Сандық қолтаңбаларға кіріспе

Бұл мақалада

Сандық қолтаңба не?

Сыйымдылық талдаулары

InfoPath бағдарламасында сандық қолтаңбаларды қалай пайдалану керек

Сандық қолтаңба не?

Сіз сандық қолтаңбаны құдды қағаз құжатқа қол қойған сияқты пайдалануыңыз мүмкін. Сандық қолтаңба компьютерлік криптографияны қолдану арқылы сандық ақпараттың түпнұсқалығын растау үшін пайдаланылады,  — мәселен пішін үлгілері, электрондық пошта хабарлары, және құжаттар . Сандық қолтаңбалар төменгі кепілдіктерді орнатуға жәрдемдеседі:

  • Түпнұсқалық     Сандық қолтаңба қол қойған кісі шындықтан өзіні танытқандай кісі екенін дәлелдейді.

  • Тұтастық     Сандық қолтаңба мазмұнға қолтаңба қойылғаннан бері өзгерілмегеніне яки жасанды емес екеніне кепілдік береді.

  • Авторлықтан бас тарту мүмкіндігінің болмауы     Сандық қолтаңба қол қойылған мазмұнды келіп шығуын барлық тамандарға дәлелдейді. "Бас тарту" қол қоюшының қол қойылған мазмұнға қатысты екенінен бас тарту әрекетін білдіреді.

Пішін үлгісі туралы осы кепілдіктерді орындау үшін, Сіз пішін үлгіңізге сандық қол қоюға тиістісіз. Сондай-ақ, пішін үлгілеріңізге сандық қолтаңбаларды пайдаланушыларыңыз өздері толтыратын пішіндерге бірдей кепілдіктерді бере алатындай етіп қосуыңыз мүмкін. Қандай жағдай болса да, пішін яки пішін үлгісіне сандық қол қою үшін төменгі талаптар орындалуы тиісті:

  • Сандық қолтаңба жарамды.

  • Сандық қолтаңба мен байланысты куәлік күші бар (мерзімі өріп кетпеген).

  • Жариялаушы деп танылған қол қоюшы кісі яки кәсіпорын сенім.

  • Сандық қолтаңба мен байланысты куәлік жариялаушыға сенімді куәлік беруші ұйым (CA) таманынан беріледі.

Беттің жоғарғы жағы

Сыйымдылық талдаулары

Пішін үлгісін құрастырғаныңызда, пайдаланушылардың толық пішінге немесе пішіннің ерекше бөліктеріне қоя алуы үшін сіз сандық қолтаңбаларды қоса аласыз. Microsoft Office InfoPath 2007 ішінде сіз сондай-ақ шолғышпен үйлесімді пішін үлгісін құрастыруға таңдай аласыз. Шолғышпен үйлесімді пішін үлгісі ерекше сыйымдылық күйі арқылы InfoPath бағдарламасында құрастырылатын пішін үлгісі болып табылады. Шолғышпен үйлесімді пішін үлгісі InfoPath пішін қызметтеріне іске қосылатын серверге жарияланғанда, шолғышпен қосылады. Шолғышпен қосылатын пішін үлгілерінде сіз сандық қолтаңбаларды пайдаланушылар толтыратын пішіндердің ерекше бөліктеріне қоса аласыз. Сандық қолтаңбаларды пішін бөліктері үшін қосқаныңзда, қолтаңбалар тек пішіннің сол ерекше бөліктеріндегі деректерке қолданылады.

Беттің жоғарғы жағы

InfoPath бағдарламасында сандық қолтаңбаларды қалай пайдалану керек

Сіз пішін үлгісін жасақтағанда пайдаланушыларыңыз Сіздің пішін үлгіңізге негізделген пішінді толтырғанда сандық қолтаңбасын қоя алатындай етіп белгілеуіңіз мүмкін. Сондай-ақ, пайдаланушыларыңыз бүткіл пішінге ма немесе тек қана пішінді бір бөлігіне қол қоя алуын белгілей аласыз. Егер Сіз сандық қолтаңбаларды пішінді бір бөлігіне қоюға болатындай етіп қосып қойсаңыз, Сіз пішіндегі қайсы деректерге қол қоюға мүмкін екенін анықтауға тиісті боласыз. Сонымен қатар, Сіз сол деректерді пішін үлгісіне қосылатын бөлімі мен байланыстыруыңыз мүмкін. Қол қойылған соң, пішін немесе оның қол қойылған бөлімін қолтаңбаны жоққа шығармай тұрып өзгертуге болмайды.

Сондай-ақ, пайдаланушыларыңыз пішінге көптеген сандық қолтаңбаларды қоюы мүмкін ба, сол қолтаңбалар бірлесіп қойылуы керек па (бұл жағдайда қолтаңбалар бір бірінен тәуелсіз болады) яки басқа тамандың қолы қойылуы керек па (бұл жағдайда әрбір қолтаңба пішінге алдын қойылған қолтаңбалар мен бірге қойылады) екенін пішін үлгісін жасақтаған уақытта белгілей аласыз.

Ескерту : Егер пішін үлгісі XML схемаға негізделіп жасақталған болса, XML схема World Wide Web консорциумы (W3C) XML сандық қолтаңбааттар кеңістігі ішіндегі түйінге ие болған жағдайда Сіз сол пішін үлгісі үшін сандық қолтаңбаларды қосуыңыз мүмкін.

Пайдаланушыларыңыз Сіздің пішін үлгіңізге негізделген пішіндерге қол қою мүмкіндігін қосудан басқа, Сіз, сондай-ақ, өзіңіз жасақтаған пішін үлгілердің өздеріне да сандық қол қоя аласыз. Пішін үлгіңізге сандық қолтаңба қалдыру пішін үлгісінің құрастырушысы ретінде пішіндегі сандық қолтаңбаның пішінді толтырған пайдаланушыға түпнұсқалығын растау жолымен бірдей сізге түпнұсқалығын растайды. Сонымен бірге сандық қолтаңбаны пішін үлгісіне қосу пішін үлгісінің Толық сенім деңгейінде пайдаланылуына мүмкіндік береді. Мысалы, қауіпсіздіктің толық сенім деңгейін пайдаланатын басқарылған коды бар пішін үлгісі пайдаланушының компьютеріне орнатылуға тиісті немесе оның пайдаланылуы үшін оған пішін үлгісін құрастырушысы сандық қолтаңба қалдырады.

Ескерту : Microsoft Office Outlook 2007 пайдаланушылары InfoPath пішінінің көшірмесін электрондық пошта хабарламасы ретінде басқа Office Outlook 2007 пайдаланушыларға жібергенде және сол пішін толық сенім қауіпсіздігі деңгейінде іске қосылуға қойылғанда, салғастырылған пішін үлгісіне дұрыс жұмыс істеуі үшін сандық қолтаңба қалдыруы керек.

Сандық қолтаңбаны пішінге немесе пішін үлгісіне қосу үшін сандық куәлік қажет етіледі. Сіз коммерциялық сертификаттау органы арқылы немесе ішкі қауіпсіздік әкімшіңізден сандық куәлікті аласыз. Сандық куәлікті сату туралы шешім сіздің ұйымдастыруыңыздың пішін үлгілерін қаншалықты кең пайдалануға жоспарлайтыныңызға байланысты.

Сандық куәліктер

Сіз пішін үлгісіне сандық қол қойған соң, InfoPath бағдарламасы тек қана Кілтті пайдалану төл сипаты үшін жеке кілт пен Сандық қолтаңбаға яки Екі мәнге ие болған куәліктерді қолданады. Сонымен қатар, куәліктің мақсаты Тұтынғыштың түпнұсқалық растамасы яки Кодтық қол қою куәлігі болуы тиісті.

Ескерту : Егер Сіз куәлікті пішін үлгісіне сандық қол қою үшін пайдаланып тұрған болсаңыз, сол куәлік Кодтік қол қою куәлігі болуы тиісті.

Пішіндерге сандық қол қою үшін InfoPath XML қолтаңбасы пайдаланғаны себепті, пайдаланушы пішінге сандық куәлік пен қол қойған кезде, пайдаланушы куәлігіне төменгі нұсқаулар қолданылады:

  • Куәлікте сол куәлік берілген күн мен уақыттың, және куәліктің мерзімі бітетін күн мен уақыттың шын мәні көрсетілуі тиіс.

  • Куәлік пайдаланушы компьютерінде орнатылуы және жеке кілт пен байланысты болуы тиіс.

  • Куәлікте сақталатын кілтті пайдалану сипаттарына сандық қолтаңба немесе авторлықтан бас тарту мүмкіндігі болмауы мәндері кіруі тиісті. Кілтті пайдалану куәлік кілті не үшін қолданылуы керек екенін анықтайды.

Ескерту : Сіз жасаған сандық куәлік ресми куәліктендіру орталығынан берілмейтіндігі себепті, Сіз жасаған куәлік пен қол қойылған пішін үлгілері өздігінен қол қойылған куәліктер деп есептеледі. Бұл өздігінен қол қойылған куәліктер түпнұсқалығы расталмаған деп есептеледі және қауіпсіздік ескертуін тудырады, егер пішін үлгісінің қауіпсіздік деңгейі Толық сенімге орнатылған болса. InfoPath бағдарламасы өздігінен қол қойылған куәліктерге тек қана сол куәліктер үшін жеке кілтке кіруге рұқсаты бар компьютерлерде сенеді. Көпшілік жағдайда, бұл InfoPath бағдарламасы өздігінен қол қойылған куәліктерге тек қана сол куәлік жасалған компьютерде сенеді, еген сол компьютер жеке кілтті басқа компьютерлер мен бірге пайдаланбаса.

Куәліктендіру орталықтардың екі түрі бар: кәсіби куәліктендіру орталығы мен ішкі куәліктендіру орталығы.

Кәсіби куәліктендіру орталығы

Егер Сіз жасақтаушы болып, кәсіби куәліктендіру орталықтан VeriSign, Inc.сияқты сандық куәлікті алуды қаласаңыз, Сіз немесе Сіздің кәсіпорыныңыз сол орталыққа мәлімдеме жіберуге тиісті.

Жасақтаушы ретіндегі күйіңізге қарай, Сіз бағдарлама баспагерлерінің 2 Дәрежелік яки 3 Дәрежелік сандық куәлігін алуға мәлімдеме жасауыңыз керек:

  • 2 Дәрежелік сандық куәлік     Жеке тәртіпте бағдарламаларды басып шығаратын адамдар үшін арналған сандық куәлік. Сандық куәліктің бұл дәрежесі жеке баспагердің сәйкестік куәлігі туралы кепілдік беруге жәрдемдеседі.

  • 3 дәрежелік сандық куәлік    Бағдарлама басып шығаратын кәсіпорындар мен басқа үйлесімдер үшін арналған сандық куәлік. Сандық куәліктің бұл дәрежесі баспагер кәсіпорындардың сәйкестік куәлігі туралы көбірек кепілдік беруге жәрдемдеседі. 3 дәрежелі сандық куәліктер бөлшек сауда каналдары арқылы сатылатын бағдарламалардың кепілдік дәрежесін көрсету үшін арналған. 3 дәрежелі сандық куәлікті алуға мәлімдеме жасаған кісілер тағыда Dun & Bradstreet Қаржылық қызметтер орнатқан бағалау дәрежелеріне негізделген қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі деңгейі талаптарын орындауға тиісті.

Сіз сандық куәлікті қабылдаған соң, Сізге оны InfoPath пішін үлгілеріне қол қою үшін пайдаланатын компьютеріңізге қалай орнату туралы нұсқаулар да жіберіледі.

Ішкі куәліктендіру орталығы

Кейбір кәсіпорындар мен корпорацияларда өздерінің куәліктендіру орталығы ретінде істейтін қауіпсіздік әкімшісі яки тобы болуы мүмкін. Бұл әкімші яки топ Microsoft Куәлік қызметі сияқты куәлік орталығы құралдарын пайдаланып сандық куәліктерді шығаруы яки таратуы мүмкін. Microsoft Office сандық қолтаңба мүмкіндіктері Сіздің кәсіпорныңызда қалай қолдануына қарай, Сіз кәсіпорныңыздың ішкі куәліктендіру орталығынан берілген сандық куәлік пайдаланып пішін үлгілеріңізге қол қоюға мүмкін болар. Немесе, Сіз пішін үлгілеріңізге әкімшіге мақұлданған куәлік пен қол қойдыруыңыз мүмкін. Кәсіпорныңыздың саясаты туралы ақпарат алу үшін, желілік әкімші яки IT бөлімі мен байланысыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×