Суреттер пропорционалды кеңейтілмеген

Сурет пропорционалды түрде өлшенбеген. Суре Веб торапқа басылып шығарылғанда және жарияланғанда анық көрсетілмейді.

Тармақты тауып, таңдау үшйн, Жасақтама тексерушісі тапсырмалар аймағындағы қателік жөніндегі хабарды нұқып, меңзер түймешігін нұқып, одан кейін Тармаққа өту түймешігін нұқыңыз.

Автоматты түрде анықтау

Суретті қайта кеңейту     Осы жерді нұқыған кезде, Microsoft Publisher бағдарламасы суретті пропорционалды кеңейтеді. Publisher бағдарламасы негізінде кіші өлшемдерді қолданады (ені немесе биіктігі) және сурет пропорционалды болғанша кішірейтеді.

Қолмен орнату

Мәселені қолмен шешу үшін келесі әрекеттердің бірін орындаңыз:

Суретті дұрыс қайта кеңейтіңіз

  1. Суретті тінтуірдің оң пернесімен басыңыз, Суретті пішімдеу пәрменін және одан кейін Өлшем қойындысын басыңыз.

  2. Кеңейту астында, Биіктігі және Ені жолақтарында ұқсас мәндерді енгізіңіз. Екі жолақтағы мәндерді өзгертуіңізге болады. Бірақ, суреттің пропорциясын келтіру үшін Биіктігі және Ені бірдей мәнде болуы керек.

  3. Пропорцияларды құрсаулау параметрі жанынан құсбелгіні алып, Бастапқы сурет өлшеміне қатысты параметрін таңдаңыз.

Суретті бастапқы өлшеміне келтіру

  1. Қалпына келтіргіңіз келген суреттің таңдаңыз.

  2. Сурет құралдар тақтасындағы Суретті қалпына келтіру Button image түймешігін басыңыз.

    Ескерту : Егер Суретті қалпына келтіру суретке әсер етпесе, суретті тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқып, Суретті пішімдеу пәрменін, Өлшем қойындысын басыңыз және Бастапқы сурет өлшеміне қатысты таңдалғанын тексеріңіз. Одан кейін Суретті қалпына келтіру түймешігін қайта басыңыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×