Сандық мәндерді сақтайтын өрісті кірістіру, жасау немесе жою

Сату көрсеткіштері сияқты сандық деректерді сақтау қажет болған жағдайда кестеге сан өрісі қосылады. Бұл мақала Microsoft Office Access 2007 бағдарламасын пайдаланып жаңа және бар дерекқор кестелерінде сан өрісін қосу немесе жою жолын түсіндіреді.

Бұл мақала келесі тақырыптарды қамтиды:

Сан өрістерін түсіну

Сан өрісін деректер кестесінің көрінісінде қосу

Сан өрісін құрастырушы көрінісінде қосу

Сан өрісін жою

Сан өрісінің сипаттары туралы мәліметтер

Сан өрістерін түсіну

Егер Office Access 2007 бағдарламасын бірінші рет пайдаланып отырсаңыз, дерекқордағы деректер бір немесе бірнеше кестелер ішінде сақталатынын есте сақтаңыз. Осы ақпаратты деректер кестесі — Microsoft Office Excel 2007 жұмыс парағынына ұқсайтын тор —ішінде не деректер енгізу үшін арналған пішінде не есеп ішінде көруге болады, бірақ дерекқор барлық деректерді бір немесе бірнеше кестелер ішінде сақталады. Өз кезегінде, әрбір кесте өрістер (бағандар) жиынтығынан құралған, және әрбір өріс деректердің бір нақты түрін қабылдауға теңшеленген. Мәселен, күндер мен уақытты сақтау қажет болған кезде өрісті Күн/Уақыт түріне теңшеу қажет, ал математикалық есептерде пайдаланылатын сандарды сақтау қажет болған кезде өрісті Сан түріне теңшеу қажет.

Сан өрісінің техникалық қасиеттері

Сан өрісін барлық математикалық есептер үшін пайдалануға болады, бірақ ақшаны есептеу және есептерді жоғары дәлдікмен істеу қажет болған жағдайда немесе сандарды жинақтағыңыз келмесе басқа өрістерді пайдаланыңыз (сандардың жинақтауын болдырмау үшін Ақша өрісі пайдаланылады). Сан өрісінде сақталатын мәндердің ауқымы Өріс ауқымы сипатына байланысты. Мәселен, сан өрісін теңшеп, оны 1-байттық, 2-байттық, 4-байттық, 8-байттық, немесе 16-байттық мәндерді, репликалау ұқсатқыштарын (ғаламдық бірегей идентификатор мәндері, ҒБИ) және ондық бөлшектерін сақтай алатын етіп қоюға болады.

Өріс ауқымын теңшеу үшін кестені құрастырушы көрінісінде ашып, Өріс ауқымы сипатын өзгерту керек. Сан өрісінің сипаттарын өзгерту туралы ақпарат алу үшін Өріс сипаттарын теңшеу немесе өзгерту бөліміне қараңыз. Өріс сипаттары туралы ақпарат алу үшін Сан өрісінің сипаттары туралы мәліметтер бөліміне қараңыз.

Төмендегі кестеде әрбір Өріс ауқымы сипатының мәндері тізімделген және әрбір ауқым параметрінің пайдалануы түсіндірілген.

Өріс ауқымының параметрі

Сипаттама

Байт

Нөл мен 255 арасындағы мәндерді ұстайтын 1-байттық бүтін сан.

Бүтін сан

-32 768 мен +32 767 арасындағы мәндерді ұстайтын 2-байттық бүтін сан.

Ұзын бүтін сан

-2 147 483 648 мен 2 147 483 647 арасындағы мәндерді ұстайтын 4-байттық бүтін сан.

Жеке

-3,4 x 1038 мен +3,4 x 1038 арасындағы мәндерді және ең көп болғанда 7 маңызды сан ұстайтын 4-байттық бүтін сан.

Қос

-1,797 x 10308 мен +1,797 x 10308 арасындағы мәндерді және ең көп болғанда 15 маңызды сан ұстайтын және үтірі жылжытпалы болатын 8-байттық сан.

Репликалау ұқсатқышы

16-байттық ғаламдық бірегей идентификатор (ҒБИ). Кездейсоқ түрде жасалған ҒБИ сандары өте ұзын болғандықтан олар бір біріне ешқашан ұқсас болмайды. Оларды бірнеше мақсат үшін пайдалануға болады. Мәселен, тауарларды түгендеу үшін.

Ондық сандар

-1028 мен +1028 арасындағы мәндерді ұстайтын, анықталатын ондық дәлдігіне ие болған 12-байттық бүтін сан. Әдепкі дәлдік 0 болады. Әдепкі ауқым (үтірден кейін бейнеленетін ондық орындардың саны) 18 болады. Осы ауқымды көбейтіп үтірден кейін 28 сан бейнелеуге болады.

Өріс ауқымдарын және басқа өріс сипаттарын теңшеумен қатар, сандық деректерге өзгертпелі және алдын ала анықталған бейнелеу пішімдер мен енгізу маскаларын қолдануға болады.

Сандық деректерді пішімдеу туралы көбірек ақпарат алу үшін Кестелер, пішіндер және есептер ішінде деректерді пішімдеу мақаласына қараңыз. Енгізу маскалары туралы көбірек ақпарат алу үшін Өрістерге немесе басқару элементтеріне мәндерді нақты пішімде енгізу мақсатында енгізу маскасын жасау.

Сан өрісін жасау әдістері

Office Access 2007 бағдарламасы жаңа немесе бар кестеге сан өрісін қосу үшін бірнеше жол ұсынады:

  • Деректер кестесінің көрінісі    Деректер кестесінің көрінісінде жаңа немесе бар кестеге сан өрісін қосу үшін жаңа өріс қосып, одан кейін осы өрістің бос жолына сан енгізіңіз немесе бос жолына сан қойыңыз. Сондай-aқ, ашпалы шаршыдан Сан деректер түрін таңдап, Талап етіледі (пайдаланушыларды өріске күн енгізуге мәжбур етеді) және Бірегей (пайдаланушыларды өріске қайталанбайтын мән енгізуге мәжбур етеді) сияқты сипаттарды теңшеп алуыңыз мүмкін.

  • Құрастырушы көрінісі    Құрастырушы көрінісін пайдаланып, сан өрісін қосуға болады және осы өріс үшін деректер кестесінің көрінісінде теңшеуге болмайтын сипаттарды (мәселен, әдепкі мәнді) теңшеп алу мүмкін. Осы сипаттар ішінде енгізу маскалары және өрістің әдепкі мәні бар. Сипаттар туралы көбірек ақпарат алу үшін Сан өрісінің сипаттары туралы мәліметтер бөліміне қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Сан өрісін деректер кестесінің көрінісінде қосу

Бұл бөлімдегі қадамдар деректер кестесінің көрінісінде жаңа немесе бар кестеге сан өрісін қосу жолын түсіндіреді. Егер Access бағдарламасын бірінші рет пайдаланып отырсаңыз, деректер кестесі Office Excel 2007 жұмыс парағына ұқсайтын тор болып табылады.

Бар кестеге сан өрісін қосу

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

  2. Ашу тілқатысу терезесінде дерекқор таңдаңыз да оны ашыңыз.

  3. Шарлау аумағында өзгерткіңіз келетін кестені екі рет нұқыңыз.

    Access бағдарламасы кестені деректер кестесінің көрінісінде ашады.

  4. Қажет болған жағдайда бірінші бос өріске жеткенге дейін бетті көлденең айналдырыңыз. Әдепкіде Access бағдарламасы төменде көрсетілгендей барлық жаңа өрістердің тақырып жолдарында Жаңа өріс қосу дегенін бейнелейді:

    Деректер кестесіндегі жаңа өріс

  5. Тақырып жолағын екі рет нұқыңыз да өріс үшін атау енгізіңіз.

  6. Тақырып жолағы астында бірінші бос жолды таңдаңыз да бірнеше сан енгізіңіз немесе қойыңыз. Өріске сандар енгізілгенде немесе қойылғанда Access бағдарламасы осы өрісте сандар сақталады деп есептейді және ол үшін сан деректер түрін белгілейді.

    -немесе-

    Деректер кестесі қойындысын ашып, Деректер түрі және пішімдеу тобындағы Деректер түрі тізімінен Сан дегенін таңдаңыз, ал одан кейін Пішім тізімінен қалаған сан пішімін таңдаңыз.

    Егре өріске деректерді енгізсеңіз немесе қойсаңыз Access Өріс ауқымы сипатын енгізген саныңыздың ауқымына қарай теңшейді.

  7. Өзгертулеріңізді сақтап алыңыз.

Сан өрісін жаңа кестеге қосу

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

  2. Ашу тілқатысу терезесінде дерекқор таңдаңыз да оны ашыңыз.

  3. жасау қойындысының Кестелер тобында Кесте түймешігін нұқыңыз.

    Access бағдарламасы жаңа кестені деректер кестесінің көрінісінде ашады. Бұл сурет жаңа кестені көрсетіп тұр:

    Дерекқордағы жаңа, бос кесте

  4. Сақтау Түймешік суреті түймешігін басыңыз да Басқаша сақтау тілқатысу терезесінде жаңа кесте үшін атау енгізіңіз.

  5. Кестедегі бірінші өрістің тақырып жолағын (Жаңа өріс қосу дегенін) екі рет нұқыңыз, ал одан кейін өріс үшін атау енгізіңіз.

  6. Тақырып жолағы астында бірінші бос жолды таңдаңыз да бірнеше сан енгізіңіз. Өріске сандар енгізілгенде Access бағдарламасы осы өрісте сандар сақталады деп есептейді және ол үшін сан деректер түрін белгілейді.

    Бұған қоса, Access бағдарламасы Өріс ауқымы сипатын енгізілген немесе қойылған сандың ауқымына қарай теңшейді.

Беттің жоғарғы жағы

Сан өрісін құрастырушы көрінісінде қосу

Құрастырушы көрінісін пайдаланып, жаңа немесе бар кестеге сан өрісін қосып, одан соң осы өріс үшін деректер кестесінің көрінісінде теңшеуге болмайтын сипаттарды (мәселен, әдепкі мәнді) теңшеуге немесе өзгертуге болады. Мәселен, енгізу маскасын немесе әдепкі мәнді белгілеп алу мүмкін. Осы бөлімдегі қадамдар сан өрісін қосуды және өріс сипаттарын теңшеп алуды түсіндіреді.

Бар кестеге сан өрісін қосу

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

  2. Ашу тілқатысу терезесінде дерекқор таңдаңыз да оны ашыңыз.

  3. Шарлау аумағында өзгерткіңіз келетін кестені тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз, ал одан кейін Құрастырушы көрінісі Түймешік суреті түймешігін басыңыз.

  4. Өріс атауы бағанында, бірінші бос жолды таңдаңыз да өріс үшін атау енгізіңіз.

  5. Деректер түрі бағанында орналасқан келесі ұяшығына өтіңіз де тізімнен Сан дегенін таңдаңыз.

  6. Өзгертулеріңізді сақтап алыңыз.

Сан өрісін жаңа кестеге қосу

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

  2. Ашу тілқатысу терезесінде дерекқор таңдаңыз да оны ашыңыз.

  3. жасау қойындысының Кестелер тобында Кесте түймешігін нұқыңыз.

  4. Сақтау түймешігін басыңыз да Басқаша сақтау тілқатысу терезесінде жаңа кесте үшін атау енгізіңіз.

  5. Жаңа кестенің құжат қойындысын тінтуірдің он жақ түймешігімен нұқыңыз да мәтінмәндік мәзірден Құрастырушы көрінісі пәрменін таңдаңыз.

  6. Өріс атауы бағанында, бірінші бос жолды таңдаңыз да өріс үшін атау енгізіңіз.

  7. Деректер түрі бағанында орналасқан келесі ұяшығына өтіңіз де тізімнен Сан дегенін таңдаңыз.

  8. Өзгертулеріңізді сақтап алыңыз. Егер өрістің сипаттарын теңшеп алғыңыз келсе, кестені құрастырушы көрінісінде ашық қалдырыңыз да келесі қадамдарға өтіңіз.

Өріс сипаттарын теңшеу немесе өзгерту

  1. Кесте құрастырушының төменгі бөлімінде, Өріс сипаттары астында орналасқан Жалпы қойындысында өзгерткіңіз келетін сипатты табыңыз.

  2. Сипат атауының қасында орналасқан өрісті таңдаңыз. Сипат түріне қарай, деректер енгізіңіз (мәселен, әдепкі мәтінді немесе енгізу маскасын), ... түймешігін нұқып, Өрнек құрастырушы құралын бастаңыз, немесе тізімнен параметр таңдаңыз.

    Әрбір өріс сипатын пайдалану туралы ақпарат алу үшін сипат таңдаңыз да F1 пернесін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Сан өрісін жою

Кестедегі сан өрісін жою үшін деректер кестесінің көрінісін немесе құрастырушы көрінісін пайдалануға болады. Дегенмен, ішінде деректер бар сан өрісін жойған кезде осы деректер із-түзсіз жоғалады  - жою әрекетін болдырмауға болмайды. Осы себептен кесте өрістерін немесе басқа дерекқор бөлектерін жоймас бұрын, дерекқордың сақтық көшірмесін жасап алғаныңыз жөн.

Сан өрісін деректер кестесінің көрінісінде жою

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

  2. Ашу тілқатысу терезесінде дерекқор таңдаңыз да оны ашыңыз.

  3. Шарлау аумағында өзгерткіңіз келетін кестені екі рет нұқыңыз.

    Access бағдарламасы кестені деректер кестесінің көрінісінде ашады.

  4. Сан өрісін табыңыз, тақырып жолын (өріс атауын) тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз да Баған жою пәрменін таңдаңыз.

Сан өрісін құрастырушы көрінісінде жою

  1. Microsoft Office Түймешігі Түймешік суреті түймешігін нұқып, одан кейін Ашутүймешігін нұқыңыз.

  2. Ашу тілқатысу терезесінде дерекқор таңдаңыз да оны ашыңыз.

  3. Шарлау аумағында өзгерткіңіз келетін кестені тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз да Құрастырушы көрінісі пәрменін таңдаңыз.

    Access бағдарламасы кестені құрастырушы көрінісінде ашады.

  4. Сан өрісінің қасында тұрған жол бөлектеу түймешігін (бос шаршы) нұқыңыз да DELETE пернесін басыңыз.

    -немесе-

    Жол бөлектеу түймешігін тінтуірдің оң жақ түймешігімен нұқыңыз да Жолдарды жою пәрменін таңдаңыз.

  5. Жою әрекетін құптау үшін Иә түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Сан өрісінің сипаттары туралы мәліметтер

Құрастырушы көрінісін пайдаланып, кестеге сан өрісін қосқан кезде өріс үшін бірнеше сипаттар теңшеп алу мүмкін және осы сипаттарды өзгерту мүмкін. Бұл кестеде сан өрісінің сипаттары тізімделген. Бұл ақпарат ішінде осы сипаттарын теңшеу немесе өзгерту салдары да көрсетілген.

Сипат

Не үшін қолданылады

Өріс ауқымы

Өріске енгізілетін және оның ішінде сақталатын мәндің ауқымын реттейді. Өріс ауқымы сипаты туралы көбірек ақпарат алу үшін жоғарыдағы Сан өрісінің техникалық қасиеттері бөліміне қараңыз.

Пішім

Бейнеленетін пішімді анықтау үшін өзгертпелі пішімдеу таңбаларын енгізіңіз. Осы жерде анықталатын пішімдер деректер кестелерінде, пішіндерде және есептерде көрсетіледі.

Өзгертпелі пішімдер туралы көбірек ақпарат алу үшін Кестелер, пішіндер және есептер ішінде деректерді пішімдеу мақаласына қараңыз.

Ондық бөлшек бөлігіндегі таңбалар саны

Өрістердегі мәндер үшін ондық бөлшек бөлігіндегі таңбалар санын белгілейді. Әдепкі мән: Авто. Басқа мәндер 0 және 15 аралығында болуы мүмкін.

Енгізу маскасы

Өріске пайдаланушылар тарапынан енгізілетін деректерді реттеу қажет болған жағдайда енгізу маскасы қолданылады.

Енгізу маскаларын пайдалану туралы көбірек ақпарат алу үшін Өрістерге немесе басқару элементтеріне мәндерді нақты пішімде енгізу мақсатында енгізу маскасын жасау мақаласына қараңыз.

Тақырып

Мәтін өрісінің атауын белгілейді. Бұл сипат ең көп болғанда 2 048 таңба қабылдай алады. Егер тақырып белгіленбесе, Access бағдарламасы әдепкі өріс атауын қолданады.

Әдепкі мән

Жаңа жазба жасаған кезде өріс ішінде автоматты түрде пайда болатын мәнді белгілейді.

Тексеру ережесі

Барлық жазбаға, кейбір өріске немесе басқару элементіне енгізілген деректер үшін талаптар белгілейді. Өріс үшін белгіленген ережені бұзатын деректер енгізілген кезде Тексеру мәтіні сипатын пайдаланып, пайда болатын қате туралы хабарды белгілеу мүмкін. Максимал ұзындығы: 2 048 таңба.

Тексеру ережелерін жасау туралы көбірек ақпарат алу үшін Өріс ішіндегі деректерді тексеру үшін тексеру ережесін жасау мақаласына қараңыз.

Тексеру мәтіні

Пайдаланушылар тексеру ережесін бұзған жағдайда пайда болатын қате туралы хабардың мәтінін белгілейді. Максимал ұзындығы: 255 таңба.

Тексеру ережелерін жасау туралы көбірек ақпарат алу үшін Өріс ішіндегі деректерді тексеру үшін тексеру ережесін жасау мақаласына қараңыз.

Талап етіледі

Бұл сипат Иә мәніне теңшелген жағдайда, өріс ішіне немесе өріспен байланыстырылған кез келген басқару элементіне міндетті түрде мән енгізуіңіз қажет. Бұған қоса, осы мән нөл болмауы қажет.

Индекстелген

Индекстерді пайдаланып, үлкен көлемдегі деректермен жұмыс істеу барысында сұрау жіберу, сұрыптау және топтастыру әрекеттерін тездету үшін индекстерді пайдалануға болады. Сондай-ақ, индекстерді пайдаланып, пайдаланушыларға қайталанатын мәндерді енгізуге жол бермеуге болады. Келесі мәндерді таңдау мүмкін:

  • Жоқ     Индекстеуді өшіреді (әдепкі).

  • Иә (Қайталану рұқсат етілген)     Өрісті индекстейді және қайталанатын мәндерді енгізуге рұқсат береді. Мәселен, кісілердің аттары мен тегі қайталануы мүмкін.

  • Иә (Қайталану рұқсат етілмеген)     Өрісті индекстейді және қайталанатын мәндерді енгізуге рұқсат бермейді.

Смарт-тегтер

Өріс немесе осы өріспен байланыстырылған кез келген басқару элементі үшін бір немесе бірнеше смарт-тег белгілеңіз. Смарт-тегтер өріс ішіндегі деректердің түрін анықтайтын және осы түрге негізделген әрекеттерді орындауға мүмкіндік беретін құрамдастар болып табылады. Мәселен, электрондық пошта мекенжайы үшін арналған өріс ішінде смарт-тег жаңа пошта хабарын жасау мүмкін немесе мекенжайды істес кісілердің тізіміне қосуы мүмкін.

Қатынаулы смарт-тегтер тізімін көру үшін Құрастыру (...) түймешігін басыңыз.

Мәтінді туралау

Деректерді туралау түрін белгілейді. Келесі мәндерді таңдау мүмкін:

  • Жалпы     Мәтінді сол жақ жиегі бойынша туралайды, ал сандар мен күндерді оң жақ жиегі бойынша туралайды (әдепкі мән).

  • Сол жақ     Барлық мәтінді, күндер мен сандарды сол жақ жиегі бойынша туралайды.

  • Оң жақ     Барлық мәтінді, күндер мен сандарды оң жақ жиегі бойынша туралайды.

  • Орта     Барлық мәтінді, күндер мен сандарды орістің ортасы бойынша туралайды.

  • Ені бойынша туралау     Барлық мәтінді, күндер мен сандарды өрістің немесе мәтін ұясының екі жақтары бойынша бірдей таратады.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×