Сандық қолтаңба сенімді екенін қалай білуге болады

Сандық қолтаңбалар және куәлік бағдарлама қауіпсіздігінде негізгі рөл ойнайды. Бұл мақалада сандық қолтаңбалар және байланысты куәліктер жарамсыз екенін көрсететін ақпаратты көру әдісін түсіндіріледі.

Сандық қолтаңбалар туралы мәліметтер алу үшін, Сандық қолтаңбалар және куәліктер бөлімін қараңыз.

Бұл мақалада

Word, Excel немесе PowerPoint бағдарламаларындағы сандық қолтаңбалардың және куәліктердің сенімділігі

Сандық қолтаңба сенімді екенін қалай білуге болады

Жарамсыз сандық қолтаңбалар

Түзетілетін қате сандық қолтаңбалары

Жартылай сандық қолтаңбалар

Word, Excel немесе PowerPoint бағдарламаларындағы сандық қолтаңбалардың және куәліктердің сенімділігі

Сенімділігін тексеру үшін, сандық қолтаңбамен байланысты куәлік деректерін көргенде төмендегі нұсқауларды орындаңыз.

  1. Сандық қолтаңбасы бар Word құжатын, Excel электрондық кестесін немесе PowerPoint көрмесін ашыңыз.

  2. Қолтаңба жолын екі рет нұқыңыз.

    Ескерту : Қолтаңба жолы қол жетімді емес болса, қызыл Қолтаңбалар тармағын таңдаңыз. Қолтаңбалар аумағы шығады. Қолтаңба атауындағы төмен көрсеткіні басыңыз. Қолтаңбаның құрамы параметрін таңдаңыз.

    Келесі сурет — Қолтаңбалар түймешігінің мысалы.

    Қызыл Қолтаңба түймешігі

  3. Қолтаңбаның құрамы тілқатысу терезесі шығады.

  4. Куәлік туралы қосымша ақпарат алу үшін, Қарап шығу пәрменін таңдаңыз.

  5. Куәлік тілқатысу терезесі шығады.

  6. Жалпы қойындысында куәлік туралы ақпаратты анықтауға болады:

    • Кімге берілді.    Куәлік кімге берілген.

    • Беруші.    Куәлікті берген ұйым.

    • Қашаннан/қашанға дейін жарамды.    Куәлік жарамдылығының ұзақтығы.

  7. Мәліметтер қойындысынан келесідей мәліметтерді көруге болады:

    • Нұсқа.

    • Сериялық нөмір.

    • Беруші.

    • Тақырып.

    • Ашық кілт.

  8. Куәлік жолы қойындысында куәлік түбірін және куәлік күйін анықтауға болады.

Келесі сурет — Куәлік тілқатысу терезесінің мысалы.

Куәлік диалогтық терезесі

Беттің жоғарғы жағы

Сандық қолтаңба сенімді екенін қалай білуге болады

Сенімді қолтаңба оны жарамды дейтін пайдалану тіркелгісінде, компьютерде жарамды. Қолтаңба басқа компьютерде немесе басқа тіркелгіде ашылған болса, қолтаңба жарамсыз деп көрсетілуі мүмкін, өйткені ол тіркелгі куәлік берушіге сенбеуі мүмкін. Сондай-ақ, қолтаңба жарамды болуы үшін, қолтаңбаның криптографиялық тұтастығы бұзылмаған болуы керек. Бұл қол қойылған мазмұн бұзылмағанын және қолтаңба куәліктің мерзімі өтпегенін немесе қайтарылып алынбағанын білдіреді.

Беттің жоғарғы жағы

Жарамсыз сандық қолтаңбалар

Word 2010, PowerPoint 2010 және Excel 2010 бағдарламаларында жарамсыз сандық қолтаңбалар Қолтаңбалар аумағында қызыл мәтінмен және Қолтаңбаның құрамы тілқатысу терезесінде қызыл X әрпімен көрсетіледі. Сандық қолтаңба төмендегі себептермен жарамсыз болып қалуы мүмкін:

  • Сандық қолтаңба зақымдалған, өйткені оның мазмұны бұзылған.

  • Куәлікті сенімді куәландыру орталығы шығармаған, Мысалы, ол адамның өзі қол қойған куәлік болуы мүмкін. Бұл жағдайда қолтаңбаны қайтадан жарамды етіп жасау үшін, сенімсіз берушіге сенуді таңдау керек.

  • Қолтаңбаны жасау үшін, пайдаланылған куәлік қайтарылып алынған және уақыт белгісі қол жетімді емес.

Келесі сурет — жарамсыз қолтаңбасы бар Қолтаңбалар аумағының мысалы.

Жарамсыз қолтаңбасы бар Қолтаңбалар аумағы

Сандық қолтаңбалар тілқатысу терезесін көру

  1. Көру үшін, сандық қолтаңбасы бар файлды ашыңыз.

  2. Файл қойындысын нұқыңыз. Microsoft Office Backstage көрінісі шығады.

  3. Ақпарат қойындысын нұқып, Қолтаңбаларды көрсету параметрін таңдаңыз. Қолтаңбалар аумағы шығады.

  4. Тізімде, қолтаңба атауында төмен көрсеткіні басыңыз. Қолтаңбаның құрамы параметрін таңдаңыз.

  5. Қолтаңбаның құрамы тілқатысу терезесі шығады.

Келесі сурет — Қолтаңбаның құрамы тілқатысу терезесінің мысалы.

Қолтаңба мәліметтері диалогтық терезесі

Сандық қолтаңбалар жарамсыз болғанда

Сандық қолтаңбалар және байланысты куәліктер жарамсыз болғанда:

  • Қол қоюшыға хабарласыңыз және қолтаңбаға байланысты мәселе бар екенін айтыңыз.

  • Ұйымның қауіпсіздік инфрақұрылымына жауапты жүйелік әкімшіге хабарлаңыз.

  • Қауіпсіздік деңгейі параметрлерін төмендетпеуге кеңес береміз.

  • Сенімді жариялаушыны қосу, жою немесе көру мүмкіндігіңіз бар.

Беттің жоғарғы жағы

Түзетілетін қате сандық қолтаңбалары

Office 2010 бағдарламасында сандық қолтаңбалар үшін жаңа жіктеу санаты бар. Жарамды және жарамсыздан басқа, Office 2010 бағдарламасында түзетілетін қате сандық қолтаңбасы бола алады, яғни қолтаңбада дұрыс емес бірдеңе бар. Бірақ қатені түзетіп, қолтаңбаны қайтадан жарамды етуге болады. Түзетілетін қателер үшін үш сценарий бар:

  • Тексеруші дербес күйде (интернеттен ажыратылған), сондықтан куәліктің қайтарылып алынғаны туралы деректерді немесе бар болса, уақыт белгілерін тексеру мүмкін емес.

  • Қолтаңбаны жасау үшін, пайдаланылған куәліктің мерзімі өткен және уақыт белгісі қол жетімді емес.

  • Куәлікті берген куәландыру орталығы сенімді емес.

Келесі сурет — түзетілетін қате бар Қолтаңбалар аумағының мысалы.

Түзетілетін қате аумағы

Маңызды : Түзетілетін қатеге кездессеңіз, қолтаңбаның күйін жарамды деп өзгерте алуы мүмкін жүйелік әкімшіге хабарласыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Жартылай сандық қолтаңбалар

Office 2010 бағдарламасында жарамды сандық қолтаңба файлдың белгілі бір бөліктеріне қол қояды. Бірақ, қажет бөліктерден азырақ жерге қол қоятын қолтаңба жасауға болады. Бұл жартылай қолтаңба криптографиялық тұрғыдан жарамды.

Office жүйесі бұл қолтаңбаларды оқи алады. Бірақ олар Office бағдарламасында жасалмаған болуы мүмкін. Егер жартылай қолтаңбаға кездессеңіз және ары қарай не істеу керек екенін білмесеңіз, қолтаңбаның қайдан пайда болғанын анықтауға көмектесуі үшін АТ әкімшісіне хабарласыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×