Пішін үшін әдепкі мәндерді баптау

Microsoft Office InfoPath 2007 пішін үлгісін құрастырған кезде, пішін үлгісіндегі өрісге байланыстыру басқару элементтер үшін әдепкі мәндер баптауыңыз мүмкін. Әдепкі мән пайдаланушы пішінді ашып, оны толтырмақшы болған кезде басқару элементінде автоматты түрде пайда болатын мән болып табылады.

Бұл мақала төмендегі тақырыптарды қамтиды:

Әдепкі мәндер туралы шолу

Басқару элементі үшін әдепкі мәнді баптау

Әдепкі мәнді ереже пайдаланып баптау

Пішін үшін барлық әдепкі мәндерді баптау

Әдепкі мәндер туралы шолу

Пішін үлгісін құрастырған кезіңізде, пайдаланушыларға пішініңізді тезірек толтыруға мүмкіндік беру үшін басқару элементтері үшін әдепкі мәндер белгілеуңіз мүмкін. Мәселен, егер қызметкер тарапынан толтырылатын шығындар туралы есеп хаты үшін пішін үлгісін жасап отырсаңыз, күн белгілейтін басқару элементі үшін бүгінгі күнді әдепкі мән ретінде белгілеуіңіз мүмкін. Нәтижеде, пайдаланушы пішінді ашқан кезде күн белгілейтін басқару элементінде автоматты түрде қазіргі күн пайда болады.

Пішін үлгіңізде әдепкі мәндерді келесі әдістермен баптауыңыз мүмкін:

  • Пайдаланушы пішінді ашып, оны толтырмақшы болған кезде автоматты түрде толтырылатын басқару элементі үшін нақты мән белгілеу

  • ереже пайдаланып, басқару элементі үшін пішіндегі басқа басқару элементіне енгізілетін деректерге негізделген әдепкі мәнді баптау.

  • Пішін үлгіңіз үшін барлық әдепкі мәндерді дереу баптау

Беттің жоғарғы жағы

Басқару элементі үшін әдепкі мәнді баптау

Пішін үлгісінде өріс үшін әдепкі мән баптаған кезіңізде, Сіз пайдаланушы осы пішін үлгісіне негізделген пішінді толтырған кезде басқару элементінде автоматты түрде пайда болатын мәнді нақтылап белгілейсіз.

  1. Егер Деректер көзі тапсырмалар тақтасы көрінбесе, Көрініс мәзіріндегі Деректер көзі түймешігін нұқыңыз.

  2. Деректер көзі тапсырмалар аймағында, әдепкі мәнін баптағыңыз келген өрісті тінтуірдің оң жақ батырмасымен нұқыңыз да мәтінмәндік мәзірінен Сипаттар әмірін таңдаңыз.

  3. Деректер қойындысына нұқыңыз.

  4. Келесі әрекеттердің біреуін істеңіз:

    • Кейбір нақтылы мәнді әдепкі мән ретінде пайдалану үшін оны Мән қоршауына енгізіңіз.

    • XPath өрнегін пайдаланып әдепкі мән жасау үшін Өрнек кірістіру Түймешік суреті батырмасын басыңыз, кейін Өрнек кірістіру тілқатысу терезесінде XPath өрнегін жасаңыз.

      Кеңес : Өрнек әр жолы есептелгенде таңдалған өріс ішіндегі мәнді автоматты түрде жаңарту үшін Өріс немесе топ сипаттары тілқатысу терезесінде Өрнектің нәтижесі қайта есептелген соң осы мәнді жаңарту параметрі үшін құсбелгі қойыңыз .

  5. Өзгертулеріңізді тексеру үішн Стандарт құралдар тақтасындағы Алдын ала қарап алу түймешігін нұқыңыз немесе CTRL+SHIFT+B пернелерін басыңыз.

Техникалық ақпарат

Басқару элементі үшін әдепкі мән баптаған кезіңізде осы басқару элементпен байланыстырылған өріс үшін де осы әдепкі мәнді баптаған боласыз. Осы өріске байланыстырылған басқару элементерінің барлығы үшін дәл осындай әдепкі мән белгіленеді.

Егер әдепкі мән нақтылап белгіленген мән болса, осы мән пішін үлгісімен байланысты болған template.xml деп аталған файлда сақталады. Әдепкі мәнді бағдарлама арқылы өзгерту үшін template.xml файл ішінде тиісті өрістің мәнін өзгертіңіз. Егер әдепкі мән XPath өрнектің нәтижесі болса, өрнек manifest.xsf деп аталған файлда, осы өріс үшін арналған xsf:calculatedField элементінде сақталады.

Беттің жоғарғы жағы

Әдепкі мәнді ереже пайдаланып баптау

Ереже арқылы Сіз басқару элементінің әдепкі мәнін басқа басқару элементінің мәніне негіздеп, баптауыңыз мүмкін. Ереже пішіндегі белгіленген шарттарға сәйкес келетін деректер енгізілген жағдайда орын алатын әрекет болып табылады. Мәселен, пішін үлгісін құрастырған кезде бір басқару элементін облыс үшін, ал екіншісін пошталық индекс үшін жасауыңыз мүмкін. Пайдаланушы пошталық индекс үшін арналған басқару элементіне пошталық индекс енгізсе, облыс үшін арналған басқару элементінде автоматты түрде тиісті облыстың атауы пайда болады.

Осы үдірісті аяқтау үшін пішін үлгіңізде екі басқару элементі болуы керек — біріне пайдаланушы деректерді енгізеді, ал екіншісінде бірінші басқару элементіндегі деректерге негізделген әдепкі мән пайда болады.

  1. Әдепкі мәндің негізі ретінде пайдаланылатын басқару элементіне екі рет нұқыңыз.

    Мәселен, облыс және пошталық индекс үшін арналған басқару элементтері бар болған жағдайда, пошталық индекс үшін арналған басқару элементіне нұқу қажет.

  2. Деректер қойындысына нұқыңыз.

  3. Тексерім және ережелер астындағы Ережелер әмірін таңдаңыз.

  4. Ережелер тілқатысу терезесінде Қосу дегенін таңдаңыз.

  5. Атауы қоршауында ереже үшін атау енгізіңіз.

  6. Ережені қай жағдайда орындау керектігін нақтылап белгілеу үшін Шарт белгілеу дегенін нұқыңыз.

  7. Шарт тілқатысу терезесінде шартты енгізіңіз, ал одан соң OK батырмасын басыңыз.

    Мәселен, егер пайдаланушы бір басқару элементіне деректерді енгізген кезде екінші басқару элементіне әдепкі мәнді қосуды қаласаңыз, бірінші қоршау ішінде пайдаланушы деректер енгізетін өрісті таңдаңыз, екінші қоршау ішінде келесімен тең дегенін таңдаңыз, және соңғы қоршау ішінде пайдаланушы басқару элементіне енгізетін деректерді енгізіңіз.

  8. Ереже тілқатысу терезесінде Әрекет қосу дегенін таңдаңыз.

  9. Әрекет тізімінде Өрістің мәнін баптау дегенін таңдаңыз.

  10. Өріс қоршауының қасында тұрған Батырма суреті батырманы басыңыз, кейін Өріс немесе топ таңдау тілқатысу терезесінде әдепкі мәнін баптағыңыз келген басқару элементін таңдаңыз.

  11. Келесі әрекеттердің біреуін істеңіз:

    • Кейбір нақты мәнді әдепкі мән ретінде пайдалану үшін, оны Мән қоршауына енгізіңіз, ал одан соң ОК батырмасын басыңыз.

    • XPath өрнегін пайдаланып, әдепкі мән жасау үшін Өрнек кірістіру Түймешік суреті батырмасын нұқыңыз, Өрнек кірістіру тілқатысу терезесінде өрнекті енгізіңіз, ал одан соң OK батырмасын басыңыз.

  12. Өзгертулеріңізді тексеру үішн Стандарт құралдар тақтасындағы Алдын ала қарап алу түймешігін нұқыңыз немесе CTRL+SHIFT+B пернелерін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Пішін үшін барлық әдепкі мәндерді баптау

Пішін үлгіңізде әдепкі мәндерге ие болатын басқару элементердің бәрін білсеңіз және әдепкі мәндер ережелерге негізделмейтін болса, барлық әдепкі мәндерді бір кезде баптауыңыз мүмкін.

  1. Құралдар мәзірінен Пішін параметрлері әмірін таңдаңыз.

  2. Санат тізімінде Қосымша дегенін таңдаңыз да Әдепкі мәндерді өңдеу дегенін нұқыңыз.

  3. Әдепкі мәндерді өңдеу тілқатысу терезесінде әдепкі мәнін баптағыңыз келген өрісті таңдаңыз.

  4. Келесі әрекеттердің біреуін істеңіз:

    • Кейбір нақты мәнді өрістің әдепкі мәні ретінде пайдалану үшін, оны Әдепкі мән қоршауына енгізіңіз, ал одан соң ОК батырмасын басыңыз.

    • XPath өрнегін пайдаланып, әдепкі мәнді жасау үшін Өрнек кірістіру Түймешік суреті батырмасын басыңыз, одан соң Өрнек кірістіру тілқатысу терезесінде XPath өрнегін жасаңыз.

      Кеңес : Өрнек әр жолы есептелгенде таңдалған өріс ішіндегі мәнді автоматты түрде жаңарту үшін Әдепкі мәндерді өңдеу тілқатысу терезесінде Өрнектің нәтижесі қайта есептелген соң осы мәнді жаңарту параметрі үшін құсбелгі қойыңыз .

  5. Әдепкі мәнін баптағыңыз келген әрбір өріс үшін 3-ші және 4-ші қадамдарды қайта-қайта орындаңыз.

  6. Өзгертулеріңізді тексеру үішн Стандарт құралдар тақтасындағы Алдын ала қарап алу түймешігін нұқыңыз немесе CTRL+SHIFT+B пернелерін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×