Скрипті қолдану арқылы пішін үлгіні бейімдеу

Егер скрипт жазуымен таныс болсаңыз, Microsoft JScript немесе Microsoft Visual Basic Scripting Edition (VBScript) скрипт тілдерін қолдану арқылы Microsoft Office InfoPath пішін үлгіңізге скрипт қосуыңызға болады. Скрипт қосу сізге ережелер, формулалар, деректерді растау немесе шартты пішімдеу функциялары қамтамасыз ете алмайтын пішін үлгіңізді бейімдейтін мүмкіндік береді. Мысалы, пайдаланушы пішін үлгіңізге негізделген пішіндегі көріністі ауыстырған кезде, электронды пошта хабарын құрып, жіберетін скрипті қосуыңызға болады. Электронды пошта хабарын тек скрипт арқылы құрып, жіберетін пішін үлгіні жасауыңызға болады.

Бұл мақалада келесі талқыланады:

Шолу

Сыйымдылық талдаулары

Пішін үлгіге скрипт тілін қою

Оқиға пайда болған сайын хабарды көрсету

Пайдаланушы пішін деректерді сақтайтын кезде орындалатын скриптті қосу

Пайдаланушы пішін деректерді жіберетін кезде орындалатын скриптті қосу

Пайдаланушы батырманы басқан кезде орындалатын скриптті косу

Бар пішіндер біріктірілген кезде орындалатын скриптті қосу

Бар пішіндерді жаңартатын скриптті қосу

Басқа оқиғаларға скриптті қосу

Шолу

Ережелерді, формулаларды, деректерді растау мен шартты пішімдеу мүмкіндіктерін қолдану арқылы InfoPath пішін үлгіңізді бейімдеуіңізге болады. Бұл функциялар өте бейімделгіш болып, неше түрлі тапсырмаларды орындай алса да, кейбір тапсырмаларға бұл функциялардың мүмкіндіктері жетпейді. Мысалы, пайдаланушы пішіндегі мәтін жолағына мәнді енгізген кезде ережелерді электронды пошты хабарын жіберуге қолдана алмайсыз. Егер пішін үлгіңізді осы функциялардың мүмкіндіктерінен артық мүмкіндіктерді қажет ететіндей бейімдеу керек болып, JScript немесе VBScript скрипт тілін қолдану арқылы скрипт жазуымен таныс болсаңыз, онда пайдаланушы пішін үлгіңізге негізделген бар пішінді ашқан немесе өзгерткен кезде орындалатын скриптті қосуыңызға болады.

Пішін үлгіге скриптті қосқан кезіңізде, InfoPath бағдарламасы Microsoft Script Editor (MSE) өңдегішін ашады. Ол скриптті пішін үлгіде қосуға, жөндеуге және мінетуге мүмкіндігін беріп, жүгіргіні таңдаған оқиғаңызға қояды. InfoPath бағдарламасы скриптке өздігінен оқиға өңдегішін қосады. Оқиға өңдегіші деген пайдаланушының әрекетіне немесе пішіндегі XML деректердің өзгеруіне жауап беретін InfoPath пішін үлгісіндегі функция коды болып табылады. Мысалы, пайдаланушыларыңыз пішіндерін бірнеше желілік орындарға сақтағанын қаласаңыз, онда OnSaveRequest оқиға өңдеуішіне скрипт қосуыңызға болады. Пайдаланушы пішін үлгіңізге негізделген пішінді сақтаған кезде орындалатын скрипті қоссаңыз, InfoPath бағдарламасы скрипт өңдеуішін ашып, келесі кодтардың бірін скриптке қосады.

Ескерту : InfoPath бағдарламасы қосатын код сіз таңдаған скрипт тіліне байланысты.

JScript

//=======
// The following function handler is created by Microsoft Office InfoPath.
// Do not modify the name of the function, or the name and number of arguments.
//=======
function XDocument::OnSaveRequest(eventObj)
{
// Write the code to be run before saving here.
eventObj.IsCancelled = eventObj.PerformSaveOperation();
// Write the code to be run after saving here.
eventObj.ReturnStatus = true;
}

VBScript

'=======
' The following function handler is created by Microsoft Office InfoPath.
' Do not modify the name of the function, or the name and number of arguments.
'=======
Sub XDocument_OnSaveRequest(eventObj)
' Write the code to be run before saving here.
eventObj.IsCancelled = eventObj.PerformSaveOperation
' Write the code to be run after saving here.
eventObj.ReturnStatus = True
End Sub

Содан соң, әр-түрлі желілік орындарға сақтайтын кодты оқиға өңдеуіштің керекті жерлеріне қосуыңызға болады. Пайдаланушы осы пішін үлгісіне негізделген пішінге сақтаған кезде, InfoPath бағдарламасы кодты OnSaveRequest оқиға өңдеуішінде орындайды.

Ескерту : Бұл мақала пішін үлгіде скрипт жазудың жоғарғы деңгей көрінісін қамтамасыз етеді. Microsoft Script өңдеуіші мен белгілі бір объектілері, тәсілдері, оқиғалары және InfoPath бағдарламасында қолданылатын сипаттамалары жөнінде қосымша білім алғыңыз келсе, InfoPath әзірлеуішінің сілтеме мәліметтерін қараңыз.

InfoPath бағдарламасы оқиға өңдеуіштерді өздігінен келесі оқиғалардан біреуінен басқасының барлығына қосады.

Оқиға өңдеушісі

Сипаттама

Жасау қадамдары

Өзгертуден кейінгі бойынша

Пайдаланушы жолақпен байланысты белгіленген басқару элементіндегі мәнде өзгерткенне кейін бұл оқиға іске қосылады. Мысалы, пайдаланушы тізімді жолақ басқару элементінде қандай да бір элементті таңдағанна кейін сіз таңдамалы HTML тапсырмалар тақтасын бейнелей аласыз. Бұл оқиға Тексерілуде оқиғасынан кейін іске қосылады.

Пішін үлгісіндегі басқару элементін немесе Деректер көзі тапсырмалар тақтасындағы жолақты оң жақ пернемен нұқыңыз, орналасу мәзіріндегі Бағдарламалау көрсетіңіз, содан кейін Оқиғаны өзгертуден кейінгі бойынша түймешігін нұқыңыз.

Сырттан алудан кейінгі бойынша

Пайдаланушы бірнеше пішінді бір пішінге біріктіргеннен кейін бұл оқиға сәтті іске қосылады.

Сырттан алудан кейінгі бойынша оқиға өңдеушісі жарияланымын MSE арқылы сценарий файлына тікелей қолмен қосыңыз. Бұл оқиға өңдеушісі құрастыру күйінде жасалмайды.

Өзгерту алды бойынша

Пайдаланушы басқару элементіндегі мәнді өзгерткеннен кейін және мән сол басқару элементімен байланысты көрсетілген жолаққа қосылмай тұрып, бұл оқиға іске қосылады. Мысалы, қайталанатын кестеде соңғы жолды толтырмай тұрып, сізге пайдаланушының қосымша жолды қосуына жол бермеуге болады.

Пішін үлгісіндегі басқару элементін нәмесе Деректер көзі тапсырмалар тақтасындағы жолақты оң жақ пернемен нұқыңыз, орналасу мәзіріндегі Бағдарламалау көрсетіңіз, содан кейін Оқиғаны өзгерту алды бойынша түймешігін нұқыңыз.

Нұқу бойынша

Пайдаланушы осы оқиғамен байланысты түймешікті нұқығанда, бұл оқиға іске қосылады. Түймешікті пішін үлгісіне қосқаныңыздан кейін бұл оқиға қолданылады. Мысалы, пайдаланушы түймешікті нұқығанда, сіз негізгі деректер көзіндегі жолақ мәндері арқылы күрделі есептеуді орындай аласыз.

Түймешіктің басқару элементін оң жақ пернемен нұқыңыз, содан кейін Түймешік сипаттары тілқатысу терезесінде Негізгі қойындысын нұқыңыз, Пішін кодын өзгерту түймешігін нұқыңыз.

Мәтінмәнді өзгерту бойынша

Кезелім пішінді өзгергенде, бұл оқиға іске қосылады. Мысалы, пайдаланушы мәтін жолағынан мерзімдік сұрыптағышқа дейін шарлағанда немесе пайдаланушы көріністерді қосқанда, осы оқиға іске қосылады. Басқа барлық оқиғалар кездескеннен кейін осы оқиға кездеседі.

Құралдар мәзірінде Бағдарламалау көрсетіңіз, содан кейін Мәтінмәнді өзгерту оқиғасы бойынша түймешігін нұқыңыз.

Қотару бойынша

Пайдаланушы жаңа пішін жасағанда немесе пішін үлгіңізге негізделген бар пішінді ашқанда, бұл оқиға іске қосылады. Мысалы, пайдаланушы пішінді ашқанда, сіз қосымша деректер көзінен негізгі деректер көзіне элементтер тізімін көшіре аласыз.

Құралдар мәзірінде Бағдарламалау көрсетіңіз, содан кейін Оқиғаны қотару бойынша түймешігін нұқыңыз.

Өтінішті біріктіру бойынша

Пішін үлгіңізге негізделген пішіндер біріктірілгенде, бұл оқиға іске қосылады. Мысалы, біріктіру операциясы кезінде сіз пайдаланушыға мәртебе беру үшін біріктірілген пішіндердің санын көрсете аласыз.

Құралдар мәзірінде Пішін параметрлері түймешігін нұқыңыз. Санат тізімінде Қосымша түймешігін нұқыңыз. Пішіндерді біріктіру астындағы Таңдамалы код арқылы біріктіру қанатшасын таңдаңыз, содан кейін Өңдеу түймешігін нұқыңыз.

Өтінішті сақтау бойынша

Пайдаланушы пішін үлгіңізге негізделген пішінді сақтағанда, бұл оқиға іске қосылады. Мысалы, пайдаланушы пішінді сақтағанда, сіз осы пішін үлгісіне негізделген пішінді бірден аса орынға сақтай аласыз. InfoPath бағдарламасы кодтың екі қосымша жолын оқиғаға қосады: InfoPath бағдарламасы пішінті сәтті сақтағандағы пішінді сақтайтын жол және сізге кеңес беретін жол.

Құралдар мәзірінде Пішін параметрлері түймешігін нұқыңыз. Санат тізімінде Ашу және сақтау түймешігін нұқыңыз. Сақтау қасиеті астындағы Таңдамалы код арқылы сақтау қанатшасын таңдаңыз, содан кейін Өзгерту түймешігін нұқыңыз.

Қол қою бойынша

Пайдаланушы пішінге сандық қолтаңбаны қолданғанда, бұл оқиға іске қосылады. Мысалы, пайдаланушы оған қол қойғанда, сіз қосымша деректерді шығын есебі пішінінің сандық қолтаңбасына қоса аласыз.

Құралдар мәзірінде Бағдарламалау көрсетіңіз, содан кейін Оқиғаға қол қою бойынша түймешігін нұқыңыз.

Өтінішті жіберу бойынша

Пайдаланушы пішін деректерін жібергенде, бұл оқиға іске қосылады. Мысалы, пайдаланушы Файл мәзіріндегі Жіберу түймешігін нұқығанда, сіз пішін деректерін қауіпсіз веб қызметіне жібере аласыз. InfoPath бағдарламасында қауіпсіз веб қызметіне деректер қосылмайтындықтан, сізге қауіпсіз веб қызметіңізбен жұмыс істейтін таңдамалы деректік қосылымды қосу қажет.

Құралдар мәзірінде Жіберу параметрлері түймешігін нұқыңыз. Пайдаланушыларға бұл пішінді жіберуге мүмкіндік беру қанатшасын таңдаңыз, Код арқылы таңдамалы әрекетті орындау түймешігін нұқыңыз, содан кейін Кодты өзгерту түймешігін нұқыңыз.

Көріністі қосу бойынша

Пайдаланушы пішін үлгіңізге незігделген пішінді ашқанда немесе пішіндегі басқа кіріністі қосқанда, бұл оқиға іске қосылады. Мысалы, пайдаланушы көрсетілген көріністі қосқанда, сіз пішіннің негізгі деректер көзіндегі жолақтардың деректері бар электрондық пошта хабарын жасай аласыз.

Құралдар мәзірінде Бағдарламалау көрсетіңіз, содан кейін Оқиға көрінісін қосу бойынша түймешігін нұқыңыз.

Тексеру бойынша

Пайдаланушы жолақпен байланысты басқару элементіндегі мәнді өзгерткенде, бұл оқиға іске қосылады. Мысалы, пайдаланушы көрсетілген басқару элементіндегі мәнді өзгерткенде, сіз пайдаланушы енгізетін сан немесе сценарийдегі сан арқылы басқа басқару элементінің жаңа мәнін есептей аласыз. Өзгерту алдында оқиға өңдегіші іске қосылғаннан кейін бұл оқиға іске қосылады.

Пішін үлгісіндегі басқару элементін немесе Деректер көзі тапсырмалар тақтасындағы жолақты оң жақ пернемен нұқыңыз, орналасу мәзіріндегі Бағдарламалау көрсетіңіз, содан кейін Оқиғаны тексеруден кейінгі бойынша түймешігін нұқыңыз.

Нобайды жаңарту бойынша

Пайдаланушы бар пішінді ашқанда және бар пішін арқылы пайдаланылатын пішін үлгісінің нобай нөмірі жариялау орнындағы пішін үлгісінің нобай нөмірінен ескілеу болғанда, осы оқиға іске қосылады. Пайдаланушы бар пішінді ашқанда, InfoPath бағдарламасы бар пішінмен байланысты пішін үлгісінің нобай нөмірін тексереді. Егер пішін үлгісінің нобай нөмірі жаңалау болса, пайдаланушы бар пішінді ашқанда, InfoPath бағдарламасы Нобай бойынша оқиға өңдегішін іске қосады. Мысалы, сіз жаңа жолақты бар пішін үлгісіне қостыңыз, оны қайта жарияладыңыз және пайдаланушы бар пішінді ашса, сіздің жаңа пішінді негізгі деректер көзіне қосқыңыз келеді деп елестетіңіз. Пайдаланушы бар пішінді ашқанда, бұл оқиға жаңа жолақты негізгі деректер көзіне қосады.

Құралдар мәзірінде Пішін параметрлері түймешігін нұқыңыз. Санат тізімінде Нобайлау түймешігін нұқыңыз. Нобайды жаңарту бойынша тізімінде Таңдамалы оқиғаны пайдалану түймешігін нұқыңыз, содан кейін Өңдеу түймешігін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Сыйымдылық талдаулары

Скриптті браузерге үйлесімді форма үлгісі қоса алмайсыз. Скрипті тек пішіндері InfoPath бағдарламасында толтырылатын үлгісіне қосуыңызға болады. Шолғыш қолдайтын пішін үлгіні тек басқару кодын қолдану арқылы бейімдеуіңізге болады.

Беттің жоғарғы жағы

Пішін үлгіге скрипт тілін қою

Сценарий арқылы пішін үлгісін баптау үшін сіз Microsoft JScript немесе Microsoft Visual Basic Scripting Edition (VBScript) пайдалана аласыз. Әдепкі мәнімен InfoPath бағдарламасы JScript арқылы сценарийді қосуға бапталады. Егер сіздің пішін үлгіңізде қандай да бір сценарий немесе басқарылған код болмаса және сіз сценарий тілі ретінде VBScript пайдалануға ұйғарсаңыз, онда сіз пішін үлгіңіздің сценарий тілін VBScript сценарийіне өзгерте аласыз. Сіз бір пішін үлгісінде екі сценарий тілін пайдалана алмайсыз.

Егер пішін үлгісіндегі сценарий бір тілде болса және сіздің басқа тілді пайдаланғыңыз келсе, сіздің сценарийді басқа тілге түрлендіре, сценарийді Пішін параметрлер тілқатысу терезесі арқылы пішін үлгісінен жою алуыңыз үшін сізге бар сценарийді сақтау керек, содан кейін түрлендірілген сценарийді қайтадан пішін үлгісіне қосыңыз. InfoPath бағдарламасы сценарийлерді жаңа сценарий тіліне түрлендіре алмайды. Пішін параметрлері тілқатысу терезесіндегі сценарий тілін өзгерту осы пішін үлгісіне әсер етіп қана қояды. Басқа пішін үлгілерінде әдепкі мәндегі сценраий тілі ретіндегі JScript болады.

  1. Құралдар мәзірінде Пішін параметрлері түймешігін нұқыңыз.

  2. Санат тізімінде, Пішін параметрлері тілқатысу терезесінде Бағдарламалау түймешігін нұқыңыз.

  3. Пішін үлгісі кодының тілі тізімінде, Бағдарламалау тілі астындағы VBScript түймешігін нұқыңыз.

    Ескертулер : 

    • Сценарий тілін орнатқаныңздан және бір не одан көп оқиға өңдеушілерін пішін үлгісі үшін жасағаныңыздан кейін сіз пішін үлгісіне арналған сценарий тілін өзгерте алмайсыз.

    • Егер сіз бағдарламаларға арналған Microsoft Visual Studio 2005 құралдарын орнатып қойған болсаңыз, әдепкі мәндегі тіл Microsoft Visual Basic .NET болып табылады. Сіз сценарий тілін VBScript сценарийіне өзгерту үшін әлі де осы процедураны пайдалана аласыз.

Беттің жоғарғы жағы

Оқиға пайда болған сайын хабарды көрсету

Егер әрекетке немесе басқа оқиғаға қандай оқиға өңдеуіштер іске қосылатынын білгіңіз келсе, оқиға өңдеуіші іске қосылған кезде шығатын хабар терезесін көрсететін уақытша кодты қосуыңызға болады. Бұл кодты тек оқиға өңдеуіші іске қосылғанын анықтау үшін қолданғаныңыз жөн. Осы кодты қосқаныңыздан кейін, осы үлгіге негізделген пішінді көру үшін немесе пішін үлгіні жариялап, жаңа пішін үлгіні құрау үшін, алдын ала қарау функциясын қолдануыңызға болады. Кейбір оқиға өңдеуіштері пішінді тек пішін үлгісін жариялағаннан кейін құрсаңыз ғана іске қосылады. Содан соң, оқиға өңдеуішін іске қосуы мүмкін деп ойлайтын әрекетіңізді орындауыңызға болады. Оқиға оңдеуіші іске қосылған кезде, хабар терезесін көресіз.

Қандай әрекеттер немесе оқиғалар оқиға өңдеуішін іске қосатынын анықтағаныңыздан кейін, кодты жойып, пішін үлгіні құрастыруды жалғастырыңыз. Егер бұл кодты жоймай, пішін үлгіні жарияласаңыз, оқиға өңдеуіші іске қосылған кезде, пайдаланушыларыңыз сол хабар терезесін көреді.

  1. Оқиға өңдеуішіңізді іске қосыңыз

  2. Кодты JScript тілінде қосу үшін XDocument.UI.Alert("Оқиғаның аты оқиғасы жаңа ғана орындалды") деп теріңіз; Оқиға өңдеуішіңіздің атын ауыстырыңыз. Мысалы: егер бұл кодты OnValidate оқиға өңдеуішіне қосатын болсаңыз, XDocument.UI.Alert("OnValidate оқиға өңдеуіші жаңа ғана орындалды") дегенді теретін болуыңыз керек.

  3. Кодты VBScript тілінде қосу үшін, XDocument.UI.Alert("Оқиғаның аты оқиғасы жаңа ғана орындалды") деп теріңіз. Мысалы, бұл кодты OnSaveRequest оқиға өңдеуішіне қосатын болсаңыз, XDocument.UI.Alert("OnSaveRequest оқиға өңдеуіші жаңа ғана орындалды") дегенді теретін болуыңыз керек.

  4. Кодты сынап көру үшін, Файл мәзірінен Алдын ала қарау дегенді таңдаңыз немесе CTRL+SHIFT+B пернелерін басып, оқиғаны іске қосатын пайдаланушы әрекетін орындаңыз. Код жолағы бар оқиға басталса, хабар терезесі хабарыңызды көрсету керек.

    Ескерту : Кейбір оқиғалар сізден пішін үлгісін жариялауды және оқиғаны бастау үшін пайдаланушы әрекетін орындау алдында осы пішін үлгісіне негізделген пішінді құрауды талап етуі мүмкін.

  5. Пішін үлгіні жариялау алдында және пайдаланушыларға сол пішін үлгіге негізделген пішіндерді толтыруды мүмкін ету үшін, хабар терезесін көрсетуге қолданатын кодты өшіріңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Пайдаланушы пішін деректерді сақтайтын кезде орындалатын скриптті қосу

  1. Құралдар мәзірінде Пішін параметрлері түймешігін нұқыңыз.

  2. Санат тізіміндегі Пішін опциялары тілқатысу терезесінде Ашу және Сақтау батырмасын басыңыз.

  3. Мінезқұлықты сақтау тармағынан Өзгертпелі кодын қолдану арқылы сақтау құсбелгі көзін таңдап, Өңдеу батырмасын басыңыз. Microsoft Script өңдеуіші OnSaveRequest өқиға өңдеуішінде жүгіргіден бастайды.

    JScript

    //=======
    // The following function handler is created by Microsoft Office InfoPath.
    // Do not modify the name of the function, or the name and number of arguments.
    //=======
    function XDocument::OnSaveRequest(eventObj)
    {
    // Write the code to be run before saving here.
    eventObj.IsCancelled = eventObj.PerformSaveOperation();
    // Write the code to be run after saving here.
    eventObj.ReturnStatus = true;
    }

    VBScript

    '=======
    ' The following function handler is created by Microsoft Office InfoPath.
    ' Do not modify the name of the function, or the name and number of arguments.
    '=======
    Sub XDocument_OnSaveRequest(eventObj)
    ' Write the code to be run before saving here.
    eventObj.IsCancelled = eventObj.PerformSaveOperation
    ' Write the code to be run after saving here.
    eventObj.ReturnStatus = True
    End Sub
  4. Келесі әрекеттердің біреуін немесе екеуінде істеңіз:

    • InfoPath бағдарламасы пішінді сақтау алдында орындалатын скриптті қосу үшін, Write the code to be run before saving here. деген аңғартпаны өзіңіздің кодыңызға ауыстырыңыз.

    • InfoPath бағдарламасы пішінді сақтағаннан кейін орындалатын скриптті қосу үшін, Write the code to be run after saving here. деген аңғартпаны өзіңіздің кодыңызға ауыстырыңыз.

  5. Өзгертулеріңізді тексеру үішн Стандарт құралдар тақтасындағы Алдын ала қарап алу түймешігін нұқыңыз немесе CTRL+SHIFT+B пернелерін басыңыз.

    Ескерту : Егер оқиға өңдеуіші пішін үлгіңізге негізделген пішінді құрғаныңыздан кейін ғана іске қосылса, онда пішін үлгіні Файл мәзірінде Жариялау дегенді таңдау арқылы жариялап, Жариялау шеберін аяқтаңыз. Пішін үлгіні жариялап болғаныңыздан кейін, пішінді құрып, оқиға өңдеуішін іске қосуға әрекет жасаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Пайдаланушы пішін деректерді жіберетін кезде орындалатын скриптті қосу

  1. Құралдар мәзірінде Жіберу параметрлері түймешігін нұқыңыз.

  2. Жіберу параметрлері тілқатысу терезесінде Пайдаланушыларға осы пішінді жіберуге мүмкіндік беру қанатшасын таңдаңыз.

  3. Кодты қолдану арқылы бейімделген әрекет жасау дегенді таңдап, Кодты өңдеу батырмасын басыңыз. Microsoft Script өңдеуіші OnSubmitRequest өқиға өңдеуішінде жүгіргіден бастайды.

    JScript

    //=======
    // The following function handler is created by Microsoft Office InfoPath.
    // Do not modify the name of the function, or the name and number of arguments.
    //=======
    function XDocument::OnSubmitRequest(eventObj)
    {
    // If the submit operation is successful, set
    // eventObj.ReturnStatus = true;
    // Write your code here
    }

    VBScript

    '=======
    ' The following function handler is created by Microsoft Office InfoPath.
    ' Do not modify the name of the function, or the name and number of arguments.
    '=======
    Sub XDocument_OnSubmitRequest(eventObj)
    ' If the submit operation is successful, set
    ' eventObj.ReturnStatus = True
    ' Write your code here
    End Sub

If the submit operation is successful, set eventObj.ReturnStatus = true Write your code here анғартпасын өз кодыңызға ауыстырыңыз.

  1. Өзгертулеріңізді тексеру үішн Стандарт құралдар тақтасындағы Алдын ала қарап алу түймешігін нұқыңыз немесе CTRL+SHIFT+B пернелерін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Пайдаланушы батырманы басқан кезде орындалатын скриптті косу

  1. Пішін үлгідегі көрініске жаңа батырманы қосып, сол батырманы екі рет шертіңіз.

    Ескерту : Егер скриптті бар батырмаға қоссаңыз, онда сол батырманы екі рет шертіңіз.

  2. Жалпы қойындысына өтіңіз.

  3. Пішін кодын өңдеу дегенді шертіңіз. Microsoft Script өңдеуіші жүгіргіні сол батырманың OnClick өқиға өңдеуішіне қойып, бастайды.

    JScript

    //=======
    // The following function handler is created by Microsoft Office InfoPath.
    // Do not modify the name of the function, or the name and number of arguments.
    //=======
    function Button Name::OnClick(eventObj)
    {
    // Write your code here
    }

    VBScript

    '=======
    ' The following function handler is created by Microsoft Office InfoPath.
    ' Do not modify the name of the function, or the name and number of arguments.
    '=======
    Sub Button Name_OnClick(eventObj)
    ' Write your code here
    End Sub

Write your code here аңғартпасын өз кодыңызға ауыстырыңыз.

  1. Өзгертулеріңізді тексеру үішн Стандарт құралдар тақтасындағы Алдын ала қарап алу түймешігін нұқыңыз немесе CTRL+SHIFT+B пернелерін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Бар пішіндер біріктірілген кезде орындалатын скриптті қосу

  1. Құралдар мәзірінде Пішін параметрлері түймешігін нұқыңыз.

  2. Санат тізіміндегі Пішін опциялары тілқатысу терезесінде Қосымша батырмасын басыңыз.

  3. Пішіндерді біріктіру тармағынан Пішінді біріктіруді мүмкін ету құсбелгі көзін таңдаңыз.

  4. Өзгертпелі кодын қолдану арқылы біріктіру құсбелгісін таңдап, Өңдеу батырмасын басыңыз. Microsoft Script өңдеуіші жүгіргісін OnMergeRequest өқиға өңдеуішіне қойып, бастайды.

    JScript

    //=======
    // The following function handler is created by Microsoft Office InfoPath.
    // Do not modify the name of the function, or the name and number of arguments.
    //=======
    function XDocument::OnMergeRequest(eventObj)
    {
    // Write the code that handles each form being merged here.
    XDocument.ImportDOM(eventObj.DOM);
    eventObj.ReturnStatus = true;
    }

    VBScript

    '=======
    ' The following function handler is created by Microsoft Office InfoPath.
    ' Do not modify the name of the function, or the name and number of arguments.
    '=======
    Sub XDocument_OnMergeRequest(eventObj)
    ' Write the code that handles each form being merged here.
    XDocument.ImportDOM(eventObj.DOM)
    eventObj.ReturnStatus = True
    End Sub

Write the code that handles each form being merged here. аңғартпасын кодыңызға ауыстырыңыз.

  1. Кодты осы оқиғада сынап көру үшін, пішін үлгіні жариялап, сол пішін үлгіге негізделген бірнеше пішіндерді құрыңыз. Содан соң, пішін үлгілерді біріктіріңіз.

    Ескерту : Пішін үлгіңізді жариялау жөнінде қосымша ақпаратқа сілтемелерді Келесіні де қараңыз бөлімінен табуыңызға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Бар пішіндерді жаңартатын скриптті қосу

Ертерек жарияланған пішін үлгіні жаңартқан болып, сол пішін үлгіге негізделген бар пішіндерді жаңартқыңыз келсе, пайдаланушы бар пішіндердің біреуін ашқан кезде, орындалатын пішін үлгіні жаңартатын скриптті қосуыңызға болады. Пайдаланушы бар пішінді ашқан кезінде InfoPath бағдарламасы жарияланатын жерде қатысты пішін үлгісінің нұсқа нөмірін тексереді. Егер жарияланатын жерде пішін үлгінің нұсқа нөмірі бар пішіннің нұсқа нөмірінен жаңалау болса, яғни жаңартылғанын көрсетсе, онда InfoPath бағдарламасы бар пішінді жаңарту мақсатымен кодты осы оқиғада орындайды.

  1. Құралдар мәзірінде Пішін параметрлері түймешігін нұқыңыз.

  2. Санат тізіміндегі Пішін опциялары тілқатысу терезесінде Нұсқаларды қадағалау батырмасын басыңыз.

  3. Нұсқаны жаңартқан кезде тізімінен Өзгертпелі оқиғаны қолдану тармағын таңдап, Өңдеу дегенді шертіңіз. Microsoft Script өңдеуіші жүгіргіні OnVersionUpgrade өқиға өңдеуішіне қойып, бастайды

    JScript

    //=======
    // The following function handler is created by Microsoft Office InfoPath.
    // Do not modify the name of the function, or the name and number of arguments.
    //=======
    function XDocument::OnVersionUpgrade(eventObj)
    {
    // Write your code here
    }

    VBScript

    '=======
    ' The following function handler is created by Microsoft Office InfoPath.
    ' Do not modify the name of the function, or the name and number of arguments.
    '=======
    Sub XDocument_OnVersionUpgrade(eventObj)
    ' Write your code here
    End Sub

Write your code here аңғартпасын өз кодыңызға ауыстырыңыз.

  1. Кодты осы оқиғада сынап көру үшін, пішін үлгіні жариялап, сол пішін үлгіге негізделген бірнеше пішіндерді құрып, өзгертіп, пішін үлгінің жаңартылған нұсқасын жариялаңыз. Содан соң, осы үлгінің ескі нұсқасына негізделген бар пішінді ашыңыз.

    Ескерту : Пішін үлгіңізді жариялау жөнінде қосымша ақпаратқа сілтемелерді Келесіні де қараңыз бөлімінен табуыңызға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Басқа оқиғаларға скриптті қосу

Бұл процедураны келесі оқиға өңдеуіштерін пішін үлгіңізге қосу үшін қолдануға болады:

  • OnAfterChange

  • OnBeforeChange

  • OnContextChange

  • OnLoad

  • OnSwitchView

  • OnSign

  • OnValidate

  • Құралдар мәзірінде Программалау дегенді таңдаңыз. Содан соң, оқиға өңдеуішін қосу үшін, оқиғаны таңдаңыз. Microsoft Script өңдеуіші жүгіргіні таңдаған оқиға өңдеуішіне қойып, бастайды.

Write your code here аңғартпасын өз кодыңызға ауыстырыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×