Пішін үлгісі үшін талап етілген қаупсіздік деңгейін орнату

Пішін үлгісін құрастырғаныңызда, Microsoft Office InfoPath бағдарламасы пайдаланушылар пішін үлгіңізге негізделген пішіндерді толтырған кезде талап етілген функционалдық мүмкіндік үшін тиісті қаупсіздік деңгейді автоматты түрде таңдайды. Бұл параметр пішін үшін қажет болатын ең төменгі сенім деңгейін қосады. Мәселен, шектелген қауіпсіздік деңгейі пішіндің өздерінің доменіндегі деректерге, және өздерінің компьютерлеріндегі файлдар мен параметрлерге кіру мүмкіндігін шектейді. Сіз пішін үлгісін құрастырған кезде, әдепкі параметрді жауып тастап, басқа қауіпсіздік деңгейін қолмен орнатуыңыз мүмкін. InfoPath пішін үлгілерінің қауіпсіздік деңгейлері туралы қосымша ақпаратты т.б. қараңыз бөлімінде қараңыз.

Басқарылатын коды бар пішін үлгілерінен басқа барлық жаңа, бос пішін үлгілері шектелген қауіпсіздік деңгейді әдепкі түрде пайдаланады. Пішін үлгіңізге қосымша мүмкіндіктерді қосқаныңыз сайын, қауіпсіздік деңгейі автоматты түрде домен деңгейіне көтіріледі.

Ескерту : Басқарылған кодты қосу немесе өзгерту үшін сіз компьютеріңізге Бағдарламаларға арналған Microsoft Visual Studio құралдары (VSTA) орнатуға тиіссіз. Microsoft .NET Framework 2.0 және Microsoft Core XML Services 6.0 VSTA орнатпай тұрып, орнатылуға тиісті. VSTA орнату үшін басқару тақтасынан Бағдарламаларды қосу немесе жою ашыңыз, 2007 Microsoft Office жүйесі орнын анықтаңыз, содан кейін Өзгерту түймешігін нұқыңыз.

Пайдаланушыларыңызға керексіз қауіпсіздік қатерлерін шектеп өтуге жәрдемдесу үшін пішін үлгіңізмег тиісті қаупсіздік деңгейін пайдалану жөнді тәжірибе деп табылады.

Пішін үлгісі үшін қауіпсіздік деңгейін орнату үшін төменгі амалдарды орындаңыз:

  1. Құралдар мәзірінде Пішін параметрлері түймешігін нұқыңыз.

  2. Санат параметрі астында Қауіпсіздік және сенім дегенді таңдаңыз.

  3. Қаупсіздік деңгейі параметрі астындағы Қаупсіздік деңгейінд автоматты түрде анықтау (ұсынылған) көзіне құсбелгіні қойыңыз.

  4. Сіз қалаған қауіпсіздік деңгейіне нұқыңыз.

Ескерту : Егер пішін үлгісі Толық сенім қауіпсіздік деңгейін талап етсе, пішін үлгісі пайдаланушының компьютерінде орнатылған болуы яки түбірлік куәлікті пайдаланып сандық қолтаңба қойылған болуы тиіс. Әйтпесе, пайдаланушы сол пішін үлгісіне негізделген пішінге толық сенім бере алмайды, және олар толтыратын пішіндегі кейбір мүмкіндіктер істемеуі мүмкін. Пішін үлгілері үшін орнату файлдарын InfoPath жариялау шеберін пайдаланып жасауға болады.

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×