Сандар тобының модусын есептеу

Құс санау деректері бойынша 30 жылдан астам батпақты жерде құстың қанша түрі мекендейтінінің жалпы санын немесе қарбалас емес сағат кезінде телефон орталығына ең жиі соғылған телефон нөмірін тапқыңыз келді делік. Сандар тобының модусын есептеу үшін, MODE функциясын пайдаланыңыз.

MODE функциясы санақты үлестірімдегі сандар тобының ортасында орналасатын орталық үрдісті өлшейді. Орталық үрдістің ең жиі қолданылатын үш өлшемі мыналар:

  • Орташа мән     — арифметикалық орташа мән, сандар тобын қосып, оны сол сандардың санына бөлу арқылы есептелінеді. Мысалы, 2, 3, 3, 5, 7 және 10 сандарының қосындысы — 30, оны 6-ға бөлсек, орташа мәні 5-ке тең болады.

  • Медиана     — сандар тобының ортасындағы сан; ол сандардың жартысы медианадан төмен мәнге, ал екінші жартысы медианадан жоғары мәнге ие болады. Мысалы, 2, 3, 3, 5, 7 және 10 сандарының медианасы 4 санына тең.

  • Модус     — сандар тобындағы ең жиі кездесетін сан. Мысалы, 2, 3, 3, 5, 7 және 10 сандарының модусы 3.

Сандар тобының симметриялық үлестірімі үшін орталық үрдістің үш өлшемі де бірдей болады. Сандар тобының асимметриялық үлестірімі үшін олар әр түрлі болуы мүмкін.

Мысал

Егер мысалды бос жұмыс парағына көшіріліп алсаңыз, түсініктірек болады.

Мысалды көшіріп алу әдісі

  1. Бос жұмыс кітабын немесе жұмыс парағын жасаңыз.

  2. Анықтама бөлімінен мысалды бөлектеп алыңыз.

    Ескерту : Жол немесе баған тақырыбын таңдамаңыз.

    Анықтамадан мысалды таңдау

    Анықтамадағы мысалды бөлектеу

  3. CTRL+C пернелерін басыңыз.

  4. Жұмыс парағында A1 ұяшығын таңдап, CTRL+V пернелерін басыңыз.

  5. Нәтижелер мен нәтижелерге айналатын өрнектерді көруді ауыстырып қосу үшін, CTRL+` (доғал екпін белгісі) пернелерін басыңыз немесе Өрнектер қойындысындағы Өрнекті тексеру тобынан Өрнектерді көрсету түймешігін басыңыз.

1

2

3

4

5

6

7

A

Дерек

10

7

9

7

0

4

Өрнек

Сипаттамасы (Нәтиже)

=MODE(A2:A7)

Жоғарыда келтірілген тізімдегі сандар модусы (7)

Функция туралы толық мәлімет

MODE

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×