Сақталған импорттау немесе экспорттау әрекеттерін жегу

Импорттау шеберін немесе экспорттау шеберін Microsoft Office Access 2007 бағдарламасында жеккеніңізде, спецификация ретінде қолданған параметрлерді сақтай аласыз, сондықтан импорттау немесе экспорттау әрекетін қашан болса да қайталауыңыз мүмкін.

Бұл мақала сақталған әрекетті Office Access 2007 бағдарламасынан немесе Microsoft Office Outlook 2007 бағдарламасынан қалай жегуді бейнелеп түсіндіреді.

Егер әрекетті жоспарлап, бірдей уақыт аралығында автоматты түрде жегілетіндей етіп қоюды қаласаңыз, Импорттау және экспорттау әрекеттерін жоспарлау мақаласына қараңыз.

Не істегіңіз келеді?

Импорттау немесе экспорттау әрекетін сақтау

Сақталған әрекетті Access бағдарламасынан жегу

Сақталған әрекеттерді Outlook бағдарламасынан жегу

Импорттау немесе экспорттау әрекетін сақтау

Спецификацияда әрекетті қайталау үшін енгізуді керек етпейтін, Access бағдарламасы қажет ететін барлық ақпарат бар.

Мысалы, деректерді Microsoft Office Excel 2007 жұмыс кітабынан импорттайтын спецификация бастапқы Excel файлының атауын, тағайындалған дерекқордың атауын, жаңа кестені жаңаладыңызба әлде жасадыңызба, бастапқы кілт ақпаратын, өріс атауларын және осы сияқты басқа егжей-тегжейлі мәліметтерді сақтайды.

Спецификацияны сақтау үшін біріншіден импорттау немесе экспорттау әрекетін жегуіңіз тиіс. Алайда, бар спецификацияны еш орындалмаған әрекет үшін қолдана аласыз, егер әрекет келесі шарттардың біреуіне сәйкес келсе:

  • Егер орындағыңыз келетін әрекет және бар болған спецификация арасындағы бір ғана өзгешелік бұл бастапқы файлдың (импорттау әрекеті кезінде) немесе тағайындалған файлдың (экспорттау әрекеті кезінде) атауы болса, онда бар спецификацияда аталған бастапқы немесе тағайындалған файл атауын өзгерте аласыз және спецификацияны жеге аласыз.

  • Егер пішімделген деректерді экспорттауыңыз қажет болса және орындағыңыз келетін әрекет пен бар болған спецификация арасындағы бір ғана өзгешелік бұл баған немесе сүзгі параметрлері болса, баған және сүзгі параметрлерін спецификация ішінде өзгерте аласыз. Ағымдық баған және сүзгі параметрлері әрдайым не экспортталғанын анықтайды, спецификацияны жасаған кезде күшінде болған параметрлер емес.

Office Access 2007 бағдарламасында қолдау көрсетілген барлық файл пішімдерді импорттау және экспорттау әрекетін сақтауға болады. Әйткенмен, байланыстыру әрекеті туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді немесе деректер кестесінің тек бір бөлігін экспорттау барысында пайда болатын параметрлерді сақтай алмайсыз.

Импорттау немесе экспорттау спецификациясын жасау

  1. Сыртқы деректер қойындысында импорттау немесе экспорттау пәрменін жегу үшін таңдаңыз. Пәрмендер Импорттау немесе Экспорттау топтарында жайласады.

    Жиі қолданылатын файл пішімдерден импорттау және оларға экспорттау үшін қатынаулы шеберлер

    Келесі мақала Access бағдарламасында қатынаулы импорттау немесе экспорттау шеберлерін қолдану жолын бейнелеп көрсетеді:

  2. Шебердегі нұсқауларды ұстаныңыз. Дайын түймешігін нұқыған соң және Access бағдарламасы әрекетті аяқтаған болса, Импорт қадамдарын сақтау немесе Экспорт қадамдарын сақтау тілқатысу терезесі шығады.

  3. Бұл тілқатысу терезесінде Импорт қадамдарын сақтау немесе Экспорт қадамдарын сақтау түймешігін басып, әрекет туралы егжей-тегжейлі мәліметтерді спецификация ретінде сақтап алыңыз.

  4. Басқаша сақтау жақтауында спецификация үшін атау теріңіз.

  5. Сипаттама жақтауында Сізге немесе бөтен пайдаланушыларға әрекетті кейінірек анықтауға көмектесетін сипаттаманы теріңіз.

  6. Уақыты келгенде осы әрекетті қайталау керектігін еске салатын Outlook тапсырмасын жасау үшін Outlook тапсырмасын жасау дегенін нұқыңыз.

  7. Спецификацияны сақтау үшін Импортты сақтау немесе Экспортты сақтау дегенін нұқыңыз.

    Access спецификацияны ағымдық дерекқорда жасайды және сақтайды.

Ескерту : Егер Импорт қадамдарын сақтау немесе Экспорт қадамдарын сақтау тілқатысу терезесінде Outlook тапсырмасын жасау параметріне құсбелгі қойған болсаңыз, «Outlook тапсырмасы» терезесі шығады. Тапсырманың мәліметтерін толтырыңыз, сонан соң Сақтау және жабу дегенін нұқыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Сақталған әрекетті Access бағдарламасынан жегу

Мәліметтерді спецификация ретінде сақтап болған соң келесі қадамдарды әрекетті қайталау қажет болғанда орындаңыз.

Ескерту : Әрекетті осы әдіспен бастағаныңызда спецификацияны жекпей тұрғанда сыртқы бастапқы немесе тағайындалған файлды өзгерту мүмкіндігіне ие боласыз. Мысалы, импорттау әрекетін бастамай тұрып, бастапқы Excel файлының атауын WeeklyReport-London.xlsx дегеннен WeeklyReport-Paris.xlsx дегенге өзгерте аласыз.

Әрекетті жегу

  1. Спецификациясы бар Access дерекқорын ашыңыз, егер ол ашылмаған болса. Импорттау спецификациясын жеккеніңізде ағымдық дерекқор тағайындалған дерекқор болады. Экспорттау спецификациясын жеккеніңізде ағымдық дерекқор бастапқы дерекқор болады.

  2. Егер спецификация пішімделген деректерді Excel жұмыс кітабына немесе Microsoft Office Word 2007 құжатына экспорттаса, нысанды ашыңыз және экспорттағыңыз келетін өрістер көріністе жасырылмағанына көз жеткізіңіз. Осылай секілді, экспортталатын барлық жазбалар көріністе көрінетініне көз жеткізу үшін сүзгі параметрлерін қарап шығыңыз.

  3. Спецификацияны таңдау үшін Сыртқы деректер қойындысында Сақталған импорт түймешігін Түймешік суреті немесе Сақталған экспорт түймешігін Түймешік суреті нұқыңыз.

  4. Деректерді басқарудың тапсырмалары тілқатысу терезесі ашылған соң Сақталған импорт немесе Сақталған экспорт қойындысында қалаған спецификацияны нұқып жегіңіз.

  5. Егер бастапқы файлды (импорттау әрекетін жеккеніңізде) немесе тағайындалған файлды (экспорттау әрекетін жеккеніңізде) өзгертуді қаласаңыз, файл жолын өңдеу үшін оны нұқыңыз.

    Ескерте кету қажет: бастапқы немесе тағайындалған файлдарды өзгерте аласыз, бірақ Сіз шұқып көрсеткен жаңа файл әрекеттің сәтті бітуі үшін қажет болған барлық талаптарға сәйкес келуі тиіс.

  6. Жегу түймешігін нұқудан алдын бастапқы және тағайындалған файлдар бар екеніне, бастапқы деректер импорттау үшін дайын екеніне, әрекет кейбір деректерді тағайындалған файлға кездейсоқ қайта жазбайтынына көз жеткізуіңіз тиіс. Сақталған спецификацияны жегуден бұрын шебер әрекетінің сәттілігіне кепіл болу үшін бәрін істеңіз.

  7. Жегу түймешігін нұқыңыз.

    Access әрекеттің күйі жөнінде хабарламаны бейнелейді. Егер әрекет сәтсіз аяқталса, шеберді қолданғандай бірдей тәсілмен қате ақаулығын жойыңыз.

    Кеңес : Егер хабарлама сәтсіздік себебін айқындамаса, импорттау және экспорттау шеберін жегуге және дәл осындай әрекетті тілқатысу терезелері арқылы қадамдап орындауға тырысыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Сақталған әрекеттерді Outlook бағдарламасынан жегу

Егер әрекетті Outlook тапсырмасы ретінде орнатып алған болсаңыз, әрекетті Outlook ішінен жеге аласыз.

Ескерту :  Спецификацияны Outlook бағдарламасынан жеккеніңізде әрекетті бастамас бұрын спецификациядағы сыртқы файлдың атауын немесе жолын өзгерте алмайсыз. Спецификациядағы файл атауын өзгерту үшін әрекетті тапсырма ретінде Outlook бағдарламасынан жегудің орнына оны Access ішінен бастаңыз.

Әрекетті Outlook бағдарламасы ішінде жегуден алдын компьютеріңізде Office Access 2007 орнатылғанына және бастапқы және тағайындалған файлдар бар екеніне көз жеткіңіз. Сақталған спецификацияны жегуден бұрын шебер әрекетінің сәттілігіне кепіл болу үшін бәрін істеңіз.

Әрекетті жегу

  1. Outlook бағдарламасын бастаңыз және шарлау аумағындағы Тапсырмалар дегенін нұқыңыз. Тапсырманы ашу үшін түймешікті екі рет нұқыңыз.

  2. Тапсырма қойындысында орналасқан Microsoft Office Access тобында Импортты орындау Түймешік бейнесі немесе Экспортты орындау Түймешік суреті түймешігін басыңыз. Бекіту үшінОК түймешігін басыңыз.

    Егер әрекет сәтті жегілсе, ешбір хабарлама бейнеленбейді. Егер әрекет сәтсіз болса, Access бағдарламасы қатенің ықтимал себебін түсіндіретін хабарламаны бейнелейді. Шеберді қолданғандай бірдей тәсілмен қате ақаулығын жоюға тырысыңыз.

    Кеңес :  Егер хабарлама сәтсіздік себебін айқындамаса, импорттау және экспорттау шеберін жегуге және дәл осындай әрекетті тілқатысу терезелері арқылы қадамдап орындауға тырысыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×