттерді қайта атау

Таңдалған суретті қайта атау үшін суреттің үстіңгі жағындағы тақырып жолағын нұқып, жаңа бір атты теріңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Суреттер құралының рұқсаттарын өзгерту

Ескерту : SharePoint Workspace 2010 жұмыс кеңістіктерінде мүше рөлдеріне тағайындалған рұқсаттарды өзгерте алмайсыз. Рөліңізге қарай 2007 (немесе одан бұрынғы) нұсқаларындағы жұмыс кеңістіктерінде рұқсаттарды өзгертуге болады.

Қазір мүше рөлдеріне тағайындалған рұқсаттарды көру үшін, Жұмыс кеңістігі қойындысын ашып, Сипаттар параметрін таңдаңыз, содан кейін Рұқсаттар қойындысын басыңыз.

Әдепкі мәні бойынша, қонақтардан басқа барлық мүшелердің суреттерді қосуға немесе қайта атауға рұқсаттары бар, бірақ суреттерді жоюға тек басқарушылардың рұқсаты бар.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×