Пішін үлгісі мен пішіндерге кіріспе

Сіз пішін үлгісі (.xsn) файлын жасақтаған кезде, көп қолдаушы файлдарды өз ішіне алатын бірынғай файлды жасайтынсыз. Керісінше, Сіздің пайдаланушыларыңыз пішінді толтырған сәтте, олар шынында пішін үлгісіне негізделген пішін (.xml) файлын толтырады.

Бұл мақалада

Сіз не жасақтайсыз

Сіздің пайдаланушыларыңыз не толтырады: пішін

Пішін үлгісінің құрамдастары


Сіз не жасақтайсыз

Сіз пішін үлгілерін құрастырушы тәртібінде жасайсыз. Пішін үлгісі .xsn файл аты кеңістігіне ие файл болады. Бұл .xsn файл деректер құрылымын , көрінісін, және дайын пішіндердің (.xml файлдардың) істес тәртібін анықтайды.

Пішін үлгісі мен оған негізделген пішіндер

Пішін үлгісі көп нәрсені анықтайды, соның ішінде:

  • Пішінде пайда болатын басқару элементі, белгілер, және нұсқаулық мәтіндер.

  • Пайдаланушылар басқару элементтері мен жұмыс істеген кезде басқару элементтерінің істес жолы. Мәслен, Сіз бір арнайы бөлімді пайдаланушы құсбелгі көзін белгілегенде пайда болатындай етіп, немесе құсбелгіні алып тасталғанда көрінбейтіндей етіп істей аласыз.

  • Пішіндің қосымша көрініс бар екенін. Мәселен, егер Сіз рұқсат алу үшін мәлімдеме пішінін жасақтап тұрған болсаңыз, Сізде электрик мердігер үшін бір көрініс, қабылдаушы уәкіл үшін басқа көрініс, және үшінші көрініс сол мәлімдемені мақұлдайтын немесе қабылдамайтын тексерушілер үшін болуы мүмкін.

  • Пішіндегі деректер қалай және қай жерде сақталуын. Мәселен, Сіздің пішін үлгіңіз пайдаланушыларға деректерді дерекқорға тікелей немесе Веб қызметын қолдану арқылы жіберетіндей етіп жасақталған болуы мүмкін. Немесе, пайдаланушыларыңыз пішінін ортақтас қалтаға сақтауы мүмкін.

  • Қаріптер, түстер, және пішінде қолданылатын басқа құрастырушы элементтері.

  • Пайдаланушылар өз пішінін баптай алады ма жоқ па. Мәселен, Сіз пайдаланушыларыңызға қайталама кестелерге, қайталама бөлімдерге яки қосымша бөлімдерге артық жолдарды үстей алады.

  • Пайдаланушылар пішінде қате істесе немесе талап етілген өрісті толтырмаса, олар бұл жөнінде ескертіледі.

Пішін үлгісінің жасақтамасын аяқтағаныңыз соң, Сіз оны .xsn файлы ретінде жариялау арқылы пайдаланушыларыңыз үшін қатынаулы етіп қоюыңыз мүмкін.

Кеңес : Пішін үлгілерін жасақтау мен қатар, Сіз үлгі бөлімдерін құрастыруыңыз мүмкін. Бұл бөлімдер Сіз басқа пішін үлгілерінде немесе Microsoft Office құжаттарда пайдалана алатын теңшелетін басқару элементтері болады. Мәселен, Сіз байланыс ақпаратын жинақтайтын өрістерді өз ішіне алатын үлгі бөлімін жасауыңыз мүмкін. Сонан соң, Сіз сол үлгі бөлімін бір неше түрлі пішін үлгілерінде пайдалануыңыз мүмкін болады. Үлгі бөлімдері туралы қосымша ақпараттқа сілтемені т.б. қараңыз бөлімінде қараңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Сіздің пайдаланушыларыңыз не толтырады: пішін

InfoPath пішіні .xml файлы болып, ол өз ішіне XML тілі (XML) деректерді алады. Барлық InfoPath пішіндері пішін үлгілеріне негізделген.

Пішін үлгісі мен пішін арасындағы өзара қатынасты көз алдына келтіру үшін, Сіз электрик мердігерлер қолданатын рұқсат алу мәлімдемесінің пішінін жасақтадыңыз делік. Электрик мердігерлер толтыратын әрбір рұқсат мәлімдеме пішін болады. Бұл пішін кәдімгі .xml файлы болып, бұл файл пішінге кірітілген деректерді (тек қана деректерді) өз ішіне алады. Пішінді құрастыратын басқа барлық нысандарды пішін үлгісі қамтамасыз етеді. Бұл дегені, пайдаланушыларыңыз пішінді ашқан кезде сол пішін дұрыс істеуі үшін өзіне тиісті пішін үлгісін табып және оны қолданады. Әйтпесе, пайдаланушыларыңыз пішінді ашқанда олар тек қана XML шен салу тегі мен деректерді көруы мүмкін болар еді.

Пішін үлгісі мен оған негізделген пішіндерді байланыстыру үшін InfoPath өңдеу нұсқаулары деген бірнеше код жолдарын өз ішіне алған. Бұл код жолдары әрбір пішін файлының жоғарысында жайғасқан. Бұл код пішін файлын өзіне тиісті пішін үлгісі мен байланыстырады.

Беттің жоғарғы жағы

Пішін үлгісінің құрамдастары

Пішін үлгісі пішін үлгісіндегі басқару элементтерінің қалай шығатынын анықтайтын файлдар, пішін үлгісіне шығатын сызбалық файлдар және пішін үлгісіндегі таңдамалы қасиеттерді қосатын бағдарлама файлдары сияқты бірнеше қолдаулы файлдарды қамтитын жалғыз файл болып табылады. Бұл қолдаулы файлдар пішін файлдары ретінде ұжымға белгілі. Пішін үлгісін жасақтағаныңызда, сіз пішін файлдарын қалтадан шығару немесе сақтау арқылы пішінді құратын пішін файлдарын көре және онымен жұмыс жасай аласыз.

Пішін үлгісі (.xsn) файлын құрастыратын қолдаушы файлдар

Пішін үлгісін құрастыратын қолдаушы файлдар бір немесе көбірек XML сұлбасы файлдарын, пішін үлгісінің ішіндегі әрбір көрініс үшін XSL түрлендіру (XSLT) файлын, пайдаланушылар бірінші рет сол пішін үлгісіне негізделген пішінді ашқан сәтте әдепкі ретте пайда болатын деректер үшін XML файлын, сценарий файлдары мен басқарылатын код құрастыруларын, және Manifest.xsf деп аталатын форманы анықтау файлы өз ішіне алуы мүмкін.

Пішін үлгісін құрастырушы файлдар мен танысу үшін, Сіз төменгі шараны қолданып пішін үлгісі үшін бастапқы файлдарды көруыңыз мүмкін.

Пішін үлгісі үшін пішін файлдарын көру

  1. Жаңа, бос пішін үлгісін жасаңыз.

  2. Файл мәзірінде, Бастапқы файлдар ретінде сақтап қою пәрменін таңдаңыз.

  3. Қалтаны шолу тілқатысу терезесінде, пішін файдары сақталатын қалтаны таңдаңыз, немесе жаңа қалта жасаңыз да Жарайды батырмасын басыңыз.

    InfoPath пішін үлгісінің көшірмесін файлдар жинағы ретінде сол қалта ішінде сақтап қояды.

  4. Windows Explorer бағдарламасында, жоғарыдағы файлдарды өз ішіне алған қалтаны шолып ашыңыз.

Төменгі кесте пішін үлгісінің қолдаушы файлдарын сипаттайды. Бұл файлдар әрдайым пішін үлгісі құрамына кіреді.

Файл түрі

Файл аты кеңейтімі

Сипаттама

Пішінді айқындау файлы

.xsf

Пішін үлгісі қалай құрастырылғаны жөніндегі ақпаратты өз ішіне алған файл, соның ішінде пішін үлгісі пайдаланаты XML схемалары мен ол қамтыйтын қор көзі файлдары кіреді. Сіз жаңа пішін үлгісін жасақтағанда, InfoPath автоматты түрде осы файлды жасайды. Сіз пішін үлгісін жасақтаған немесе өзгерткен соң, бұл файл автоматты түрде жаңартылып, Сіз енгізген өзгертулер бейнеленеді.

XML схема

.xsd

Пішін үлгісі ішіндегі деректерді шектейтін және растығын тексеретін файл немесе файлдар. XML схема файлдарының мазмұны  — элементтер, төлбелгілер, және басқалар — топ және өріс арқылы Деректер көзі тапсырмалар аймағында таныстырылады. Пішін үлгісі мен байланысты әрбір деректер көзі, соның ішінде негізгі деректер көзі да бар, тиісті .xsd файлына ие.

Көрініс

.xsl

Пайдаланушыларыңыз толтыратын пішінде сақталатын бейнеленетін деректерді таныстыруға, көруге және оларды HTML пішімге өзгертетін XSL Transformation (XSLT) файлдары. Пішін үлгісінің түрлі көріністері мен істеген кезде, Сіз шынында пішінде бейнеленген деректердің түрлі HTML көріністерін (яки өзгерістерін) көресіз.

XML үлгісі

.xml

Сіз белгілі басқару элементтерде әдепкіде бейнеленісін қалайтын деректер сақталатын файл. Пайдаланушылар бұл деректерді пішінді бірінші рет ашқандан басқару элементтерінде басқа мәнді таңдағанға дейін көреді.

Жоғарыдағы кестеде айтылған файлдардан басқа, пішін үлгісі өзінің құрастыруына қарай, төменгі кестеде көрсетілген файлдардың қайсысын болса да өз ішіне алуы мүмкін.

Файл түрі

Файл аты кеңейтімі

Сипаттама

Көрме

.htm, .gif, .bmp, және басқалар

таңдамалы тапсырмалар бөлігі немесе пішін үлгісі ішіндегі суреттерді көрсету үшін қолданылатын файлдар.

Бизнес логикасы

.js, .vbs

Пішіндің арнайы істес тәртібін енгізу үшін қолданатын сценарийлерді сақтайтын файлдар. Бұл сценарий файлдар Microsoft JScript немесе Visual Basic Scripting Edition (VBScript) файлдары болады.

Екілік

.dll, .exe, .cab, және басқалар

Бағдарлама жасақтау коді мен қосымша бизнес логикасын қамтамасыз ететін сыртқы файлдар. Мәселен, егер Сіз пішін үлгіңіз үшін пайдаланушы басқару элементтері жасасаңыз, Сізге пайдаланушыңыз компьютеріне сол басқару элементін автоматы түрде орнатып тіркеу үшін орнату бағдарламасы қажет болуы мүмкін. Екілік файлдар InfoPath бағдарламасында емес, Microsoft Visual Studio .NET сияқты басқа бағдарламаларда жасалады.

Сіз пішін үлгіңізге өзгертулер енгізген соң, InfoPath автоматты түрде пішін файлдарын жаңартады. Бірақ егер Сіз XML тілі мен істесте тәжірибеңіз болса, яки Сіз үлгеруші пішін құрастырушы болсаңыз, Сіз жеке пішін файлдарды бөліп алып, оларды қолмен істеп баптай аласыз. Мәселен, Сіз пішін файлдары жиынын төменгі жағдайларда қолмен өзгертуді қалауыңыз мүмкін:

  • Сіз пішін үлгісінің XML схемасын (.xsd файл) басқа Microsoft Office бағдарламасында қайта пайдалануыңыз мүмкін. Мәселен, InfoPath .xsd файлын Microsoft Office Word 2007 ішіндегі Схема кітапханасына қосуыңыз мүмкін. Сонан соң, Сіз элементтерді InfoPath .xsd файлынан құжат мазмұнына қосуыңыз мүмкін.

  • InfoPath мен бірге келетін бекітілген пәрмендергден басқа, Сіз пішін үлгісінде теңшелетін пәрмендерге ие құралдар үстелін жасауыңыз мүмкін. Оны істеу үшін, Сізге пішін үлгісінің Пішінді айқындау (.xsf) файлын өңдеу қажет.

  • Сіз пішін үлгіңізді InfoPath бағдарламасында жоқ болған, фон суретін (.gif файлын) қосу сияқты пішімдеу мүмкіндіктерін пайдалануды қалауыңыз мүмкін. Солай істеу үшін, Сізге пішіндің XML Transformation (.xsl) файлын өңдеу қажет.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×