Сандар тобының орташа мәнін есептеу

Сандар тобының орташа мәнін есептеу

Мысалы, жобаның бір кезеңін бітіруге кететін күндердің орташа санын немесе 10 жыл уақыт ішіндегі нақты бір күндегі орташа температураны табу керек делік. Сандар тобының орташа мәнін табудың бірнеше жолы бар.

AVERAGE функциясы статистикалық таралудағы сандар тобының ортасының орналасу орны болып табылатын таралудың орташа мәнін өлшейді. Таралудың орташа мәнінің негізгі үш өлшемі мыналар:

  • Орташа     орташа арифметикалық мән болып табылады және ол сандар тобын қосып, сол сандардың санына бөлу арқылы есептеледі. Мысалы, 2, 3, 3, 5, 7 және 10 сандарының орташа мәнін табу үшін 30-ды 6-ға бөлеміз, сонда ол 5-ке тең болады.

  • Медиана     сандар тобының орталық саны болып табылады; яғни, сандардың жартысының мәндері медианадан үлкен және сандардың екінші жартысының мәндері медианадан кіші. Мысалы, 2, 3, 3, 5, 7 және 10 сандарының медианасы 4.

  • Мода     сандар тобындағы ең жиі кездесетін сан болып табылады. Мысалы, 2, 3, 3, 5, 7 және 10 сандарының модасы 3.

Сандар тобының симметриялық таралуы үшін таралудың орташа мәнінің осы үш өлшемі бірдей болады. Сандар тобының симметриялық емес таралуы үшін олар әр түрлі болуы мүмкін.

Не істегіңіз келеді?

Үздіксіз жолдағы немесе бағандағы сандардың орташа мәнін есептеу

Үзікті жолдағы немесе бағандағы сандардың орташа мәнін есептеу

Функция туралы толық мәлімет

Өлшенген орташа мәнді есептеу

Функция туралы толық мәлімет

Нөлдік (0) мәндерді ескермей, сандардың орташа мәнін табу

Функция туралы толық мәлімет

Үздіксіз жолдағы немесе бағандағы сандардың орташа мәнін есептеу

  1. Орташа мәнін тапқыңыз келетін сандардың төменгі жағындағы немесе оң жағындағы ұяшықты нұқыңыз.

  2. Басты қойындысындағы Түзету тобынан Автоқосынды Түймешік суреті пәрменінің қасындағы көрсеткіні нұқыңыз, Орташа түймешігін басыңыз, одан кейін ENTER пернесін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Үзікті жолдағы немесе бағандағы сандардың орташа мәнін есептеу

Бұл тапсырманы орындау үшін AVERAGE функциясын пайдаланыңыз.

Мысал

Мысал бос жұмыс парағына көшіріліп алынған жағдайда түсініктірек болады.

Мысалды көшіріп алу әдісі

  1. Бос жұмыс кітабын немесе жұмыс парағын жасаңыз.

  2. Анықтама бөлімінде мысалды таңдаңыз.

    Ескерту : Жол немесе баған тақырыптарын таңдамаңыз.

    Анықтамадан мысалды таңдау

    Анықтамадан мысалды таңдау

  3. CTRL+C пернелерін басыңыз.

  4. Жұмыс парағында A1 ұяшығын таңдап, CTRL+V пернелерін басыңыз.

  5. Нәтижелерді көру және нәтижелерді беретін өрнектерді көру арасында ауысу үшін CTRL+` (гравис (екпін белгісі)) пернелерін басыңыз, немесе Өрнектер қойындысындағы Өрнекті тексеру тобынан Өрнектерді көрсету түймешігін басыңыз.

1

2

3

4

5

6

7

A

Деректер

10

7

9

27

0

4

Өрнек

Сипаттама (Нәтиже)

=AVERAGE(A2:A7)

Жоғарыдағы тізімдегі барлық сандардың орташа мәнін есептейді (9,5)

=AVERAGE(A2:A4,A7)

Тізімдегі жоғарғы үш сан мен соңғы санның орташа мәнін есептейді (7,5)

=AVERAGEIF(A2:A7, "<>0")

Тізімдегі A6 ұяшығы сияқты нөлдік сандардан басқа сандардың орташа мәнін есептейді (11,4)

Функция туралы толық мәлімет

AVERAGE

AVERAGEIF

Беттің жоғарғы жағы

Өлшенген орташа мәнді есептеу

Бұл тапсырманы орындау үшін SUMPRODUCT және SUM функцияларын пайдаланыңыз.

Мысал

Мысал бос жұмыс парағына көшіріліп алынған жағдайда түсініктірек болады.

Мысалды көшіріп алу әдісі

  1. Бос жұмыс кітабын немесе жұмыс парағын жасаңыз.

  2. Анықтама бөлімінде мысалды таңдаңыз.

    Ескерту : Жол немесе баған тақырыптарын таңдамаңыз.

    Анықтамадан мысалды таңдау

    Анықтамадан мысалды таңдау

  3. CTRL+C пернелерін басыңыз.

  4. Жұмыс парағында A1 ұяшығын таңдап, CTRL+V пернелерін басыңыз.

  5. Нәтижелерді көру және нәтижелерді беретін өрнектерді көру арасында ауысу үшін CTRL+` (гравис (екпін белгісі)) пернелерін басыңыз, немесе Өрнектер қойындысындағы Өрнекті тексеру тобынан Өрнектерді көрсету түймешігін басыңыз.

Бұл мысалда үш сатып алу бойынша бірлік үшін төленген орташа баға есептеледі, мұндағы әрбір сатып алудағы бірліктердің саны мен бірліктің бағасы әр түрлі.

1

2

3

4

A

B

Бірліктің бағасы

Бірліктердің саны

20

500

25

750

35

200

Өрнек

Сипаттама (Нәтиже)

=SUMPRODUCT(A2:A4,B2:B4)/SUM(B2:B4)

Барлық үш тапсырыстың жалпы бағасын тапсырыс берілген бірліктердің жалпы санына бөледі (24,66)

Функция туралы толық мәлімет

SUM

SUMPRODUCT

Беттің жоғарғы жағы

Нөлдік (0) мәндерді ескермей, сандардың орташа мәнін табу

Бұл тапсырманы орындау үшін AVERAGE және IF функцияларын пайдаланыңыз.

Мысал

Мысал бос жұмыс парағына көшіріліп алынған жағдайда түсініктірек болады.

Мысалды көшіріп алу әдісі

  1. Бос жұмыс кітабын немесе жұмыс парағын жасаңыз.

  2. Анықтама бөлімінде мысалды таңдаңыз.

    Ескерту : Жол немесе баған тақырыптарын таңдамаңыз.

    Анықтамадан мысалды таңдау

    Анықтамадан мысалды таңдау

  3. CTRL+C пернелерін басыңыз.

  4. Жұмыс парағында A1 ұяшығын таңдап, CTRL+V пернелерін басыңыз.

  5. Нәтижелерді көру және нәтижелерді беретін өрнектерді көру арасында ауысу үшін CTRL+` (гравис (екпін белгісі)) пернелерін басыңыз, немесе Өрнектер қойындысындағы Өрнекті тексеру тобынан Өрнектерді көрсету түймешігін басыңыз.

1

2

3

4

5

6

7

A

Деректер

10

7

9

27

0

4

Өрнек

Сипаттама (Нәтиже)

=AVERAGEIF(A2:A7, "<>0")

Тізімдегі A6 ұяшығы сияқты нөлдік сандардан басқа сандардың орташа мәнін есептейді (11,4)

Функция туралы толық мәлімет

AVERAGEIF

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×