Сайттарға кіру сұрауларын реттеу және басқару

Кіруді сұрау мүмкіндігі адамдар көре алмай тұрған мазмұнға кіру сұрауына мүмкіндік береді. Сайт иесі ретінде, біреу сайтқа кіруді сұраған кезде сізге элетрондық пошта хабары келетін етіп конфигурациялай аласыз. Сонан соң сұрауды қаблдау немесе бас тартуды таңдай аласыз. Егер сұрауды қабалдасаңыз, пайдаланушыға тағайындалатын рұқсат деңгейін де белгілей аласыз.

Кіруді сұрау мүмкіндігі сайттардағы Ортақ пайдалану пәрмені секілді жұмыс істейді. Егер сайт иесі емес адам (яғни, сайтты толық басқара алмайтын адам) Ортақ пайдалану пәрменін пайдаланса, ол әрекет кіру сұрауын жасайды. Сонан соң сайт иесі сұрауды қабылдау немесе бас тартуды таңдай алады немесе жаңа пайдаланушыға тағайындалатын рұқсат деңгейін белгілей алады.

Ортақ пайдалану пәрмені мен кіруді сұрау мүмкіндігі екеуі сайтқа кіруге рұқсаты бар адамдарды басқару үдерісін жеңілдетеді. Сайт пайдаланушылары басқаларды бірге жұмыс істеуге шақыра алады, ал сайт иелері сайтқа кіре алатындарды және оларға тағайындалатын рұқсаттарды толықтай басқара алады.

Не істегіңіз келеді?

Кіру сұрауларын реттеу

Сайтқа кіру сұрауын қабылдау немесе бас тарту

Сыртқы пайдаланушыларға жіберілетін шақыруларды басқару (SharePoint Online ғана)

Шақыруларды қайтару

Мерзімі өткен шақыруды қайта жіберу

Қатысты тапсырмалар

Кіру сұрауларын реттеу

Сайт иелері кіру сұрауы жасалған кезде оларға электрондық пошта хабары келетіндей етіп реттеу жасай алады.

  1. Параметрлер «Office 365 параметрлері» түймешігі > Сайт параметрлері тармағына өтіңіз.

  2. Пайдаланушылар және рұқсаттар дегеннің астында, Қосымша рұқсаттар параметріне басыңыз.

  3. Рұқсаттар қойындысында КІру сұраулары параметрлері түймешігін басыңыз.

  4. Кіру сұраулары параметрлері диалогтық терезесінде, Кіру сұрауларын рұқсат беру жолының жанындағы ұяшыққа белгі қойып, кіру сұрауларын қабылдауға жауапты ететін адамның электрондық поштасын жазыңыз.

  5. OK түйемшігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Сайтқа кіру сұрауын қабылдау немесе бас тарту

  1. Параметрлер «Office 365 параметрлері» түймешігі > Сайт параметрлері тармағына өтіңіз.

  2. Пайдаланушылар мен рұқсаттар тармағындағы Кіру сұраулары мен шақырулар түймешігін басыңыз.

  3. Күтіліп тұрған сұраулар тармағының астында жаңартылатын сұрауды тауып, мәзірді ашу үшін эллипстерді . . . басыңыз.

  4. Рұқсаттар тармағының астында пайдаланушыға тағайындалатын рұқсат деңгейін таңдаңыз (егер сұрау қабылданатын болса). Сондай-ақ, кіруді сұраған адамға қалау бойынша хабар жібере аласыз; бұл сіздің шешіміңізді дәлелдеудің тиімді жолы.

  5. Қабылдау немесе Бас тарту түймешігін басыңыз.

    Кеңес :  Бұрынғы сұрауларды көру үшін Журналды көрсету түймешігін басыңыз.

Сыртқы пайдаланушыларға жіберілетін шақыруларды басқару (SharePoint Online ғана)

SharePoint Online қызметін пайдаланатын Microsoft Office 365 тұтынушысы болсаңыз, Кіру сұраулары бетін Office 365 жазылым лицензиясы жоқ адамдарға жіберілген қонақ сілтемелерін басқару үшін де пайдалануға болады. Сырттан ортақ пайдалану туралы қосымша ақпаратты Сайттар мен құжаттарды ұйым мүшесі емес адамдармен ортақ пайдалану бөлімінен қараңыз.

Шақыруларды қайтару

Егер сыртқы пайдаланушыға жіберілген шақыруды қайтару керек болса, ол қабылданбай жатып, шақырудың күшін жоюға болады.

  1. Параметрлер «Office 365 параметрлері» түймешігі > Сайт параметрлері тармағына өтіңіз.

  2. Пайдаланушылар мен рұқсаттар тармағындағы Кіру сұраулары мен шақырулар түймешігін басыңыз.

  3. Қонақ пайдаланушы шақырулары тармағынан сайтқа шақыруы қайтарылатын адамды таңдап, мәзірді ашу үшін . . . түймешігін басыңыз.

  4. Сипаттар терезесіндегі Бас тарту түймешігін басыңыз.

Егер сайттан шығарылуы қажет сыртқы пайдаланушы шақыруды қабылдап қойған болса, сол пайдаланушы тағайындалған SharePoint рұқсаттар тобынан оны жоюға болады. Office 365 әкімшісі немесе SharePoint Online әкімшісі де оларды жоя алады.

Мерзімі өткен шақыруды қайта жіберу

Әдепкіде, сыртқы пайдаланушыларға жіберілген шақырулардың мерзімі 7 күнде бітеді. Егер шақырылушы шақыруды 7 күнде қабылдамаса, ал шақырылушының сайтқа рұқсат алуы әлі де қажет болса, шақыруды қайта жіберу керек болуы мүмкін.

  1. Параметрлер «Office 365 параметрлері» түймешігі > Сайт параметрлері тармағына өтіңіз.

  2. Пайдаланушылар мен рұқсаттар тармағындағы Кіру сұраулары мен шақырулар түймешігін басыңыз.

  3. Қонақ пайдаланушы шақырулары тармағынан сайтқа шақыру қайта жіберілетін адамды таңдап, мәзірді ашу үшін . . . түймешігін басыңыз.

  4. Рұқсат тармағының астында дұрыс топ таңдалғанын тексеріңіз. Егер шақырудағы топтан басқа топты таңдау керек болса, осы жерден таңдаңыз.

  5. Қайта жіберу түймешігін басыңыз.

Қатысты тапсырмалар

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×