Пішін үлгісін орналастыруға кіріспе

Сіз Microsoft Office InfoPath пішін үлгісін жасақтаған кезде, пішін үлгісіндегі элементтерді қалай орналастыруды, яки жайғастыруды, ескеруге тиістісіз.

Жалпы алғанда, Сіз пішін үлгіңіздің түрлі бөлімдерін сол пішін үлгісінің толтыратын адамдар оның ішінде қисынды түрде жүре алатындай етіп реттеуіңіз керек. Сонымен қатар, мәтін өрістерін, құсбелгі көздерін, және басқа элементтерді жорамалдағы тордың көлденең және тік сызықтарды бойынша туралап шығу орынды ой болады. Сіз орналасу кестесі пайдаланып торыңыздың шектерін анықтай және пішін үлгісіндегі элементтерді туралап шығуға жәрдемдесе аласыз.

Бұл мақалада

Орналасу кестелері және Орналасу тапсырмалар аймағы

Орналасуға қатысты басқару элементтері

Орналасу кеңестері

Орналасу кестелері және Орналасу тапсырмалар аймағы

Пішін үлгісінің үлгілі етіп жасақтау үшін, Сіз оның көрінісін жағымды және басқалар үшін пайдалануға оңай етіп істеуіңіз керек. Орналасу кестелері осы екі мақсатқа жетуге жәрдемдеседі.

Орналасу тапсырмалар аймағы Сізге пішін үлгіңізде пайдаланып, оның көрініс құрылымын жасау үшін пайдалана алатын алдын ала жасақталған орналасу кестелерінің жиынтығын ұсынады.

Орналасу тапсырмалар аймағы

Орналасу кестесі басқа кестелерге ұқсас, бірақ ол деректерді көрсету үшін емес ал тек қана орналастыру мақсатында қолданылады. Сонымен қатар, басқа кестелерден ерек, орналасу кестелері әдепкі көрінетін шектерге ие болмайды. Сіз пішін үлгісін құрастырушы тәртіпте жасақтаған кезде, орналасу кестесінің шектері үзік-үзік сызықты болып көрсетіледі, сөйтіп сіз кесте ішінде істеп тұрғаныңызды білесіз. Алайда, пайдаланушылар Сіздің пішін үлгіңізге негізделген пішінді толтырған кезде, сол шектер пайда болмайды.

Басқа мүмкіндіктер мен қатар, Сіз орналасу кестелерін басқару элементтерін реттеу үшін, бір бөлімді басқасынан ажырату үшін, үстіңгі және төменгі деректемелерді жасау үшін, және мекеме енін мен басқа да сызба нысандарды орнату үшін пайдалануыңыз мүмкін.

Төменгі мысалда, орналасу кестесі пішін үлгісінің бөлім ішіндегі мәтін жолағын реттеу үшін қолданылған.

Пішін үлгісі бөліміндегі орналасу кестесі

1. Бұл орналасуда екі қатар бар.

2. Екінші қатарда үш баған бар. Орталық баған тек қана аралық ашу үшін қолданылады.

Егер Сіз орналасу кестесіне қатарлар мен бағандарды қосуды яки оларды жоюды қаласаңыз, тапсырмалар аймағындағы Ұяшықтарды біріктіру және бөлу тізіміндегі параметрлерді таңдаңыз. Егер Орналасу тапсырмалар аймағындағы орналасу кестесі Сіздің қажетіңізге сай келмесе, Сіз қалағанша қатарлар және бағандар бар теңшелетін орналасу кестесін қосуыңыз мүмкін.

Сондай-ақ, Сіз Орналасу тапсырмалар аймағынан пайдаланып айналдыру аймағы мен көлденең аймақтарды пішін үлгіңізге тез түрде қосуыңыз мүмкін. Бұл аймақтар келесі бөлімде толық сипатталған.

Беттің жоғарғы жағы

Орналасуға қатысты басқару элементтері

Орналасу кестелері мен басқа, Сіз бөлімдер немесе қайталанатын бөлім сияқты пішін үлгіңізді жасақтауға жәрдемдесетін орналасуға қатысты болған басқару элементтерді да пайдалануыңыз мүмкін. Сіз орналасуға қатысты басқару элементін пішін үлгіңізге кірістіргенде, Сіз негізінде басқа басқару элементтерін сақтау үшін бос контейнерді кірістіресіз.

Төменгі кесте орналастыру мақсатында жалпы қолданылатын басқару элементтерінің қысқаша сипаттамасын ұсынады.

Басқару элементі

Сипаттамасы

Бөлім

Басқа басқару элементтерін сақтайтын басқару элементі. Мәселен, сақтандыру мәлімдемесінің пішін үлгісінде, Сіз бөлімді пайдаланып, сақтандыру полисі иелерінен байланыс ақпараттарын жинақтау үшін қолданылатын мәтін жолақтарының жиынтығын топтау үшін пайдалануыңыз мүмкін.

Қосымша бөлім

Басқа басқару элементтерін сақтайтын, бірақ пайдаланушы қосып қоймаса пішінде пайда болмайтын басқару элементі. Мәселен, кәсіпорынның барлық жұмысшылары өздерінің өнімділігін шолу пішінінде мақсатты белгілеу бөлімін пайдалануы мүмкін болса да, тек қана басқарушылар басшылықтың мақсаттары туралы қосымша бөлімді қосуды таңдай алады.

Қайталама басқару элементтері

Пішін толтырылған сәтте пайдаланушыларға пішін мазмұндарын кеңейтуге және қатарда тек қана жазбалардың қажетті мөлшерін бейнелеуге мүмкіндік беретін қайталама бөлім немесе қайталанатын кесте сияқты басқару элементі. Мәселен, Сіз қайталама кестені қаражаттар есебі пішінінің үлгісінде тізімделген қаражаттарды жинақтау үшін пайдалануыңыз мүмкін.

Жүгіртпе аймақ

Басқа басқару элементтерді өз ішіне алатын, тұрақты өлшемді сақтап тұратын және пайдаланушылардың көрінбейтін ақпаратты көруі үшін жүгіртпе жолдарды өз ішіне алатын басқару элементі. Пішін бөлімінде көп деректер болғанда және пайдаланушыларға оның бәрін бірден көруге қажет болмаса жүгіртпе аймақтар өте пайдалы болады. Мәселен, егер Сіз деректер қорынан бірнеше жазбаны бейнелеу үшін қайталама кестені пайдаланатын болсаңыз, Сіз қайталама кестені жүгіртпе аймақтың ішіне кірістіріп, бір уақытта жазбалардың тек қана біразын бейнелей аласыз. Жүгіртпе аймақтар тек қана орналасу мақсаттары үшін қолданылуы себепті, олар деректер көзіндегі өрістер мен топтарға байланыстырылмаған. Жүгіртпе аймақтар браузерге үйлесімді форма үлгісі қолданбайды.

Көлденең аймақ

Басқа басқару элементтерді өз ішіне алатын және пішін үлгісінде көлденең қалыпта орнатылатын басқару элементі. Мәселен, бірнеше көлденең аймақтар іргелес орнатылғанда, сол аймақтар экран өлшемі өзгерген сайын келесі сызыққа тасымалданады. Көлденең аймақтар тек қана орналасу мақсаттары үшін қолданылуы себепті, олар деректер көзіндегі өрістер мен топтарға байланыстырылмаған. Көлденең аймақтар шолғыш пен сыйысымды пішін үлгісінде қолданбайды.

Таңдау тобы

Пайдаланушыларға өзара ерекше тандаулар жиынтығын ұсынатын басқару элементі. Таңдау тобы таңдау бөлімі өз ішіне алады, және осы бөлімдердің біреуі пішінде әдепкі таңдау ретінде көрінеді. Сол таңдау бөлімдері басқа басқару элементтерін өз ішіне алады. Мәселен, жұмысшы туралы мәліметтер пішін үлгісіндегі мекенжай жөніндегі ақпаратты таңдау бөлімдерін өз ішіне алатын таңдау тобы ретінде пішімдеуге болады. Әрбір таңдау бөлімі белгілі мемлекет яки облыс үшін дұрыс мекенжай синтаксисі болған басқару элементін өз ішіне алады. Жұмысшылар осы пішін үлгісіне негізделген пішінді толтырған сәтте, әдепкі мекенжайды өздерінің мемлекет яки облысына тиісті мекенжай менен ауыстыруы мүмкін.

Беттің жоғарғы жағы

Орналасу кеңестері

Төменгі кеңестер Сізге орналасу кестелер мен орналасуға қатысты басқару элементтерінің көрінісін, мөлшерін және басқа да сипаттарын жақсартуға жәрдемдеседі.

  • Сіз жаңа бос пішін үлгісін жасақтауды бастаудан әуелі, оның орналасуын анықтап алу тиімді болады. Егер Сізге орналасуды ойға келтіру қиын болса, алдымен ойларыңыздың нобайларын қағазға түсіруге әрекет етіп көріңіз. Сондай-ақ, Сіз Microsoft Office Visio бағдарламасын пайдаланып ойларыңызды жақсартуыңыз мүмкін, және пішін үлгісінің пайдаланушылық тілдесуін моделін жасауыңыз мүмкін. Ойыңызға бір жоба келген соң, Сіз Орналасу тапсырмалар аймағынан алдын ала жасақталған кестені кірістіріп, оны қажетінше теңшей аласыз.

  • Құрастырушы тәртібінде, орналасу кестелердің шектері үзік-үзік сызықтар мен көрсетілген, сөйтіп Сіз жеке қатарлар мен бағандарды көре аласыз. Пайдаланушылар Сіздің пішін үлгіңізге негізделген пішінді толтырған кезде, бұл тор сызықтары жасырынады. Бұл тазарақ және тәртіпті құрылым көрінісіне алып келеді. Егер Сіз тор сызықтарын құрастырушы тәртібінде жасыруды қаласаңыз, Кесте мәзірінде Тор сызықтарын жасыру пәрменін таңдап сызықтарды өшіру мүмкін.

  • Әдепкіде, InfoPath орналасу кестелері мен орналастыруға қатысты бөлімдер және жүгіртпе аймақтар сияқты басқару элементтерді басып шығарылатын беттің еніне сай келетін енді етіп кірістіреді. Бұл әдепкі параметрді өзгерту үшін Көрініс мәзірінде Сипаттарды көру пәрменін таңдаңыз. Жалпы жиекбелгісінде, Орналасу параметрлері дегеннің астында, Бұл пішін үлгісі үшін теңшелетін орналасу енін пайдалану құсбелгі көзін белгілегенсіз да, Теңшелетін орналасу ені шаршысында басқа санды теріңіз.

  • Егер орналасу кестелері мен орналастыруға қатысты басқару элементтері үшін теңшелетін орналасу енін белгілесеңіз, ол пішін үлгіңіздің басып шығарылатын аумағынан кеңірек емес екенін тексеріңіз. Басып шығарылатын беттің ені қанша екенін  — және пішін үлгісінің мазмұны бетке сай келуін — тез көру үшін Көрініс мәзірінде Бет енінің нұсқауы пәрменін шертіңіз. Бұл пәрменді шерткен соң, үзік-үзік сызықты тік нұсқау экраның оң жағында пайда болады. Бұл нұсқау компьютердің әдепкі басып шығарғышына қарай басып шығарылатын беттің оң жақтау жолағын көрсетеді.

  • Орналастыру басқару элементтері яки орналасу кестелерінің шектері яки түсіні өзгерту үшін, Сіз өзгертуді қалаған басқару элементтерін яки кестелерді таңдаңыз. Пішімдеу мәзірінде, Шектер және көлеңке параметрін таңдаңыз да, қажетті өзгертулерді енгізіңіз.

  • Әдепкіде, орналасу кестесі пішін үлгісінің сол жағына тураланады. Бүтін кестені ортаға яки оң жаққа туралау үшін, кестені таңдаңыз. Кесте мәзірінде, Кесте сипаттары дегенді таңдаңыз да, Кесте жиекбелгісінде Орта яки Оң пәрменін шертіңіз.

  • Ұяшық шегінісі бос ұяшықтың мазмұны төңірегіндегі бос орындарды білдіреді. Сіз оны ұяшық пен ұяшық ішіндегі мәтін арасындағы буферлік бос орын деп ойлауыңыз мүмкін. Ұяшық шегінсін баптау сізге бос орындардың үстінен қосымша бос орын қосу үшін ENTER пернесін басудан көре көбірек басқару мүмкіндігін береді. Ұяшық шегінісін баптау үшін. Ұяшықтағы ұяшық шегінісін лайықтау үшін Кесте сипаттары тілқатысу терезесінде Ұяшық жиекбелгісіндегі параметрлерді таңдаңыз.

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×