Пішін үлгісін жариялауға кіріспе

Пішін үлгісін жасақтаған соң, пайдаланушыларыңыз сол пішін үлгісіне негізделген пішіндерді толтыра алуы үшін, Сіз пішін үлгісін сақтап қоюға және оны жариялауға тиістісіз.

Бұл мақалада

Жариялау қалай істейді

Шолғышпен сыйысымды пішін үлгісін жариялау

Пішін үлгісін толық сенім мен жариялау

Пішін үлгісін электрондық пошта хабары ішінде жіберу

Жарияланған пішін үлгісін өзгерту немесе жылжыту

Жариялау қалай істейді

Пішін үлгісін жариялағанда, біріншіден Сіз пішін үлгісін сақтап қоясыз, сосын Жариялау шеберін пайдаланып, пішінді пайдаланушыларыңызға таратасыз. Пайдаланушылар осы пішін үлгісіне негізделген пішіндерді аша алуы үшін, Жариялау шебері жариялау орналасуына және өңдеу нұсқаулары қосу арқылы пішін үлгісін тарату үшін оны өзгертеді. Егер Сіз пішін үлгісін жариялаған соң оны өзгертсеңіз, өңдеу нұсқаулары осы пішін үлгісінде негізделген пішіндерді автоматты түрде жаңартылуына рұқсат береді. Пайдаланушы пішінді бірінші рет ашқан соң, Microsoft Office InfoPath бағдарламасы пішін үлгісін өңдеу нұсқауларында белгіленген орналасудан пайдаланушының компьютеріне қотарады, сонан соң InfoPath осы пішін үлгісінде негізделген пішінді жасайды. Егер пайдаланушы пішінді сақтап қойып, кейінірек оны ашса, InfoPath пайдаланушы компьютеріндегі пішін үлгісінің нұсқасын өңдеу нұсқауларында белгіленген пішін үлгісінің нұсқасымен салыстырады. Егер өңдеу нұсқауларында белгіленген орналасудағы нұсқа пайдаланушы компьютеріндегі нұсқадан жаңарақ болса, InfoPath пішін үлгісінің жаңарақ нұсқасын қотарып, пішінді пішін үлгісінің жаңарақ нұсқасымен жаңартады.

Пішін үлгісін жариялау орналасуын және өңдеу нұсқауларымен өзгерткен соң, шебер өзгертілген пішін үлгісін Сіз белгілеген жариялау орналасуға сақтап қояды. Сіз пішін үлгісін мынау орналасуларға жариялауыңыз мүмкін:

  • Microsoft Windows SharePoint Services қызметін жегетін серверге     Пішін үлгісін Microsoft Windows SharePoint Services қызметін жегетін серверге жариялаған соң, Сіз мынау екі шараның біреуін орындауыңыз мүмкін: пішін үлгісін құжат кітапханасына жариялауыңыз мүмкін. Ол жерде пішін үлгісі пайдаланушылар сол кітапханада толтыратын барлық құжаттар үшін пішін ретінде қолданылады. Яки, Сіз осы пішін үлгісін торап мазмұны типі ретінде жариялауыңыз мүмкін. Бұл пішін үлгісін пішін ретінде бірнеше торапта пайдалануға болады дегенді білдіреді.

  • InfoPath Forms Servicesжегетін серверге    Сіз браузерге үйлесімді форма үлгісіInfoPath Forms Services жегетін серверге жариялауыңыз мүмкін. Шолғышпен сыйысымды болған пішін үлгісі InfoPath бағдарламасына ие болмаған пайдаланушыларға Сіздің пішін үлгіңізге негізделген пішіндерді Веб шолғышты пайдаланып толтыруға мүмкіндік береді.

  • Электрондық пошта хабарының бөлігі ретінде    Сіз пішін үлгісін электрондық хабар ішінде пайдаланушыларыңызға жіберу арқылы оны жариялауыңыз мүмкін. Сойтіп пайдаланушылар сол электрондық хабарды ашып, пішінді толтыра алады.

  • Желілік ортақтас қалтаға    Сіз пішін үлгісін пайдаланушылар кіре алатын желілік ортақтас қалталарға жариялауыңыз мүмкін. Сіздің пайдаланушыларыңыз сол ортақтас қалтаға кіріп, Сіздің пішін үлгіңізге негізделген пішінді жасауы мүмкін.

    Ескерту : Бұл мүмкіндік Microsoft Office InfoPath 2003 SP1 бағдарламасындағы пішін үлгісін Веб торапқа жариялауға рұқсат берген функция орнына жүреді.

  • Орнатуға болатын файл ретінде    Егер Microsoft Visual Studio .NET 2003 немесе Microsoft Visual Studio 2005 Сіздің компьютеріңізде орнатылған болса, Сіз пішін үлгісін желілік ортақтас қалтада сақталатын орнатуға болатын файл ретінде жариялауыңыз мүмкін. Пайдаланушылар пішін үлгісін компьютерлерінде орнату және тіркеу үшін орнатылымды файлды қотарып жегуі мүмкін. Егер Сізде Visual Studio болмаса, Сіз пішін үлгісін желілік ортақтас қалтаға жариялауыңыз мүмкін, және InfoPath арқылы пішінді тіркейтін сценарий файлын жасауыңыз мүмкін. Сонда пайдаланушы пішін үлгісін да, сценарийды да қотара алады, сонан соң пішін үлгісін тіркеу үшін сценарийды жеге алады.

Пайдаланушы бірінші рет пішінді толтыруды қалағанда, ол пішін үлгісі жарияланған мекенжайға өтіп, пішін үлгісіне негізделген пішінді ашады. Сондықтан, Сіздің пайдаланушыларыңыз Сіз пішін үлгіңізді жариялаған орналасуға кіру үшін рұқсатқа ие болуы керек. Пайдаланушы жаңа пішінді жасаған сәтте, InfoPath пішін үлгісін пайдаланушының компьютерінде сақтап қояды (яки кэш жадына сақталады). Бұл пайдаланушыға дербес жұмыс істеген кезде да пішінді толтыруға мүмкіндік береді. Егер пайдаланушы пішінді сақтап қойып, кейінірек оны ақырына дейін толтыру үшін ашса, немесе пішін үлгісіне негізделген бос пішінді ашса, InfoPath пайдаланушы компьютерінің пішін үлгісі жарияланған орналасумен байланысын анықтайды. Егер байланыс болса, InfoPath сол пішін үлгісі үшін бар болған қандай болса да жаңартулар табып оларды қолданады да, сонан соң пішінді ашады. Егер байланыс болмаса, InfoPath пайдаланушының компьютерінде сақталған пішін үлгісіне негізделген пішінді ашады.

Пішін үлгісін жариялау пішін үлгісін сақтау сияқты емес. Сіз пішін үлгісін сақтаған кезде, Сіз оны өз жұмысыңызды сақтау үшін сақтайсыз, құдды бір файлды компьютеріңізде сақтаған сияқты. Төменгі кесте пішінді сақтау үшін бар болған әр түрлі таңдауларды көрсетеді.

Пәрмен

Сипаттама

Қашан пайдалану керек

Сақтап қою

Пішін үлгісін ағымдағы орналасуына өз атауымен сақтап қояды. Егер Сіз Microsoft Windows SharePoint Services қызметін жегіп тұрған құжат кітапханасына жарияланып болған пішін үлгісін өзгертіп жатқан болсаңыз, InfoPath Сізге пішін үлгісін тек қана жариялау орналасуынан басқа орналасуға сақтауға рұқсат береді.

Пішін үлгісін жасақтағанда енгізілетін өзгертулеріңізді сақтау үшін осы пәрменді таңдаңыз. Егер Сіз жарияланған пішін үлгісін өзгертіп тұрған болсаңыз, Сақтау пәрменін таңдап пішін үлгісін жаңа орналасуға сақтап қойыңыз.

Сақтап қою

Пішін үлгісін жаңа орналасуға немесе тұрған жеріне басқа атау астында сақтап қояды. Егер Сіз әлдеқашан жарияланған пішін үлгісін өзгертіп тұрған болсаңыз, Сақтау пәрменін таңдау жарияланған пішін үлгісін жаңартпайды.

Сізге пішін үлгісін өзгерту қажет болғанда осы пәрменді таңдаңыз.

Бастапқы файл ретінде сақтау

Пішін үлгісін жаңа орналасуға жалғыз .xsn файл ретінде сақтауды орнына форма файлдары жиынтығы ретінде сақтап қояды.

Сізге пішін үлгісінің жеке пішін файлдарын өзгерту қажет болғанда осы пәрменді таңдаңыз; мәселен, егер Сіз пішін үлгісіне кірітілген қор файлдарының біреуін жаңартуды қалаған сәтте. Көпшілік жағдайда, Сізге пішін үлгісінің жеке файлдары мен жұмыс істеуге қажет болмайды.

Ескерту : Пішін үлгіңізді пайдаланушыларға таратқан кезде, әрдайым Жариялау шеберін пайдалануыңыз керек.

Беттің жоғарғы жағы

Шолғышпен сыйысымды пішін үлгісін жариялау

Microsoft Office InfoPath бұрынғы нұсқаларында, Сіздің пайдаланушыларыңызға пішін үлгісіне негізделген пішіндерді толтыру үшін InfoPath бағдарламасын өз компьютерлеріне орнату қажет болған. Office InfoPath 2007 мен, Сіз пішіндері Веб шолғышта немесе InfoPath бағдарламасында толтыруға болатын шолғышпен сыйысымды болған пішін үлгісін жасақтауыңыз мүмкін. Пайдаланушыларға пішінді Веб шолғышта толтыруға рұқсат беру үшін, Сізге пішін үлгісін InfoPath Forms Services қолданбасын жегіп тұрған серверге жариялау керек.

Ескерту : Коді бар пішін үлгісіні InfoPath Forms Services қолданбасын жегіп тұрған серверге тікелей жариялап болмайды. Сервердің басқарылуы, қаупсіздігі, және өнімділігі сияқты көп себептерге көре, өзгертпелі коды бар пішін үлгісін құжат кітапханасы мен байланыстырылудан әуелі немесе Веб бағдарлама ретінде жалпы алғанда қатынаулы етіп қоюдан әуелі, ол әкімшінің мақулдауын талап етеді. Сіз коді бар пішін үлгісін желілік ортақтас мекенжайға жариялайсыз, сонан соң әкімші пішін үлгісін серверге кері қотарады.

Беттің жоғарғы жағы

Пішін үлгісін толық сенім мен жариялау

Компьютеріңіздегі файлдар немесе басқа параметрлер сияқты желі ресурстарына кіруге толық рұқсаты бар пішіндер толық сенімді пішіндер деп аталады. Толық сенімді пішін сенімді куәлікпен сандық қолтаңба қойылған немесе пайдаланушының компьютерінде орнатылған пішін үлгісінен жасалады. Сенімді куәлікпен сандық қолтаңба қойылған пішін үлгісі пайдаланушының компьютерінде орнатылуы немесе тіркелуі міндетті емес. Бұндай пішін үлгісі электронды пошта хабарында тіркеме ретінде таратылуы мүмкін, немесе пайдаланушылар бұл пішін үлгісін құжат кітапханасынан немесе желілік ортақтас қалтадан қотаруы мүмкін.

Толық сенімді пішіндер пішіндің өзінде сақталған ақпаратты алуы мүмкін, сондай-ақ олар ақпаратты төменде көрсетілген орналасулардан алуы мүмкін:

  • Дәл пішін сияқты домен

  • Пішін кіре алатын барлық басқа домендер

  • Пішінді толтырып жатқан пайдаланушылар қатынаса алатын компьютердегі барлық файлдар және параметрлер

Толық сенімді пішін үлгісін толтыру үшін Сіз мыналардың бірін орындауыңыз мүмкін:

  • Сіз пішін үлгісіне сенімді күәландіру орталығынан алынған күәлікпен сандық қолтаңба қоюыңыз мүмкін, сонан соң пішін үлгісін желілік ортақтас орналасуға жариялай аласыз. Сойтіп, Сіздің пайдаланушыларыңыз пішін үлгісіні желілік ортақтас орналасуда ашуы мүмкін.

  • Егер Сізде Visual Studio .NET 2003 немесе Visual Studio 2005 болса, Сіз Жариялау шеберін пайдаланып, пайдаланушыңыздың компьютеріндегі пішін үлгісін орнататын және тіркейтін орнату бумасын жасауыңыз мүмкін. Сонан соң, компьютерде әкімшілік құқықтарына ие болған пайдаланушы сол орнату бумасын жегіп, пішін үлгісін орнатуы және оны тіркеуі мүмкін.

  • Егер Сізде Visual Studio .NET 2003 немесе Visual Studio 2005 болмаса, Сіз Жариялау шеберін пайдаланып, пішін үлгісін желілік ортақтас орналасуға жариялауыңыз мүмкін және пішін үлгісін пайдаланушыңыз компьютерінде тіркеу үшін сценарий жасай аласыз. Компьютердегі тиісті пайдалану құқықтарына ие болған пайдаланушы екі файлды да компьютерге көшіруі мүмкін, сонан соң пішін үлгісін тіркеу үшін сценарийды іске қосуы мүмкін.

Беттің жоғарғы жағы

Пішін үлгісін электрондық пошта хабары ішінде жіберу

Сіз Жариялау шеберін пайдаланып пішін үлгіңізді өз пайдаланушыларыңызға электрондық пошта хабары арқылы тарата аласыз. Компьютерінде Microsoft Office Outlook 2007 және InfoPath орнатылған пайдаланушылар пішінді сол электрондық пошта хабарды бірінші рет ашқан кезде тура сол электрондық пошта хабарының ішінде толтыруы мүмкін. Outlook бұрынғы нұсқаларын немесе басқа электрондық пошта бағдарламаларын қолданып тұрған пайдаланушылар пішін үлгісімен пішінді электрондық пошта хабарында тіркеме ретінде қабылдайды. Бұл пайдаланушылар біріншіден пішін үлгісі тіркемесіне шертіп, пішін үлгісін компьютерлерінде орнатуға тиісті. Пішін үлгісін орнатқан соң, пайдаланушылар электрондық пошта хабары ішіндегі пішін тіркемесін шертіп пішінді InfoPath бағдарламасында толтыра алады.

Егер пішін үлгісіне пайдаланушы компьютеріндегі желілік қорларға жету қажет болса немесе Сіз пішін үлгіңізді басқа домендегі пайдаланушыларға жіберіп тұрған болсаңыз, Сіз пішін үлгісіні жарияладан әуелі оған сенімді күәландіру орталығынан алынған күәлікпен сандық қолтаңба қоюға тиістісіз. Егер басқа домендегі пайдаланушыларыңыз пішін үлгісін куәліксіз ашса, олар қателерге ұшырауы мүмкін.

Беттің жоғарғы жағы

Жарияланған пішін үлгісін өзгерту немесе жылжыту

Егер Сіз пішін үлгісі жарияланған соң және сол пішін үлгісіне негізделген пішіндер бар болған кезде оны өзгертсеңіз, Сіз кірітген пішін үлгісіндегі өзгертулер бар болған пішіндерде көрінеді. Мәселен, егер Сіз пішін үлгіңізде кесте болған бөлікті жойып тастасаңыз, сол кестемен оның ішіндегі барлық деректер Сіздің пішін үлгіңізге негізделген барлық пішіндерден жойылып кетеді. Бұл деректердің жоғатылуына алып келеді. Соның үшін, Сіз пішін үлгіңізге қандай өзгерту кірітсеңіз да, оның бар болған пішіндерге әсерін анықтау үшін тексеру өткізуді жоспарлауыңыз керек.

Жарияланған пішін үлгісін өзгерту үшін, Сізге пішін үлгісін жұмыстық көшірмесін өзгерту керек. Жұмыстық көшірме компьютеріңізде немесе нұсқаны басқаратын Microsoft Visual SourceSafe сияқты бағдарламада сақталатын нұсқа болады. Жұмыстық көшірмені өзгерткен соң, Сіз оны жариялау орналасудан жариялай аласыз. Егер Сізде пішін үлгіңіздің жұмыстық көшірмесі болмаса, Сіз көшірмені жариялау орналасудан алуыңыз мүмкін, сосын сол көшірмені жариялау орналасудан басқа орналасуға сақтап қоюыңыз мүмкін. Пішін үлгіңіздің жұмыстық көшірмесін өзгерткен соң, Сіз Жариялау шеберін пайдаланып, пішін үлгіңізді бастапқы жариялау орналасуына қайта жарияласыз. Жариялау шебері пішін үлгісінің өзгертілген нұсқасын жариялау орналасуында бар болған нұсқасының үстінен жазады. InfoPath пішін үлгісінің сәйкестік куәлігін оның атымен орналасуына негізделіп анықтайды, сол себептен пішін үлгісін қайта жариялаған кезде оның атымен орналасуын өзгертпеу өте маңызды.

Егер жарияланған пішін үлгісін басқа жерге жылжытуды қаласаңыз, Сіз пішін үлгісінің жұмыстық көшірмесін сол жаңа орынға жариялауыңыз мүмкін. Пішін үлгісін жаңа орналасуға жариялаудан әуелі, Сізге сол жаңа орналасуды көрсету үшін пішін үлгіні өзгертуге тұра келу мүмкін. Мәселен, Сіздің пішін үлгіңіз қолданатын сыртқы дерек көздердың орналасуы өзгерген болуы мүмкін. Пішін үлгісін оның жаңа орналасуына жариялаудан әуелі, Сізге сыртқы дерек көздердің жаңа орналасуымен деректер қосылымдарын жаңарту қажет болады.

Егер жарияланған пішін үлгісіне негізделген пішіндер болса, Сізге сондай-ақ бар болған пішіндерді Сіз жаңа орналасуға жариялаған пішін үлгісімен байланыстыру қажет болады. Егер Сіз солай істемесеңіз, пайдаланушыларыңыз өздерінде болған пішіндерді аша алмай қалуы мүмкін

Беттің жоғарғы жағы

Дағдыларды жетілдіру
Оқыту курсымен танысыңыз
Жаңа мүмкіндіктерге бірінші болып қол жеткізу
Office Insider бағдарламасына қосылу

Осы ақпарат пайдалы болды ма?

Пікіріңіз үшін рақмет!

Пікіріңізге рақмет! Сізді Office қолдау көрсету қызметіндегі агенттердің бірімен байланыстырған жөн болуы мүмкін.

×