Сараптау: түзетуді көрсету және аңғартпалар қосу

Аңғартпа дегеніміз слайдтағы әріпке немесе сөзге немесе бүтін слайдтың барлығына қосуға болатын ескертпе. Аңғартпаларды адамдар өзіңіз жасаған көрмені көріп шығып, өздерінің әсерлерімен бөлісетін болса немесе әріптестеріңіз көрмеден алған әсерлерімен бөлісуді сұрағанда пайдаланыңыз.

Microsoft PowerPoint 2010 бағдарламасында аңғартпаларды қосуға, өңдеуге және жоюға болады. Бар аңғартпаларды көруге арналған Сараптау аңғартпаларының арасында жылжу параметрі бар.

Ескерту : Басқа Office 2010 өнімдерінде, мысалы Word 2010 секілді өнімдерде өзгерістерді қадағалауға болады, бірақ PowerPoint бағдарламасында ондай мүмкіндік жоқ. Алайда, көрмені ұқсас құрылған көрмелермен салыстыруға, олардың арасындағы айырмашылықты анықтауға және екеуінің арасындағы өзгерістерді таңдауға қарай біріктіруге болады. Қосымша ақпарат алу үшінСалыстыру және бірлескен авторлық көрмелер бөлімін қараңыз.

Не істегіңіз келеді?

Сараптау аңғартпасын қосу

Сараптау анғартпасын өңдеу

Сараптау анғарпасын жою

Сараптау аңғартпаларының арасында жылжу

Сараптау аңғартпасын қосу

  1. Аңғартпа қосылатын слайдта келесілердің біреуін орындаңыз:

    • Мәтін немесе нысан туралы аңғартпа қосу үшін слайдта осы мәтінді немесе затты таңдаңыз.

    • Слайд туралы жалпы аңғартпа қосу үшін слайдтың кез келген жерден шертіңіз.

  2. Сараптау қойындысында, Аңғартпалар тобындағы Жаңа аңғартпа түймешігін басыңыз.

  3. Аңғартпаңызды енгізіп аңғартпа жолағының сыртынан шертіңіз.

    Кеңес : Аңғартпа, мәтін, нысан немесе слайдтарды біреуден артық қосуыңызға болады.

Беттің жоғарғы жағы

Сараптау анғартпасын өңдеу

Көрме рецензенттері басқа рецензенттерімен қосылған аңғартпаларды өзгерте алады және бұның нәтижесінде аңғартпа нобайының түсі өзгереді және соңғы рецензенттің аты енгізіледі.

  1. Аңғартпа нобайын қарап шығуды таңдаңыз.

    Ескертулер : 

    • Әдетте сараптау аңғартпа нобайында аңғартпа қосқан адамның аты болады.

    • Егер сараптау аңғартпа нобайы жасырын күйінде болса, Сараптау қойындысында, Аңғартпалар тобындағы Түзетуді көрсету параметрін таңдаңыз.

  2. Сараптау қойындысында, Аңғартпалар тобындағы Аңғартпаны өңдеу параметрін таңдаңыз.

  3. Аңғартпаңызды енгізіп аңғартпа жолағының сыртында шертіңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Сараптау анғарпасын жою

Көрме рецензенттері басқа рецензенттерімен енгізілген аңғартпаларды жойып тастай алады және бұның нәтижесінде аңғартпа нобайының түсі өзгереді және соңғы рецензенттің аты енгізіледі.

  1. Жойылатын аңғартпаны таңдаңыз.

  2. Сараптау қойындысында, Аңғартпалар тобындағы Жою параметрін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Сараптау аңғартпаларының арасында жылжу

  • Аңғартпалар арасында жылжу үшін Сараптау қойындысында, Аңғартпалар тобындағы Алдыңғы немесе Келесі параметрін таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×