Рұқсаттар деңгейлері және рұқсаттар

Осы мақалада төмендегі тақырыптар қарастырылады

Windows SharePoint Services 3.0 бағдарламасындағы әдепкі рұқсаттар деңгейлері

Тізім, торап және жеке рұқсаттар

Тәуелділік және сипаттамалар

Windows SharePoint Services негізінде құралған тораптардың қосымша әдепкі SharePoint топтары бар болса да, Әдепкі, Windows SharePoint Services 3.0 бағдарламасында бес рұқсат деңгей бар. Бұл рұқсаттар деңгейлерінің әрбіреуі оған байланыстырылған анықталған рұқсат бар. Сіз торап иесі болып, бұл рұқсаттар деңгейлерімен байланыстырылатын рұқсаттарды таңдай аласыз (Шектелген қатынас және Толық басқару деген рұқсаттар деңгейлерінен басқа) немесе рұқсаттардың түрлі жинақтарын біріктіру үшін жаңа рұқсаттар деңгейлерін қоса аласыз.

Ескерту : Windows SharePoint Services 3.0 бағдарламасы шығарылғанға дейін, рұқсаттар деңгейлері - тораптар топтары, ал SharePoint топтары айқас тораптар топтары деп аталған болатын.

Сіз торап иесі бола отырып, рұқсаттарды рұқсаттар деңгейлерімен байланыстырып, сондай-ақ рұқсаттар деңгейлерін пайдаланушылармен және SharePoint топтарымен байланыстыра аласыз. Пайдаланушылар және SharePoint топтары тораптар, тізімдер, тізім элементтері, кітапханалар, тізімдер мен кітапханалардағы қалталар және құжаттар сияқты қауіпсіз нысандармен байланыстырылады. Түрлі қауіпсіз нысандарда рұқсаттарды тағайындау туралы толық ақпаратты Тораптарға және торап мазмұнына қатынасты басқару туралы тақырыбынан оқыңыз.

Сіз пайдаланушыларға және SharePoint топтарына тағайындай алатын рұқсаттар деңгейлері және сіз рұқсаттар деңгейлеріне тағайындай алатын рұқсаттар төмендегі кестелерде көрсетіледі. Әрбір рұқсат үшін, ол әдепкі байланыстырылған рұқсаттар деңгейі тізімде көрсетіледі. Әрбір рұқсат үшін, оған байланысты кез келген рұқсаттардың тізімі беріледі, сонымен қатар, рұқсаты енетін кез келген әдепкі рұқсаттар деңгейлері кестеде көрсетіледі.

Windows SharePoint Services 3.0 бағдарламасындағы әдепкі рұқсаттар деңгейлері

Рұқсаттар деңгейі

Сипаттама

Толық басқару

Бұл рұқсаттар деңгейі барлық рұқсаттарды қамтиды. Әдепкі, Торап атауы торабы иелерінің SharePoint тобына тағайындалады. Бұл рұқсаттар деңгейін теңшеуге және жоюға болмайды.

Жасақтау

Тізімдер мен құжаттар кітапханаларын жасау, беттерді өңдеу және веб-бетте тақырыптар, жиектер мен мәнерлер кестелерін қолдану үшін. Әдепкі, ешбір SharePoint тобына тағайындалмайды.

Қатысу

Бар тізімдер мен құжаттар кітапханаларындағы элементтерді қосу, өзгерту және жою үшін. Әдепкі, Торап атауы мүшелерінің SharePoint тобына тағайындалады.

Оқу

Веб-торапқа оқу қатынасы. Бұл рұқсаттар деңгейі бар пайдаланушылар мен SharePoint тораптары элементтер мен беттерді көру және элементтер мен беттерді ашу мүмкіндіктерге ие. Әдепкі, Торап атауы торабы оқушыларының SharePoint тобына тағайындалады.

Шектелген қатынас

Шектелген қатынас рұқсаттар деңгейі пайдаланушыларға бүкіл торапқа қатынасты берудің орнына анықталған тізім, құжат кітапханасы, элемент немесе құжатқа қатынасты беру мақсатымен егжей-тегжейлі рұқсаттармен біріктіру үшін жасақталады. Алайда, тізім немесе кітапханаға қатынасу үшін, мысалы, пайдаланушының тектік веб-торапты ашу және веб-тораптың тақырыбы мен шарлау тақтасы сияқты ортақ деректерді оқу рұқсаты болуы керек. Шектелген қатынас рұқсаттар деңгейлерін теңшеуге және жоюға болмайды.

Ескерту : Бұл рұқсаттар деңгейін пайдаланушыларға немесе SharePoint топтарына тағайындай алмайсыз. Оның орнына, пайдаланушылар және SharePoint топтарының рұқсаттары жоқ жоғарғы деңгейдің нысанына қатынасты иеленуді талап ететін торабыңыздағы нысанға қатынас оларға берілгенде, Windows SharePoint Services 3.0 бағдарламасы бұл рұқсаттар деңгейін автоматты тағайындайды. Мысалы, тізімдегі элементке қатынас пайдаланушыларға берілсе, бірақ пайдаланушылардың тізімнің өзіне қатынасы жоқ болса, Windows SharePoint Services 3.0 тізімге, сондай-ақ торапқа Шектелген қатынас орнатады.

Беттің жоғарғы жағы

Тізім, торап және жеке рұқсаттар

Windows SharePoint Services 3.0 бағдарламасының 5 әдепкі рұқсаттар деңгейінде пайдаланылатын 33 рұқсаты бар. Анықталған рұқсаттар деңгейіне (Шектелген қатынас және Толық басқару рұқсаттар деңгейлерінен басқа) енетін рұқсаттар түрлерін таңдай аласыз немесе сіз белгілейтін рұқсаттар жинағы бар жаңа рұқсаттар деңгейін жасай аласыз.

Рұқсаттар қолданыла алатын нысандарға байланысты, рұқсаттар санаттарының тізіміне тізім рұқсаттары, торап рұқсаттары және жеке рұқсаттар енеді. Мысалы, торап рұқсаттары анықталған торапқа ғана қолданылады, тізім рұқсаттары тізімдер мен кітапханаларға ғана қолданылады және жеке рұқсаттар жеке көріністерге, жеке веб-бөліктерге және т.б. сияқты элементтерге ғана қолданылады. Төмендегі кестелерде рұқсаттардың рұқсаттар деңгейлеріне әдепкі тағайындалатындығы көрсетіледі.

Тізім рұқсаттары

Рұқсаттар

Толық басқару

Құрастыру

Қатысу

Оқу

Шектелген қатынас

Тізімдерді басқару

X

X

Бөліп алуды елемеу

X

X

Элементтерді қосу

X

X

X

Элементтерді өзгерту

X

X

X

Элементтерді жою

X

X

X

Элементтерді қарап шығу

X

X

X

X

Элементтерді бекіту

X

X

Элементтерді ашу

X

X

X

X

Нұсқаларды қарап шығу

X

X

X

X

Нұсқаларды жою

X

X

X

Ескертулерді жасау

X

X

X

X

Бағдарлама беттерін қарап шығу

X

X

X

X

X

Торап рұқсаттары

Рұқсаттар

Толық басқару

Құрастыру

Қатысу

Оқу

Шектелген қатынас

Рұқсаттарды басқару

X

Пайдалану туралы деректерді көрсету

X

Отау веб-тораптарды жасау

X

Веб-торапты басқару

X

Беттерді қосу және теңшеу

X

X

Тақырыптар мен жиектерді қолдану

X

X

Мәнерлер кестелерін қолдану

X

X

Топтарды жасау

X

Каталогтарды табу

X

X

X

Пайдаланушы өзін-өзі жасайтын торапты жасау мүмкіндігін пайдалану

X

X

X

X

Беттерді көрсету

X

X

X

X

Рұқсаттарды нөмірлеу

X

Пайдаланушы туралы ақпаратты табу

X

X

X

X

X

Ескертулерді басқару

X

Қашықтықтан басқару тілдесулерін пайдалану

X

X

X

X

X

Тұтынғыштық бағдарламаларды біріктіріп, олардың мүмкіндіктерін пайдалану

X

X

X

X

X

Ашу

X

X

X

X

X

Пайдаланушының жеке ақпаратын өңдеу

X

X

X

Жеке рұқсаттар

Рұқсаттар

Толық басқару

Жасақтау

Қатысу

Оқу

Шектелген қатынас

Жеке көріністерді басқару

X

X

X

Жеке веб-бөліктерді қосу және жою

X

X

X

Жеке веб-бөліктерді жаңарту

X

X

X

Беттің жоғарғы жағы

Тәуелділік және сипаттамалар

Көптеген рұқсаттар басқа рұқсаттарға тәуелді болады. Басқа рұқсаттарға тәуелді рұқсат таңдалғанда, басты рұқсат та автоматты таңдалады. Басқа рұқсаттар тәуелді болатын рұқсаттың сипаттамасын беру тәуелді рұқсаттарды да түсіндіреді. Төмендегі кестелерде әрбір рұқсаттың пайдалану мақсаты және, қолданылған болса, оған тәуелді рұқсаттар тізімі беріледі.

Тізім рұқсаттары

Рұқсаттар

Сипаттама

Тәуелді рұқсаттар

Тізімдерді басқару

Тізімдерді жасау және жою, тізімге бағандарды қосу немесе жою және тізімнің жалпы көріністерін қосу немесе жою.

Элементтерді қарап шығу, Беттерді қарап шығу, Ашу, Жеке көріністерді басқару

Бөліп алуды елемеу

Басқа пайдаланушыға бөлініп алынған құжатты жою немесе қайтару.

Элементтерді қарап шығу, Беттерді қарап шығу, Ашу

Элементтерді қосу

Элементтерді тізімдерге қосу, құжаттарды құжаттар кітапханаларына қосу және веб-талқылау аңғартпаларын қосу.

Элементтерді қарап шығу, Беттерді қарап шығу, Ашу

Элементтерді өзгерту

Тізімдерде элементтерді өзгерту, құжаттар кітапханаларында құжаттарды өңдеу, құжаттардағы веб-талқылау аңғартпаларын өңдеу және құжаттар кітапханаларында веб-бөліктер беттерін өңдеу

Элементтерді көрсету, Беттерді көрсету, Ашу

Элементтерді жою

Тізімнен элементтерді, құжаттар кітапханасынан құжаттарды және құжаттардағы веб-талқылау аңғартпаларын жою

Элементтерді қарап шығу, Беттерді қарап шығу, Ашу

Элементтерді қарап шығу

Тізімдердегі элементтерді, құжаттар кітапханасындағы құжаттарды және веб-талқылау аңғартпаларын көрсету.

Беттерді қарап шығу, Ашу

Элементтерді бекіту

Тізім элементінің нұсқасының немесе құжат нұсқасының қосымша нөмірін бекіту.

Элементтерді өзгерту, Элементтерді қарап шығу, Беттерді қарап шығу, Ашу

Элементтерді ашу

Сервердегі үстеме файлдар өңдегіштері көмегімен құжаттардың көзін көрсету.

Элементтерді қарап шығу, Беттерді қарап шығу, Ашу

Нұсқаларды көрсету

Тізім элементінің және құжаттың бұрынғы нұсқаларын көрсету.

Элементтерді қарап шығу, Беттерді қарап шығу, Ашу

Нұсқаларды жою

Тізім элементінің және құжаттың бұрынғы нұсқаларын жою.

Элементтерді қарап шығу, Нұсқаларды қарап шығу, Беттерді қарап шығу, Ашу

Ескертулерді жасау

Электрондық пошта ескертулерін жасау.

Элементтерді қарап шығу, Беттерді қарап шығу, Ашу

Бағдарлама беттерін қарап шығу

Тізімде немесе құжаттар кітапханасында құжаттар мен көріністерді көрсету.

Ашу

Торап рұқсаттары

Рұқсаттар

Сипаттама

Тәуелді рұқсаттар

Рұқсаттарды басқару

Веб-торапта рұқсаттар деңгейлерін жасау мен өзгерту және пайдаланушылар мен топтарға рұқсаттарды тағайындау.

Элементтерді бекіту, Рұқсаттарды нөмірлеу, Ашу

Пайдалану туралы деректерді көрсету

Веб-тораптарды пайдалану туралы есептерді көрсету.

Элементтерді бекіту, Ашу

Отау веб-тораптарды жасау

Топ тораптары, Жиналыс жұмыс кеңістігінің тораптары және Құжат жұмыс кеңістігінің тораптары сияқты отау веб-тораптарды жасау.

Беттерді қарап шығу, Ашу

Веб-торапты басқару

Веб торапқа арналған барлық басқару тапсырмаларын, сондай-ақ мазмұнды басқаруды жүргізу.

Беттерді қарап шығу, Ашу

Беттерді қосу және теңшеу

HTML беттерін немесе веб-бөлік беттерін қосу, өзгерту немесе жою және Windows SharePoint Services бағдарламасымен сыйысымды өңдегішті пайдалана отырып, веб-торапты өңдеу.

Элементтерді қарап шығу, Каталогтарды табу, Беттерді қарап шығу, Ашу

Тақырыптар мен жиектерді қолдану

Бүкіл веб-торапқа тақырып немесе жиектерді қолдану

Беттерді қарап шығу, Ашу

Мәнерлер кестелерін қолдану

Веб-торапқа мәнерлер кестесін (.css файлы) қолдану.

Беттерді қарап шығу, Ашу

Топтарды жасау

Тораптар жинағының кез келген орнында пайдаланылатын пайдаланушылардың тобын жасау.

Беттерді қарап шығу, Ашу

Каталогтарды табу

SharePoint Designer немесе Web DAV сияқты тілдесуді пайдалана отырып, веб-торапта файлдар мен қалталарды нөмірлеу.

Беттерді қарап шығу, Ашу

Пайдаланушы өзін-өзі жасайтын торапты жасау мүмкіндігін пайдалану

Пайдаланушы өзін-өзі жасайтын торапты жасау мүмкіндігі көмегімен веб-торапты жасау

Беттерді қарап шығу, Ашу

Беттерді қарап шығу

Веб-торапта беттерді қарап шығу.

Ашу

Рұқсаттарды нөмірлеу

Веб-торап, тізім, қалта, құжат немесе тізім элементінде рұқсаттарды нөмірлеу.

Элементтерді қарап шығу, Элементтерді ашу, Нұсқаларды қарап шығу, Каталогтарды табу, Беттерді қарап шығу, Ашу

Пайдаланушы туралы ақпаратты табу

Веб-торап пайдаланушылары туралы ақпаратты көрсету.

Ашу

Ескертулерді басқару

Барлық веб-торап пайдаланушылары үшін арналған ескертулерді басқару.

Элементтерді қарап шығу, Ескертулерді жасау, Беттерді қарап шығу, Ашу

Қашықтықтан басқару тілдесулерін пайдалану

Веб-торапқа қатынасу үшін SOAP, Web DAV немесе SharePoint Designer тілдесуін пайдалану.

Ашу

Ашу

Веб-торап, тізім немесе қалтаны аталмыш контейнердегі элементтерге қатынасу үшін ашу.

Тәуелді рұқсаттар жоқ

Пайдаланушының жеке ақпаратын өңдеу

Суретті қосу сияқты пайдаланушының өз ақпаратын өзгерту мүмкіншілігін пайдаланушыға беру.

Пайдаланушы ақпаратын табу, Ашу

Жеке рұқсаттар

Рұқсаттар

Сипаттама

Тәуелді рұқсаттар

Жеке көріністерді басқару

Тізімдердің жеке көріністерін жасау, өзгерту және жою.

Элементтерді қарап шығу, Беттерді қарап шығу, Ашу

Жеке веб-бөліктерді қосу және жою

Веб-бөлік бетінде жеке веб-бөліктерді қосу және жою.

Элементтерді қарап шығу, Беттерді қарап шығу, Ашу, Жеке веб-бөліктерді жаңарту

Жеке веб-бөліктерді жаңарту

Жеке ақпаратты көрсету үшін веб-бөліктерді жаңарту.

Элементтерді қарап шығу, Беттерді қарап шығу, Ашу

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×