Пішін үлгіңіздің негізгі деректер қосылымында пайдаланылатын Веб қызметін өзгерту

Бұл мақала келесі тақырыптарды қамтиды

Шолу

Бастамас бұрын

Жіберу деректер қосылымын өзгерту

Деректерді жіберетін қосылымды өзгерту

Шолу

Веб қызметіне негізгі деректер қосылымы бар пішін үлгіні бірінші рет жасағаныңызда, Сіз Веб қызметтің өзі жасалынып жатқан тексеру мұхитын пайдаланып жатқан болуыңыз мүмкін. Веб қызметі орналастыруға дайын болғанда, Сіз пішін үлгіңіздегі негізгі деректер қосылымды тексеру мұхитынан Веб қызметі орналасқан орналасуына ауыстыруыңыз қажет.

Веб қызметті негізгі деректер қосылымында өзгерткенде Microsoft Office InfoPath бағдарламасы өріс және жаңа Веб қызметінде XML сұлбасы сай келетін топмен негізгі деректер қосылымын жасайды. Егер ескі және жаңа Веб қызметтердегі схемалар бірдей болса, InfoPath бағдарламасы пішін үлгідегі бар басқару элементтерді жаңа деректер көзіндегі өрістермен байланыстыру. Егер жаңа деректер көзіндегі өрістер мен топтар ескі деректер көзіндегі өрістер мен топтарға сай келмейтін болса, InfoPath бағдарламасы басқару элементтерден деректер көзімен байланыстыруды жойып тастайды. Егер InfoPath бағдарламасы басқару элементтерден байланыстыруды жойып тастайтын болса, осы басқару элементтерді пішін үлгіден жойып тастауыңыз қажет немесе оларды жаңа деректер көзіндегі басқа өрістермен байланыстыруыңыз қажет.

Пішін үлгіңіздің жасақтамасына қарап, негізгі деректер қосылымының құрамында деректер сұрайтын қосылымы, жіберу деректер қосылымы немесе екеуі де болуы мүмкін. Егер негізгі деректер қосылымының құрамында екеуі де яғни деректер сұрайтын қосылымы мен деректер жіберетін қосылымы болса және веб қызметі орналасуларды өзгерткен болса, Сіз қосылымдардың екеуін де өзгертуіңіз қажет.

Ескерту : Екінші деректер қосылымдарын басқа сыртқы деректер көздерге ауыстыру туралы ақпараттарға сілтемелерді Т.б. көріңіз бөлімінен таба аласыз.

Негізгі деректер қосылымын өзгертіп болған соң, пішін үлгіні жариялауыңыз керек және пайдаланушылар Сіздің пішін үлгіңізге негізделген пішіндерді толтырып жатқанда, Веб қызметіне деректер қосылымы дұрыс істеп тұрғанына көз жеткізу үшін оны тексеруіңіз қажет. Сіздің пішін үлгіңізге негізделген бар пішіндер әлі де көңілдегідей істеп тұрғанын да тексеруіңіз қажет. Тексеріп болған соң, пайдаланушыларға осы пішін үлгіге негізделген пішінді толтыруға рұқсат беруіңізге болады. Пішін үлгілерді жариялау туралы көбірек ақпарат алу үшін Қосымша ақпарат тарауына қарап, сілтемелер іздеп табыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Бастамас бұрын

Негізгі деректер қосылымын өзгертуден алдын веб қызметі әкімшісінен келесі ақпаратты алуыңыз қажет:

  • Жаңа Веб-қызметтің орналасуы.

  • Жаңа Веб-қызметтің құжат/cөзбе-cөз шифрлау мәнерін пайдаланғандығын растайтын ақпарат. InfoPath тек құжат/сөзбе-cөз шифрлау мәнерін қолдайтын Веб-қызметтермен жұмыс істейді.

  • Веб қызметіндегі Сіз пайдаланатын әрекеттердің атаулары.

  • Ескі және жаңа Веб қызметтердегі схемалар бірдей екеніне көз жеткізу.

Беттің жоғарғы жағы

Жіберу деректер қосылымын өзгерту

  1. Құралдар мәзірінен Негізгі деректер қосылымды түрлендіру тармағын таңдаңыз.

  2. Деректер қосылымы шеберінде Жаңа қосылым жасау дегенін таңдаңыз, Деректерді қабылдау дегенін нұқыңыз да Келесі түймешігін басыңыз.

  3. Пішін үлгіңізде пайдаланатын деректер қосылымы түрін таңдау параметрінің астында Веб қызметі тармағын таңдаңыз, содан соң Келесі батырмасын басыңыз.

  4. Шебердің келесі бетінде Веб-қызметтің орналасу мекенжайын енгізіңіз де Келесі түймешігін басыңыз.

    Ескерту : Егер сіз Әмбебап суреттеме айқындау және интергарциясы (UDDI) сервері арқылы веб қызметін іздесеңіз, UDDI іздеу түймешігін нұқыңыз, іздегіңіз келген UDDI серверінің URL енгізіңіз, провайдер арқылы немесе көрсетілетін қызмет арқылы іздегіңіз келетінін анықтаңыз, іздеу кілтсөзін енгізіңіз, содан кейін Іздеу түймешігін нұқыңыз. Іздеу кілтсөзіңізге сәйкес келетін веб қызметтері Іздеу нәтижесі тізіміне шығады. Пайдаланғыңыз келген веб қызметін таңдаңыз, содан кейін Жарайды түймешігін нұқыңыз .

  5. Әрекет таңдау тізімінен пішіндегі деректерді пішінге қайтаратын Веб-қызмет әрекетін таңдаңыз да Келесі түймешігін басыңыз.

  6. Егер Веб-қызметтің схемасында деректерді қосу шеберіне белгісіз элемент ұшыраса, негізгі деректер көзіне қай өрістерді немесе топтарды қосуды анықтау мақсатында шебердің келесі беті әрбір параметр үшін үлгілі мәндерді белгілеуді сұрауы мүмкін.

    Қалай?

    1. Параметрлер кестесіндегі параметрді таңдаңыз, содан кейін Мән үлгісін орнату түймешігін нұқыңыз.

    2. Мән үлгісі жолағында пайдаланушыңыз осы жолақ үшін пайдалануы мүмкін мәнді теріңіз, содан кейін Жарайды түймешігін нұқыңыз.

    3. Параметрлер кестесіндегі әрбір кесте үшін осы қадамдарды қайталаңыз, содан кейін Келесі түймешігін нұқыңыз.

    Техникалық ақпарат

    Деректік қосылымды Деректік қосылым шеберіндегі веб қызметіне баптағаныңызда, Microsoft Office InfoPath бағдарламасы веб қызметіне қосады және Веб қызметінің суреттеме тілі (WSDL) файлын сұрайды. WSDL файлында веб қызметі арқылы пайдаланылатын сұлба болады. Веб қызметі осы файлды InfoPath бағдарламасына жіберу арқылы өтінішке жауап береді. InfoPath бағдарламасы сәйкес жолақтар мен топтарды пішін үлгісіндегі қосымша деректер көзіне қосу үшін осы файлдағы ақпаратты пайдаланыңыз. Егер InfoPath бағдарламасы WSDL файлында белгісіз элементті тапқанда, InfoPath бағдарламасы белгісіз элемент түрінің анықтамасын білу үішн деректер үлгісін пайдаланады, содан кейін сәйкес жолақтар мен топтарды қосымша деректер көзіне қосады.

  7. Егер Веб қызметі өзгеру ақпаратын қабылдайтын болса, шебердің келесі беті өзгеру ақпаратын сұрау деректерге қосқыңыз келді ме деп сұрайды. Көп жағдайда, Деректерді жіберген кезде ақпаратты қосу құсбелгі қойылған күйінде қалдырып, Келесі батырмасын басу керек. Егер өзгеру ақпаратын қосқыңыз келмесе, Деректерді жіберген кезде ақпаратты қосу құсбелгіні алыңыз да, Келесі деген түймешікті басыңыз.

    Техникалық ақпарат

    Шебердің осы беті тек Веб қызметінің Web Services Description Language (WSDL) файлы Веб қызметі Microsoft ADO.NET DataSet қайтаратыны көрсеткенде ғана пайда болады.

  8. Шебердің келесі бетінде деректер қосылым үшін атау енгізіңіз де Дайын түймешігін басыңыз.

  9. Өзгертулеріңізді тексеру үішн Стандарт құралдар тақтасындағы Алдын ала қарап алу түймешігін нұқыңыз немесе CTRL+SHIFT+B пернелерін басыңыз.

  10. Пішін үлгіні жариялау үшін, Файл мәзірінде Жариялау тармағын басыңыз.

  11. Пішін үлгі жақсылап тексеріңіз яғни осы пішін үлгіге негізделген пішінді ашып толтырып көріңіз. Пішін көңілдегідей істеп тұрғанына көз жеткізіңіз.

Беттің жоғарғы жағы

Деректерді жіберетін қосылымды өзгерту

  1. Құралдар мәзірінде Деректік қосылымдар түймешігін нұқыңыз.

  2. Пішін үлгінің деректер қосылымдары тізімінде, негізгі деректер қосылымында деректерді жіберетін қосылымды нұқыңыз да Өзгерту тармағын таңдаңыз.

  3. Деректер қосылымы шеберінде, пайдаланушыларыңыз өздерінің пішіндерін жіберетін жаңа Веб-қызметтің орналасқан жерін енгізіңіз, содан кейін Келесі батырмасын нұқыңыз.

    Ескерту : Егер сіз Әмбебап суреттеме айқындау және интергарциясы (UDDI) сервері арқылы веб қызметін іздесеңіз, UDDI іздеу түймешігін нұқыңыз, іздегіңіз келген UDDI серверінің URL енгізіңіз, провайдер арқылы немесе көрсетілетін қызмет арқылы іздегіңіз келетінін анықтаңыз, іздеу кілтсөзін енгізіңіз, содан кейін Іздеу түймешігін нұқыңыз. Іздеу кілтсөзіңізге сәйкес келетін веб қызметтері Іздеу нәтижесі тізіміне шығады. Пайдаланғыңыз келген веб қызметін таңдаңыз, содан кейін Жарайды түймешігін нұқыңыз .

  4. Шебердің келесі бетіндегі Әрекет таңдау тізімінде, пішіндегі жіберетін деректерді қабылдайтын Веб-қызмет әрекетін таңдаңыз да Келесі батырмасын басыңыз.

  5. Шебердің келесі бетінде Веб-қызметтің әрбір параметріне жіберілетін деректерді пішін ішінде таңдау үшін келесі әрекеттердің біреуін істеңіз:

    Өрістегі немесе топтағы деректерді жіберу

    1. Параметрлер тізімінде пішіннен деректерді алатын веб қызметінің параметрін нұқыңыз.

    2. Параметр таңдаулары астындағы Жолақ немесе топ түймешігін нұқыңыз.

    3. Өзгерту Батырма суреті түймешігін нұқыңыз.

    4. Жолақ немесе топ таңдау тілқатысу терезесінде деректерін жібергіңіз келген жолақты немесе топты нұқыңыз, содан кейін Жарайды түймешігін нұқыңыз.

    5. Іске қосу жолағында осы жолақтағы деректерді және жолақтың немесе топтың еншілес элементтерін жіберу үшін Тек мәтін және еншілес элементтер түймешігін нұқыңыз немесе жолақ атауын, жолақтағы деректерді және таңдалған топтағы немесе жолақтағы еншілес элементтерді жіберу үшін XML қосымша бұтағы таңдалған элементпен бірге түймешігін нұқыңыз.

    Пішіндегі барлық деректерді жіберу

    1. Параметрлер тізімінде пішіннен деректерді алатын веб қызметінің параметрін нұқыңыз.

    2. Параметрлер таңдаулары астындағы Толық пішін (XML құжаты үдеріс нұсқауларымен бірге) түймешігін нұқыңыз.

    Деректерді жол ретінде жіберу

    1. Параметрлер тізімінде пішіннен деректерді алатын веб қызметінің параметрін нұқыңыз.

    2. Параметр таңдаулары астындағы Толық пішін (XML құжаты үдеріс нұсқауларымен бірге) түймешігін нұқыңыз.

    3. Деректерді жол ретінде жіберу қанатшасын таңдаңыз.

      Ескерту : Әдетте, сіз сандық қолтаңбасы бар деректерді жіберуге осы қанатшаны таңдайсыз. Көп жағдайда, бұл қанатшаны өшіріңіз.

    ADO.NET DataSet нысандары туралы техникалық егжей-тегжей мәліметтері

    Егер Веб-қызмет ADO.NET DataSet нысанын талап етсе, осы деректер қосылымын баптаған кезде DataSet түйінін таңдаңыз. Егер ADO.NET DataSet нысанын талап ететін Веб-қызметпен байланыстыратын деректер қосылымы үшін түйіннің басқа түрін қолдансаңыз, жіберу әрекеті орын алмайды.

  6. Келесі батырмасын басыңыз.

  7. Шебердің келесі бетінде деректер жіберетін қосылым үшін атау енгізіңіз де Дайын түймешігін басыңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×