Реттелетін кодты пайдаланатын пішін үлгілерін жаңарту туралы пікірлер

Егер Сіз InfoPath 2003 Toolkits for Microsoft Visual Studio құралдарының біреуін пайдаланып, InfoPath 2003 пішін үлгісін жасаған болсаңыз және оның InfoPath 2003 бағдарламасымен сыйысымдылығын сақтағыңыз келсе, оны Microsoft Office InfoPath 2007 және Microsoft Visual Studio 2005 Tools for Applications (VSTA) ортасында, немесе Microsoft Visual Studio 2005 және 2007 Microsoft Office жүйесіне арналған Microsoft Visual Studio 2005 Tools бағдарламаларында ашып, пішін үлгісін жасау және одан әрі дамыту жобасын жалғастыруыңыз мүмкін. Осыны істеген кезде пішін үлгісіндегі бизнес қисыны Microsoft.Office.Interop.InfoPath.SemiTrust аттар кеңістігі тарапынан қамтамасыз етілетін .NET нысан үлгісін пайдалана береді.

Сондай-ақ, InfoPath 2003 пішін үлгісін жасау жобасының кодын көшіріп және жаңартып, Microsoft.Office.InfoPath аттар кеңістігі тарапынан қамтамасыз етілетін жаңа .NET нысан үлгісін пайдалануға болады. Осыны істеген кезде Microsoft.Office.InfoPath аттар кеңістігінің мүшелерін қосу үшін барлық бизнес қисыны кодын қайта жазу қажет болады, бірақ бұрынғы жобаның коды сақталады және #if InfoPathManagedObjectModel мен #endif нұсқауларымен (Visual C#) немесе #If InfoPathManagedObjectModel мен #End If нұсқауларымен (Visual Basic) қоршалады. Ол қодты қайта жазу барысында анықтама ақпараты ретінде пайдаланылады.

Егер осы мақала Сіз "Microsoft Office InfoPath нысан үлгісін пайдалану мақсатында кодыңызды жаңартпақшысыз ба?" деген сұрақ қоятын тілқатысу терезесіндегі Анықтама түймешігін басқан соң пайда болған болса, келесі әрекеттердің біреуін істеңіз:

  • InfoPath 2003 бағдарламасымен сыйысымдылықты сақтау және Microsoft.Office.Interop.InfoPath.SemiTrust аттар кеңістігі тарапынан қамтамасыз етілетін .NET нысан үлгісін пайдалана беру үшін Жоқ түймешігін басыңыз.

  • Microsoft.Office.InfoPath аттар кеңістігі тарапынан қамтамасыз етілетін жаңа .NET нысан үлгісін пайдалану мақсатында InfoPath 2003 пішін үлгісін жасау жобасындағы кодты жаңарту үшін Иә түймешігін басыңыз.

Реттелетін кодты пайдаланатын пішін үлгілерімен жұмыс істеу туралы көбірек ақпарат алу үшін InfoPath 2007 Visual Studio Tools for Applications немесе Visual Studio 2005 жасақтау бағдарламаларындағы реттелетін кодты пайдаланатын пішін үлгілері туралы анықтама құжаттарына қараңыз.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×